Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РГР БАКИРОВ 2.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185 Кб
Скачать
☆

1.2 Өзін өзі ұйымдастыру және басқару

Ұйым өмірінің әр сатысын S тәрізді қисық көмегімен сипаттауға болады. Қисық ұйым қызметіне тұтынушы қызығушылығы – сату көлемінің өсуін, кейін төмендеуін көрсетеді. Егер қызметтердің жаңа түрін көрсетуін уақытында бастаса (біріншісі құлау сатысына енгенше, жаңа S тәрізді қисыққа өту), онда тұрақты өсуді алуға болады. 7-суреттегі А нүктесі жаңа бағдарламаға өту мезетін көрсетеді. Кейін – В және С нүктелерінде – оны істеу кеш болады. АВС облысында ұйым біруақытта дәл осы мезетке (1 қисық) және болашаққа (2 қисық) жұмыс істеуі қажет. Бір қисықтан басқасына өту революциялық түрлендіруді талап етеді. Бұл сатының мәселелері болашақ дамумен байланысты шығындарды жабу үшін ағымдағы өндірісті қолдау (2 қисық), болашақ өнімге шығындардың ағып кетуі ағымдағы өндірісті уақытынан бұрын тоқтатпау үшін қорларды таратуды жоспарлау (1 қисық), ұйымдық энтропияның өсуіне қарсы әрекет жасау қажеттіліктерімен байланысты.

Уақыттың бір мезгілінде екінші қисық жаңа қисық үшін бірінші болады және с.с. Егер 1 және 7-суреттегі үлгілерді салыстыратын болсақ, АВС бөлігі – бұл кризис, ал а нүктесіне дейінгі және С нүктесінен кейінгі бөліктер – эволюциялық даму. Ең бірінші қисық үшін жалпы стратегия – басқарудың, үрдістердің құрылымын өзгерту, қызметтер мен клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, нарықты кеңейту, қызметтерді тұтынушыға жеткізу арналарын жетілдіру және т.б. жолдарымен істелініп жатқанды жақсарту болып табылады. Бұл стратегия бүгінгі күнге өмір сүруге көмектеседі, бірақ болашақ даму үшін ештеңе бермейді (имидж және қызметкерлерді оқыту көзқарасы жағынан). Оны менеджерлердің бір тобы ұйымдастыруы қажет, сол кезде екінші топ өздерінің күшін клиенттердің қажеттіліктерін, бәсекелестердің есебін және бизнес стратегиясының радикалды түрде қайта қарауды талап ететін басқа стратегиялардың іске асуын, таңдау және талдау, іздеуіне бағыттау қажет. Басқа сөзбен айтқанда, бір менеджерлер қазіргі уақытқа, басқалары – компанияның болашағына жұмыс істейді. Компанияда тұрақты жетілдірулер мен инновацияларды қосатын осындай бірлескен үрдіс, оған өсу кризисін өту арқылы нарықтағы өзгерістерге тұрақты түрде бейімделуіне мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, тек эволюциялық даму жолымен алсықа бара алмайсын, өмір сүру үшін айнымалылық қажет.

Кризис жөнінде келтірілген көзқарастар – оптимистік, оны даму құралы ретінде қарастырған. Сол уақытта мамандар кризисті кәсіпорынның өмір сүруіне қауіп төндіретін жағдай ретінде қарастыратын пессимисттік көзқарастар да бар. Мұндай жағдай айналмалы қаражаттардың өткір жетіспеушілігі кезінде шаруашылық-экономикалық қызметін жалғастыру үшін кризиске қарсы әдістермен өтуді талап етеді.

Ұйымның даму жолында кездесетін кризистік құбылыстар мен жағдайлар жеткілікті түрде әртүрлі болып келеді, ұйымның кризистік күйінің алдын алудың ең тиімді механизмі экономикалық мониторингтың (диагностика) дамыған жүйесі болып табылады.

1-кестеде кризистен өту жолдары және оның негізгі сатылары көрсетілген.

1-кесте. Кризистік жағдайлардың негізгі белгілері

Сатылар

Негізгі белгілері

Өту жолдары

Бірінші

Капиталдың шекті тиімділігінің, фирманың іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің төмендеуі, рентабельдіктің, пайданың азаюы, дамудың қорлары мен көздерінің қысқартылуы.

Ұйымның стратегиясын қайта қарау және оны қайта құру, шығындарды азайту жағына қарай тактиканы өзгерту, сату көлемін өсіру, меншік және менеджерлер қыөметін бөлу, еңбек өнімділігін өсіру және т.б.

Екінші

Өндірістің шығындылығы.

Ұйымды қайта құру жолымен іске асатын стратегиялық басқару құралдарын қолдану.

Үшінші

Ұйымның меншік қаражаты мен резерв қорларының болмауы дамудың болашағына, ақша ағындарының ұзақ уақытты және орта уақытты жоспарлануына кері әсерін тигізеді.

Ұйымды қайта құру және қаржылық-экономикалық күйін тұрақтандыру бағдарламасын жүргізу үшін негізгі емес өндірістің бөлігін сату жолымен қаражат табу.

Төртінші

Өндірісті тоқтату қаупі, содан кейін банкрот болу.

Әрекет ететін заңға сәйкес банкрот болу үрдісін жүзеге асыру.