- •Лекция-11. Оқытуды ұйымдастырудың формалары
- •1. Оқыту формалары мен даму тарихы
- •Сурет-1. Оқыту формаларын жіктеудің өлшемдері
- •Сурет-2. Оқыту формаларының дамуы
- •2. Сабақ – оқытудың негізгі формасы
- •Сурет-3. Сыныптық сабақ жүйесінің ерекшеліктері
- •3. Сабақтарды жіктеу
- •4. Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру, мұғалімнің сабаққа дайындығы
- •Сурет-4. Сабақтың түрлері
- •Сурет-5. Сабақтарды жіктеу
- •5. Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтың түрлері
- •6. Сабаққа қойылатын талаптар
- •Тақырып бойынша шығармашылық тапсырмалар
- •Лекция-12. Заманауи педагогикалық технологиялар
- •1. Заманауи педагогикалык технологиялар, сипаттамасы
- •2. Дамыта және бағдарламалап оқыту
- •3.Проблемалық және модульдік оқыту.
- •4. Қашықтан және тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары.
- •5. Білім берудегі инновация
- •6. Новаторлар, олардың еңбектері.
2. Сабақ – оқытудың негізгі формасы
Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі XVII ғасырда пайда болып, үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Мұндағы сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын XVII ғасырда– атақты чех педагогі Ял Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныптық – сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады: сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу-тәрбие үрдісін тәртіптеуді камтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу.
Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік приниптерін ұсынды. Я.А.Коменский сынып сабақ жүйесін терең зерттеді.
«Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді босатпау;
оқушыларды сыныптарға бөлу;
әр сыныпқа бір бөлме беру;
күніне 4 сабақ өткізу;
әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
қоңыраудың соғылуы;
тәртіп;
бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек;
сабақты күзде бастау;
Я.А.Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты үш бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді,мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.
Я.А.Коменский «Мұғалім-сабақты жаратушы, оның жүрегі»,- деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер, экскурсияны кең қолдануға баса назар аударған.
Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі, яғни сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте таланты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі. Сондықтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.
Сыныптық-сабақ жүйесінің жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді (3-сурет).
