Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баскару нысан.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130 Кб
Скачать
☆

2.1 Мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесі мен құрылымы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде болып жатқан тарихи, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани өзгерістер барысында Еліміздің саяси тарихына деген қызығушылық күн санап арта түсуде. Әсіресе, тәуелсіз мемлекет болғалы Қазақстанның өткен тарихи кезеңдегі мемлекеттік құрылысының тарихына, мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы мен дамуы барысына, олардың қызметі мен өзара арақатынасы, билікті бөлісуі және КСРО Коммунистік партиясы Орталық комитеті мен орталық билік аппаратының нұсқауларын жергілікті жағдайда жүзеге асырылу ерекшеліктеріне, арақатынасына, яғни Қазақстандағы мемлекеттік билік жүйесінің тарихына деген сұраныс күн санап күшейіп келеді.

Қазақстанның мемлекеттік құрылысы мен мемлекеттік билік органдарының құқықтық тарихы Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін негізінен заңгерлер тарапынан зерттелген.

Бұл еңбегімде 1920-2007 жылдар аралығындағы Қазақстандағы жоғарғы саяси билік пен мемлекеттік биліктің барлық тармақтарын қоса «әкімшілік-мемлекеттік басқару» ретінде қарастырамыз. Себебі, мәртебесі бойынша қоғамдық-саяси ұйым болып табылатын Коммунистік партияның қолына іс жүзінде бүкіл мемлекеттік билік шоғырландырылды, мемлекеттік мекемелердің барлығына бақылау жасады және басқару органдары мен олардың аппаратын жасақтады. Яғни, Коммунистік партия мемлекеттік биліктің тұтас бір жүйесіндегі әр кезеңдердегі Конституциялар бойынша «Жоғарғы билік» болып табылатын Жалпықазақ сиезінен де, Жоғарғы Кеңестен де жоғары тұрды. Сондықтан да, біз осындай күрделі мемлекеттік құрылымды тұтастай алып, «мемлекеттік билік жүйесі» деп қарастыруды жөн санап отырмыз.

Жалпы, Қазақстандағы мемлекеттік билік жүйесінің тарихнамасын қарастырғанда, тарихнамалық деректерді шартты түрде үлкен екі топқа бөлеміз. Біріншісі – кеңестік кезеңнің тарихнамалық деректері болса, екіншісі – тәуелсіз Қазақстан жағдайында жазылған тарихи еңбектер. Осы жерде, Қазақстандағы мемлекеттік билік органдары тарихының кеңестік кезеңде дербес зерттелмегенін, осының өзі Қазақстанның отар ел болғандығынан екенін ескеруіміз қажет. Қазақстандағы мемлекеттік билік жүйесі тарихнамасының күрделі бір саласы – термин мәселесі. Байқап отырсаңыздар, осы мақаланың өзінде «мемлекеттік билік жүйесі» және «мемлекеттік билік органдары» деген терминдер қолданылып отыр. Сонымен қатар, бірқатар тарихи және мемлекет пен құқық тарихына арналған еңбектерде «мемлекеттік мекеме», «мемлекеттік басқару органдары», «мемлекеттік билік пен басқарудың органдары», «әкімшілік-мемлекеттік басқару» деген терминдер қолданылған болатын.

Мемлекеттік басқарудың мәні ретінде қарастырғанда, біз мемлекеттік басқаруға әкімшілік етуші арнайы мемлекеттік органдардың қызметі деп түсінеміз. Әкімшілік құқық - бұл мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қазақстандағы қазіргі әкімшілік-мемлекеттік басқарудың басты сипаттары мынадан көрінеді:

1. Мемлекеттік басқаруды тиiстi саладағы iстiң жай-күйiне жауапты арнайы мемлекеттік орган жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік басқару барысындағы басты бағыты – заңдар мен басқа да нормативті актілерді орындау.

3. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, алайда мемлекеттік атқарушы органдардың мемлекеттің үкіметтік органдарынан айтарлықтай тәуелсіз, бұл тәуелсіздік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылатындығында және олар Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген.

Әкiмшiлiк рәсiмдер:

1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртiбi және оларды ресiмдеу;

2) мемлекеттiк аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi;

3) азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөнiндегi өтiніштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi;

4) экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады.

2. мемлекеттiк органдар - мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актiлер арқылы:

1) жалпыға бiрдей мiндетті мiнез-құлық ережелерiн белгілейтiн актiлер шығару;

2) әлеуметтiк мәнi бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру;

3) мемлекет белгiлеген жалпыға бiрдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк мекемелер ұғынылады.

Мемлекеттiк органның құзыретi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады;

мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттiк органның заңдарда белгiленген құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады;

мемлекеттiк органның құқықтары деп заңдарда белгiленген белгiлi бiр iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады;

мемлекеттiк органның мiндеттемелерi деп заңдарда белгiленген, мемлекеттiк орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады;

мемлекеттiк органның мiндеттерi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады;

мемлекеттiк органның функциялары деп мемлекеттiк органның қызметi заңдарда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады.

Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Құрылымы:

Президент

Парламент

Үкімет

Конституциялық кеңес

Соттар және сот төрелігі

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Ол - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенат және Мәжiлiстен тұрады.

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.

Үкiмет - Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.

Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi. Республика Премьер-Министрi тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi.Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi.