- •Криптографиялық кілттерді басқару (fcs_ckm).
- •2. Криптографиялық операциялар (fcs_cор).
- •Fmt класы. Қауіпсіздікті басқару.
- •Fru класы. Ресурстарды қолдану.
- •Ase класы. Қауіпсіздік тапсырмасына баға беру.
- •Сурет 2.2 – Сенімділік компонентінің құрылымы
- •Сурет 2.5 – Класс декомпозициясының үлгісі
- •Сенімділіктің бағалық деңгейлері
- •Сурет 8.1 – «Конфигурацияны басқару» класын декомпозициялау
Fmt класы. Қауіпсіздікті басқару.
FMT класы БОҚФ кейбір аспектілерін (қауіпсіздік атрибуттары, деректер және бөлек функциялар) басқаруды спецификациялау үшін керек. Әр түрлі басқару рольдері қабылдануы мүмкін, сонымен қатар олардың байланыстары анықталады, мысалы міндеттерді тарату.
Клас келесі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді:
А) БОҚФ деректерді басқару, оның ішіне, мысалы, ескерту хабарлар кіреді.
Б) Қауіпсіздік атрибуттарын басқару, оның ішіне, мысалы, қолжеткізуді басқару тізімдері және мүмкіндіктердің тізімі кіреді.
В) БОҚФ санынан функцияларды басқару, оның ішіне, мысалы, функцияны таңдау, БОҚФ режиміне әсер ететін шарттары мен ережелерін таңдау.
Г) Қауіпсіздіктің рольдерін анықтау.
1. FMT_MOF БОҚФ бөлек функцияларын басқару бөлімі.
FMT_MOF.1 «Қауіпсіздендіру функцияларын жүзеге асыру режимдерін басқару».
2. FMT_MSA Қауіпсіздік атрибуттарын басқару бөлімі
FMT_MSA.1 «Қауіпсіздік атрибуттарын басқару бөлімі»;
FMT_MSA.2 «Қауіпсіздік атрибуттарының қауіпсіз мәні»;
FMT_MSA.3 «Статикалық атрибуттарды инициализациялау».
3. FMT_MTD БОҚФ деректерді басқару бөлімі
FMT_MTD.1 «БОҚФ деректерді басқару»;
FMT_MTD.2 «БОҚФ деректерін шектеуді басқару»;
FMT_MTD.3 «БОҚФ қауіпсіз деректері»
4. FMT_REV Болдырмау бөлімі
FMT_REV.1 «Болдырмау».
5. FMT_SAE Қауіпсіздік атрибутының жұмыс бөлімі
FMT_SAE.1 «Уақыт бойынша шектелген авторландыру».
6. FMT_SMR Қауіпсізідікті басқару рольдері бөлімі
FMT_SMR.1 «Қауіпсіздік рольдері»;
FMT_SMR.2 «Қауіпсіздік рольдеріне шектеу»;
FMT_SMR.3 «Рольдерді қабылдау».
Fru класы. Ресурстарды қолдану.
FRU класы үш бөлімнен тұрады. Олар керекті ресурстарға (есептеу мүмкіндіктері және жады көлемі сияқты) қол жеткізуді қолдайды. FRU_FLT «Тоқтап қалмаушылық» бөлімі баға объектісінің осалдығынан ресурстардың қол жетімділігін қорғайды. FRU_PRS «Қызмет көрсету артықшылығы» ресурстардың теқ қана уақыт бойынша ең керекті есептерге бөлінгенін қамтамасыз етеді. FRU_RSA «Ресурстарды тарату» қол жеткізілген ресурстарды қолдануды шектейді.
FRU_FLT Тоқтап қалмаушылық бөлімі
FRU_FLT.1 «Төмендетілген тоқтап қалмаушылық»;
FRU_FLT.2 «Иелнген тоқтап қалмаушылық».
2. FRU_PRS Қызмет көрсету артықшылығы бөлімі
FRU_PRS.1 «Шектеулі қызмет көрсету артықшылығы»,
FRU_PRS.2 «Толық қызмет көрсету артықшылығы».
3. FRU_RSA Ресурстарды тарату бөлімі
FRU_RSA.1 «Максимальды квота»;
FRU_RSA.2 «Максимальды және минимальды квота»
Негізгі әдебиеттер
5 [57-80], 7, 8, 9
Қосымша әдебиеттер
17, 18, 19, 20
Бақылау сұрақтары
1. Идентификация және аутентификация класының талаптары қандай?
2. Қауіпсіздікті басқару класының талаптары қандай?
3. Ресурстарды қолдану класының талаптары қандай?
4. Бір рет қолданылатын аутентификация механизмдеріне қалай түсінік беруге болады?
5. Қауіпсіздік атрибуттарын басқару қалай жүзеге асырылады?
Дәріс 10. Негізгі түсініктер және қауіпсіздікке сенім талаптарын жіктеу. Қорғау профиліне және қауіпсіздік бойынша тапсырмаларға баға беру. Қауіпсіздіктің сенім кезеңіне талаптар.
АРЕ класы. Қорғау профиліне баға беру.
Қорғау профилінің мақсаты қорғау профилі толықтығын, қайшылықты еместігін және техникалық дұрыстығын көрсетеді. Бағаланған қорғау профилі қауіпсіздік тапсырмасын құрастыру негізі ретінде жарамды. Осындай қорғау профилін қорғау профиль реестіріне кіргізуге болады.
1. APE_DES – Баға объектісін сипаттау
Баға объектісін сипаттау ол логикалық тізбекті, ішінде қайшылықсыз және қорғау профилінің бөліктерімен мақұлданғанын көрсету үшін керек.
2. APE_ENV – Қауіпсіздік ортасы
Қорғау профилінде АТ қауіпсіздік талаптарының жеткіліктігі туралы шешім қабылдау үшін қажетті, қауіпсіздік тапсырмасын бағалаушылардың барлығы анық түсінуі қажет.
3. APE_INT – Қорғау профилін жүргізу
Қорғау профиліне жүргізуге қорғау профилінің реестірін жолдау үшін керекті құжат айналымын басқару ақпараты мен құжат туралы шолу ақпараты кіреді. Қорғау профилін жүргізуді бағалау қорғау профилінің дұрыс идентификацияланғанын және жүргізуді, қауіпсіздік тапсырмаларының басқа бөлімдермен мақұлданғанын қөрсету үшін керек.
4. APE_OBJ – Қауіпсіздік мақсаттары
Қауіпсіздік мақсаттары – қауіпсіздік тапсырмаға жорамал реакция. Баға объектісіне арналған қауіпсіздік мақсаттары бар және ортаға арналған қауіпсіздік мақсаты бар. Мақсаттарды өздері сәйкес келетін саясатпен және ойламдармен, олар қарсы шыққан идентификацияланған қауіптермен салыстыру керек.
5. APE_REQ – АТ қауіпсіздігін талап ету
Баға объектісіне таңдалған және қорғау профилінде көрсетілген АТ қауіпсіздігінің талаптары оның ішкі қайшылықсыздығын және баға объектісін қарастыру үшін жарайтындығын растау үшін бағалау керек.
Бұл бөлім бағалаушыға қорғау профилі бағаланатын баға объектісіне талапты мазмұндау ретінде қолдану үшін жарайтындығы туралы шешім қабылдау үшін баға талаптарын көрсетеді.
6. APE_SRE – Айқын түрде жазылған АТ қауіпсіздігіне талаптар
Бұл бөлімге бағалаушыға айқын түрде жазылған талаптардың бір мәнді екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін бағалау талаптары кіреді.
