Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Turizm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

Төраға орынбасары

Төраға орынбасары

Әкімшілік ету және қаржыландыру басқармасы

Имиджді қалыптастыру және халықаралық байланыстар басқармасы

Стратегия және туристік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Құқықтық қамтамасыз ету және лицензиялау басқармасы

Аймақтық даму және туризм инфрақұрылым басқармасы

Инвестициялық саясат және туристік ресурстар басқармасы

Аумақтық департамент туризм индустрия Комитеті қр мижт әкімшілік арнайы экономикалық зона «Бурабай»

Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік – құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.

Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту мақсатында қабылданған келесі заңдық-құқықтық құжат бұл Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі №12-13 қаулысымен бекітілген “Туристік қызметті лицензиялау ережесі”. Осы ереже Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы “Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 масымдағы Заңына,”Лицензиялау туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі заңына, өзге де нормативтік-құқықтық келісімдерге сәйкес әзерленген және уәкілетті органның-лицензиярдың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсияларда, қызметтерді және туризм нұсқаушысы мен қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді. Қазақстан Республикасының заңнмасымен және осы Ережемен белгіленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы беріледі. Берілген лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді. Ережеде лицензия берудің тәртібі мен шарттары; бірліктік талаптары; лицензия тоқтату, қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру, есепке алу және ақылау туралы көсетілген.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттау мақсатында . Қазақстан Республикасының Үкіметімен №1099 29 тамыздан 2012 ж «Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтерді стандарттау» бекітілді. Сондықтан туроператорлық әрекеттері ХҚО мен «Е-лицензиялау» арқылы жасалынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Басшысының тапсырмасымен «Қазақстан Республикасыныңрұқсат берілген системадағы кейбір өзгерістер мен толықтырулар туралы актілер» 30 қаңтардан 2012 ж турагенттік қызметтер лицензия беру қызмет түрлерден босатылады. Оның басты мақсаты туристік саладағы бизнесті оңтайландыру мен жақсы жұмыс жасауында.

«Туризм саласындағы кейбір актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңнамасына сәйкес 2013 жылғы Жобаларға бағытталған. Туристерге және басқа да азаматтарға жауапты болуына орай көптеген актілерді қосылды.

Қазақстан Республикасыныңтуристік іс-әрекеттер туралы заңнамалары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстан құралады. Егер халықаралық шарттарда басқа ережелер болса (біздің заңнамаларда көрсетілмеген), онда халықаралық шарт қолданылады. Алайда, ол барлық ережелерге сәйкес болуы керек. Туристік бизнестің спецификасы әртүрлі турөнімнің сервистен құралады: транспорт, тамақтану, орналастыру, консулдық қызмет және т.б. Осыдан көптеген туристік іс-әрекеттерді реттейтін құқықтық пен нормативтік құжаттар бар. Мысалы, әкімшілік заңнамалар шығу визалар, валюьа заңнамалары – есеп беру формасы, кедендік – шекара рұқсаттар арқылы реттеледі. Сонымен қатар туристік қызметтер туралы ҚР Мемлекетстандарттары нормативтік актілер, тұтынушы сферадағы туристік қызметке қолданылатын заңнама туралы антимонополдық органдардың актілері бар.

ҚР туристік қызметтер туралы құқықтық негіздері келесі нормативтің-құқықтық актілерде көрсетілген:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж бекітілген;

  • 13 маусымнан 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы, №211-ІІ «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы»

  • 2007-2011 ж туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасындағы туризм дамыту концепциясы;

  • «Меншік кәсіпорын» туралы Қазақстан Республикасының Заңы (12 қаңтардан 2007 ж);

  • «Стандарттизациялау туралы», «тауар мен қызмет сертификациялау туралы» Заңдары;

  • «Туроператорлар,турагенттер қызметтерге, туризм қызмет нұсқаушысына квалификация мен лицензия туралы Ережелер» 11 маусымнан 2007 ж Қазақстан Республикасының Үкімітімен бекітілді;

  • 2010-2014 жылғы Қазақстан Республикасының туртстік индустриясының перспективті бағыттағы даму бағдарламасы

  • «ҚР-на қонақ үй қызметін қамтамасыз ету Ережесі» ҚР Үкіметімен қаралды;

  • «Туристік қызмет пен қонақ үй қызметтерді сертификация ережелерінің сертификация системасы» ҚР Мемлекеттік стандарты және т.б.

Халықаралық туристік ұйымдардың заңнамалары:

  1. Туризм Хартиясы. 1985 ж Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблея VI сессияда қабылданған болатын.

  2. Туризм бойынша парламентаралық конференциясының Гаага декларациясы, 10-14 сәуір 1989 ж, Гаага.

  3. Кедендік шығу мен келу рұқсат қағазнамалары нұсқау тәртібі. Қазақстан Республикасының Ішкі Министрлігі қабылданған, 4 сәуір 1994 ж, №92.

  4. «Тұрғындардың санитарлық – эпидемия игілігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

  5. «Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңнамасы.

  6. Ташкенттік декларациясы. Қазақстан Республикасының Ішкі Министрлігімен бекітілді. 31 қаңтар 1994 ж. №286

  7. «Қазақстан Республикасындығы Ұлы Жібек жолындағы туризм инфраструктурасын дамыту,ДТҰ мен ЮНЕСКО жобалар,Ташкент декларациясы»

  8. Қазақстан Республикасындағы виза беру нұсқасы. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігімен бекітілді.

Осыған орай нормативтік-құқықтық база кез-клген салаға тән. Әсіресе экономикалық жағдайларда. Алайда, заңнамалардығ басты мақсаты кәсңпорындарға қолдау көрсетіп, олардың жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiн Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi.

Бағдарлама инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристiк бағыт ретiндегi тартымдылығын арттыру үшiн оның имиджiн қалыптастыруға бағытталған.

Туристiк саланың даму серпiнi туризм индустриясы көрсеткiштерiнiң орнықсыз өсуiмен сипатталады. Айталық, 2012 жылдың қорытындылары бойынша келушiлер саны 2011 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өстi, сыртқа шығушылар туризмi 22,3 %-ға өстi, алайда iшкi туризм көлемi 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.

Көрсетiлген туристiк қызметтердiң жалпы көлемi 2011 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемiнде және 65,8 млрд. теңгенi құрады. Салыстыра қарасақ, 2012 жылғы тиiстi көрсеткiштiң өсуi 2011 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейiн).       Негiзгi көрсеткiштердiң төмендеуi әлемдiк экономикадағы жағдаймен түсiндiрiледi.       Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушiлер туризмiне де терiс әсер еттi, оның көлемi соңғы екi жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейiн немесе 18,9 %-га төмендедi.       Сырттан келушiлер туризмi статистикасының деректерi де сапар мақсаттары бойынша келушiлердi бөлу сияқты көрсеткiштердiң төмендегенi көрсетiп отыр, соның iшiнде бос уақыт пен демалыс үшiн сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8 %-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бiрлiкке немесе 44 %-ға қысқарған.       2007 - 2010 жылдар iшiнде саланың дамуы Мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға негiзделдi.       Бұл кезеңде нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi. 2008 жылы туристiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрқатар заңнамалық актiлерге өзгерiстер енгiзiлдi және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) туризм мәселелерi жөнiндегi бұйрықтары бекiтiлдi .       Министрлiк имидждi қалыптастыру жөнiндегi, оның iшiнде Қазақстан туризмiн шетелде ақпараттық насихаттау жөнiндегi жұмыстарды тұрақты негiзде жүргiзiп отырғанын атап кету керек. Негiзгi бағыттары жарнамалық бейнероликтердi жасау және әлемнiң жетекшi телеарналарында көрсету, iрi халықаралық туристiк көрмелерге қатысу болып табылады.       2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның (бұдан әрi - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының өткiзiлуi 2009 жылы басты имидждiк оқиға болды, оның жұмысына ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелерi, 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ шетелдiк әлемдiк БАҚ өкiлдерi қатысты.

 Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiн Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi.

Бағдарлама инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристiк бағыт ретiндегi тартымдылығын арттыру үшiн оның имиджiн қалыптастыруға бағытталған.

Туристiк саланың даму серпiнi туризм индустриясы көрсеткiштерiнiң орнықсыз өсуiмен сипатталады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша келушiлер саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өстi, сыртқа шығушылар туризмi 22,3 %-ға өстi, алайда iшкi туризм көлемi 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.

Көрсетiлген туристiк қызметтердiң жалпы көлемi 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемiнде және 65,8 млрд. теңгенi құрады. Салыстыра қарасақ, 2008 жылғы тиiстi көрсеткiштiң өсуi 2007 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейiн).       Негiзгi көрсеткiштердiң төмендеуi әлемдiк экономикадағы жағдаймен түсiндiрiледi.       Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушiлер туризмiне де терiс әсер еттi, оның көлемi соңғы екi жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейiн немесе 18,9 %-га төмендедi

Сырттан келушiлер туризмi статистикасының деректерi де сапар мақсаттары бойынша келушiлердi бөлу сияқты көрсеткiштердiң төмендегенi көрсетiп отыр, соның iшiнде бос уақыт пен демалыс үшiн сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8 %-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бiрлiкке немесе 44 %-ға қысқарған.       2007 - 2010 жылдар iшiнде саланың дамуы Мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға негiзделдi.

Министрлiк имидждi қалыптастыру жөнiндегi, оның iшiнде Қазақстан туризмiн шетелде ақпараттық насихаттау жөнiндегi жұмыстарды тұрақты негiзде жүргiзiп отырғанын атап кету керек. Негiзгi бағыттары жарнамалық бейнероликтердi жасау және әлемнiң жетекшi телеарналарында көрсету, iрi халықаралық туристiк көрмелерге қатысу болып табылады.       2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның (бұдан әрi - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының өткiзiлуi 2009 жылы басты имидждiк оқиға болды, оның жұмысына ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелерi, 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ шетелдiк әлемдiк БАҚ өкiлдерi қатысты.

Бүгінгі таңда көптеген жобалар, бағдармалар бар. Олар Туризм Индустрия Комитетінен тексеруінен міндетті түрде өтеді.

Көптеген бағдарламалар бар:

  1. «Батыс Еуропа Батыс Қытай" Бағдарламасы. Осы проектың орындау мақсатында ҚР туризм индустрия Комитеті 2010-2014 ж. Туристік кластердің болуы үшін жобаларды жасап, оларды іске асырады.Кластерлердің құрылуы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарда жүргізіледі.Төрт категория бойынша инфраструктурасын жасайды:

А. Туристік орталық (мотель, ақпарат орталығымен туристік қызмет көрсету бюросы, маршруттар, ойын-сауық орындар, мейрамхана, дәмханалар, дүкендер, шиножасау бөлімдері және т.б.).

В. Демалыс орталығы (туристік ақпараттық пункті, мейрамхана, дәмханалар, дүкендер, шиножасау бөлімдері және т.б.).

С. Қызмет көрсету орталығы (дүкенлер, дәретханалар, жөндеу бөлімдері және т.б.)

  • Ақтөбе облысында демалыс базалары "Greenland", "Караван-сарай Иргыз" (2010 - 2015 годы);

  • Қызылорда облысында туристік орталық Қамбаш көлінде “Байқоңыр”, көңіл көтеру – сауда орталығы “Гарыштық гавань”, киіз үйлік қонақ үй мен туристік орталық “Қорқыт – Ата” (2011 - 2020 годы);

  • Оңтүстік Қазақстан облысында туристік орталық “Ежелгі Түркістан”, “Ежелгі Отырар” (2011 - 2017 годы).

2015 жылға қарай 24 жолдық инфраструктура салынады. Алайда толық бағдарламаны іске асыру үшін 58 объект «В» категория бойынша болуы керек. Олардың аралығы 90-120 км болады. «С» категория объектілері 50 км қашықтықта орналасады.

  1. Қазақстан Республикасының 11 баптағы Заңына сәйкес «Ойын сауық бизнесі туралы» бойынша елімізде екі аумағында ғана Алматы облысындағы Қапшағай суқоймасында рұқсат етілген. Осыған орай Министрлікте «Алматы облысындағы Қапшағай суқоймасы Халықаралық туристік орталық «Жаңа Іле» құрылысы» жобасы орындалу үстінде. Осы туристік орталықтың салынуына орай Алматы облысында 11 000 га жер алынған. Қазіргі уақытта Бас жоба жасалынған, оы жоба бойынша орталық екі кезеңнен тұрады: ол 2012 жылға дейіг құрылатын объектілер(3500 га) мен 2020 жылға дейінгі салынатын объектілер.

  2. Құрылыстағы инвестиция тарту мен жаңа заманға сай инфрақұрылымды жасау мақсатында Щучинск-Бурабай курорттық аумағы 15 ақпаннан 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Президент Бұйрығымен жасалынды. №512 арнайы «Бурабай» экономикалық зонасы 370 га құрылды. Ол «Бурабай» Мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтың Щучья көлдің оңтүстігінде орналасқан. Жобаны жасаушы ЖШС «Бурабай Туризм Сити» болып табылады. 12 жылға жасалуы 2019 жылға дейін жоспарлануда және ол бес кезеңге бөлінген. Сонымен қатар бұл жоба қоғамдық болып табылады. Сондықтан жаңа жүмыстық орындар қамтамасыз етеді. Қазіргі күнде 1 деңгейі жасалынады. Онда 402 орындық қонақ үй, Спа орталығы болады, 3 га жерде салынады.

2.2.ҚР туризмнің қазіргі кездегі жағдайы және болашаққа бағытталған жоспарлар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]