Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_titno_po_alfavitu.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
651 Кб
Скачать
☆

12.Ұңғының түп маңы аймағына әсер етудің қандай әдістері бар? Қабаттың түп аймағын термоқышқылмен өндеу қалай жүргізіледі?

Ұңғының түп аймақ зонасы (ҰТЗ) ұңғы облысындағы барлық процесстер барынша қарқынды жүретін аймақ болып табылады. Бұл облыстан тоқ сызықтары сұйықты алғанда жиналып, ал айдағанда олар кері тарайды; сұйықтың қозғалу жылдамдығы; қысым горизонты; энергия шығымы; фильтрациялық кедергілермаксималды болады. Түп аймақ зонасының жағдайынан кен орынның игеру тиімділігі, ұңғылар өнімінің дебиті, айдау ұңғылары және қабат энергиясы тәуелді.

Түп аймақ зонасына әсер ету әдістерін үш негізгі топқа бөлуге болады: химиялық, механикалық, жылулық химиялық әдіс-бұл тек қабатты немесе оның элементтерін еріту мақсатымен қолданылады. ҰТА зонасында тұз немесе темір ұқсас тұнбалар пайда болғанда, ұңғының жұмысында қиындықтарболғанда қолданылады. Мысалы: қышқылмен өңдеу әдістері.

Механикалық әдіс- қатты жыныстарға әсер етуге тиімді, бұл әдіске гидравликалық жолмен қабатты жару жұмысын жатқызуға болады.

Жылулық әдіс – ол тек ғана ҰТА зонасында қатты немесе тұтқырлығы өте жоғары көмірсутектер жиналғанда (парафин, смола, асфальтен, сонымен бірге тұтқырлығы көп мұнай фильтрациясында) қолданылады. Оған терең электрлік жылытқыш қолдану, бу немесе басқа жылубергіштер жатады. ҰТА зонасына әсер етудің бұл айтылған үшеуінен басқа да түрлері бар. Мысалы, ұңғыны жылу қышқылымен өңдеу; ол қабатқа химиялық әсерді де, сонымен бірге жылу берудің арқасында химиялық реакциямен бірге, арнайы қосылатын заттар арқылы іске асады.

Термоқышқылды өңдеу. Тұз қышқылының магний немесе кей оның ертінділерімен арнайы НКТ соңында орналасқан реакциялатқыш құрылғы көмегімен, экзотермиялық реакция нәтижесінде ұңғының түп аймағында ыссы қышқыл пайда болады.өңдеудің екі түрі бар:

ҰТА-н термохимиялық жолмен өңдеу – ыстық қышқылмен өңдеу, онда магниді еріту үшін қышқыл қогспасы көп беріледі, ол қабаттағы карбанат жыныстарын ерітіп, ондағы тұз қышқылының 10-12% концентрациясын сақтау үшін.

ҰТА термо қышқылдары өңдеу –термохимиялық және оның артынан үздіксіз ҰТА-ғын қышқылмен өңдеу процесстерін қосқан әдіс. Қышқылмен өңдеу мұнда қарапайым да, қысым көмегімен де болуы мүмкін.

ҰТА-ғын термохимиялық тұз қышқылмен өңдеу қабат температурасы төмен, түй аймақта қатты көмірсутек тұнбалары пайда болған (смола, парафин, асфальт) ұңғыларында тиімді. Бұл өңдеу әдісі корбанатты коллекторлар, сонымен бірге терригенді коллекторлар да да қолданылуы мүмкін.

Интервалды немесе сатылы тұз қышқылды өңдеу ортақ фильтірлі немесе ортақ түпті бірнеше қабатшаларды ашқанда, сонымен бірге қалық қабатты ашқанда, оның интервалында әр түрлі өткізгіштікті қабатшалар болса, онда осы әдіс қолданылады. Себебі сатылы ТҚО әрбір қабат немесе қабатша интервалын өңдейді. Ол үшін өңделетін интервал екі пакермен изоляцияланады, олар интервал шекарасында орналастырылады. Оның тиімділігі құбыр аралық цемент тасының герметикалық сапасына байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]