- •1. Оңтүстік Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасының миссиясы және көзқарасы.
- •2. Ағымдағы жағдайдың сараптамасы
- •2.1. Жер қорының жалпы сипаттамасы
- •2.2. Жер ресурстарын пайдаланудағы және жер қатынастарындағы өзекті мәселелер.
- •3. Оңтүстік Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
- •Облыстық жер қатынастары басқармасының стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын мемлекеттік стратегиялық мақсаттарына сәйкестендіру
- •4. Облыстық жер қатынастары басқармасының функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдері
- •5. Нормативтік құқықтық актілер
- •6. Облыстық жер қатынастары басқармасының бюджеттік бағдарламасы.
- •Стратегиялық бағыттар мен мақсаттарға, міндеттерге және бюджеттік бағдарламаларға шығындардың бөлінуі
4. Облыстық жер қатынастары басқармасының функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдері
Облыс жер ресурстарын тиімді пайдалану, аудандар мен қалалар арасында жер қатынастарын үйлестіру мен дамыту, жер асты қазба байлықтарын пайдалану мақсатында және магистралды құбырлар жүйелеріне, газ және мұнай өндеу құрылыс нысандарына жер учаскелерін беру, алу туралы облыстық атқарушы органның ұсынысын және шешімінің жобасын дайындау, жерлерді тиімді пайдалану және жер құнарлығын арттыру жөніндегі аудандық, қалалық іс шараларға сараптама жүргізу, аудандар мен қалалардың мәліметтеріне сәйкес жылдық тепе теңдік жер есебін жасау, жерге орналастыру жұмыстарын лицензиялау, жер заңдылығына сәйкес ауылшаруашылық алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға ұсыныстар дайындау облыстық жер қатынастары басқармасына жүктелген.
Көзделген стратегиялық мақсатқа жетуге бірқатар жоспарланған іс шаралар ықпал етеді, атап айтқанда жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бағытында жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімдеріне үйлестіру мен басқару және бақылау жүргізу, аудандар мен қалалардың жер қатынастары бөлімдерінің мәліметтері негізінде есеп сапасын жақсарту, облыстың жер ресурстары туралы қорытынды ақпараттар дайындау. Жер ресурстарын басқару жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігіне жер қатынастарынан туындайтын дәлелдемелерге сәйкес өзгертулер мен қосымшалар жобаларын енгізу арқылы жер заңдылықтарын дамыту.
Көзделген мақсатқа жетуге кедергі жасайтын облыстық жер қатынастары басқармасының ықтимал тәуекелдері.
Кадрлық тәуекел. Облыстық жер қатынастары басқармасының жаңадан жұмысқа қабылдаған мамандарының кәсіби мүмкіндіктері мен біліктілігін арттыру.
Технологиялық тәуекел. Жер жағдайының қазіргі денгейіне қарай облысты мемлекеттік топографиялық карталармен жабдықталмаған кезде экономикалық мәселелердің шешілуіне және жер құқық қатынастарына әсерін тигізеді
«Электронды үкімет» аясында құрылып жатқан автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді ұтымды пайдалану үшін, заманауи компьютерлік құрал жабдықтарды талап етеді.
Тәуекелдің атауы |
Алдын алу және/немесе уақтылы әсер ету шараларын қабылдамаған жағдайдағы салдарлары |
Басқару тетіктері мен шаралары |
Кадрлық тәуекел |
Басқарма қызметкерлерінің кәсіптік мүмкіндіктерінің төмендеуінің салдарынан өздеріне жүктелген міндеттерінің орындалуы дұрыс деңгейде болуы мүмкіншілігі азаяды. |
Басқарма мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында даярлау және қайта даярлау, жер ресурстарын басқаруды зерттеу және басқару мақсатында мамандарды даярлау, жер заңдылықтарын үйрету. |
Технологиялық тәуекел |
Облыс аумағының жергілікті жердің қазіргі заманғы жағдайына және мемлекеттік топонимикаға сәйкес мемлекеттік топографиялық карталармен қамтамасыз етілмеуі жер құқық қатынастары және экономиканың көптеген мәселелерін шешуде кері әсерін тигізеді. |
Мемлекеттік тапсырысты уақытылы орындауға жағдайлар жасау, оның тиімді және сапалы орындалуына мониторинг және бақылау жасау. |
