- •Гигиена туралы жалпы түсінік
- •1. Аменореяға салғырт қарауға болмайды
- •2. Етеккір кезінде моншаға түспеген дұрыс
- •3. Менструальды күнтізбе жүргізу қажет
- •4. Жеке гигиена бірінші орында болсын
- •5. Аяқтан өткен сыз жатыр мен аналық бездің жұмысын бұзады
- •6. Анорексияның да әуресі көп
- •Тұрақталған етеккір цикліне не әсер етуі мүмкін? Қыздарға әсер ететін өзгерістер
Тұрақталған етеккір цикліне не әсер етуі мүмкін? Қыздарға әсер ететін өзгерістер
бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды;
жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады;
дауыс жуандайды;
терідегі май бездер белсендірек істегені себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін;
тер бездері дамиды;
қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды;
көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін;
қарсы жынысқа тартатын күш сезіле бастайды;
кеуде өсіп, кеуде ұштары ілгері созыла бастайды, бұл ауыртпалы болуы мүмкін;
сандары жұмырланады;
жыныс мүшелері дамып, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастайды.
Етеккір кезінде өзіңді ыңғайлы сезіну үшін, гигиеналық төсеніштерді пайдалана аласың:
онда қынап арқылы жатырдан шығатын қан жиналады.
Гигиеналық төсеніштер – ұзындығы, қалыңдығы және өзіне сіңіру қабілеттілігімен әртүрлі болып бөлінеді. Гигиеналық төсеніштер іш киімге жабысқақ жолақ көмегімен жабысады, олардың кейбіреуінде төсенішті орнында ұстап тұруға мүмкіндік беретін қанаттары болады. Гигиеналық төсеніште жіңішке жолақ бар, ол сенің іш киіміңді бүлдіруге мүмкіндік бермейді. Өйткені етеккір кезінде бөлінетін қан көлемі өзгеріп тұратындықтан (алғашқы екі күні қан бөлінуі аса мол), әртүрлі өлшемді гигиеналық төсеніштер алуыңа болады. Төсеніштерді ауыстыру жиілігі бөлінетін қан мөлшеріне байланысты болады. Алғашқы күндері әрбір 3-5 сағат сайын, ал етеккір соңына одан сиректеу ауыстыруға болады. Арнайы түнгі (ұзынырақ және қалың) гигиеналық төсеніштер да бар, өйткені қан түнгі уақытта да бөлінеді.
Тығын – бұл шетінен жіңішке жібі бар (тығынды қынаптан шығаруға арналған) тығыз мақталы орама. Тығындар – қынап ішінде қанды өзіне сіңіреді, оларды қыздар тек жыныстық өмір басталғаннан кейін пайдалана алады. Пайдалану алдында нұсқаулықты қараңыз.
