Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_leumettanu_2_rgr_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114 Кб
Скачать
☆

3. Бөлім. Жұмыссыздықтың әлеуметтік жағдайлары

3.1. Жұмыссыздық деңгейін бағалау

Қазақстанның нарыққа көшуі жұмыс істеуге қабілетті адамдардың жұмыспен қамтылуын төмендетіп жіберді. Жұмыссыздық көбейіп кетті. Жұмыс күшінің көлеңкелі нарығы дамыды.

Қазақстанда қатарына жұмыс істеуге қабілетті жастағы оқушылар, өндірістен қол үзіп оқып жүргендер, экономикалық қызметпен айналыспайтын  және оқымайтын жұмыс істеуге қабілетті тұрғындар, жұмыс істемейтін көп балалы аналар, үй шаруасындағы әй елдер және басқа да жұмыс істемейтін адамдар енетін жұмыссыздардың үлесі 2002 жылдың басында халықтың 13.5%, ал жекелеген аймақтар бойынша 15% және одан да көп пайызды құрайды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2011 жылғы қараша айының соңына 82,6 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,9%-ын құрады (2010ж. қарашада – 0,6%).

2011 жылғы қарашада бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4%-ын құрады.

Республика экономикасында 2011 жылғы қарашада (бағалау бойынша) 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 347,2 мың адамға немесе 4,3%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,7 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67,2%) құрады.

3.2 Кедейшілік пен жұмыссыздық себептері Қазақстанда нарық реформалары кезеңінде жұмыс істеуге қабілееті халықтың экономикалық белсенділігі едәуір қысқарып кетті. 1991 жылдан бастап халықтың табысы азйып, кедейлігі артты. Осы уақытта, статистикалық деректерге қарағанда, ең ауқатты және ең кедей азаматтардың ақшалай кірістерінің арасындағы алшақтық 4 еседен 11 есеге дейін өсіп кетті. Сонымен бірге, кірістерді екінші рет және одан кейін қайта бөлуді, қайырымдылық көмегін және есепке алынбайтын кірістер көздерін статистика есепке алмайды. Еңбекақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейіне қатысты есептеу коэфицентін пайдалану кедей аудандардың жартысынан астамы Алматы, Оңтүстік Қазақстан облстарында шоғырланғандығын көрсетеді. Еңбекақы мөлшерінің ең төменгі деңгейіне қатысты есептеу коэффицентінің 25 пайыздан аспайтын мөлшері кедей аудандарда жатқызудың өлшемі болып табылады. Қазақстандағы кедейшілік пен жұмыссыздықтың негізгі себептері: Халықтың тұрақты тұратын жерінде сұранысқа ие жұмыс орындарының болмауы;

Нарыққа көшу жағдайында халықтың кәсіпкерлікпен айналысуға және жұмыс іздеуге даяр болмауы;

Шағын және кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы және материалдық ресурстарға қол жеткізуінің шектеулігі;

Шағын және жеке кәсіпкерлікті қолдау инфроқұрылымының, соның ішінде ақпараттық және оқытумен қамтамасыз етудің нашар дамуы;

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қолданылып жүрген заңнамада көзделген өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін жеткілікті пайдаланбауы; Тауар өндірумен айналысатын шағын кәсіпкерлікке атаулы мемлекеттік қолдау көрсетудің жеткілікті түрде ашық жүргізілмеуі;

Инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру кезінде пайдаланылатын кең тараған мамандықтар бойынша шетелдік жұмысшылар әкелуге жеткілікті бақылаудың болмауы;

Жергілікті атқарушы органдар өз қамтамасыз етілген азаматтарға әлуметтік көмек көрседуді жүзеге асырудағы мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі; Жұмыс істеп жатқан ұйымдардың базасында немесе жаңа ұйымдар құруға қоса қатысу арқылы жұмыс орындарын құруғажәрдемдесуді ұйымдастыруда жергілікті органдардың белсендігінің жетіспеуі;

Базасы арзан шетелдік тауарлар әкелуіне байланысты отандық тауарлардың бәсекеге төтеп бере алмауы.

Облыста жұмыспен қамту органдарының 2005 жылғы қаңтардың 1 –не дейінгі есебі бойынша 6593 жұмыссыз тіркелген, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 9,4 пайызға аз (7245).

Желтоқсан айындағы экономикалық белсенді тұрғындар санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 2,1 Жұмыссыздардың 62,2 пайызын (4082 адам) әйелдер құрайды, мұның 62,8 пайызы (2563 адам) ауылдық жердегі әйелдер. 2004 жылы әртүрлі себептер бойынша бес кәсіпорынның жекелеген цехтары мен учаскелерінде өндіріс ішінара тоқтатылған. 409 адам мәжбүр етілген демалысқа жіберілген. өткен жылы. 9282 жұмыссыз ( оның 7103 – і ауылдық жерден) ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатыстырылды, 1491 адам кәсіптік біліктілігін көтерген.

Қазіргі кезде облыста 5887 кедей отбасы бар. әр түрлі меншік түріндегі - кәсіпорын – ұйымға аз қамтылған 2166 отбасы бекітіліп берілген. өткен жылы кедей отбасыларға барлық қаржы көздерінен 540,6 млн. теңгенің көмегі көрсетілген, бұл алдыңғы жылғыдан 17,1 пайызға аз. Сондай – ақ 7000 мың отбасыға 293,6 млн. теңге көлемінде атаулы әлуметтік көмек көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]