- •5В071200 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бағдарламасының мақсаттары:
- •1. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат
- •Тәрбие жұмысы
- •2. Студенттің анықтамалық-жолсілтегішінде пайдаланылатын терминдер
- •3. Оқу процессін ұйымдастыру
- •4. Ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері Университетте білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
- •Студенттердің мінез-құлық ережелері және этикалық нормалары
- •Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу тәртібі
- •5.1 Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •5.2. Білім алушының білім беру траекториясын таңдау процедурасы
- •6. Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау, білімді бағалаудың аппиляция процедурасы
- •6.1 Ағымдағы, өтпелі және қорытынды бақылауды ұйымдастыру реті және білім алушылардың білімін бағалау
- •6.1 Аппеляция процедурасы
- •7. Білім алушыны көшіру, қайта алу және оқудан шығару тәртібі
- •Білім алушыларды ауыстыру және қайта алу
- •Жәңгір хан атындағы бқату шығару ережелері
- •5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының академиялық күнтүзбесі
- •9. Материалдық және ақпараттық қормен пайдалану ережелері
- •10. Ақылы қызмет түрлерінің тізбесі
- •Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу
- •12. Оқуға төлем жасау тәртібі
- •Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі шкаласына ауысқан балдық-рейтингті әріптік бағалау жүйесі
Тәрбие жұмысы
Студенттермен тәрбие жұмысы оқу процесі кезінде жүргізіледі. Факультеттің әр кафедрасында оқытушылар арасында оқудан тыс уақытта студенттермен түрлі шаралар ұйымдастыратын топ кураторлары тағайындалады. Факультет кеңесінде тәрбие жұмысымен байланысты сұрақтар талқыланады.
Тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттарын іске асыру кезінде жалпы университеттік кафедралардың, бірінші кезекте философия, тарих және құқық, дене тәрбиесі кафедраларының мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылады.
Студенттердің патриоттық тәрбиесіне көптеген конференциялар, түрлі саяхаттар, секциялардағы сабақтар көмектеседі. Факультетте кәсіби мәдениеттің қалыптасуына басты назар аударылады. Университет шеңберінде пән аралық олимпиадалар, кәсіби шеберлік конкурстары, саяхаттар, ғылыми конференциялар тұрақты түрде өткзіліп тұрады.
Студентердің тәрбиесінде түрлі мәдени-бұқаралық шаралар маңызды орын алады. Университте тұрақты түрде өткізіліп тұратын дәстүрлі шараларға «Студенттер қатарына қабылдау», «Студенттік көктем», «Соңғы қоңырау» т.б. жатқызуға болады.
Факультеттің барлық қызметкерлеріне тек Батыс Қазақстан облысы ғана емес, сонымен қатар барлық аймақтарға белгілі университетте жұмыс істеу үлкен абырой және жоғары жауапкершілік жүктейді. Біз өзіміздің университетімізбен, оның политехникалық факультетімен мақтанамыз және біздің кафедралардан дайындықтан өткен барлық түлектердің Жәңгір хан атындағы БҚАТУ маркісін абыройлы ұстануына ұмтыламыз.
«Мұнай-газ ісі және машина жасау технологиясы» кафедрасын техникалық ғылымдарының кандидаты Нариков Қанат Амангельдиевич жетекшілік етеді.
«Мұнай-газ ісі және машина жасау технологиясы» кафедрасы «Машина жасау», «Мұнай газ ісі» және «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» салалары бойынша мамандарды даярлайды. Сонымен қатар кафедрада 7 эдвайзер жұмыс жасайды. Олар студенттерді таңдау бойынша пәндер және оларға тіркелу ережелері туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта кафедрада 26 оқытушы және қызметкерлер, соның ішінде 2 доктор, 9 кандидат, 5 доцент, 5 магистр жұмыс істейді.
«Мұнай-газ ісі және машина жасау технологиясы» кафедрасының ПОК штаттық құрамы
№ |
Ф.И.О. |
Қызметі |
Академиялық дәрежесінің атауы |
Ғылыми мамандығының атауы және шифры |
Мемлекеттік немесе халықаралық марапат |
Штаттағы ПОК немесе қосымша |
Телефон, e-mail |
1 |
Нариков Канат Амангельдиевич |
каф. меңгерушісі аға оқытушы, |
т.ғ.к. |
- |
- |
Штатта |
Kanat.n.a@mail.ru |
2 |
Тюрин Анатолий Николаевич |
профессор м.а. |
т.ғ.д.,. |
- |
- |
Штатта |
Turin_56@mail.ru |
3 |
Камалов Сухан Максутович |
профессор |
г-м.ғ.д., |
- |
- |
Штатта |
|
4 |
Давлетьяров Алтынбек Шарипуллиевич |
доцент |
т.ғ.к |
- |
- |
Штатта |
- |
5 |
Лытяков Анатолий Максимович |
доцент |
т.ғ.к., |
- |
- |
Штатта |
|
6 |
Рахимов Абельшаик Абельхаликович |
доцент |
т.ғ.к., |
- |
- |
Штатта |
Rahimov @mail.ru koaffl@mail.ru |
7 |
Алдамжаров Нурлан Нурмашұлы |
доцент |
т.ғ.к., |
- |
- |
Штатта |
Aldamgar_koa@mail.ru |
8 |
Чурикова Лариса Алексеевна |
доцент |
т.ғ.к., |
- |
- |
Штатта |
|
9 |
Ахметжан Самал Закиевна |
аға оқытушы |
т.ғ.к., |
- |
- |
Штатта |
Samal.zakey@mail.ru |
10 |
Ихсанов Кайырбек Айтжанович |
аға оқытушы |
т.ғ.к., |
- |
- |
Штатта |
Ihsanov@mail.ru |
11 |
Билашев Бауыржан Акимжанович |
аға оқытушы |
т.ғ.к., |
- |
- |
Штатта |
Bilashev@mail.ru |
12 |
Лукпанов Гайса Наушевич |
аға оқытушы |
магистр |
- |
- |
Штатта |
gaisa_62@mail.ru |
13 |
Вишневская Валерия Евгеньевна |
аға оқытушы |
магистр |
- |
- |
Штатта |
V.Valeriya.83@mail.ru |
14 |
Джусупкалиева Роза Ибраевна |
аға оқытушы |
магистр |
- |
- |
Штатта |
Rozaid2@mail.ru |
15 |
Хамзина Баян Елемесовна |
аға оқытушы |
- |
- |
- |
Штатта |
Bayanh@mail.ru |
16 |
Купешова Алтынай Сакыпкереевна |
аға оқытушы |
- |
- |
- |
Штатта |
Altnai_1263 @mail.ru |
17 |
Иргалиева Гульсара Макашовна |
аға оқытушы |
- |
- |
- |
Штатта |
Gul_8658 @mail.ru |
18 |
Салимов Бакытжан Нуржанович |
аға оқытушы |
- |
- |
- |
Штатта |
Salimov@mail.ru |
19 |
Имангалиев Ансарбек Сабыргалиевич |
аға оқытушы |
магистр |
- |
- |
Қосымша |
Ansarbek.imangaliev@mail.ru |
20 |
Жумагалиева Гаухар Болатовна |
аға оқытушы |
магистр |
- |
- |
Қосымша |
gumagalieva@mail.ru |
21 |
Дюсенбаева Светлана Баяновна |
аға оқытушы |
- |
- |
- |
Қосымша |
dusen-svetlana@mail.ru |
22 |
Коломоец Владимир Николаевич |
аға оқытушы |
- |
- |
- |
Қосымша |
Kolomoec@mail.ru |
23 |
Булхайрова Арайлым Даулеткерейевна |
аға зертханашы |
- |
- |
- |
Оқу көмекші қызметкер |
- |
24 |
Мурзагалиева Алма Аскаровна |
зертханашы |
- |
- |
- |
Оқу көмекші қызметкер |
- |
25 |
Абдыгалиева Айнагуль Кадыровна |
өндірістік оқыту шебері |
- |
- |
- |
Оқу көмекші қызметкер |
- |
26 |
Жумагужиев Дильмухамед Ахметкереевич |
өндірістік оқыту шебері |
- |
- |
- |
Оқу көмекші қызметкер |
- |
Кафедра оқытушылары әрдайым өз біліктілік деңгейін, педагогикалық шеберліктерін жоғарылату үшін жұмыс істеуде. Оқытудың түрлі техникалық тәсілдерін пайдаланады, іскер ойындар, дебат және басқа да белсенді оқу түрін өткізеді.
Машина жасау технологиясы кафедрасы машина жасау факультетінің 2 қабатында 204 кабинетінде орналасқан, оқытушылар кабинеттері - 201,205,206.
5В072400 – Технологиялық машиналар жəне жабдықтар мамандығының түлектеріне профилді дайындықтан «техника жəне технология бакалавры» академиялық дəрежесі беріледі.
Түлектердің кәсіби нысандарына: басқару ұйымдары, әскери-өнеркәсіптік кәсіптік қызметінің объектілері мемлекеттік басқару ұйымдару, әскери-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындары мен ұйымдар, жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары, әртүрлі меншік түріндегі фирмалар болып табылады.
Кәсіби қызметінің пәні – технологиялық машиналар мен жабдықтар; энергетикалық жабдықтар; қозғалтқыш жабдықтар; жұмыс жабдықтары; машиналар жетегінің жүйелері; қозғалысты басқару жүйелері; оператордың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жүйелері; машинаның барлық бөліктерін орналастыруға арналған жалпы корпус; конструкциялық және пайдалану материалдары; технологиялық машиналарды жасауға, сынауға және пайдалануға арналған жабдықтар; технологиялық машиналар техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған жабдықтар; машиналарды жасауға және пайдалануға арналған бақылап-өлшеу аспаптары; машиналардың жұмыс процестерін автоматтандыруға арналған жабдықтар.
5В072400 – Технологиялық машиналар жəне жабдықтар мамандығы бойынша бакалавр келесідей кәсіби әрекеттерді атқарады:
есептік жобалау;
өндірістік-технологиялық;
эксперименттік-зерттеу;
ұйымдастыру-басқарушылық;
жинақтау-баптау;
сервистік-пайдалану.
Кәсіби қызметінің мазмұнына кіреді:
Есептік жобалау – жобалауға арналған ақпараттық алғашқы деректерді жинау және талдау; жобалауды автоматтандырудың стандарттық құралдарын пайдалану арқылы техникалық тапсырмаға сәйкес бөлшектер мен тораптарды есептеу және жобалау; жобалық және жұмыстық құжаттаманы жасау, аяқталған жобалық-конструкторлық жұмыстарды рәсімдеу; әзірленетін жобалар мен техникалық құжаттаманың стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау; жобалық есептеулерді алдын-ала техника-экономикалық негіздеудегі жүргізу;
Өндірістік-технологиялық – жұмыс орындарын, олардың техникалық жасақталуын, технологиялық жабдықтардың орналасуын ұйымдастыру; технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету; технологиялық процестерді метрологиялық қамтмасыз етуді ұйымдастыру, шығарылатын өнім сапасын бақылаудың типтік әдістерін пайдалану; жаңа өнім өндіруге дайындық барысында технологиялық процестерді жетілдіру және игеру бойынша жұмыстарға қатысу; жаңа өнімнің инновациялық потенциалын бағалау; өндіріс учаскелеріндегі технологиялық процестердің сапа менеджменті бойынша құжаттарды дайындау; экологиялық қауіпсіздіктің сақталуын бағалау;
эксперименттік-зерттеу – ғылыми-техникалық ақпаратты, зерттеу тақырыптамасы бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу; автоматтандаралған жобалаудың стандарттық пакеттері және зерттеулер негізінде процестер мен объектілерді математикалық модельдеу; берілген әдістеме бойынша эксперименттер жүргізу және олардың нәтижелерін талдау; өлшеулер мен бақылауларды жүргізу, жүргізілетін зерттеулер сипаттамасын құру; шолулар, есептер мен ғылыми жарияланымдарды құрастыру үшін деректер дайындау; орындалған тапсырма бойынша есепті құрастыру, зерттеуле мен әзірлемелер нәтижелерін ендіруді қатысу; зияткерлік меншік объектілерін және кәсіпорыннығ коммерциялық құпиясы ретінде зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін қорғауды ұйымдастыру.
ұйымдастыру-басқарушылық – техникалық құжаттаманы (жұмыстар кестелерін, нұсқауларды, жоспарларды, сметаларды, материалдарға, жабдықтарға тапсырыстарды және т.б.), сондай-ақ бекітілген нысандар бойынша белгіленген есептілікті құрастыру; техникалық құралдарды, жүйелерді, процестерді, жабдықтар мен материалдарды стандарттау және сертификаттауға дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу; шағын орындаушылар ұжымдарынығ жұмысын ұйымдастыру; персоналдың жұмысын және еңбекті төлеу қорларын жоспарлау; өндіріс бөлімшелерінің шығындарын және қызмет ету нәтижелерін талдауды жүргізу; экономикалық шешімде негізінде ғылыми-техникалық және ұйымдастыру шешімдерін таңдау және негіздеу үшін алғашқы деректерді дайындау; кәсіпорынның спа менеджменті жүйесінт құру үшін құжаттама дайындау.
жинақтау-баптау – жабдықтар мен программалық құралдарды баптау, қалыпқа келтіру, реттеу және тәжірибелік тексеру; шығарылатын өнім бұйымдарының, тораптарының, жүйелері мен бөлшектерінің тәжірибелік үлгілерін жинақтау, баптау, сынау және пайдалануға тапсыру.
сервистік-пайдалану – аппараттық-программалық құралдарды баптау және оларға қызмет көрсету; жабдықтардың техникалық күйін және қалдық ресурсын тексеу, алдын ала қарау мен жөндеуді ұйымдастыру; енгізілетін жабдықтарды қабылдау және меңгеру; жабдықтарға және қосалқы бөлшекерге тапсырыстар құру, жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы дайындау; инновациялық проблемаларды-идеядан сериялық өндіріске дейін кешенді шешу үшін персоналдың жұмысын үйлестіру.
Түлектер мынадай қызметке тұра алады: конструктор, технолог, технологиялық машиналар жəне жабдықтар механигі, инженер (I,II,III санаты бойынша- жетекші жəне бас), өндіріс аймағының бастығы (базалар, цехтар, бөлімдер), ғылыми– зерттеу институттары мен ЖОО маманы ( зертханашы).
Көптеген студенттер университеттің ғылыми конференцияларына белесене қатынасады.
Студенттердің сәтті оқу үшін университет мамандарды оқытатын қазіргі заманның барлық талаптарына сай материалды-техникалық базамен жабдықталған.
Кафедраның негізгі бағыты, қызметі ғылыми-білім беру, және инновациялық әрекеттерге, аймақтағы өндіріс орындарымен байланыс орнатуға негізделген. Өндіріс орындарымен байланыс орнату практикалық дайындықта, диплом алды және оқу практикаларын жүргізумен болады.
Кафедрада арнайы оқу пәндері бекітілді.
Кафедраның оқу -әдістемелік жұмысы:
- қазіргі заманғы білім беру технологияларын, оқу формаларын жасау, қолдану;
- барлық кәсіби практика түрлерін ұйымдастыру, білім алушылар тағылымдамаларын, курстық және дипломдық жұмыстарын, магистрлік диссертацияларын, және олардың әдістемелік қамтылуын басқару;
- кафедра түлектерін жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру;
- өндіріс орындарымен, ұйымдарымен, мамандарды дайындау орталықтарымен әртүрлі іскерлік қарым-қатынас орнату;
- біліктілікті арттыру, мамандарды қайта даярлау үшін оқу бағдарламаларын жасау және оны жүзеге асыру.
Кафедраның тәрбиелік жұмыстары:
- білім алушыларда өздігінен шешім құрып, құзыретті қабылдауды қалыптастыру;
- білім алушыларда отан сүйгіштік, азаматтық, интернационализм, жоғары моральдықты қалыптастыру;
- білім алушыларды кафедраның мерекелік шараларына белсене қатынастыру;
- кафедраның бағыты бойынша тематикалық мерекелік шараларды;
- орта білім ұйымдарында, кәсіби мектептерде, кәсіби лицейлерде, колледждерде кәсіби бағыт беру жұмыстарын ұйымдастыру.
Мұнай-газ ісі және машина жасау технологиясы кафедрасында 1 дәріс аудиториясы, қазіргі заманғы компьютерлік техникасымен жабдықталған 10 орындық 2 компьютерлік класс, 8 мамандандырылған зертханалық аудиториялар бар. Бұл зертханалық аудиториялар арнайы зертханалық құрал- жабдықтармен, аспаптармен қамтамасыз етілген.
Машина жасау технологиясы кафедрасы машина жасау факультетінің 2 қабатында орналасқан, аудитория 204.
Тіркеу бөлімі (ТБ) – студенттің оқыған жылдарының барлық нәтижелерін сақтау, оқудың барлық түрін бақылайтын және оның академиялық рейтингісін есептейтін құрылымдық бөлім.
Тіркеу бөлімі университеттің бас ғимараттың 2 этажында орналасқан, 205 аудитория. Телефон: 8(7112) 51-61-36
