- •І Қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы
- •1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері
- •1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны
- •Әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты қылмыс құрамы: а) негізгі; б) квалификациялық (ауырлатушы); в) артықшылықты (жеңілдетуші) болып бөлінеді.
- •Іі қылмыс құрамының ерекшеліктері
- •2.1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері
- •1. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.
- •Қылмыстық заң қылмыс құралын әрекетті немесе әрекетсіздік тікелей жасаумен байланыстырады және осыдан белгілі бір қылмыстық салдар пайда болуыменде байланыстырады.
- •3. Себепті байланыс.
- •Қорытынды
1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны
Заңдық әдебиеттерде қылмыс құрамының жалпыға танылған, міндетті төрт элементі көрсетілген: объект, объективтік жоқ; субъект, субъективтік жоқ. Қылмыс құрамының элементтері бір-бірімен тығыз байланысты. Егер бұл элементтерінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамынын жоқ болғаны, яғни қылмыстық жауапкершілікке негіз жоқ.
Қылмыс объектінің астарынан түсінетініміз – қылмыс арқылы зиян келтірілген заңмен қорғалатын игілік, әлеуметтік құндылық[4]. Бұндай игілік ретінде отандық қылмыстық құқық ғылым қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастарды таниды.
Адамның мінез – құқының сыртқы жағын сипаттаушы белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамдық қауіпті әрекеті (активті мінез-құлық) не әрекетсіздік (пассивті мінез-құлық). Мысалы: ұрлық – біреудің мүлкін жасырын ұрлау, қызметі бойынша әрекетсіздік. Кей жағдайларда қылмыс құрамының объективті жағына әрекет не әрекетсіздіктен басқа қылмыстық салдарды, себепті байланысты да жатқызады. Мысалы: ұрлықтың құрамы, осы әрекет арқылы меншік иесіне зиян келуі. Бұдан басқа объективті жоқ қылмысты жасау жағдайы, орны, уақыт, тәсілі, қаруы және құрал-жабдықтары жатады.
Қылмыс субъектісі болып қылмыс жасаған және қылмыстық заңмен қарастырылған белгілерге ие физикалық тұлға табылады белгілері: есі дұрыс, анықталған жасқа толу және кей жағдайларда арнайы белгілері болады (мамандығы, лауазымы және т.б.).
Қылмыстың субъективтік жағын адамның мінез-құлқының ішкі психикалық жағын сипаттаушы белгілер құрайды: кінә, себеп және қылмыс мақсаты.
Теорияда қылмыс құрамының белгілерін екіге бөледі: негізгі және арнайы.
Негізгі белгілері (міндеттеуші не жалпы) – бұл әрбір қылмыс құрамында болатын белгілер. Осы белгілердің білгілердің біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқ екенін білдіреді. Негізгі белгілерге жататындар: қылмыс объектісінде – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар; қылмыс объективті жағында — әрекет не әрекетсіздік; қылмыс субъектісінде физикалық тұлға, есі дұрыстық, жасы, қылмыстың субъективті жағында – кінә.
Арнайы белгілер (факультативті, толықтырушы) – бұл белгілер заң шығарушының барлық елес тек қана қылмыс құрамының бір бөлігін негізгі белгілерге толықтыру ретінде пайдаланатын белгілері. Арнайы белгілері жататындар: қылмыстың объектісінде – оның құрылымы, мазмұны және қылмыстың объектісінде – оның құрылымы, мазмұны және қылмыс пәні, қылмыстық объективті жағында – салдар, себепті байланыс, қылмыс жасаудағы жағдай, уақыт, орын әдіс, қару және құрал-жабдық;
Қылмыс субъектісінде лауазымды не қызметтік жағдайы, соттылығы және т.б.; қылмыстың субъективті жағына ол – себеп мақсат.
Қылмыс құрамының негізгі және арнайы болып бөлінуі тек қана теориялық мәнге ие, ең бастысы қылмыстық–құқықты оқытқанда қолданылады. Практикада бұндай бөлу құқық қолданушының нақты қылмыс құрамымен жұмыс істейтіндіктен, оларға қылмыстық-құқықтық нормада көрсетілген белгілердің барлығы міндетті болғандықтан шартты сипатқа ие болады. Мысалы: ұрлықта біреудің мүлкін жасырын ұрлау әдісі міндетті белгі ретінде танылады.
Кейбір жағдайларда арнайы белгілер қылмысты квалификацияғанда есепке алынады. Егер арнайы белгі қылмыс құрамына кірмесе, онда ол қылмысты квалификациялауға әсер етпейді және жаза бекіткенде есепке алынады.
Қылмыс құрылымының жалпы түсінігі – қоғамға қауіпті әрекетінің қылмыс ретінде сипат алуы, оны қылмыс не қылмыс емес екенін тану немесе оны дұрыс квалификациялауға қажетті элементтер жиынтығы. Осы жоғарыда қараған жағдайларды практика жүзінде қолданғандақылмыс құрамын жіктеудің маңызды зор, яғни қылмыс құрамын анықталған түрлнрге бөлеміз. Қылмыс құрамын жіктеудің негізіне жататындар: әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі – заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты, қылмыстың объективтік жағының жіктелуіне байланысты.
