Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси психология дарис жинагы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
451 Кб
Скачать
☆

Саяси мәдениет. 11.03.2014жыл

Саяси мәдениет саяси іс-әрекеттің негізгі немесе аз дегенде, саяси әрекеттің даму деңгейін және ерекшеліктерін анықтайтын сипат ретінде жиі қарастырылады. «Саяси мәдениет » ұғымының құрамына тарихи тәжірибе, саясаттың саласындағы жеке тұлғалар мен әлеуметтік қоғамдастықтардың жады, олардың бағыттары және саяси әрекетке әсер ететін әдеттері. Бұл тәжірибе жалпыланған, өзгерген әсерлермен қызығушылықтардың сыртқы және ішкі саясаттағы құрамы.

Ұғымның тарихы 1956 жылдан бастау алады. Дәл осы кезде «саяси мәдениет» термині ғылымға американ саясаттанушысы Г. Алмондпен енгізілді. Оның түсінігінде, бұл саяси жүйенің спецификасын көрсететін саяси әрекетке бағытының ереше түрі. Бір жағынан, саяси мәдениет қоғамның жалпы мәдениеттің бөлігі болып табылады. Басқа жағынан, ол белгілі саяси жүйемен байланысты.

Саяси мәдениетті ең белгілі зерттеулері Г. Алмонд пен С. Вербаның жұмыстарында қолға алынды. Олар оны «жеке әрекеттерге әлеуметтік мағына беріп, институттарды реттеп, саяси шешімдерді мағынамен толтыратын, саясаттың субъективті ағыны». Басқа жерде, С. Верба психологі Л. Паймен қосарланып одан түзу жазған: «Біз қоғамның саяси мәдениеті туралы айтқанда, біз оның мүшелерінің білімі, сезімдері және бағаларында интерлизацияланған саяси жүйе туралы сөз қозғаймыз». Ақырында, «саяси мәдениет» ұғымы өте қолайлы болып, көптеген зерттеулер нәтижесінде оның көптеген анықтамалары түзілді.

Саяси мәдениеттің анықтамалары 4 негізгі топқа бөлінеді. Біріншіден, психологиялық анықтамалар. Саяси мәдениет оларда саяси объектілерге бағыттар жиынтығы ретінде қарастырылады. Екіншіден, жалпыланған анықтамалар. Оларда саяси мәдениет бағыт – бағдар және әрекеттік актілер ретінде түсіндіріледі. Үшіншіден, объективті саяси анықтамалар. Мәдениет оларда билік объектілерін көрсетіп, олардың берілген жүйеге қолайлы қатысушылардың әрекетіне рұқсат беретін объектілері. Мұнда жүйенің ерекшеліктері жеке тұлғалардың жағдайына қарағанда маңызды. Төртіншіден, эвристикалық анықтамалар. Саяси мәдениет аналитикалық мақсаттарға қолданылатын гипотетикалық конструкт ретінде қарастырылады.

Құрамды, саяси мәдениет үш деңгей түрінде беріледі: а) танымдық деңгейде, өзіне саяси жүйе, оның рөлдері, осы рөлдердің ұстаушылары және жүйенің әрекет ету ерекшеліктері туралы мәлімет кіргізеді; ә) эмоционалдық бағытта, саяси жүйе, оның функциялары, қатысушылары және олардың әрекеттеріне қатысты сезімдерді көрсетеді; б) бағалық бағытта, адамның саяси жүйеге және оның құраушыларына өздік қатысын көрсететін.

Саяси мәдениеттің нақты элементтерінің анализі маңызды мәдени бағыттар және олардың операционализациясын бөлуді қарастырады, бұл эмпирикалық түрде олардың түрлі бөлімдерін зерттеуге қажет. Саяси мәдениетті зерттеудің классиктері – Г. Алмонд пен С. Вербадан кейін, саяси психология саяси мәдениеттің элементтерінің базалық схемасын қолданылады:

Субъект - бағдар - әрекет – объект

Саяси мәдениеттің субъектісі ретіндегі жеке түлға: топ, партия, аймақ, ел, халқы бола алады. Оның бағдары бағытталған объектілер арасында толығымен саяси жүйені, саяси режимді, берілген саяси үрдісті, жеке партияларды, саяси көшбасшыларды, ақырында, субъектінің өзін бөлу қабылданған.

Саяси мәдениеттің нақты қоғамға қатысты басты сипаттамасы болып оның гомогендік дәрежесі болып табылады.

Біртексіздік субмәдениеттер және тіпті контрмәдениеттердің басты саяси мәдениет шегінде болуына рұқсат береді. Біртектілік бұған қарсы болып тоталитаризмнің негізгі болады.

Саяси мәдениет – динамикалық және сол сәтте жеткілікті интернациялық феномен. Ол өзінің ұстаушылары, жеке тұлғалар және саяси қоғамдастықтармен бірге дамиды. Саяси тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде сыртқы өзгерістерге ұшырайды, олардың саяси мәдениеттің қалыптасқан негіздерін күшейтіп немесе оны өзгертеді. Осындай өзгерістерге бірқатар сәттер енеді. Біріншіден, бұл өндіру және тұтыну саласындағы қатынастар динамикасы әлеуметтік құрымының өзгерісіне және әлеуметтік топтардың қажеттіліктерімен қызығушылықтарының өзгерісіне әкеледі. Екіншіден, жаңа тарихи тәжірбиеге ие болу.

Тәжірибе келесі ұрпақтарға таза түрде емес, өзгерген күйінде беріледі. Өзгеру алғашқы тәжірибелік оның бекіткіш идеологиялық көріністері, тәртіптер және құндылықтар және бұл тәжірибені беретіндердің жеке ерекшеліктері арқылы беріледі. Бекітілген саяси мәдениет элементтерінің консервациясының маңызды құралы болып дәстүрлер табылады.

Ұрпақаралық саяси мәдениет – берілуін азаматтар санасындағы өз тұрақты, өзгеретін бағыттар және саяси мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін шегінде тұрақты орталығы бар, саяси әрекеттің үлгілері, тәртіптері және сәйкес құндылықтарына белгілі бағыттар жүйесінің бекітілуінің үрдісі ретінде қарастырып ойлауға болады. Саяси мәдениеттің өзгеруінің басты шарты болып саяси әрекеттің тәртіптердің және жаңа үлгілерінің енгізілуіне қарсылықты жеңетін адамдар санасына қоғамдағы күшті өзгерістер арқылы әсер ету табылады. Саяси сана импульсты ұқсас актілермен және бағыттаушы түрдегі санасыз реакциялармен қатар, саяси мәдениетті іске асырудың формаларының бірі болып табылады.

Саяси мәдениетті түзетін факторларға елдің немесе қоғамның сыртқы шеңбері және олардың ішкі өмірінің белгілі жағдайлары енеді.

Басқа факторлар арасында дәстүрлерге мен салттар және бар саяси институттарды бөліп шығарайық. Соңғыларына мемлекет, әскер, шіркеу, іскер шеңберлер, университеттер, бұқаралық ақпарат құралдары кіреді.

«Саяси мәдениет» ұғымының маңызды оның өмірі сүру жағдайлары ұқсас жеке тұлғалар және түрлі әлеуметтік қоғамдастықтардың саяси әрекетінің тереңдегі себебін анықтауға мүмкіндік береді.

Әрекет – мәдениеттің өмір сүру тәсілі, онсыз ол мүмкін емес. Бірақ, әрекетке айналған мәдениет сонымен қатар басқа индивидтің немесе топтың аналогиялық айналуларына қатынасы болып табылады. Саясатта бұл биліктің қатынасы, билік басы – бағынышты қатынасы, қақтығыс немесе бейбітшілік біріккен әрекеттер және т.б қатынасы. Сәйкесінше, саясаттың түрі объектілерінің саяси түсіндірілуінде олардың саяси мәдениеттің ерекшелігін ескеру қажет.

Сәйкес аналитикалық өңдеу көмегімен саясаттың мүшелері туралы мәлімет саяси мәдениетті сипаттайтын құрамы, құрылымының индикаторлары ретінде қолдануы мүмкін.

Саяси мәдениеттің түрлі типтері белгілі. Әлі Г. Алмонд пен С. Верба алғашқы жұмыстар негізінде үш негізгі және бірнеше аралас типтерді бөлді. Бірінші таза тип – патриархалды. Мұндай жүйе бірбилікті көшбасшылармен басқарылады және азаматтарда саяси жүйеге барлық қызығушылығын жойып және олардан бірегей бағыныштылықты талап етеді. Екінші таза тип – билік асты. Ол азаматтардың саяси жүзеге күшті бағытталуымен және олардың саясатқа қатысуының әлсіз дәрежесімен ерекшеленеді. Ол саяси жүйенің түрлі деңгейлері арасындағы анық иерархиялық белгілері бар феодалдық қоғам жағдайында қалыптасқан.

Төменгі бағыныштылар дәстүрге сай өзінің сеньорына құрмет көрсетуі тиіс. «Құрмет көрсетеді» моделі әлі де көптеген саяси мәдениеттерде сезіледі. Берілген мәдениеттегі көшбасшыға құрмет жоғары азаматтық санамен және жеке қатысумен өтетін айту керек.

Үшінші таза тип – активистік. Ол азаматтардың саяси істерде жоғары қатысуының құлқымен және олардың мемлекет істерінде білімдігінің көрсетуін анық байқатады, ал бұл саясатқа жоғары қызығушылық және жақсы белсенді қатынасты көрсетеді.

Шынында, таза типтер мүлдем кездеспейді. Олардың қосындылары түрлі аралас типтерді береді: патриархалды-бағынышты, бағынышты-активистік және т.б.. «Саяси мәдениет» деген атаулардың біріне ие болған осындай аралас типтердің бірі негізгіге орын таластырады және олардың арасында төртінші негізгі тип деп аталады.