Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhanka_nss.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
856 Кб
Скачать
☆

1Кабельдік байланыс жолдарының трассасын таңдау

1.1Кабельдік байланыс жолын таңдау критерийлері

Кабельдік төсеу трассасын жобалау ондағы шеткері пункттерді орналастыру жолымен анықталады. Трассаны төсеуге қойылатын шарттарды келесідей топтастыруға болады: құрылысының минималды капиталды шығындары, минималды эксплуатациялы жұмысқа пайдалану шығындары, қызмет көрсетуге ыңғайлығы.

Бірінші шартты қамтамасыз ету үшін трасса ұзындығын есепке алады, және өзен, шосселік және темір жол қиыйылыстарының саны, кабельдік механикаландырылған төсеу мүмкіндігі. Сол сияқты, жоғары вольтті желілер мен коррозиялардан байланыс жолдарын қорғауға кететін шығындарды азайту мүмкіншіліктері қарастырылады. Екінші және үшінші шарттар үшін трассаны өткізу нұсқалары және қызмет көрсету персоналы үшін жақсы тұрғын үй мен тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету есепке алынуы тиіс.

Көрсетілген шарттарды сақтау үшін, берілген пункттер арасындағы трассаның ұзындығы ең аз ара қашықтықта және оның бойында ең аз кедергілер болуы тиіс. Елді мекеннен тыс жерлерде трассаны автокөлік. Егер автомобиль жолы бойында трассаның ұзындығы тым ұзын болса, онда трасса кабелін тіке жолмен салу қарастырылады. Берілген елді мекендер арасында трасса жолын таңдау кезінде сол елді мекеннің картасы қолданылады, әдетте бұл автокөлік жолдар атласы. Қалалар аумағында кабель телефон құбырлары бойынша төселеді, мұнда резервтегі арналар мен құбырлар максимал қолданылады. Трасса бойында орналасқан 500 мың тұрғыны бар қалаларда кабельдің 3-4 км көлемі құбырларда төселеді. Кабельдік құбырлардың 40-50% бұрыннан бар деп есептеледі. Барлық кабельдік трассаның тек 5-10% қолмен, ал қалғаны кабельтөсегіш көмегімен төселінеді [ 4 ].

Елді мекен арасындағы трассаның жаңғыртылатын және жобаланатын байланыс жолдар картасы 1.1 суретте берілген,алситуациялық сызбасы жобаның қосымшасында келтірілген[Қ.А.].

1.2Аумақтық сипаттамасы

Ақсу (1993 дейін — Ермак) — Қазақстан Республикасындағы Павлодар облысында Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 50 шақырымда Ертістің сол жағалауындағы қала. Қала мен оның ауыл өңірінің аумағы солтүстігінде Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарымен, бастысында — Павлодармен, шығысында — Екібастұз қаласымен шектеседі. Халқының саны — шамамен 70 мың адам.

Жұрттануы

Қала халқының саны шамамен 70 мың адамды құрайды, оның ішінде ауыл тұрғындары 29 мың адамнан астам.

Өнеркәсібі

Бүгінгі Ақсу — бұл Павлодар облысындағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты қала. Қаланың өндірістік инфрақұрылымын екі алып кәсіпорын: Ақсу ферроқорытпа зауыты мен ЕЭК ААҚ электр станциясы құрайды. 1960 жылдан бастап электр станциясының құрылысы басталды, оның бірінші директоры Новик Владимир Михайлович болды. 1968 жылғы 17 желтоқсанда ГРЭСте қуаттылығы 300 мегаватт алғашқы энергоблогы пайдалануға берілді және бірінші өнеркәсіптік ток берілді.

1996 жылғы желтоқсанда кәсіпорын Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы ашық акционерлік қоғамына қайта құрылды.

Қала энергетиктерімен 2001 жылдың басынан бастап 5.580.7 миллион киловатт сағат электр энергиясы және 612.0 гекокалория жылу энергиясы өндірілді.

Қашыр ауданы

Қашыр ауданы 1938 жылы құрылды. Әкімшілік орталық – Қашыр с., облыс орталығына дейін (Павлодар қ.) 112 километр.

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Солтүстік-батысында Железинка ауданымен, солтүстік-шығысында – Новосібір облысының Карасук ауданымен, шығысында – Успен ауданымен, оңтүстік және оңтүстік-шығысында – Павлодар ауданымен шектеседі. Батысында ауданның табиғи шекарасы Ертіс өзені болып табылады. Аудан аумағы бойынша Павлодар—Омбы, Қашыр—Купино автомобильді жолдары өтеді. Климаты қатал континентальды. Қаңтардың орташа температурасы − 18º-19ºС-қа, шілденікі — +20º+21ºС-қа тең.Топырақтың орташа температуралары: -8 қыста +15 жазда. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды.

Жер бедері мен гидрография

Аудан аумағы Барабинск ойпатының жапсарында және Құлынды жазығында орналасқан. Жер бедері жазық. Топырағы қызғылт, сортаң. Аудан аумағы бойынша 50 км ұзындықта Ертіс өзені ағып өтеді, көптеген ұсақ көлдер бар. Пайдалы қазбалардың ішінде глауберлік және ас тұзының, кірпіш, жабынғы жасауға қажет балшықтың кен орындары бар. Балшық қоры мөлшерленбеген.

    1. сурет Елді мекен арасындағы трассаның жаңғыртылатын және жобаланатын байланыс жолдар картасы

Трасса сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Нұсқа бойынша бірлік саны

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

1. Трассаның жалпы ұзындығы:

- шосселік жолдар бойымен;

- темір жол бойымен;

- жай жолдар бойымен;

- жолсыз жермен;

2. Кабель төсеу түрлері:

- кабельтөсегішпен;

- қолмен;

- құбырларда;

- бағандарда ілу;

3. Өтпелер саны:

- кеме жүзетін өзен арқылы;

- кеме жүзбейтін өзен арқылы;

- шосселік жолдар арқылы;

4. Қызмет көрсетілетін регенерациялық пункттер саны.

Км

км

өтпе

76

56

5

15

1

1

76

56

5

15

1

1

62,5

42,5

5

15

1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]