Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ерекшеліктері...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
415 Кб
Скачать
☆

І. Қазақстан Республикасында Бөлшектеп сатып алу-сату шартының құқықтық және теориялық негіздері.

1.1. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының түсінігі және негізгі ерекшеліктері.

Сатып алу-сату шартының жалпы ережелері. Сатып алу-сату шартының түсінігі және элементтері. Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүліктік (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенеді, сондықтан Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде немесе өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда тауардың жекеленген түрлерін сатып алу-сату ерекшеліктері заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленді.

Қазақстан Республикасындағы мүліктік қатынастар саласындағы, ұйымдардың, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы, заңдылықты нығайту ісіндегі азаматтық заңның маңызын бағалау қиын. Сондықтан нарықтық қатынастағы міндеттердің кең саласын орындайды, шаруашылықтың, меншіктің, шарттық тәртіптің және т.б. жүйесінің нығаюына ықпал жасайды.

Сатып алу-сату шарты біздің мемлекетіміздегі өндіріс процесін және тұтынуды қамтамасыз етеді, тауар-ақша қатынастарының міндеттемелерін шешеді. Ал ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асырудың құралы болып табылады. Шарттың осы түрі бар экономикалық қатынастарға байланысты өнеркәсіптік-техникалық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек сатып алу-сатудың, ұсақ көтерме алу-сатудың, тұрғын үйдің және басқа да жылжымайтын мүліктік сатып алу-сату, жеткізіп беру, контрактация және т.б. сияқты шарттарын ажыратады.

Сатып алу-сату шарты-мүлікті өтемелі өткізудің ережелерін бекітетін шарттық қатынастардың бір түрі. Қазіргі азаматтық заңнамада оның бірнеше түрі көрсетілген. Олардың заңнамаға енгізілуінің себебі біздің өмірімізде сатып алу-сату шартының қолданылу аясының кезеңімен тығыз байланысты болып келеді.

Сатып алу-сату шартының бірнеше түрлері бар:

Глава 1Бөлшектеп сату-сатып алу;

Глава 2Тауар жеткізілімі;

Глава 3Келісім шарт жасасу (контрактация);

Глава 4Энергиямен жабдықтау;

Глава 5Кәсіпорынды сату.

Сонымен қатар, қозғалмайтын мүлікті сатып алу шарты;

Жекешелендіру сатып алу-сату шартының бір түрі ретінде.

Сатып алу-сату мүліктің өтемелі алынуына байланысты барлық шарттың түрлерін қамтиды.

Сонымен қатар бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға егер заңда өзгеше арнайы нормалар көзделмесе, жалпы сатып алу-сату шартының ережелері қолданылады.

Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне затты (тауарды) беруге міндеттенеді, ал сатып алушы затты (тауарды) қабылдауға және ол үшін нақты бір соманы төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім.

Шарттың нысанасы (объектісі) ретінде азаматтық айналымнан алынбаған сатушының меншігіндегі немесе ол жасайтын, яки сатып алатын кез-келген зат (тауар) табылады.

Жалпы ереже бойынша сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде кез-келген жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекет және әкімшілік-аймақтық бөлініс бола алады. Дегенмен, кейбір сатып алу-сату шартының түрлері бойынша нақты субъекті де қарастырылады. Ол тиісті сұрақта айтылады.

Сатып алу-сату шарты ауызша, жазбаша (жай жазбаша, нотариалды куәландыру және мемлекеттік тіркеу) нысанда жасалуы мүмкін.

Сатып алу-сату шарты консенсуалды, екі жақты, ақылы шарт болып табылады.

Сатып алу-сату шартының елеулі ережелері ретінде:

  • тауардың атауы;

  • тауардың саны табылады.

Сатушы сатып алушыға тиісті сандағы тауарды беруге міндетті. Тауардың санын тараптар нақты өлшеммен (метр, дана, тонна және өзге де есептеумен) анықтайды.

Егер, сатушы шартта көзделгеннен аз (кем) сандағы тауарды беретін болса, сатып алушы:

  • сатушының жетіспейтін тауарды беруін талап етуге құқылы;

  • берілген тауардан толықтай бас тартуға құқылы.

Егер, сатушы шартта көзделгеннен артық сандағы тауарды беретін болса, сатып алушы: - артық тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы; - егер, сатушының ақылға қонымды мерзім ішінде шешімі болмаса, артық тауарды қабылдауға құқылы.

Сатушы тауарды тиісті ассортиментте беруге міндетті. Ассортимент дегеніміз – кейбір белгілері (түрлері, модельдері, көлемі, өлшемі, түсі және т.б.) бойынша жіктелетін және берілетін тауардың саны көрсетілетін нақты атауы бар тауарлардың тізімі.

Егер шартта ассортимент туралы ереже болмаса, дегенмен тауардың атауы бойынша болуы тиіс болса, сатушы: - сатып алушының қажетін есепке ала отырып, тауарлардың ассортиментін жеке анықтауға құқылы, немесе -шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Шарттың ассортимент туралы ережелерін сатушы бұзатын болса, онда сатып алушы тауарды қабылдаудан бас тартуға және төлемеуге құқылы.

Сатушы сатып алушыға тиісті сападағы тауарды беруге міндетті. Тауардың сапасы шартта немесе мемлекеттік стандартта көрсетілуі мүмкін. Егер шартта тауардың сапасы туралы ережелер болмаса, мақсатына жарамды тауарды беруге міндетті. Тауар берілген соң да сатушы оның сапасына қатысты қосымша кепілдік мерзімін беруге құқылы. Сатушы тауардың сапасына қатысты ережелерді бұзатын болса, сатып алушы сатушыдан - сатып алу бағасын тиісінше азайтуды немесе тауардың кемшіліктерін ақылға қонымды мерзім ішінде сатушы есебінен жоюды немесе тауардың кемшіліктерін өз есебінен жойғаны үшін, шығындарын өтеуді талап етуге құқылы. Егер тауардың сапасына қатысты елеулі кемшіліктерді қалпына келтіру немесе жою мүмкін болмаса, сатып алушы шартты орындаудан және төленген соманы кері қайтаруды немесе тауарды алмастыруды талап етуге құқылы.

Сатушы тауарды шарт ережелеріне немесе нормативтік актілердің талаптарына немесе оның сақталуын, жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында буып түюге (упаковка жасауға) міндетті.

Шарттың ережелеріне сай, сатушы тауарды жиынтықта (комплектіде), яғи жиынтыққа кіретін барлық заттарымен бірге беруге (мебельдің гарнитурлары) міндетті. Егер тауар жиынтығында берілмесе, сатып алушы сатушыдан сатып алу бағасын тиісінше төмендетуді немесе ақылға қонымды мерзім ішінде тауарды толық жиынтығында беруді талап етуге құқылы. Егер тауар толықтырылмаса, сатып алушы тауарды жиынтықтағы тауарға алмастыруды немесе шартты орындаудан бас тартуға және төленген соманы кері қайтаруды талап етуге құқылы.

Сатып алу-сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеті шарт ережелеріне сай тауарды сатып алушыға беру. Сатушының тауарды беру міндетінің орындалған сәті болып:

☺ егер шартта сатушының тауарды жеткізіп беру міндеті көзделген болса, тауарды сатып алушыға беру сәті;

☺ егер тауар орналасқан жерде беру көзделсе, тауарды сатып алушы билігіне беру сәті;

☺ басқа жағдайларда, сатып алушыға жеткізіп беру үшін тауарды тасымалдаушыға немесе өзге де байланыс ұйымына беру сәті табылады.

Тауар беру мерзімі шартта көзделеді. Егер, шартта мерзім көрсетілмесе ҚР Азаматтық кодексіндегі ережелер қолданылады.

Тауардың бағасы шартта көрсетіледі. Егер, шартта көрсетілмесе, ұқсас тауарларға сай әдетте алынатын баға қолданылады. Шартта тараптар нақты бағаны белгілеуі немесе бағаны келешекте келісіп отыру жөнінде келісуі немесе міндеттеменің орындалу сәтіне бағаны анықтау тәртібін бекітуі мүмкін.

Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдау және оның бағасын төлеу. Шартта тауар бағасын толықтай немесе алдын-ала немесе нақты бір мерзім ішінде төлеу қарастырылуы мүмкін. Соңғы жағдайда шарттың елеулі ережелері болып тауардың бағасы, төлемдердің тәртібі, мерзімдері және мөлшері табылады.

Ал енді шартқа сипаттама беретін болсақ, сатып алу-сату шарты консенсуалды, яғни ол тараптар шарттың барлық елеулі мән-жайлары жөнінде келіскен кезде жасалған болып есептеледі. Шарттың жасалуымен орындалуының уақытының сәйкес келуі бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты өтемелі, яғни тауарды беру оның сатып алынған құн көлемінде ақша сомасын беруді талап етеді. Бірақ шарттағы ақша сомасын тауар эквиваленті деп түсінбеу керек.

Бір-біріне бағытталған сатып алу-сату шартының тараптарының субьектілік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.

Сатып алу-сату шартының элементтері ретінде субъект, объект, мазмұнды айтуға болады. Сатып алу-сату шартының қатынастарын 3 мәнде түсінуге болады:

1) Бұл сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы;

2) Адам санасынан өтіп, құқық нормаларымен бекітілетін субъективтік-идеологиялық қатынас;

3) Азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы;

Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне т.б. заңдық және шарттық талаптарға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Оған ҚР Азаматтық Кодексінің 152-бабындағы мәлім туралы ережелер қолданылады:

  1. егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісі әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінен жүзеге асырылатын;

  2. мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатыннан басқа жүз есептік жоғары сомаға;

  3. заңдарда немесе тараптардың келісімде көзделген өзгеде реттерде.

Мысалы айтатын болсақ 100 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сападағы мәлімдер жазбаша түрде жасалуы тиіс.

Сонымен қатар ҚР "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәлімелерді тіркеу" туралы Президент жарлығына сәйкес жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты жазбаша нысанда жасалуы тиіс және ол мемлекеттік тіркеуге жатады. ҚР Азаматтық Кодексінің 494-бабында, кәсіпорынды сату шарты жазбаша түрде бір құжат толтыру арқылы жасалатындығы көрсетілген және оған инвектаризация актісі, бухгалтерлік баланс, тәуелсіз аудитордың кәсіпорынның құны мен құрамы жөніндегі қорытындысы міндетті түрде тіркелуі тиіс. Мұндай шарттар тіркелуге жатады және мемлекеттік тіркеуден өткенде ғана жасалды деп есептеледі.

Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға тиіс.

Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Хат, жедел хат, телефон жазба, телетайп жазба, факс немесе субьектілерді және олардың ерік білдіруін мазмұнын айқындайтын өзгеде құжаттар алмасу заңда өзгеше көзделмесе жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.

Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.

Сатып алу-сату шартының субъектілері болып (тараптары) азаматтық құқық субъектілері танылады, тоқталып кететін болсақ:

1) Жеке тұлғалар;

2) Заңды тұлғалар;

3) Әкімшілік-аумақтық бөлініс;

4) Мемлекет:

Заңды тұлғалар арнайы құқық қабілеттікке ие бола отырып, өздерінің жарғылық қабілетінің шегінде ғана сатып алу-сату шартын жасаса алады.

Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шартын жасасуына олардың құқық қабілеттілігі шектелген адамдар ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға құқылы, ал өзге мәмілелер олардың қорғаншыларының келісімімен ғана жасалады.

Сатып алу-сату шартының объектісінің материалдық, заңдық, идеологиялық деп бөлінуі азаматтық заңнамада кездеседі. Сатып алу-сату шартының өзінің арнайы пәні бар, сонымен қатар заңдық, идеологиялық объектілері де бар.

Сатып алу-сату шартының обьектілерінің кең тараған түрі - заттар. Тауар болып кез-келген заттар танылуы мүмкін: жылжитын, жылжымайтын, жеке немесе тектік белгілерімен айқындалған заттар. Тектік меншік басқа тауар массасынан өзіндік жеке меншік бөлігі арқылы ерекшеленуі тиіс, сонда ғана ол сатып алу-сату шартының пәні болып танылады.

Мүліктік құқықтар біздің азаматтық заңнамада сатып алу-сату шартының пәні ретінде алғаш рет көрсетілген. Бұл мәселе ҚР Президентінің "Жер қатынастарын дамыту туралы" жарлығында көрсетілген. Мүліктік құқықтарды ұсыну мәмілелері тауар биржасында жасалатын мәмілелермен байланысты. Бұл туралы Азаматтық кодекспен қатар "Тауар биржалары" туралы заң күші бар жарлықта көрсетілген. Мұндай мәмілелер биржалық мәмілелер деп аталады.

Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа да мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беру туралы келісімдерді биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалы туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасалады.

Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс.

Сатып алу-сату шартының елеулі ережесі оның пәні туралы келісім. Тауар туралы шарт егер оның атауы мен саны көрсетілсе ғана келісілген болып есептеледі.

Сатып алу-сату шартындағы баға тауар берген жақтың алуы тиіс ақшалай сомасы. Ол тараптардың келісіміне байланысты. Ал кейбір жағдайда ол тарифтер, бағалар орталықталған тәртіпте, мысалы монополиялық комитетпен белгіленуі мүмкін.

Шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында көзделген реттермен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі. Бірақ көптеген жағдайда баға шартпен анықталады. Шартта бағаның көрсетілмеуі оның жарамсыздығына әкеліп соқпайды. Мұндай жағдайда баға ретінде сол тауардың жалпы нарықтық бағасы танылады.

Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерін негізге ала отырып оны анықтау мүмкін болмаған реттерде, шартты орындау шарт жасасу кезінде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс деп есептеледі.

Шарттың немесе құқықтық қатынастың мазмұны 2 мағынада түсіндіріледі:

1) Құқықтық қатынастың мазмұны - құқықпен реттелетін қоғамдық қатынас;

2) Заңдық мазмұны, яғни тараптардың құқықтары мен міндеттері.

Рим құқығындағы пайда болған сатып алу-сату шарты түсініктемесі. Консенсуалды шарттың бір түрі болып табылатын сатып алу-сату шарты бойынша сатушы тауарды сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал сатып алушы тауарды қабылдап алып сатушыға бекітілген ақшаны төлеуге міндеттенеді. Сатып алу-сату шартының негізгі шаруашылық мақсаты-сатып алушының өзінің шаруашылығына қажетті тауарын алуы.

Сатып алу-сату нәтижесінде шаруашылық пайданы екі тарап та алады, сондықтан бұл екі жақты шарт және екі тараптың да қарама-қарсы талаптары болады.

Сатып алу-сату шартының мәнді талабы шарттың пәні мен бағасы. Шарттың пәні азаматтық айналымнан алынып тасталмаған денелік және денелік емес заттар. Сатып алу-сату шартының пәні жекеленген зат ретінде болуы қажет. Топтық белгілерімен анықталатын заттар сатып алу-сату шарты бойынша иеліктен шығарылмайды. Ульпианның айтуы бойынша бөтен біреудің затын да сату мүмкіндігіне күмән болмауы тиіс. (Д.18.1.28.).

Айырбас шаруашылығының дамуына байланысты болашақтағы заттарды да сату-сатып алу қажеттілігі кездесіп отырды. Шарттың пәні сонымен қатар денелік емес заттар болуы мүмкін. Мысалы, талап ету құқығы.

Сатып алу-сату шартының бағасы тек ақшалай түрде көрсетілуі керек. Егер зат түрінде көрсетілсе айырбас шарты болады. Баға туралы келісім мәміленің жасалғандығының құқықтық аяқталуы болып саналды. Бағаны үшінші тұлғалардың белгілеуі заңды деп саналды. Тараптар сонымен қатар кепілпұл туралы келесімге келе алатын. Мұндай жағдайда сатып алу-сату шарты кепілпұлды төлеген кезден бастап шарт жасалды деп саналды. Егер шартта ақысын төлеу мерзімі көрсетілмесе, қарама-қарсы орындау болжанады: ақшаны төлеу және тауарды беру.

Сатып алу-сату өзінің юридикалық құрылымы бойынша екі сатыға бөлінеді: шарт туралы келісім және шартты орындау. Шарт сатылары уақыты бойынша сәйкес келуі мүмкін, бірақ маңызды аралық мерзіммен бөлінуі мүмкін. Сондықтан шарт орындалғанға дейін оны екі жақтың келісімімен бұзуға болады.

Сатып алу-сату шартының тараптарының міндеттері. Сатушы сатып алушыны эвикциядан сақтандыруы қажет, яғни сатып алушыға тауарды үшінші тұлғалардың құқықтарынан бос түрде беруі тиіс; сапалы тауарды беруге немесе тауардың кемшілігі туралы ескертіп беруге міндетті. Эвикция – нақты меншік иесінің немесе ұстаушының мүлікті қайтару туралы талап етуі. Нәтижесінде сатып алушы сатып алынған затына меншік құқығын жоғалтады. Эвикция кезінде сатушы сатып алушы жағында іске қатысуы тиіс және оны эвикциядан қорғауға міндетті. Егерде сатып алушының кінәсінен затқа меншік құқығы жоғалтылса, эвикция негізінде талап қойылмайтын.

Сатып алушының заттың сапасына байланысты міндеттерін орындамауы, сатып алушыға шартты бұзу және ақшасын қайтарып алу құқығы, яғни реституция берілді. Бұл талапты мәміле жасалған кезден бастап алты айдың ішінде қоюға болатын. Сатып алушы сонымен қатар сатып алынған бағаның тауардың нақты бағасына сай келмейтін бағамен сатып алған жағдайда бір жылдың ішінде бағасын төмендету туралы талап қоя алады.

Ал сатып алушы тауарды мерзімінде қабылдап алып және тауар құнын төлеуге міндетті. Сатып алушы тауар құнын төлеуге міндетті, егер тауар сатып алушыға берілгенге дейін кездейсоқ жойылған күннің өзінде. Бұл рим құқығы бойынша сатылған мүліктің кездейсоқ жойылу және бүліну қаупі сатып алушыда болады деген ережемен реттеледі.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты сатып алу-сату шартының бір түрі болып танылады. Бұл шартқа сәйкес сатушы (бөлшек сауда кәсіпорны бірлестігі) екінші тарапқа тұтынушының меншігіне тиісті сападағы халық тұтыну тауарларды беруге міндеттенеді, шартта көрсетілген қызмет түрін ұсынады, сауда қызметінің жоғары сапасымен міндеттенеді.

Тараптар арасында шарттың мәні туралы, бағасы және басқа да жағдайлар туралы шарттарға тараптардың біреуі келісуді талап етіп, сөйтіп келісімге қол жетсе, шарт жасалды деп есептеледі ("Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" заңның 8-бабы.)

Бұл шарт бойынша нақты құқық қабілеттілігі тауарларды бөлшектеп сатумен айқындалатын мемлекеттік, кооперативтік, сауда ұйымдары сатушы бола алады. Ал сатып алушы жекеленген азаматтар болып табылады. Бұл шарттың маңызды ерекшелігі алғашқы сатып алушы жасаған офертаның бөлшек сауда кәсіпорны үшін акцептік міндеттілігі болып табылады. Сондықтан дүкен сөрелерінде тек сатылуда бар тауардың ғана үлгілері тұруы мүмкін.

Сатушы өз кәсіпорында бар заттар атауы туралы сатып алушыға толық, көрнекі ақпарат ұсынуы тиіс.

Бөлшек сауда мен сатып алу-сату шартының мазмұны сатушының мүліктерді сатып алушының иелігіне өткізу жағдайымен тұжырымдалады.

Сатып алынған мүлік табыс етілген сәттен бастап, ал несиеге алған жағдайда мүліктік құнын толық төленгеннен кейін (бірақ сатып алынған мүлікті өзіне өткізгенше) шартты бұзуға, тауардың сапасына байланысты тиісті талаптар қоюға құқылы, ал сатушы ұйымдар сапасыз тауарларды сатуға жібермеуге міндетті. Сапасыз тауарларды айырбастаудың немесе сатып алушыға ақшасын қайтарудың тиісті тәртібі белгіленген.

Шартты қолдану нәтижесінде тұтынушыға келтірілген басқа залалардың барлығы да өндіруші (сатушы) арқылы толық көлемде қайтарылып беріледі. Сауда қызметі процесінің барысында тұтынушы және кәсіпорынның, беделдерін сыйлауға имандылық және этикалық нормаларды сақтауға тең құқықты екені заңда атап көрсетілген.

Сауда кәсіпорынның қызметкері тұтынушының мүліктік емес жеке құқықтарын бұзған жағдайда бұл қызметкер тәртіптік, әкімшілік, материалдық, қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт болып табылады, яғни бөлшектеп сату кәсіпорыны немесе кез-келген кәсіпкер бөлшектеп сатып алу-сату шартын оларға келген кез-келген адаммен жасауға міндетті.

Кәсіпкер заңда көзделген реттерден басқа жағдайларда ешбір бөлшектеп сатып алуға ниет білдірген адамға артықшылық жасауға құқығы жоқ. Тауарлардың бағасы барлық тұтынушылар үшін бірдей, бірақ заңда тұтынушылардың кейбір санаттарына жеңілдік жасауы мүмкін. Кәсіпорын шарт жасаудан бас тарқан жағдайда сатып алушы бас тарту салдарынан келген шығынды өтеттіріп алуға құқылы.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты тараптардың арасында шарттың ләжі, бағасы және өзгеде ережелері бойынша келісілген уақыттан бастап жасалған деп есептеледі.

Бұл шартты оферент болып сатушы сомаларды, ал офертаның өзі жария. Сонымен қатар сатушы жеке офертада жасауы мүмкін. Жариялы оферта кезінде тауарды сатушы оны жалпыламақ, тауар туралы мәліметтерді береді.

Кәсіпорындардың көрмелерінде тек сатуда бар тауарлар жариялануы тиіс. Сөрелерде тауар үлгілері сатып алушының талап етуі бойынша сапасы тексерілгеннен кейін сатылуға міндетті. Тауардың әрбір үлгісі, бағасы жазылған қағазбен бірге болуы тиіс.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының өзіне тән бірқатар ерекшелігі бар. Олар, ең алдымен, шарттың жария сипатымен байланысты. Жария шарт бойынша коммерциялық ұйым тауар сату, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету жөніндегі міндеттерін оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асыруға міндетті. Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнінде біреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ. Тұтынушылардың кейбір категорияларына жеңілдік берілетін жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтің бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелері тұтынушылардың бәріне бірдей болып белгіленеді (АК-тің 387-б.).

Қарастырылып отырған шартты сатып алу-сатудың жеке түрі ретінде реттеуге мүмкіндік беретін оның негізгі белгілері ретінде ерекше субъекттік құрамы мен сатып алушының тауарды сатып алу мақсатын атауға болады. Шарттың қалған белгілері осы екеуінен және шарттың жария сипатынан туындайды.

Шарттың субъекттік құрамы, яғни тараптары туралы сөз еткенде, бұл шарт үшін сатып алушыдан гөрі сатушы фигурасы көбірек роль атқаратынын ескерген жөн. Себебі тауарларды жеке басына, отбасында, тұрмыста және т.с.с. мақсаттарға пайдалану үшін сатып алатын тұлғаларға тек азаматтарды ғана емес, сонымен бірге заңды тұлғаларды (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар) да жатқызуға болады. Заң шығарушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға емес, сатушыға арнайы талаптар қояды. Сатушы ретінде тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға ғана бола алады.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының жария сипатына орай сатушыға императивтік нормаларда көзделген жария-құқықтық талаптар қойылады.

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі №371 қаулысымен бекітілген Ішкі сауда ережесі сатушыға бірқатар талап қояды. Солардың негізгілеріне тоқтала кетейік.

Аталған ережеге сәйкес сатуға ұсынылатын тауарлардың түр-түрін, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, сондай-ақ қызмет көрсету нысандарын сатушы өз қызметінің бейіні мен мамандануына сәйкес дербес айқындайды.

Сатушы сауда қызметін жүзеге асыру кезінде бейіні мен мамандануды ескере отырып, мемлекеттік стандарттарда, санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық, өртке қарсы ережелерде және басқа нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарды сақтайды.

Сатушы тауарларды сату орындарында сақтау мен өткізу кезінде стандарттардың талаптарына сәйкес олардың сапасы мен қауіпсіздігін сақтауды, сауданың тиісті жағдайларын, сондай-ақ сатып алушының тауарларды дұрыс таңдауы мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті үй-жайларға, жабдық пен мүкам-малға ие болады.

Егер сатушы жүзеге асыратын қызмет лицензиялауға жататын болса, онда ол лицензияның нөмірі мен қолданылу мерзімі туралы, сондай-ақ оны берген орган туралы ақпаратты ұсынады.

Көрсетілген ақпарат сатып алушының танысуы үшін ыңғайлы орындарда орналастырылады.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, бөлшектеп сатып алу-сату шартының тағы бір ерекше белгісі – сатып алушының тауарды алу мақсаты. Осы шарт бойынша сатып алушы тауарды, жоғарыда айтылып кеткендей, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, өзінің жеке мақсаттарына пайдалану үшін сатып алады. Тек қана кәсіпкерлік не, керісінше, тек тұрмыстық және т.с.с. салаларда пайдалану критерийі негізінде тауарларды түрлерге бөліп тастауға болмайды. Бөлшек саудада тауарды сатып алған азамат оны жеке басына ма, әлде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланады ма, өзі біледі. Тараптар өздеріне тиімді шарт түрін дербес таңдайды. Егер олар өз қатынастарының тұрақты әрі ұзаққа созылуын қаласа, өздерін экономикалық және құқықтық тұрғыдан алғанда тең контрагенттер ретінде көргісі келсе, олардың қарастырылып отырған шарттан гөрі тауар жеткізілімі шартын жасасқандары әлдеқайда дұрыс. Сондықтан заң шығарушы тауарды сатып алу мақсатын бөлшектеп сатып алу-сату шартының анықтамасына енгізгеніне қарамастан, ол бұл шарттың басты белгісі болып табылмайтындығын көріп отырмыз. Бірақ соңғысын есептен мүлде шығарып тастауға болмайды. Тауарды сатып алу мақсаты сауда жасаудың әдісіне тікелей әсер етеді. Тауарды бөлшектеп сату тауарларды тұтынушыларға сату, қағида бойынша, жекелеген тұтынушыға қажетті бірлі-жарым мөлшерде сату деп ұйғарылды. Сондықтан тауарларды көтерме де, бөлшектеп те сату арқылы ақшаға айналдырумен айналысатын ұйымдардың сатып алушылармен қатынастары АК-тің 25-тарауы 2-параграфының ережелерімен бөлшектеп сатуды жүзеге асыру бөлігінде ғана реттеледі.

Аталған белгілердің барлығы өз жиынтығында бөлшектеп сатып алу-сатудың басқа түрлерінен ажыратуға мүмкіндік береді.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны көптеген жағдайларда ауызша, бірақ кейбір жағдайларда жазбаша түрде болуы мүмкін. Оған мысалы ретінде алдын-ала тапсырыспен сатып алуды айтуға болады.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты сатушы сатып алушыға кассалық немесе тауарлық чегін беріп, не өзгеде тауар алғандығы туралы өзге де құжат берген жағдайда тиісті түрде жасалған деп есептеледі. Сатып алушыда мұндай құжаттардың болмауы оның куәгерлерге сүйінуін жоққа шығармайды.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң тұтынушылардың тауар сапасы, сапасыз тауарды сапалы тауармен алмастыру, тауар жөнінде мәлімет алу, т.б. туралы қатынастарды реттейді.

Бөлшектеп сатып алу-сату туралы шартында сатушы болып тек кәсіпкер болып есептелетін мекеме кәсіпорын немесе азамат танылады. Бұдан басқа негізгі талаптар жоқ.

Сатып алушы болып негізінен азамат есептеледі. Заңды тұлғалар бөлшек саудадан тауарларды кәсіпкерлік мақсатпен байланысты болмаған жағдайда ғана заңды деп танылады, яғни олар тек өздерінің әлеуметтік мәселелері үшін ғана бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасаса алады. Айналымы шектелген заттардың алушылары болып тек сол мүлікті сатып алуға лицензиясы бар адамдар танылады.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының пәні болып айналымынан алынбаған кез-келген зат, яғни тектік белгілерімен айқындалған заттар табылады. Сонымен қатар "болашақ заттар" да шарт пәні болуы мүмкін. Мысалы каталог бойынша тауар алу, т.б. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының өзіндік ерекшелігінің бірі осы шарттың мазмұнынан құралады. Сатып алу-сату шартын жасаспастан бұрын сатушы сатып алушыға тауар туралы қажетті, шын ақпаратты беруі керек.

Әрине сатушы кәсіби кәсіпкер ретінде сатып алушыға тауар туралы кез-келген мәліметті беруге тиіс. Бірақ ол мәлімет міндетті түрде мынадай ақпаратты қамтуы тиіс: тауардың бағасы, оның тұтынушылық қасиеттері, кепілдік мерзімі, оны қолдану ережесі, сақтау туралы мәліметтер толық және шын болуға тиіс. Ас, тамақ өнімдерінде олардың қуаттылығы, құрамы, денсаулыққа зиянды қоспалардың бар-жоқтығы, сақтау мерзімін қамтуға тиісті болып есептеледі.

Өнеркәсіп бұйымдары, дәрілік препараттардың, косметикалық бояулардың этикеткасында шығарылған күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілуі міндетті.

Сатып алушы шарт жасасқанға дейін тауарды қарап, оның жарамдылығын тексеруге құқылы.

Сатушы сатылатын тауардың сатып алушының, оның отбасы мүшелерінің өміріне, меншігіне қауіп келтірілмейтіндігін қамтамасыз ету тиіс. Осыған сәйкес сатып алушы өкімнің барлық қызмет ету және жарамдылық мерзімінде оның қауіпсіздігіне құқығы бар.

Тауардың қауіпсіздігіне, яғни оның адам өміріне, денсаулығына, айналадағы қоршаған ортаға, мүлікке зиян келтірілмейтіндігі туралы талаптар міндетті болып табылады және ол мемлекеттік стандарттардан белгіленеді. Мұндай өнімдер міндетті түрде сертификатталады және оның арнайы белгісіз сатылуы, яғни стандарттық белгілерсіз сатылуына жол берілмейтін мән-жай болып табылады.

Сонымен қатар тауарларға қатысатын жаңа талап ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы "Тауарлар этикеткасында мемлекеттік және ресми тілде мәліметтер туралы талап" жөніндегі қаулысында көрсетілген.

Бұл жерде тауардың сыртқы этикеткасында оның құрамы, консерванттар қоспалар, тауарлардың жарамдылық мерзімі, шығарылған жері туралы қазақ және орыс тілдерінде мәліметтер туралы сөз болып отыр.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартында сатушының тауарды жеткізіп беру міндеті де көзделуі мүмкін. Азаматтық заңнамада бұл жағдай 2 түрде кездеседі:

1) Тауар үлгісі бойынша сатып алу шартын жасасқан кезде (тауар каталогы бойынша);

2) Екіншісі шартта тауарды апару орны көрсетілсе немесе ол анықталмаса, болмаса, ол берілген кезде орындалған болып есептеледі:

Қазіргі кезде бұған мысал ретінде дайын тауарды сатып алушыға жеткізіп беру туралы, айтуға болады. Мысалы тамақ өнімдерін, пицца т.б. Бұл жерде шарт телефон арқылы жолмен жүзеге асырылады.

ҚР АК 451-бабында тауарды автомат арқылы сатудың құқықтық сипаты бейнеленіп оның ережелері көрсетілген.

Тауар сату автоматтарды пайдалана отырып жүргізілген жағдайларда автоматтардың иесі сатып алушыларға тауар туралы, автоматқа орналастыру арқылы тауардың сатушысы туралы ақпарат жеткізуге немесе сатып алушыларға сатушының атауы, оның орналасқан жері, жұмыс режимі, сондай ақ сатып алушының тауар алу үшін жасайтын қажетті әрекеттері туралы өзгеде әдістермен мәліметтер беруге міндетті.

Сатып алушы тауар алуға қажетті әрекеттер жасаған кезден бастап шарт жасалған болып есептелінеді, сатып алушы сатып алушыға ақысы төленген тауарды бермесе тауардың дереу берілуін немесе сатып алушының сол тауар үшін төлеген ақша сомасының қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны. Әдетте бөлшектеп сатып алу-сату шарттарының нысаны ауызша болып келеді, осымен қатар бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігін де жоққа шығармайды. Жазбаша нысан тараптардың құқықтары.

Шарт бойынша, сатушы болып тек қана кәсіпкер тауарларды сататын ұйым немесе азамат келе алады.

Сатып алушы, әдетте жеке тұлға болып келеді. Заңды тұлғалар тауарды бөлшек сауда кәсіпкерлік қызмет үшін емес, өзге мақсатта пайдалану үшін сатып алады.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысанасы айналымнан алынып тасталмаған кез келген заттар болуы мүмкін. Олардың қатарына жеке сипаттарымен де тектік сипаттарымен де анықталатын заттар жатады. Бір ғана тауар бөлек сатып алу-сатудың да тауар жеткізілімі шарттың да нысанасы бола алады (егер мысалы, жеңіл автокөлікті өз мұқтажында көлік ұйымы сатып алса). Егер автомобиль сатушысы жеке тұлға болса онда бұл Азаматтық кодекстің жалпы нормаларымен реттелетін қарапайым сатып алу-сату шарты болып келеді. Бұл шартты сипаттайтын ерекшелік – шарт шынайы орындалғанға дейін барлық тәуекелдер сатушының мойнында болып келеді.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ерекшеліктері:

Шарттың ерекшеліктері:

☼ сатушы - тауарларды бөлшектеп сатуды кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

☼ берілетін тауар кәсіпкерлік мақсатпен байланысты емес жеке, отбасылық, тұрмыстық мақсатта пайдаланылады;

☼ шарт ауызша немесе жазбаша нысанда жасалуы мүмкін. Жазбаша нысан шарттың жасалу және орындалу сәттері сәйкес келмейтін болса қолданылады. Мысалы, тауарды несиеге сату. Егер сатушы сатып алушыға шарттың жасалғанын растайтын тауар чегін немесе өзге дәлелді құжатты беретін болса, шарт тиісті нысанда жасалған болып саналады;

☼ шарт екі жақты, ақылы және жария болып табылады;

☼ сатушы барлық сатып алушылармен тең жағдайда шарт жасауға міндетті;

☼ сатушы жария оферта ұсыныс білдірген кез-келген тұлғамен шарт жасауға міндетті;

☼ сатып алушы шарт ережелерін қосылу арқылы қабылдай алады (қосылу шарты);

☼ сатушы тауардың сипаты, оны пайдалану және сақтау ерекшеліктері жөнінде сатып алушының нақты мәліметі болатындай мағлұматты беруге міндетті;

☼ сатушы шарт ережелеріне саны, сапасы, жиынтығы, буып-түюі сай келетін тауарды сатып алушыға беруге міндетті;

☼ сатып алушы тауарды қабылдауға және бағасын төлеуге міндетті;

Англия, Франция және Германия.

Салыстырмалы келісім-шарт құқығы. Сатып алу-сату шарттары. Герман құқығы қайнар көздері. Герман азаматтық заңдар жинағына сәйкес, тауарларды сатып алу-сату шартының мердігер шартынан айырмашылығы, сатып алушының сатушыдан тауарды қалпына келтіру жолымен ақауды жоюын талап етуге құқы жоқ, бірақ та бұл құқық көпшілік жағдайда сатушының стандарттық шарттарының қатарына жатқызылады және кодекс бойынша оны сатып алушының құқы ретінде қолдануға әрекет жасалған. Кодекстің 476-бабындағы өзгеріс сатып алушыға қатысты, сатып алушы жөндеуді жүзеге асыру үшін қажетті барлық шығындарды өзі көтеруге міндетті, егер бұл құқық олардың шарттарында талаптармен келісілген болса, талап берумен (Wandlung немесе Minderung) қоса көзделген.

Бірақ, AGBG 11, 10(а)-бабына сәйкес, сатушы жалпы шартқа орай, сатып алушыны толығымен шартты бұзу немесе жаңа тауарға қатысты бағасын төмендету құқығынан айыра алмайды, сатушы уақытша болса да тауарды жеткізуге құқылы, ал сатып алушы ақаудың жойылуын немесе тауардың өзгертілуін өзі шешеді немесе ақау үшін жауапты қайта жөнелтушінің біреуіне қарсы талап беру құқығын сатып алушыға тапсырады. Сатушы белгіленген мерзім ішінде ақауды жоймаса немесе тауарды өзге тауармен ауыстырмаса немесе қайта жөнелтуші өз міндетін орындамаған жағдайда, сатып алушы шартты бұзу немесе тауардың бағасын төмендету құқығының бірін таңдап алады.

AGBG 10 және 11-бабының ережесіне орай шарттың елеулі ережелерінің заңдық күші болмаса, бұл тікелей тұтынушылармен жасалған шартқа қатысты болады. Бірақ, іскерлік қатынастар тәжірибесін ескере отырып, ірі сауда тәжірибесіне де орай және іскер адамдардың көзқарасын басшылыққа ала отырып, бұл ережелер AGBG-ның 9-бабының көмегімен іскерлік шартына сот арқылы жанама қолданылады. Бұл жалпы іскерлік шартын немесе тұтыну шартының заңдық күшін жояды, егер олар өзге тарапқа заңсыз артықшылық берсе, онда ол шарт адалдық талабына сай келмейді.

Wandlung соттық қорғау тәсілі (сатып алу-сату актісінен біржақты бас тарту). Бұл тәсілдің мақсаты, тараптар шартқа дейін болған жағдайға келуі тиіс (бір-біріне алғандарын қайтаруы тиіс). Бірақ, ие болу қағидасына сәйкес, соттық қорғау тәсілдерін жүзеге асыру тек меншік құқығын беру жайлы шарттық міндеттеме тудырады, ол сатушы меншігіне қайтарылып берілгенде тікелей қолданылмайды (BGB-дың 467 және 346-баптары).

Тауар жеткізілгеннен кейін, тауар өз қалпында болмаса Wandlung тәсілін қолдану қиындық тудырады. Мәселе өте күрделі және бұл жерде жалпы сипатта қарастыру қажет. Герман азаматтық заңдар жинағының 467 және 346-баптарына сәйкес, шартты жоққа шығару жайлы жалпы ереже қолданылуы тиіс. Тауар жеткізілгеннен кейін, сатып алушы қолындағы тауар кездейсоқ бүлінсе, шартты бұзу құқығы жоққа шығарылмайды (BGB-дың 350-бабы). Егер тауар ақаудың салдарынан бұзылса, бұл құқық өз күшін сақтайды.

Егер тауарлар сатып алушы кінәсінен бүлінсе немесе жарамсыз болса, онда шартты бұзу құқығы өзінің заңдық күшін жоғалтады (BGB-дың 467 және 351-баптары). Шартты жоққа шығару туралы талап-арыз берілгеннен кейін тауар бүлінсе немесе жарамсыз болса, сатып алушы сатушы алдында келген залал үшін жауапты болады (BGB-дың 347 және 989-баптары). Осы жерде сатып алушы тауарды пайдалану нәтижесінде түскен кез келген пайданы қайтаруға міндетті.

Ал, сатушы тауар үшін төленген соманы толығымен не болмаса өсімімен қоса немесе жартылай төлем ретінде алған өзге де заттарын тең дәрежеде қайтаруы тиіс. Сатушы сонымен қоса, сатып алушының әкімшілік мұқтажы (Vertragskosten) үшін жұмсаған барлық шығындарын, яғни шарт бойынша және шартты тоқтату үшін, шарттың пәні бойынша (Ersatz von Vorwendungen) жұмсалған шығындарды өтеуге міндетті, мысалы, кеден баждарын және көлік шығындарын өтейді (BGB-дың 467 және 347-баптары). Сонымен, бұл шығындар маңызды болып есептеледі, occasiones par la vente (тұрмыс шығындары) қарағанда, өтелетін шығындар туралы Франция Азаматтық кодексінің (Code Civil) 1646-бабында көрсетілген.

Сатып алу бағасын төмендету. Сатып алушы тауар қозғалысын тоқтатуы мүмкін және бағасын төмендетуін талап ете алады. Бұл жағдайда бағаны төмендету құқығы герман азаматтық заңдар жинағының 472-бабымен анықталады. Бұл өте қажет, егер тауарлар төмендетілген бағамен сатылса, мына төмендегі жағдай сияқты.

Ақаусыз құны – 12,000 ДМ

Ақауы бар құны – 8,000 ДМ

Шарттық бағасы – 9,000 ДМ

Ү – төмендетілген шарттық бағасы

Бағаны төмендету формуласы:

12,000 х 9,000=Ү=6,000 ДМ

8,000 Ү

Соттық қорғау тәсілдерін таңдау. Сатып алушы өз құқықтарын жүзеге асырғанға дейін, оның соттық қорғау тәсілдерін таңдау құқығы өзінде сақталады және осы құқықты жүзеге асыру талап етілмейді, сонымен қатар ақауды жою үшін Wandlung тәсілі Minderung тәсіліне қарағанда тиімді болар еді деген пікірлердің қажеті жоқ, сатып алушы тек адалдық қағидасы шегінде әрекет етуі тиіс.

Сатушының қосымша міндеттемелері. Бұл туралы шартта тікелей көрсетілмесе де, сатушыға тауарды ақаусыз жеткізуге байланысты қосымша міндеттеме жүктеледі. Сатушының қосымша міндеттемесіне мыналар жатқызылады: сатып алушыны тауарды пайдалану туралы қажетті мәліметпен хабардар етуге, әсіресе салалы өнімдердің мүмкін болатын тәуекелі жайлы мәлімдеуге міндетті. Тасымалдау уақытына бүліну тәуекелінің алдын алу үшін, тауарлар тиісті дәрежеде буып-түйілуі тиіс. Сонымен қатар, тауарлар сатып алушының және оның отбасы мүшелерінің денсаулығына қауіп төндірмеуі қажет.

Сатып алушының шарттың орындалмағандығынан келген залалды өндіру жайлы талап-арызды беру құқығы кезіндегі жағдайлар. Сатып алушы тек екі жағдайда ғана келген залады өндіру жайлы талап-арыз беруге құқылы. Бірінші жағдай, тауарға тәуекелді тапсыру кезінде ерекше тауар белгілі бір сапаны иемденеді, яғни тәуекел жеткізушіге тапсырылса (BGB-дың 459 (2)-бабы). Кепілдік жеткізушінің шарттық міндеттемесінің бір бөлігін құрайды. Мысалы, белгіленген санда өнім өндіретін машинаға кепілдік берілген, яғни машина тиімді қуаттылықты иемденеді немесе тауарлар белгілі бір пайдалануға жарамды болғандықтан, машинаға жұмсалған энергия көрсетілген саннан аспайды. Машинаны сатудан түсетін пайдаға қатысты алдын ала келісімдер немесе сауда мәселесі бойынша әдебиеттегі қарапайым тұжырымдар, әрине жеткіліксіз. Кепілдік бойынша жауапкершілік сатушы тарапынан кінәні дәлелдеуге қатысты емес. Зиянды өтеу туралы арыз Wandlung немесе Minderung жайлы арыз балама құралы ретінде герман азаматтық заңдар жинағының 463-бабында бекітілген. Герман құқығының жалпы қағидасына сәйкес, шартты бұзу (Rucktritt) туралы талап-арыз шарттың орындалмауына байланысты келген залалдың өтелуін талап ету құқығын да қамтиды.

Шарттың (тікелей) бұзылуына байланысты қатынастар. Тауардағы ақау өзге сатып алушылардың мүддесін бұзуға әкеп соқтырады. Кепілдік сапасы жоқ немесе алдау кезінде соттық қорғау тәсілдеріне Wandlung немесе Minderung тәсілдеріне шектеу қойылған және біреудің зиянды өндірту құқығын шектейді. Бұл жерде мәселе өзгеше қойылады: ақаулы тауардан өзгенің мүддесіне келтірілген зияннан сатып алушының талап ету құқығы бар ма немесе жоқ па?

Сатып алушы мүддесін оның меншігі, экономикалық мүддесі қамтиды және сатушының қосымша міндеттемесі бойынша қалыптары тікелей оның отбасы мүшелерін қорғауды қамтамасыз етеді және сауда өндірістік кәсіпорны сатушымен сол мезетте бір орында бәсекелестік қызметті жүзеге асыруға ұмтылмауы керек.

Талаптың ескіру мерзімі. Алдау жолымен сатушының ақауды жасыру кезіндегі мерзімін қоспағанда, ақауы бар немесе тауардың кепілдік сапасына сай келмегенде шығынды өндіру жайлы талап-арызды тауар жеткізілген күннен бастап алты айдың ішінде беруі тиіс. Егер тауар сатып алушыға көлік фирмасы арқылы жеткізілсе, сатып алушы немесе оның өкілі тауарды міндетті тексеру уақытынан бастап есептеу кезеңі жүргізіледі. Егер сатушы тауарды орнатуға, дайындауға міндетті болса, есептеу кезеңі дайындық немесе тексеру жұмыстары аяқталған уақыттан басталады.

Сатып алу-сату шарттары – француз құқығы

Құқықтарды жүзеге асыру мерзімі

Рим құқығының жасырын ақауға байланысты сатып алушының екі талаптың бірін біреуі үшін өте шектеулі мерзім бергені белгілі. Өзге континентальдық жүйелермен қоса, француз құқығы осы тәжірибе ізімен жүрді және АК-ның 1648-бабына сәйкес, талап un bref delai (қысқа мерзім) ішінде беріледі. Un bref delai мерзімін анықтаудың аздаған ережелері бар. Сатып алушыға ақау ретінде объективті білген кез емес, ол туралы нақты білген сәт бастапқы болып табылады.

Алайда, сот істің ерекше жағдайларына байланысты, талап ұсынылуы тиіс мерзімді өз қалауынша белгіледі, бірақ та бұл сатып алушы ақау жөнінде іс жүзінде білген күн көрсетілген жағдайда қолданылады. Гестин көрсеткендей, әдетте осындай талаптың ескіру мерзімі 4 айды құрайды, бірақ та 9 айдан аспауы тиіс.

Жиі-жиі пайда болған мәселенің себебін және де ол өнім тапсыруға дейін пайда болды ма, жоқ па дегенді анықтау үшін сарапшыны тағайындау қажет болады. Қазіргі күнде тіпті en refere сарапшыны тағайындау туралы сот бұйрығы un bref delai көлемінде әрекет ету үшін жеткілікті болады.

Залалдар өтеуге бағытталған құқықтық қорғаудың құралы

Азаматтық кодекстің 1645-бабына сәйкес, егер сатушы ақау туралы білсе, тауар құнымен қоса барлық шығынды өтеуге міндетті. Бұл ереже тағы рим құқығынан шығады, сатушы ақаудың барлығын біле тұра, арам ниетті әрекет етсе..., деген ережеден алынған. Бірақ та, соттардың бірқатар жаңалық енгізуімен маман сатушы «өзін өз мамандығының дағдыларын игеруге spondet peritiam artis міндеттейді» деп айтатын Потьенің ережесіне еру салдарынан (ақау жөнінде білмеу culpa болып есептеледі) соттар бұл мәселені шешуде мынадай қөзқарасқа келді, заң бойынша мамандандырылған сатушы «сататын бұйымдарының барлық ақауын білуге міндетті» немесе «олар жайлы білмеуге құқылы емес».

Vices cache бойынша талаптардың өзге талаптармен қарым-қатынасы

Nullete pour erreur

Vice cache туралы талаптың негізі болып келетін және де қалыптасқан жағдайда кінә болмағанына қарамастан, қабылдау кезінде ақау сатып алушыға белгілі болмағанын және ақау тауардың тараптар кәдімгі немесе ерекше пайдалану үшін келіскен мақсатқа сәйкес болмауына әкеліп соқтырғанының фактілері – негізінен erreur sur la substance Азаматтық кодекстің 1110-бабы бойынша қойылатын талап үшін негіздеме болады.

Шартты міндеттемелерді бұзу

Жасырын ақау талабына жатқызылмайтын екі жағдай бар, сатылған тауар толығынан өз мақсатына сай келмесе немесе сапасы болмаса, сатып алушы сатушыға осы туралы шартты талап ұсынуға құқылы. Біріншіден, ол уәделенген нәрсені тапсырмау негізінде талап қоя алады. Екіншіден, шарт көпшілік жағдайда тауарды жеткізу немесе қабылдаудан кейінгі кезеңге тарайтын ақауға қарсы шарттық кепілдікті қамтиды.

Шартқа сәйкес емес жабдықтау

Кассациялық сот талап vice cache жөнінде болуы тиістігіне қарамастан жарамсыз деп тану туралы талапты erreur sur la substance-қа байланысты шешкендей, арналған мақсатқа сәйкес келетін тауарды тапсырмағанға негізделген талаптарды шешті. Соттар сатып алушыны өнім тапсырылғаннан кейін vices cache талабымен немесе шартты мерзіммен шектемеген. Бұл шешімдер сатушының жобалаудағы сәтсіздігіне негізделген және де 1648-бап бойынша сатып алушының bref delai бойынша ұтымсыз нәтижелерден құтылуына бағытталған, егер талап vices cache туралы болса, онда ол қолданылар еді.

Жақында келтірілген мысал garantie des vices caches туралы талаппен inexecution de contrat-қа негізделген талап арасындағы айырмашылықты сипаттайды. Ауылшаруашылық шарттағы қарсы талап кооперативпен ізбес карбонатын тарату туралы шарт жасасқан және осы мақсатта тракторды сатып алған. Өнім тапсырылу уақытынан кейін трактордың тиісті қуаттылыққа сәйкес келмейтіндігі анықталған, бірақ та оны алушы пайдалана берді. Төрт жыл өткеннен кейін, әр түрлі механикалық мәселелердің салдарынан трактор қызмет етуін тоқтатады.

Нәтижесінде сатып алушы трактордың тағайындалған мақсатқа жарамағаны салдарынан келтірілген шығынды өтеуі туралы сатушыға талап қойды. Апелляциялық сот талапты bref delai шегінде жасалынбаған деп қанағаттандырмады. Сатып алушы трактор тапсырылған мақсатқа сәйкес келмеді дегенді айтты.

Ол апелляциялық соттың (cour de cassation) сатып алушының дәлелін басшылыққа алып, Апелляциялық соттың шешімін жойды және ол істі қайтадан қараған соттан Азаматтық кодекстің 1648-бабына сәйкес bref delai-мен шектелмеген өнім тапсыру міндеттемесін сатушының орындағанын тексеруді сұрады.

Droit commun et faute lourde

Егер vice caches талабына балама ретінде талап droit commun бойынша қойылса, онда сатып алушыда белгілі бір қиындықтар пайда болуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандай vice caches болса, маман сатушы тауардың ақауын білген тұлға болып танылады, сондықтан шарт бойынша оның жауапкершілігін шектейтін кез келген қорғауды пайдалана алмайды және егер сатып алушы сол саладағы маман болмаса, шығынды қосып төлейді.

Бірақ droit commun бойынша маман сатушының жауапкершілігін шектейтін тармақтар коммерциялық немесе маманды сатып алушымен жасалған мәмілелер күшінде болады және осы кезде сатып алушының мамандығы сатушының мамандығымен бірдей болмауы да мүмкін. Бір ғана жалпы ерекшелік dol немесе dol-ға теңестірілген faute lourde бола алады. (Cass. civ. 1993 ж. 24 ақпан). Әдетте faute lourde екінші тарапқа зиян келтіруге бағытталмағанына қарамастан, оны келтіруі мүмкін өрескел салақтық немесе ақымақтық актісі ретінде қарастырылған.

Бұрын бұл «борышкердің өзіне алған міндеттемесін орындай алмайтынын көрсететін dol-ға жақын өте мәнді қылық» деп аталды. (Cass. civ. 1990 ж. 3 сәуір. Вull. IV по 108).

Егер Les juges de fond шартты орындау үшін қажетті міндеттемеге қатысты болса және оны орындамау несие беруші үшін маңызды салдарды әкелетін болса, онда орындамау faute lourde ретінде бағалануы мүмкін. Сондықтан жанбайтын шкафқа жіберуді сұраған тұлғаның өзбеттілігін растай алмаған банк, ол бойынша жанбайтын шкафты жалға берген шартта жауапкершілікті шектейтін тармақты қолдана алмады. (Cass. civ. 1988 ж. 15 қараша). Бұл қазіргі күні ағылшын құқығында қолданылмайтын, бірақ та Францияда әлде де күшінде қалып отырған «фундаментальды бұзушылық» доктринасын еске салады.

Өнім өндірушінің жауапкершілігін шектейтін тармақтың күшіне енбеуі үшін ақау vice cache болып анықталғанның өзінде, төменгі соттар кейбір реттерде тауарды өндірудегі міндеттемені орындауды faute lourde ретінде бағалаған және осындай шешімдер Кассациялық сот (cour de cassation) тарапынан қолдау тапқан. Мысалы: Cass. Com. 1961 6 маусым, Bull III № 148. Бірақ та, мақсатына сәйкес келмейтін және осының салдарынан онымен бүркелетін жүзім сабақтарын бүлдірген пестицидтерді тапсыру faute lourde ретінде танылғанына қарамастан (Cass. civ. 1988 ж. 22 қараша, Bull. I, 595), сот тәжірибесі vice cache туралы өзге талап қойылған реттерде толығынан бірізді бола бермейді. Мысалы, 33 қосымшада қаралатын жемістер туралы іс. Әзірше өндіріс ақауларын faute lourde деп тануда қалыптасқан тұрақты бағыт бар және осыған байланысты сәйкессіздік туралы сұрақ соттың қарауынша шешілуі ықтимал.

Көпшілік шарттар жиі-жиі «кепілдік» деп аталатын тармақты қамтиды, яғни екі жыл немесе одан аз уақыт ішінде тауарды берілген нұсқаулыққа сәйкес сақтайтын және пайдаланатын сатып алушы алдында, тапсырылған тауардың ақауы үшін өнім тапсырысшының жауапты болуын айтамыз.

Қауіпсіздік міндеттемесі

Қазіргі таңда droit commun бойынша қауіпсіздік міндеттемесі пайда болуда, ол Кассациялық сотпен «адамдар немесе олардың тауарлары үшін қауіп тудыра алатын ешқандай ақауы немесе қатесі жоқ тауарларды тапсыру міндеттемесі» деп анықталған.

Бұл міндеттеме ерлі-зайыптылардың қозғалмалы үйді сатып алғандағы оқиғада айқын байқалады. Екі күннен кейін көлік тіркемесінің ішінде ерлі-зайыптылардың өлігі табылған. Ерлі зайыптылардың өлімі газ жылытқыштан бөлінген көміртегі себебінен болған, көлік құралында ол ақаумен жасалған, ал ауаны тазарту жүйесі болмаған. Талапты ерлі-зайыптылардың мұрагерлері осы көлік тіркемесін Францияда сатуға құқығы болған Бельгияның компаниясына және француздық сауда делдалына қойды. Bref delai аяқталған соң cour d appeal vice cache талабын қарастырмады, бірақ, ол шығындарды өтеу туралы талапты қабылдады және де жоғарыда көрсетілген шарттарда анықталған кауіпсіздік міндеттемелерін сатушылардың бұзғандығын Кассациялық сот та (cour de cassation) қолдады.

Қауіпсіздік міндеттемесі vice cache талабына байланысты болып келмейді, өйткені ол (vice cache) сатып алынған заттағы ақауға қарсы берілетін сот қорғау құралдарына – redhibition және estimatoire-ге байланысты. Шығынды өтеу міндеті vice cache талабына сай сатушы ақаудың болғаны туралы іс жүзінде білген немесе маман ретінде білуі тиіс болған жағдайда, арам ниеттілігі үшін кінәлі болған кезде қолданылады. Осыны қауіпсіздік міндеттемесін бұзу туралы талаппен салыстыру керек, ол сатып алушыға келтірілген физикалық зиянның немесе сатып алушының өзге тауарына келтірілген залалдың салдарынан шеккен шығындарына бағытталған. (Cass. civ. 1991 ж. 11маусым, Bull. civ. I no 20 және 1992 ж. қаңтарынан наурызға дейінгі RDT com.(1) және де 1992 ж. қаңтарынан наурызға дейінгі RDT civ. 91 (1)-ге түсіндірмелер).

Өнім тапсыру уақыты

Француз құқығында ағылшын құқығындағыдай тараптар өнім тапсыру уақытын өздері белгілейді деген негізгі тәртіп бар. Егер шартта мерзім белгіленбесе, сатушы тауарды тапсыруға міндетті, ақылға сыйымды мерзімді сот белгілейді.

Ұқсастықтар мұнымен бітпейді және де француз құқығы мен ағылшын құқығы сауда шарттарындағы мерзім туралы тармақ шарттың жағдайларының бірі болып келеді деп есептейді, ал оның бұзылуы сатып алушыға шартты дереу бұзу және шығындар өтелуін талап ету құқығын береді.

Mise en demeure

Француз құқығының ағылшын құқығынан айырмашылығы, сатушының кешіктіруі сатушының өз міндеттемесін орындамағандығы туралы жариялауға жеткілікті негіз болып табылмайды. Сатып алушы сатушыға ресми мәлімдеме немесе ресми емес мәлімдеме жіберуі тиіс, мысалы, балама болып танылатын, орындауды талап ететін хат. Mise en demeure хабарламасы сатушының өз міндеттемесін орындамағанын (en demeure) заңды тұрғыда жария етеді және көрсетілген күннен бастап мерзімді өткізіп алғандығы үшін сатып алушыға зиянның өтелуін талап ету құқығын береді.

Заңдағы осы талап, шарттың жағдайлары бойынша өнім тапсыру мерзімі декларативті екенін еске алар болсақ, таңқаларлықтай ештеңе көре алмаймыз және күдік болған кезде француз соттарында да өнім тапсыру уақыты міндеттті болып келмейді деп есептеуге негіз бар. Өнім тапсыру үшін белгіленген тура мерзім өтіп кеткенде өте қызық жағдай қалыптасады. Жеткізу мерзімі нақты белгіленген шарттың мерзімі өтіп кетсе, бұл факті сатушының өз міндеттемесін орындамағындығы туралы хабарлауға негіз болмайды. Бұл сұрақ өз қызметінің шеңберінде қабылдайтын шешімге тәуелді болады. Ол шарттың өнім тапсыру мерзімі туралы ережелер, оларды тараптардың хабарлауынсыз болжанатын ниеті ретінде тану соншама бұлжымайтын және қатаң бола ма деген сұрақты шешеді. Айып шаралары туралы тармақты, ол орындамаса шарт бұзылатын, аяқталудың тура уақыты туралы талапты шартқа енгізу және де ондағы тікелей айтылған, өнім тапсырудың тура күні туралы келісім нысанындағы ереже, егер оның сатушыға қатысы бар шарттың жалпы жағдайларының артықшылық күні болса, соттар қажеттілік тараптармен үндемей-ақ, жоққа шығарылғаны жөніндегі қорытындыға келеді дегенге мысал бола алады.

Алайда, әрқашан соттың қарауына сене беруге болмайды. Сондықтан сатып алушылар хабарлауды талап ететін тәртіптен ерекшеліктердің бірін, әсіресе, сол талапты шарттың тікелей айтылған жағдайларымен жоюға қатысын пайдалануға тырысады.

Ерекшеліктер

  1. Егер тауар сатып алушыға құнын жоғалтпай белгіленген мерзімде жеткізіліп берілетін болса, жоғары бағада қайта сату үшін тауарға тапсырыс берген саудагерді Старк мысалға келтіреді. Егер тауар белгіленген мерзімде тапсырылмаса, онда жәрмеңке жабылып қалады және мұндай жағдайда саудагер шығындардың өтелуін талап етуге құқылы.

  2. Егер сатушы тауарды тапсырмайтыны туралы тікелей айтқан болса.

  3. Егер тараптар тікелей шартта қажет еместігі жөнінде келіссе, бұл жерде тараптар өздерінің ниетін тікелей және жеткілікті анықтықпен толық жеткізгендігі туралы мәселені тағы да өз қалауы бойынша шешуі тиіс. Бұл сатып алушы әдетте пайдаланатын ең маңызды ерекшелік. Шарттың француздық стандарттық жағдайларының жинағында былай делінген: егер сатып алушы тауарды қабылдау кезінде ақаудың барлығын білсе және шағымданбаса немесе ақау жайлы ескерту жасамаса, осы ақауға қатысты герман азаматтық заңдар жинағында көзделген соттық қорғау тәсілдерін жоғалтады (BGB-дың 464-бабы және BGH 50, 366). Бірақ, BGB-дың 464-бабы тауар қабылданғаннан кейінгі алынған ескертуге қолданылмайды (BGH NJW 58, 1724).

Коммерциялық секторлардағы сату көлемі жайлы және тауарды тексеруге қатысты сатып алушының міндеттері туралы NBG 371-бабында көзделген.

Техникаға қатысты шарт бойынша қиын сұрақ туындайды, техника сатушының қарауымен орналастырылуы және жұмыс істейтіндігі тексерілуі тиіс. Егер осылар сатып алу-сату шартында тікелей қарастырылған болса, ол жеткізілгеннен кейін өз орнына орналастырылғанда сатып алушыға тәуекел тапсырылады. Бірақ, егер шарт Werklieferungsvertrag ретінде саналса, тәуекел тек Abnahme кезінде тапсырылады, яғни техниканың жұмыс істейтіндігі тексерілгеннен кейін басталады. Әрине, бұл мәселелерді шартта тікелей белгілеу керек, мұнда заңның арнайы қалыптарына сілтеме жасаудың қажеті жоқ.

Француз құқығындағыдай, ақау тәуекел тапсырылғанға дейін бар факті ретінде қарастырылады, егер ақау енді ғана қалыптаса бастаса, оның барлығы тек жеткізілгеннен кейін анықталады.

Жасырын ақауды байқаған жағдайда қолданылатын соттық қорғау тәсілдері

Арнайы тауарлар жеткізілгеннен кейін, тауардың жасырын ақауларын байқаса, сатып алушы жоғарыда айтылғандай, шартты бұзуға немесе тауарды қайтарып беруге және бағаны төмендету туралы талап арыз беруге құқылы.

Егер олар жалпы тауарлар болса, балама шешім ретінде сатып алушы тауарды өзгертуін талап етуге және сатушы міндеттемесін орындамаған жағдайда, келген залалдың орнын толтыруын талап етуге құқылы.