Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

46.Резервті капитал есебі, таратылмаған табыс (бөлінбеген пайда) есебі

Ұйымдар алдағы кезеңде түрлі себептермен қаржылық тапшылығы туындаған кезде пайдалану үшін резерв жасайды. Шаруашылық қажеттіліктеріне байланысты жасалатын резервтер мен жарғылық капиталды көбейту немесе пайда мөлшері жеткіліксізболған жағдайда пайдаланылатын резервтердің айырмашылығын білу керек. Резервтік капиталды ұйым есепті жыл аяқталғаннан кейін бөлінбеген пайданың есебінен жасайды. Заң талаптарына сәйкес резервтік капиталды жарғылық капиталдың көлемін көбейтуге бағыттауға болады. ЖШС-де резерв құрылтай құжаттарында қаралған шарттарға сәйкес құрылады. Резервтік соманың көлемі оны толықтай немесе бөлшектей жарғылық капиталға бағыттау арқылы өзгеретін болса сол сомаға жарғылық капиталдың көлемі де өзгереді. Рез.капиталдың азаюы дебеттік айналымда, ал жарғ кап. кредиттік айналым юойынша көрсетіледі. Резервті жасау және пайдалану жолдары заң бойынша анықталады. Жарғ мен рез капиталға бай/ты бух-лік есептегі өзгерістерді көрсету үшін серіктестікке қатысушының шешімдері ғана негізі бола алады. Р.к-дың қаржысын пайдалану жолдары ұйымның жарғысында қаралған тәртіп бойынша, есеп саясатына сай ғана жұмсалады, оны пайдалану туралы қатысушылар жиналысы шешім қабылдауға тиіс және ол құрылтайшылармен келісіледі. Бөлінбеген пайданы қатысушылар өзара таратып алуға құқылы, резервтік капитал табыстың бір бөлігі болып саналады және қатысушылардың шешімі бойынша ғана қажетті мақсаттарға жұмсау үшін бағытталады. Резервтік капиталдың сомасына салық есептелмейді, себебі ол салық төленгеннен кейінгі таза пайдадан құралған. Кейіннен ол сома қатысушылардың арасына бөлініп таратылғаннан кейін барып, салық есептелетін болады. Салық заңдары бойынша таратылып бөлінген пайда «дивидент» деп аталады және оның 5 %-ы табыс салығы есебінде бюджетке төленеді. АҚ рез капиталын пайдалану тәртібі қоғамның директорлар Кеңесінің құзырына ғана жатады, ал оның мөлшері және жасау жолдары заң бойынша шектелмеген. Резервті жасау және қодану тәртібі АҚ-ның есеп саясаты мен құрылтай құжаттарында қаралуға тиісті.

47.Жиынтық табыс пен таратылмаған табыс есебі

Есепті кезеңніңжиынтық табысын немесе зиянын есепке алу үшін 5610 «қорытынды пайда (зиян)» шотын пайдаланылады. Егер де кәсіпорын табысты болса, онда шот пассивті, ол кәсіпорынның келтірілген пайдасынан гөрі зияны көп болса, онда шот активті болуы мүмкін.

Жыл ішінде әртүрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 6000, бөлімшесінің шоттарында 6100,6200,6300,7000 бөлімшесінің шоттары кіреді, сонымен қатар 7010,7210,7340,7710 шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстар алынатын шығыстар жинақталады.

Жыл аяғында алынған табыстар сомасына шоттардың мынадай корреспонденциясына жасалады: 6000,6100 бөлімшесінің шоттары дебеттеледі ал 5610 шотв кредитінде жазылады.

Жыл аяғында 7000 бөлімшесінің және 7110,7310 шоттарының кредитінен есептелінген шығыстар 5610 шотының кредитінде көрсетіледі.

Табыс сомаларын 6020,6030 шоттарының дебеті бойынша және 5610 шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

5610 шоты салыстырушы операциялық шот болып табылады: онда табыстар (5610 шотының кт-ң және зияндар 5610 шотының дт-і салыстырылады). Табыс 5610 шотының дт-і және 5510 шотының кт-і бойынша көрініс табады.

№

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

Есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасы

5410

5510

2

3

Өз акцияларын қайтып сатып алған кезде номиналдық құнынан төмен болған сомасының айырмасы

5310

5510

2