- •Дәріс-11. Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі.
- •1. Материалдық емес активтерді бағалау.
- •10.2. Материалдық емес активтердің келіп түсуі.
- •3.Материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым ретінде түсуі:
- •10.3.Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы.
- •Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі
- •Гудвилл есебі
10.3.Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы.
1.Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салым:
а)материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 7410 К-т2700,2730;
ә)бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 2740 К-т 2700,2730;
б)келісім құнына Д-т 2310 К-т 6210
в)ҚҚС сомасына (айырмашылықтан) Д-т 2310 К-т 3130
г)жыл соңында барлығы жиынтық кірістің кемуіне Д-т 5410 К-т 7410
Жиынтық кірістің артуына Д-т 7410,7210 К-т 5410.
2.Моральдық жағынан тозуына және кәсіпорынға пайда әкелу қабілетіне жоғалтуына байланысты материалдық емес активтердің есептен шығарылуы:
а)материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 7410 К-т 2700,2730
ә) бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 2740 К-т 2700,2730;
б)жыл соңында Д-т 5410 К-т 7410;
3.Сатуға байланысты материалдық емес активтерді есептен шығару:
а)материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 7410 К-т 2700,2730
ә) бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 2740 К-т 2700,2730;
б)сатылған активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз) Д-т 1210 К-т 6210;
в)ҚҚС сомасына Д-т 1210 К-т 3130;
г)ҚҚС бюджетке төленген Д-т 3130 К-т 1040
ғ) сатып алушы шотты төлегенде Д-т 1040,1050,1010,1020 К-т 1210;
д)жыл соңында Д-т 5410 К-т 7410;
е)зиян шеккенде Д-т 6120 К-т5410 кіріс.
4.Өтеусіз беру:
а) баланстық құнға Д-т 7410 К-т 2700,2730;
ә)материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 2740 К-т 2700,2730;
б)ҚҚС сомасына Д-т 7210 К-т 3130;
в)жыл соңында Д-т 5410 К-т 7410,7210 (зиян).
Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі
Өндірістік-шаруашылық қызмет процесінде материалдық емес активтер моральдық жағынан тозуға ұшырайды.
Есептелген тозудың мақсаты- пайдаланудының белгіленген мерзімі ішінде тозуды өндіріс пен айналымның шығындарына қосу есебінен олардың құнын өтеу үшін көздерді қалыптастыру.Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу үшін 11- «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің2740-шоттары көзделген.Бұл шот пассивтик, әрі реттеуші сипатта.2740-шотының кредити бойынша материалдық емес активтер амортизациясының (тозуының) ай басындағы қалдығын көрсетеді, ал 2740 шотының дебеті бойынша МЕА амортизациясының (тозуының) есептен шығарылуы (кемуі) көрсетіледі.
Материалдық емес активтер бойынша амортизация бастапқы құнынан есептелген нормалар жіне МЕА болжамды ұтымды пайдалану мерзімі бойынша ай сайын есептейді.Амортизация нормасының мерзімін анықтау мүмкін емес.МЕА бойынша мерзім 10 жылға, бірақ субъектінің жарғыда белгіленген қызметінен аспайтындай болып белгіленеді.
Мысалы: Субъект ЭЕМ-ге бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алады, өқны 120,0, ұтымды пайдалану мерзімі 5жыл (60ай) болып белгіленген.
Ай сайынғы амортизация сомасы 120,0/60=2 000 теңге немесе 1,67 (2 000*100/120,0).МЕА оларды пайдалану мерзімі ішінде кәсіпорынға белгілі бір табыс әкелуге тиіс.Амортизацияны есептеу МЕА құны толық өтелегннен кейін немесе актив табыс әкелуді доғарған сәттен бастап тоқтатылады.МЕА ұтымды пайдалану мерзімінің дұрыс есептелуіне олардың амортизациясын өндіріс немесе айналым шығындарына қосу тәуелді,демек, оған субъектқызметінің шынайы қаржы нәтижесі де тәуелді болмақ.МЕА амортизациясының есебі РТ №6 нысанында жүргізіледі.Амортизацияны есептеуді бухгалтерлік есептің шоттарында НҚ бойынша тозуды есептеуге ұқсас көрсетеді.Амортизацияны есептеу сомасында Д-т 7110,7210,8045 К-т 2740.
2740-шоты бойынша талдамалы есеп МЕА түрлері және жекелеген объектілері бойынша ұйымдастырылуға тиіс.
МЕА түгендеген кезде:
1. Кәсіпорынға меншік құқында тиесілі МЕА нақты қолда бар.
2.Оларды баланста көрсетудің дұрыстығы мен мерзімділігі.
3. МЕА тозуын есептеудің дұрыстығы.
4.Моральдық жағынан ескерген активтердің бар- жоғын тексереді.
Бастапқы құжаттамада МЕА объектісінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болып, олардың бастапқы құны ,ұтымды пайдалану мерзімдері,тозу нормалары,объект пайдаланылатын бөлімшелер,МЕА түгендеулері көрсетілуі тиіс. Объектінің өзінің бар-жоғын жіне оны пайдаланудағы кәсіпорынның құқын растайтын құжаттардың қолда барын анықтау қажет.
