Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭББ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Жалпы бөлім.

1.1 Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу стансасының сипаттамасы.

Астана қаласының Республика көшесінде орналасқан. Астана қаласы бойынша техникалық қызмет көрсету станцияларының біріне жатады. Қазірге кезде Астана қаласының техникалық қызмет көрсету станциясында қосалқы бөлшек сату дүкені , көлікті жуу орындары бар.

Цехта автомобильдің ақауларын жөндеуге арналған төмендегі жөндеу бөлімшелері орналасқан : қозғалтқыш жөндеу, бірінші, екінші техникалық қызмет көрсету, шина жөндеу, аккумулятор жөндеу және тағы басқа бөлімшелер. Әрбір жөндеу бөлімшелерінде керекті құрал жабдықтармен қамтамассыз етілген. Құрал жабдықтар қазіргі заманға сай жаңа және сапалы. Бұл кәсіпорынның дамуына өсуіне маңызы зор.

Астана қаласының техникалық қызмет көрсету станциясында автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мамандары яғни жұмысшылар автомобильдерге сапалы, жылдам қызмет көрсетеді.

Мұнда жұмысшыларға жақсы жағдай жасалған. Киінетін, жуынатын, ас ішетін бөлмелері бар және арнайы жұмыс киімдермен қамтамасыз етіледі. ТҚКС таңғы сағат тоғыздан кешкі сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Сағат бірден екіге дейін түскі ас. Жексембі күндері демалыс. ТҚКС автомобильдерді жөндегенде кепілдік береді. Автомобильдердің бөлшектерін ауыстырғанда егерде жарамсыз жөндеуге келмейтін бөлшектердің орнына осы ТҚКС дүкенінен алса, бір аптаға кепілдік береді. Ал егерде күрделі жөндеуде бөлшектерін ТҚКС дүкенінен алса бір айға кепілдік бар, ал егер басқа

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциясы бұйымдарды айырбастау және жөндеу базасында жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет және жөндеу жұмыстарын атқарады.

ТҚКС-ның әкімшілгі екінші қабатта орналасқан. ТКҚС басқару структурасы келесі жолмен ұйымдастырылған.

ТҚКС-ның басында генералды директор. Оған инженер-техник қызметкерлерінің барлығы және менеджерлер бағынады. Инжинер-техник қызметкерлерінің құрамында; бас инжинер, техник қауіпсіздік инжинер, станциялық жабдықтарды жөндеу инжинері.

Менеджерлер келген автомобильдерге құжаттарын толтырады. Жөндеу жұмыстарының бағасын, оған кеткен шығын мөлшерін, автомобиль маркасын, оның мемлекеттік нөмірін, көліктің VIN-кодын, ақаудың сипатын, ескертулерді және басқа берілгендерін құжатқа толтырады.

Техникалық пайдалану қызметі жылжымалы құрамын үлкен техникалық дайындығын, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуі жатады.

ТҚКС бухгалтериясы қаржы жұмыстарын атқарады. Ол қызметтер келесі жұмыстардың еңбек ақысын төлеу салықты аударымдар жасау, зейнетақы аударымдарын жасау және тағы басқа жұмыстарын атқарады.

1.2 Жобалау бөлімшесіне сипаттама.

Техникалық қызмет көрсету станциясында автомобильдерге техникалық қызмет көрсетеді, бұл ТҚКС атқаратының қызметтерін бірі – автомобильдерді толықтай электрожабдықтарды жөндеу мен диагностика.

Электрожабдықтар бөлімшесінде мынадай құралдар бар : датчиктерді және аспап шитогын , электрожабдықтар, оталдыру жүйесін тексеруге арналған стендтер, электролитті ажыратуға, генератор және стартер якорьін тексеруге арналған құралдар, автомобильдің бақылау-өлшеу құралдарын тексеруге арналған аспаптар және т.б құрал-саймандар бар.

Электрожабдықтар бөлімшесіндегі жұмыстар адамдардың өміріне қауіпті. Өйткені мұнда техника қауіпсіздігін, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамаса үлкен қатерлер болуы мүмкін, сондақтан, мұнда техникалық қауіпсіздік шараларын қатаң түрде қадалаған дұрыс.

Электрожабдықтау бөлімшесінде жұмыстарды арнайы жерлерде өткізіледі.

Бұл бөлімшеде мынадай бөлшектерді қалпына келтіреді: стартерлер, генераторлар, электроқозғалтқыштар және тағы да басқа электрожабдықтарды қалпына келтіреді.Диагностика бөлімшесінде автокөліктердің агрегаттармен бөлшектерін бөлшектеусіз бар ақауларын табады. Диагностика бөлімшесінде арнайы диагностикалық апараттар орналастырылған.Диагностика техникалық қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады.

Бөлімше бес күндік жұмыс тәртібі бойынша істейді, ұзақтығы 8 сағат . Жұмыс уақыты тоғыздан сегізден сағат кешкі алтыға дейін, түскі ас 13.00 ден 14.00 ге дейін.