Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕМОРАНДУМ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
33 Кб
Скачать
☆

3.2010 Жылдың 22 шілдеде қабылданған Халықаралық Соттың Косово ісіне қатысты консультативті қортындысы прецедентінің осы іске қатысты жарамсыз.

АҚШ экс-мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс айтқандай: «Косовоға тәуелсіздік беру ерекше жағдай болып табылады, және ол жалпығатанылған халықаралық нормалармен коллизияға келмейді».

Ұлыбритания 2009 жылдың 17 сәурінде Халықаралық соттың «Косоводағы біржақты тәуелсіздік декларациясын қабылдау халықаралық құқықтың сәйкестігіне» консультативті қорытындысы жауабында келесіні мәлімдеді:

2010 жылдың 22 шілдесінде Халықаралық Сотпен қабылданған Косово ісіне қатысты консультативті қорытындысы SUI GENERIS болып табылады. Өйткені:

  1. Сербия конституциясы Югославия Социал-Федеративтік Республика конституциясы негізінде құрылған және мұнда Сербия мен Монтенегро елдерінің мәртебесі белгіленбеген. Югославия-Социал Федеративтік Республикасының ыдырауы нәтижесінде пайда болған Сербия өз конституциясында алғашында Косово елінің мәртебесін бекітпеген. Бірақ кейін 17 ақпан 2008 жылы Сербия өз конституциясын қайта қарап Косово еліне автономия статусын берді.

  2. Югославия Социал-Федеративтік Республикасы ыдырағаннан кейін Косвоны қоспағанда алты мемлекет пайда болады.

  3. Косовоның Сербия құрамында болуы кезінде оларға қатысты бірқатар Сербия тарапынан агрессия көрстілген болатын, бұл Балқан түбегінде 10 жыл бойы (1989-1999) қанды және қатыгез шиеленістердің туындауына, Кососвода адам құқықтарының бұзылуына әкеліп соқтырды.

  4. Косово жағдайының sui generis сипатында болуының бірден бір белгісі ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің, халықаралық қауымдастықтың бұл істің шешілуіне белсенділік танытуы.

  5. Косово мен Сербия үкіметтерінің 10 жылдай бөлек қызмет етуі де басқа даулардан ерекшелендіреді.

4.Гринлендтің Маренияны мемлекет деп тануын қайтару халықаралық құқыққа сай әрекет.

Гринлендтің Маренияны мемлекет деп танымау халықаралық құқықта практика ретінде кездескен болатын. Мысалы 1923 жылы АҚШ Бейжіңдегі үкіметті тануды қайтарды, алайда қытай үкіметімен фактілі қарым қатынастарды ұстап отыру үшін өзінің миссияларын сақтады. Одан басқа мысалды алсақ 1931 жылы Жапония Қытайдан тануды қайтарып алды. Жапония мәлімдеуінше қытай «ұйымдастырылған мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты». Бұл жағдай Маренияға сай келіп тұр. Марения да жоғарыда айтылған 2 пункттегідей 1933 жылғы Монтевидео конвенциясына сай келмей «ұйымдастырылған мемлекет ретінде» өмір сүруін сотқа шағымданар алдында тоқтатты.

Б) Марения құрылықтық қайраңының батыс жағын, бірлескен «Калигрин» компаниясының игеру жұмыстарының басында айқын көрініс тапқан Гринленд әрекеттері, халықаралық құқықты бұзу болып табылмайды;

1.Ұсынысқа берілген Марения құрылықтық қайраңының бастыс жағы Калирияға қайтарылған, және оның иелігінде.

2010 жылдың 25 наурызында басталған «Маренияны қайтару» операциясы нәтижесінде Арния қалысының батыс жағы Калирия әскерлерімен қайтарылды. Мұнда Маренияны «оккупант» деп атауға болады. Себебі Марения Калирияның территорияларын заңсыз түрде иеленді. Тиісінше 1982 жылдың желтоқсанында қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы туралы конвенциясының құрылықтық қайраңға арналған бөлімінің 77 бабының 3 пунктінде «жағалаушы елдің құрылықтық қайраңына деген құқығы эффективті не фиктивті иеленуне тәуелді емес». Яғни Калирия өзінің бүкіл территориясында сонымен қатар Марениямен оккупацияланған территориядағы жағалауларға толық құқығы бар және ол өз қалауынша құрылықтық қайраңға заңды түрде құқықтар мен міндеттерге ие.