- •І экономиканы инвестициялаудың теориялық аспектілері
- •1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы
- •1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын қызметі
- •2 Сурет – Шетел капиталының экономикаға ағымы
- •1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары
- •3 Сурет – Инвестициялық стратегияны жасап шығарудың ұстанымпаздық сызбасы
- •Іі қазақстан республикасының мұнай-газ секторындағы шетелдік инвестициялардың тиімділігін бағалау
- •2.1 Ұлттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді жандандыруда атқаратын рөлі
- •2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат
- •2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты - оның шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бөлігі. Кәсіпорын экономикасында инвестиция маңыздылығын анықтап, бағалау қиын. Қазіргі заманғы өндірістің сипаты ол - үнемі өсіп отыратын капитал сыйымдылығы мен ұзақ мерзімді факторлар болмақ. Кәсіпорын өзінің өнімінің сапасын жақсарту үшін шығындарын төмендету, өндіріс күштерін ұлғайту, бәсекелестік жағдайында нарықтан өз орнын табу үшін үнемі капитал салып отыруы тиіс.
Сондықтан да оған үнемі өте жақсы жасалған инвестициялық стратегия жасап, оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс.
Мемлекеттің инвестициялық саясатының сәтті жүзеге асырылуы елдегі қолайлы инвестициялық климаттың болуын ұйғарады. Және сол ғана экономиканың сол немесе басқа саласына, секторына инвестициялар тарту шарттарын анықтайды.
Инвестициялық климат өз кезегінде, басқа елдер, аймақтармен салыстырғанда берілген елдің капитал салымдарының тиімділік көрсеткіштерімен және тәуекел дәрежесімен анықталатын оның қолайлығы дәрежесімен сипатталады. Ол бес фактордың әрекет етуімен түсіндіріледі:
1)Елдің, аймақтың геосаяси жағдайы және оның табиғи-ресурсты потенциалы. Олар, ереже бойынша, елдің басқа елдермен (өндірістік дамыған елдермен көршілес болу) қарым-қатынасы бойынша географиялық жағдайлармен, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық жолдардың өтуімен, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін, теңіз порттарының және жеке шикізат базасының болуымен анықталады. Бұл фактор елдің инфрақұрылымдық тартымдылығын дамыту қажеттігін ескертеді.
2)Елдің өндірістік потенциалы және аймақтық тауарлық нарықтардың жағдайы. Бұл фактордың инвесторлар үшін ең тартымды элементтері болып дамыған жол-көліктік, телекоммуникациялық инфрақұрылымға, жеткілікті біліктілікке ие арзан жұмысшы күшіне, өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдер және халық тұтынатын тауарлары бар аймақтық нарықта еркін «таушаға» ие аймақтар табылады.
3)Қаржылық инфрақұрылым дамуының деңгейі. Бұл фактор банктердің, биржалардың, көтерме-делдалдық фирмалардың, сауда үйлерінің, сақтандыру, инвестициялық, лизингтік компаниялардың, инвестициялық қорлардың және т.б. даму деңгейімен анықталады. Олардың болуы мен даму деңгейінен капиталдың аймақтық нарықтарының қалыптасуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер, халық, құнды қағаз шығару, банктің несиелік ресурстарының қорларын тарту есебімен инвестициялау үшін қаржылық ресурстарды жию мүмкіндігіне тәуелді болып келеді.
4)Салық саясаты. Бұл факторды жүзеге асыру салық салу жағдайларын реттеу, елдің экономикасының приоритетті сферасына инвестициялар тарту мақсатында қосымша жеңілдіктер енгізу, бюджет қорларының есебімен жеке инвестицияларды сақтандыру жолымен жүзеге асырылады.
5)Экономикадан тыс тәуекелдер: дамудың арнайы бағдарламаларын талап ететін елдегі әлеуметтік-саяси жағдайлар тұрақты еместігі, жағымсыз экологиялық жағдайлар және т.б.
Қазақстанның инвестициялық климатын жоғарыда көрсетілген факторлар бойынша бағалайтын болсақ, онда ол бірнеше дәстүрлі жағымды жақтарымен ерекшеленетінін көруге болады: мазмұнсыз нарық, КСРО-ның бұрынғы республикаларының нарыққа шығуы, сәйкесінше арзан жұмыс күші, бай ғылыми-техникалық потенциал.
Шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды болып табиғи ресурстардың бай қорлары есептеледі. Қазақстан ең ірі вольфрам өндіруші болып табылады, ол оның қорлары бойынша әлемде бірінші орынды алады, екінші орынды – хром және фосфор рудалары бойынша алады, төртінші – қорғасын мен молибден қорлары бойынша, сегізінші – Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және Украинаға орын бере отырып темір рудалары қоры бойынша алады. Республика минералды-шикізат нарығының белсенді қатысушысы болып табылады.
Республикадағы инвестициялық климаттың жағымды жақтарын қарай отырып, мынаны ескеру керек: салалық және аймақаралық айырмашылықтар болады. Соңғы жылдары инвестициялық іс-әрекет елдің барлық аймақтарында жандандырылды. Мысалы, 2003 жылы елдің 13 аймағында негізгі капиталға инвестициялардың ерекше өсуі байқалды: Жамбыл (4есе), Қызылорда, Алматы, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Атырау (1,3 – 1,7 есе), Ақтөбе облысы және Астана қаласы (1,2 есе). 2-13%-ке өсу Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. Негізгі капиталға инвестицияның ерекше төмендеуі 2002 жылмен салыстырғанда Батыс Қазақстан (32%-ға), Ақмола облысы (7%-ға) және Алматы қаласында (17%-ға) болды. Сонда да инвестиция салу үшін тиімді болып елдің батыс аймағы табылады. 2003 жылдың қорытындысы бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының үлесі республиканың негізгі капиталындағы шетелдік инвестициялардың барлығы 82%-ды құрады.
Қазақстан Республикасының дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде он жылдық даму кезеңінде мұнай-газ саласы ел экономикасында бірінші орынға ие болды. Ол өз басынан өтпелі кезеңнің және нарықтық реформалардың барлық қиыншылықтарын, басқару жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді, сондай-ақ әлемдегі қаржылық-экономикалық дағдарыстың жағымсыз салдарларын кешірді. Бірақ та қиыншылықтар мен сынақтарға қарамастан, республиканың мұнай-газ кәсіпорындары қарқынды дамып келе жатыр.
Республика территориясында мұнай мен газдың ірі барланған қорларының болуы шетелдік инвесторлардың табысты қызметі үшін маңызды жағдай болып табылады. Тартылатын инвестициялардың көп бөлігі Қазақстан экономика-сының минералды-шикізат секторының дамуына бағытталған (8-кесте ).
Сонымен, 2006 жылы мұнай-газ секторына инвестициялар көлемі 4810 млн.долларды құрады, соның ішінде шетелдік және отандық инвесторлардың салымдары 4365,2 млн. (90,7%) және 444,8 млн. (9,2%) құрады.
Кесте 8 - 2005-2006 жылдардағы ҚР-сының минералды шикізаттар түрі бойынша минералды-шикізат секторына инвестициялардың динамикасы
(млн.долл.)
Минералды шикізаттардың түрлері |
2003ж. |
2004ж. |
2005ж. |
2006ж. |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Мұнай, газ және газ конденсаты |
2129 |
2990,7 |
3492,7 |
4810 |
Полиметалдық рудалар |
185,5 |
224,6 |
287,7 |
306,9 |
Көмір |
216,3 |
175 |
251 |
276,5 |
Мыс |
206,7 |
213,6 |
287,7 |
306,9 |
Темір және марганец |
110,5 |
15,8 |
187,1 |
189,6 |
Алтын |
43,7 |
60,6 |
68,2 |
78,9 |
Хромиттер |
38,9 |
52,3 |
57,5 |
46,9 |
Уран |
25,4 |
31,6 |
37,9 |
46 |
Алюминий (бокситтер) |
22,7 |
30,6 |
44,8 |
32,4 |
Никель, кобальт |
0,1 |
0,4 |
0,45 |
0,53 |
Шикізаттың басқа түрлері |
41,8 |
44,8 |
24,9 |
27,3 |
Кең таралған пайдалы қазбалар |
26,2 |
31,3 |
43,06 |
56,4 |
Жер асты сулары |
35,3 |
31,5 |
42,1 |
42,6 |
Барлығы |
3082,1 |
4043,1 |
4743,9 |
6090,7 |
Қайнар көзі: письмо Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан №06-02-1662 от 13.03.2007г |
||||
Қазақстанда құрылған инвестициялық климат жалпы қолайлы болып табылады. Осыған және сондай-ақ, елдің негізгі инвестициялық потенциалы болып табылатын бай табиғи ресурстардың болуына байланысты республика шетелдік инвестицияларды тарту көлемі бойынша ТМД және Батыс Еуропа елдері арасында алдыңғы орындарға ие болды.
Отандық инвесторлардың рөлін жоғарылату жобаларды мемлекеттік қаржыландыруды жақсарту есебінен, сондай-ақ кәсіпорындардың өзінің инвестициялық қызметінің тиімділігін көтеру есебінен де жүзеге асуы керек. Бұл жақсару, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қаржы нарығы мен ссудалық капитал нарығының қалыптасу тиімділігін көтеру салдарынан жетуге болады. Бірінші жағдайда есептің шешуде: біріншіден, нақты секторға несиелерді бағыттау жолымен несиелендіру тиімділігін күшейту есебімен және қол жетімді несиелік ставкалар арқылы банктік жүйенің жұмысын жақсарту; екіншіден, мемлекеттік қаржыландыру рөлін күшейту; үшіншіден, кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі портфельді инвестициялар мәнділігін күшейту. Тек қана олар, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қор нарығында өз акциялары мен облигацияларын өндіру және өткізу негізінде, сондай-ақ басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алуда қатысу негізінде дивидендтер алу жолымен кәсіпорынның жеке капиталын жоғарылатудың негізгі механизмі болуы керек.
Отандық инвестицияларды дамыту қажеттілігін айта отырып, мынаны ескеру керек: республикадан “капиталдың қашуы” сияқты жағымсыз құбылыстың болуын тоқтату есебімен жүзеге асырылады. Тек қана эмиграция бойынша республикадан капиталдың төгілуі, мысалы 2003 жылы 229,6 млн.долл. құрады. Қазіргі кезде ол қазақстан экономикасының әртүрлі сферасына көп жоспарлы тікелей және жанама әсер етеді. Жалпы капитал төгілуі келесідей салдардан тұрады:
шетелден оның шығындарының орнын толтырмайтын капиталдың шығуы ішкі инвестициялардың көлемінің қысқару себептерінің бірі болып табылады;
халықаралық несиелік ресурстардың жасанды сұранысын дамыту және ішкі капитал салымдарының қысқаруы;
капитал шегінен ”қашып” кеткен пайда елге инвестицияланбайды;
капиталдың төгілуі қаржы нарықтарының тұрақтылығын бұзады және оның сегменттерінің асимметриясына әкеледі;
үлкен көлемде капиталдың шығуы Қазақстанның төлем балансының жағдайына қарсы әсерін тигізеді;
теңге курсына жанама әсер ететін валюталық резервтердің қысқаруы. Егер де капитал шегіне қашып кеткен бөлігі республикада қалғанда, елдің валюталық резерві 90-жылдар аяғына қарағанда маңыздырақ болар еді;
капиталдың төгілуі Қазақстанның көптеген макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді және өз кезегінде әлемдік нарықтағы елдердің инвестициялық бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді.
Қазақстаннан “капиталдың қашып кетуі” заңды, сондай-ақ заңсыз түрде жүзеге асырылады. Заңды түрге басқа қаржылық бөлімшелердің ссудалық формадағы банк депозиттері мен әртүрлі шоттарында заңды және жеке тұлғалар капиталын орналастыру жатады.
Шетелге капиталды аударудың заңсыз түріне экспорттан түскен шетелдік банктер табысының есебінен депонирлеу; экспорттық бағаларды төмендетіп, импорттық бағаларды жоғарылату; оффшорлы компанияларды қолдану.
Капитал салымдарының тиімділігін бағалаудың 3 тәсілі бар:
Салыстырмалы шығындармен шығарылым бағасы арқылы салыстырылады, яғни, қаржылық талдау. Әлемдік тәжірибе бойынша инвестициялау тиімділігін бағалауда қаржылық жағдайды ғана ескеру аздық етеді. Мысалға болжанбаған инфляция жағдайы орын алса құрдымға алып келеді.
Тиімділікті қаржылық-техникалық критерийі бойынша да есептейді. Дұрыстап қарайтын болсақ инвестициялық жобаға салынған салымдар сол технологияның өзіне тәуелді. Технология арқылы біз кәсіпорынның күштілігін байқаймыз және технология инвестициялық мақсатқа қол жеткізуде тікелей әсер етеді.
Тиімділікті бағалаудың техникалық әдісі.
