- •Жоспары:
- •1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
- •2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
- •3. Жеке тұлғаның қалыптасуы
- •5. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
- •2.5.1 Түйсік пен қабылдау арақатынасы
- •2.5.3 Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар
- •2.5.4 Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •2.5.5 Түйсік түрлері
- •2.5.6 Түйсік қасиеттері
- •2.5.7 Қабылдау түсінігі
- •3.1.1 Зейін түрлері
- •3.1.2 Зейіннің физиологиялық негізі
- •3.1.3 Зейіннің негізгі қасиеттері
- •3.2.1 Ес теориялары
- •3.2.2 Ес түрлері
- •3.2.3 Ес процестері
- •3.3 Ойлау мен қиялдың физиологиялық негіздері
- •3.3.1 Ойлау жөнінде түсінік
- •3.3.2 Ойлау жөніндегі теориялар
- •3.3.3 Ойлау формалары
- •3.3.4 Ой қызметтері
- •3.4 Еріктің және сезімнің физиологиялық негіздері
- •3.4.1.1 Ерік теориялары
- •3.4.2.1 Сезім ерекшеліктері
- •3.4.2.2 Сезім қызметтері
- •3.4.2.3 Сезім негіздері
3.1.3 Зейіннің негізгі қасиеттері
Айтқанымыздай, зейін сананың белгілі нысанмен байланысын байқатып, оған бағытталуын білдіреді. Осы бағытталу ерекшеліктері зейін қасиеттерін айқындайды.Бұл қасиеттер тобына зейіннің тұрақтылығы, шогырлануы, бөлінуі, ауысуы және көлемі кіреді. Тұрақтылық зейінін уақыт аралығына байланысты сипаты болып, оның белгілі бір нысанға көзделу мерзімінің ұзақтыгын аңдатады. Тұрақтылық перифериялық (шеткі) және ор-талық жүйке факторларына тәуелді. Эксперименттік зерттеулерге қарағанда, зейін белгілі уақыт аралығында қайталанып отыратын ырықсыз тербелс сипатында болады. Бұл тербелістердің уақыт ұзақтығы 2-3 секундтен 12 секундқа дейін созылуы мүмкін (НЛанге) Мысалы, сағат тықылына зейін қоятын болсақ, бірде ол тықыл естіліп, бірде байқалмайтынын сеземіз. Ал күрделі объекттерге назар аударсақ, оңдағы тербелістер басқаша заттың кейде бір бөлігі, екіншіде басқа бөлігі фигура турінде елестейді. Бірақ ескеретін жәйт: шын мәнінде, зейіннің өте қысқа уақыт аралығыңдағы майда тербелістері жалпыланған заңдылық сипатына ие емес. Бір жағдайда зейін жиі,ауыспалы қысқа тербелістерге келетін болса, ендігі бір жағдайларда ұзақ мерзімді тұрақтылығымен сипатталады.
Қазірғі күнде дәлелденгендей, зейін тұрақтылығының ең бір мәнді шарты назардағы нысанның жаңа тараптары мен байланыстарының ашылу мүмкіндігінің болуы. Алға қойылған мақсатқа орай зат кезге алынып, оның бөліктерінің өзара байланыстары мен бір-біріне кірігулерінің жаңа қырларын ашатын болсақ, зейін ұзақ уақыт өзінің тұрақтылығын жоғалтпайды. Ал назарға алынған заттың мазМұны одан әрі зерттеуде өзінің жаңа ерекшеліктерін таныту мүмкіндігіне ие болмаса, зейін күйзеліске келіп, алағдауға түседі. Басқаша айтсақ, қандай да бір нысанға бағытталған зейіннің тұрақты болуы сананың қозғалысты қалпына байланысты. Көздеген ны-санымыз дамуда болып, өзінің жаңа мазмұнымен ашылып баруы қажетті.
Егер де зейін барша жағдайларда тұрақсыздығымен көрініс тапса, онда қандай да ақыл-ой жұмысы болуы мүмкін емес. Кезегінде, затты тануға ақыл-ой әрекетінің араласуымен мен зейін тұрақтылығы күшейе түседі. Сонымен бірген тұрақтылығы бірқанша жағдайларға байланысты болып келеді. Олардың ішінде: материал ерекшелігі, оның қиындық деңгейі, бүрыннан таныс, не белгісіз болуы, түсініктілігі, субъекттің оған деген қатынасы, сондай-ақ зертеуші үйренушінің даралық қасиеттері.
Зейіннің шоғырлануы оның белгілі бір нысанға бағытталып, онда топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық немесе саналы іс-әрекеттің толығымен қажетті нүктеге шөгуі. Зейіннің шоғырлануы ми қабыгындагы қозу ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланысты.(Н.А.Ухтомский) Дәлірек айтсақ, шоғырлану нысанды ошақтағы қозудың және сонымен бір уақытта жүретін бас ми қабығындағы басқа аймақтардың тежелуінің салдарынан келіп шығады.
Зейіннің бөлінуі деп адамның өз зейінінің ауқымында бір уақытта бірнеше әр-түрлі нысандарда үстай алу қабілетін түсінеміз. Осы қабілетіне орай әр адам бір мезгілде бірнеше әрекеттерді өз зейінінде ұстап, орындау мүмкіндігіне ие. Мысалы, әйгілі Юлий Цезарь бір уақытта өзара байланыспаған жеті іспен шұғылдана алады екен. Ал Напалеон өз көмекшілеріне бір уақыт ішінде жеті ресми құжат бойынша көрсетпе беріп, жаздыратын қабілетке ие болыпты. Бірақ өмір тәжірибесі көрсеткендей, адам тек қана бір істі, кейде екі істі саналы орындау мүмкіндігіне ие. Бұл жағдайда орындалып жатқан жұмыстың бірі саналы зейінді талап етпейтіндей, автоматтандырылған дәрежеде болуы қажет. Егер бұл шарт сақталмаса, іс-әрекеттерді біріктіріп орындау мүмкін емес.
Зейіннің ауысуы зейіннің бір нысаннан екіншісіне саналы және байыпты өтуін білдіреді. Зейіннің ауысу қасиетінен біз қоршаған ортаның өзгермелі, күрделі жағдайында жылдам бағыт-бағдар тауып отыру мүмкндігіне иеміз. Зейін ауыстырудың жеңіл не қиын болуы әр адамға, әр-түрлі болып, белгілі шарттарға тәуелді келеді (алдыңғы әрекетпен кейінгі әрекеттің ара байланысы, олар эрқайсысына болған субъекттің қатынасы). Орындалатын қызмет неғұрлым қызықты болса, оған зейіннің ауысуы оңай, ал іске көңіл соқпаса, оған ден қою да жеңіл соқпайды. Зейіннің ауыспалылыгы саналы, көп қайталанған жаттығуды талап ететін қасиеттердің қатарына жатады.
Зейін көлемі ерекше құбылыс . Адам бір уақыт әртүрлі заттар жөнінде теңдей ойлап, әрқилы жұмыстар орындауы мүмкін емес. Осыдан сырттан келіп жатқан ақпараттарды адам өзінің өңдеу мүмкіншіліктеріне орай топтап, жіктейді. Соңдай-ақ, адамның бір уақытта өзара байланысы жоқ бірнеше нысандарды қабылдау мүмкіндігі де шектеулі. Осы шектер арасын танып, қабылдауы - адам зейінінің көлемін білдіреді.
Зейін көлемін зерттеу үшін адамға бір уақытта талдануы қажет бір топ элементтер ұсынылып (сан, әріп т.б.), солардың ішінен саналы есте қалғаны есептеледі. Мұндай есепті жүргізу үшін тахитоскөп аппараты қолданылады.
Зейін көлемі өзгермелі құбылыс. Зейін аймағынп түсетін элементтер саны олардың мазмұндық біртұтастығына және олар арасындағы байланыстарды саналы түсінуге тәуелді келеді. Осыдан, педагогикалық қызметте оқу материалын жүйелестіріп беруге мән аударып, оқушылар зейінінің көлеміне нұқсан келтірмеуді ойластырған жөн.
Зейіннің аландаушылығы - бұл зейіннің бір нысаннан екіншісіне ырықсыз ауысуы. Мұңдай ауысу қаңдай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс тітіркеңдіргіш әсерлердін ықпал етуінен туыңдайды. Аландау сыртқы және ішкі болыіі бөлінеді. Сыртқы аландаушылық; субъектке тысқы, қоршаған орта жағдайларының әсер етіп, ырықты зейіннің ырықсыз зейінге ауысуынан болады. Әсіресе адамды аландағатын жағдайлар заттар мен құбылыстардың кенеттен пайда болып, күшті өзгермелі әрі жедел әсер етуінс байланысты. Соңдықтан оқушылардьщ сабақ дайындау барысында оларды негізгі ісінен алаңдататын заттар мен әсерлерді болдырмауға тырысу қажет. Зейіннің ішкі алаңдауы көңіл-күй, толғаныс нәтижесінде туындайды, орындалатын іске қызықпаудан, жауапкершілікті сезінбеуден келіп шығады. Шәкірт өзінің оқу жұмысымен байыпты әрі тиімді шұғылдануы үшін оның болмысындағы сабақтан алаңдататын көңіл күйзелістерін (ашу, ыза, қорқу ж.т.б.) басып отыру керек. Сонымен бірге оқушыларда алаңдаушынықты кеміту үшін оларда білімге, оны игеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты тәрбиелеп бару өте маңызды қызмет.
Зейіннің шашыраңкылыгы деп адамның ұзақ уақыт аралыгында өз зейіні мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын айтамыз. Шашыраңқылықтың екі турі белгілі: жалған және шын.
3.2 Ес жөнінде түсінік
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тіжірибемізден калған іздерді жалдымызда қалдырып сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайталанып жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.
Сонымен ес - бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерді құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъект жеке басын өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасын жаратады.
Жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міңдетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін?; есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен?; ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін?; естің адам танымына ықпалы қандай?
Сұрақтарға жауап іздеуде психология өзінің алғашқы эксперименттерін осы ес проблемасын зерттеумен байланыстырды. Өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологы Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буыңдарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқарттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г.Э. Мюллер еңбектерінде жария етілді.
Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы әрекетпен байланыстырылды, ал XIX ғ. аяғы мен XX і басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, еңді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологы Торндайк жануарлардағы дағдылардың қалыптасу зандылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процесін астырды. XX ғ. алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И.П. Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялык зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен шектелген еді.
Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезіңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып ырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды Жоғары сананың туындысы деп танылды. Соңдықтан да естің жоғары формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ-идеалистер күн тәртібінде тіпті қойылмады. (А.Бергсон)
Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л.С. Выготский есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі турі екенін алғашқы рет дәлелдеді. ¥лы ғалымның із-басарлары А.А. Смирнов және П.И. Зиянченко естің саналы іс-әректпен байланыстылығы жөніндегі жаңа әрі мәнді заңдарын ашып, жадта қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, үстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.
Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті "материяның жалпы қасиеті" деу-ден аспады. Кейінгі 30 жыл ішіңде гана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жаңғырту теренде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНК (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелдеңді.
Ақырыңда, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте қалдыру мен үмытудың жүйкелік механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі - біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан алуан П.Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады: 1) сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес.
Сезімдік әсердщ тікелей, нақтьг ізі Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты жадымызда өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.
1. Қолыңызды 4 саусағаңызбен қағып, кейін одан келген сезімнің қалайша ешетініне мән береңіз: қағу токтағаннан соң да, болған қаққылау сезімі біршама уақыт сақталып барып, соң жойылады да, кейін тек қаққы әрекеті болғаны ғана есіңізде қалады.
2. Көзіңізді біраз жұма турып, кейін сәл мезетте ашумен, қайта жұмыңыз. Ашып жұму арасыңда қасқағыда көрген заттарыңыздың бейнесі нақ күйінде көз алдыңызда біраз сақталып, кейін жайымен жойыла бастайды.
3. Қалам не сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оң-ды. солды жүргізесңіз, қозғалған затқа оның бұлдыр сағымы ергенін байқайсыз.
Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағаңда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық керіністей болмай, оқиғаның қаңдай да бір шағын баламасына сәйкес келеді Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәңді деген 3 4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімді естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.
¥зақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманща жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасыңда айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес жадта сақтау жүйесінің маңызды әрі күрделі турі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі - шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі -материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақытты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.
¥зақ мерзімді еске байланысты қиыншылық - бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мэліметтің көптігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес, Солай болса да, сана қорымыздан қажетті дерек дер кезіңде шыға келетініне таңдан-басқа болмайды.
Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймақ көлемінің шегі барын мойыңдамасқа болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дәледенгеңдей, ми 10 млрд. нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп саңды ақпарат сақтауға қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миынің есте қалдырып, сактау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметтік дамуына тәуелді
