- •Мазмұны
- •Аннотация
- •Annotation
- •2 . Энергия және жылу жүйелерінде шығындар үлесін азайту.
- •3 . Халық арасында энергия үнемдеуді кең көлемде насихаттау.
- •1.1 Мемлекет аралық электр энергиясын үнемдеудің салыстырмалы көрсеткіші.
- •1.2 Энергия қорларын үнемдеу шаралары
- •2.1 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді талдау
- •1.3 «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы
- •Ағымдағы ахуалды талдау
- •Бюджеттік сала
- •Тұрғын үй секторы
- •2.2 Облыстар бойынша халықтың электр және жылу энергияларын тұтынуы
- •2.3 Энергия тиімділігін арттыруды дамытудың алғышарттары
- •2.4 Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Қорытынды
Қорытындылай келе, Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында шешетін басым міндеттер болып табылады. Осы міндетті шешпей елдің дамуын ұстау мүмкін емес. Энергия үнемдеуден болған нәтижеден облыстың экспорттық потенциалы жоғарылайды. Энергия үнемдеу мүмкіншіліктерінің болжамы энергия тұтыну болжамының қиын және онша сенімсіздеу бөлігі екендігі белгілі. Ол үшін ең алдымен энергия үнемдеудің пайдаланылмайтын технологиялық потенциалы анықталады – энергия тұтынудың қолданыстағы деңгейі мен экономика құрылымын сақтауда орны болатын оның мөлшері арасындағы айырмашылық ретінде, бірақ әрекеттегі технология мен техниканы жақсыға толық ауыстырғанда. Сонымен бірге электр энергиясын үнемдеуді Үкімет өз тарапынан халыққа көрсету керек деп есептеймін. Біріншіден, инвестициялар тарту арқылы, қуат жоғалтуды азайту керек. Екіншіден, қаладағы электр жүйелері жаңа технологиялармен қамтамасыз етілуі қажет. Мәселен, көшелердегі, офистердегі электр шамдары көбіне күндіз де жанып тұрады. Автоматты түрде жарықтарды өшіретін технологиялар қолданбаған. Осындай мемлекетке қатысты шараларды Үкімет қолға ала бастаса, жөн болар еді. Мемлекет тарапынан салынып жатқан мектептерде, ауруханаларда Қытайдың сапасы төмен, жылу ұстамайтын терезелері орнатылған. Электр шамдары да – қуатты үнемдемейтін технологиялар. Сол сияқты мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерді салғанда да қаржы үнемдейміз деп, сапасыз технологияларды пайдаланып жібереміз. Сөйте тұра, біз тұрғындарға үнемшілдікті үйретеміз дейміз. Мәселен, Ресей қазір жаппай электр энергиясын үнемдейтін электр шамдарын қолдануға кірісті. Тұрғындарын да осындай шамдарға көшуге шақыруда. Ал бізде ондай шамдардың бағасы өте қымбат тұрады. Мемлекет, ең құрығанда солардың бағасын арзандатудың жолын қарастыруы керек. Елімізде зауыт салынып, соған мемлекет тарапынан көмек көрсетілсе, өзімізде өндірілген электр шамдары арзан болар ма еді? Біз қазір Қытайдың мың теңге шамасында тұратын шамдарын сатып аламыз, ал ол көпке шыдамайды. Жалпы қазақ – ысырапқа жол бермейтін халық. Менің әкем жүрген жерінде босқа жанып тұрған шамдарды өшіріп, ысырап жасамайды. Қазақтың қай үйіне барсаң да осыған куә боласың. Сондықтан да ысырапқа жол бермейтін халықтан және мемлекеттен үнемшілдікті талап етіп, үнемшілдіктің жолдарын іздеу керек.
Төле би атындағы № 8 гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушысы Жанболат Ақнұрдың «Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін тұрмыс- тіршілікте арттыру» атты ғылыми жобасы.
Пікір.
№ 8 Төле би атындағы мектеп-гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушысы Жанболат Ақнұрдың «Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін тұрмыс- тіршілікте арттыру» атты ғылыми жұмысын жазып шықты. Қазіргі таңда «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасының идеясын негізге ала отырып, тұрмыс-тіршілікте энергия көздерін үнемді пайдалану жолдарына сараптама жасап, олардың адам өміріне және қоғам өміріне маңызы қарастырылған. Осы тақырыпқа байланысты интернет жүйесінде, кітапханаларда деректер жинап, энергия тиімділігін арттыруды дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері мен алғышарттары, мүмкіндіктері мен әлсіз жақтарын анықтап, зерттеу жүргізілген. Тақырыпқа байланысты керекті әдебиеттер пайдаланды. Ғылыми зерттеу бағыты дұрыс. Қорыта айтқанда, тақырыптың күнделігіне қарамастан Ақнұр өзінің алдына қойған тапсырманы ойдағыдай орындап шықты.
Ғылыми жетекшісі: Қозыбакова А.С
