Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қоректік орта залалсыздандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

Зарарсыздандыру (дезинфекция) әдістері: физикалық, химиялық.

Зарарсыздандыру (дезинфекция) – микробтармен ластанған заттардан потагенді және шартты потагенді микроорганизмдерді жоюға арналған өндеу процедурасы.

Зарарсыздандыру мақсаты – инфекцирленген индивидумнан қоздырғыштардың сыртқы орта объектілері арқылы берілуін болдырмау.

Зарарсыздандырудың екі түрін ажыратады;

1.Ошақты

а.күнделікті

б.қорытынды

2. Профилактикалық

Күнделікті зарарсыздандыру – ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер кезінде өндеп отыру мақсатында, күнсайын (науқас бөлінділерін, киімдерін, ыдыстарын және т.б.) жасалады.

Күнделікті зарарсыздандыру тиімдірек болады егер инфекция ошағын оны тапқаннан үш сағаттан кем емес уақытта басталса. Үйде пайда болған инфекция ошағын физикалық және химиялық тәсілдерімен, арнайы зарарсыздандыру ерітінділерін қолдана отырып зарарсыздандырады. Санитарлы – эпидемиологиялық станциялар күнделікті жасалған зарарсыздандыру шараларына арнайы зертханалық әдістер арқылы тексерістер өткізеді. Арнайы күнделікті зарарсыздандыру бақылауын- ішсүзегі, бактериальді дезинтерия, туберкулез, дифтерия, саңырауқұлақты ауруларда жүргізеді.

Қорытынды дезинфекцияны инфекция қоздырғыштарының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысқанда, өлгенде, жазылып шығып кеткенде) сол ошақта жасалады. Оның мақсаты жасалып отырған күнделікті зарарсыздандырудан кейін ошақта тасымалдаушы факторлары ретінде қалған қоздырғыштарды жою. Қорытынды зарарсыздандыру инфекция ошақтарында обаға, холераға, ішсүзегіне, Ку қызбасына, Сібір түйнемесіне, сальмонеллезге күдектену болғанда жасалады.

Зарарсыздандыру түрлері.

Зарарсыздандыруда физикалық және химиялық тәсілдері қолданылады.

Зарарсыздандырудың физикалық тәсілдері. Физикалық өндеуге механикалық, термиялық, сәулелік әдістер жатады.

Механикалық заттар – тазалау, дымқыл жинастыру, жуу, қағу т.с.с. жатады. Мысалы; шаңсорғыштын көмегімен микробтардың 98% кетеді екен. 30 минут желдетуден кейін микроб мекемелерде мүлдем болмайды, себебі ауа түгелдей алмасады, әсіресе ауалы – тамшылы жолмен берілетін аурулар кезінде тиімді болады.

Термиялық – бұл жоғары және төмен температуралармен әсер ету, бактериоцидті шамдармен өндеу, радиоактивті сәулелендіру жатады. Ыстық ауалы стерилизаторларды және басқа да зертханалық, дәріханалық ыдыстарды және аспаптарды зарарсыздандырған кезде қолданылады. Дезинфекциялық камераларда төсек орынды, киімдерді және басқа да заттарды дезинфекциялайды. Ыстық үтүкпен үтүктегенде микробтардың вегетативті формалары, биттер, кенелер өледі.

Сәулелер – ионды сәулелер әсері. Ультра күлгін сәулелердін антимикробты әсері 205-315 км спектірлік электромагниттік толқындарында. Бұл микробтар клетка ядросындағы ДНҚ-ны зақымдайды, ол әрі қарай микроорганизм клеткасының өлуіне әкеледі. Ультра күлін сәулелерге әсіресе бактериялар мен вирустардың вегатативті формалары сезімтал (таяқшалар, кокктар). Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар тұрақты болып келеді. Ультракүлгін сәулелермен көбіне кең бөлмелерді зарарсыздандыруда қолданылады; микробиологиялық зертханалар, медициналық бөлмелердің, палаталардың ауасын т.б. гамма – сәулелердің жоғары антимикробты әсері бар. Ол барлық микроорганизмдердің, бактериялардың вегатативті түрлері мен спораларға, саңырауқылақтарға, вирустарға жоғары әсері бар.

Қайнату – зарарсыздандырудың қиын емес түрі. Инелер, шприцтер, стерилизаторға салып, су құяды. Суға 1-2% натрий бикарбонатын қосқанда судың дезинфекциялық әсері күшейеді және металл өнімдерін қайнатқаннан кейін тоттанудан қорғайды.

Күйдіру – (от жалының) ілмектерді, инелерді, пинцеттерді, пробиркаларды, спиртовканы т.б. зарарсыздандыруға пайдаланады.

Пастеризация – 70 - 80ºС-қа дейін (30 мин) қыздыру, бактериялардың вегатативті формаларын өлтіреді.

Тиндализация - 56°С температурада 5–6 күн күнделікті бір сағатқа жуық қыздыру, бұл кезде споралар да өледі.

Ылғалды булы – камераларда киімдерді, төсек орындарды және басқа да жұмсақ заттарды өңдеуге қолданады.

Кептіру - көптеген микрооргонизмднрді өлтіреді. Бірақ кейбір бактериялар, сонымен бірге кейбір бактериялардың вегатативті формалары кептіруге төзімді келеді де, ауа аэрозолінде шаңмен бірге оңай таралып отырады. Лиофильді құрғату әдісі бактерияларды зертхана жағдайында концервациялау үшін кеңінен қолданылады.

О ден төмен - 270°С температурада жасанды қатыру микробтарды өлтірмейді, бірақ біраз уақыт өткен соң олардың мөлшері азаяды.