Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын тарих шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
511 Кб
Скачать
☆

13. “Ұлы Жібек жолы” және Қазақстанның көне қалалары.

Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еурозияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы. 7 мың шақырымнан астам. Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді. Жібек жолы бағыты. Хуанхэ өзені-Ұлы Қытай қорғанының батысы-Іле өзені –Ыстықкөл.

Солтүстік бағыт –Испиджаб (Оңт.Қазақстан) - Орта Азия мен Түркістан - Сырдарияның төменгі ағысы – Батыс Қазақстан –Қара теңіздің солтүстік – шығысы – Еуропа

Оңтүстік бағыт – Ферғана, Самарқан – Иран, Ирак, Сирия – Жерорта теңізі

Жетісу – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы.

Қалалар.

Құлан қаласы – (қытайша Цзюйлень) қазіргі Луговое селосының орны. Ілебалық – қаласы- Іленің оң жағалауы, қазіргі Көктал поселкесінің орны. Екіоғыз (Эквиус) –Іле аңғарындағы үлкен қала, қазіргі Дунгановка селосының орны. Отырар, Шауғар –Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар.

14. Қазақстанның VІ-ХIII ғғ. мәдениеті.Қолөнер түрлері –қыш өндірісі, ұсталық, зергерлік, тоқымашылық, шыны жасау, сүйек өңдеу, ағаш өңдеу. Металлургияның дамуы түрік қағандарына әскерін қарумен жабдықтауына мүмкіндік берді.

VIII – IX ғ. Жетісуда күміс заттарды шығару өндірістің негізгі түріне айналды. Отырар, Құйрықтөбе, Талғар, Тараздан қыш құмыра жасайтын шеберханалар табылды.

Сауда. Қала дамуындағы негізгі факторлардың бірі. Қағанаттар Византия,Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Шығыс Түркістан, Сібірмен сауда байланыстарын жасаған.

Сауда түрлері.-халықаралық сауда.-қаланың өз аумағындағы сауда.-қала мен дала арасындағы сауда.

Ақша. Алғашқы түркеш теңгелері Таразда соғылған. Кейін Испиджаб, Отырар, Будукет, Таразда теңге сарайлары салынған.1210, 1217-1218 жж. –Хорезм шахы Мұхаммед Текеш Отырарда теңге соқтырған.

,,,,,,,,,,,. ХІІ-ХІІІ ғғ. найман, керей, жалайыр тайпалары.

Мекені –Монғолияның орта және батыс ауданы. Хғ. –Қазақстанға қоныстана бастады.

Найман. Мекені – Орхон өзені – Алтай.ХІІ ғ. 2 жартысы –Найман мемелекетінің аты шыға бастады. Орталығы – Балықты(Орхон маңы) билеушісі –хан. Наркеш Дайын хан (1160-1203жж) / Инанч –білге хан / Бұйрық пен Даян хандар(Білгенің ұлдары). Соғыстары. Бұйрық хан Шыңғыс пен Ван хандардан жеңіліп, Енисей қырғыздарына қашты.1201жыл – қырғыз, меркіт, наймандар құрылтайға жиналып, әскери одақ құрды. Соғақ суаты шайқасында одақтастар әскері Шыңғыс әскерінен жеңілді. 1204жыл – Даян ханды Шыңғыс әскері жеңді. Күшлік (Даянның ұлы) хан Жетісуға қашады.

Керейіттер. Мекені. Орхон, Керулер, Селенга, Аргун өзендері. Орталығы – Битөбе жері(Хантәңірі тауы, Улан –Батор маңы). Керейт хандығыныңқұрамына 8 аймақ кірді. Керей, жиркиы, қоңқай, сақай, тутау,албат, тунхай, қырқун.

Жалайырлар. Мекені. Селенга, Хилок,Орхон өзендері, Қарақорым таулы қыраттары. –Жалайыр Мұқылай –Шыңғыс ханның ең жақын адамы, түменбасы. – Жалайыр Жамұқа -1201ж. өзін гурхан деп жариялап, таққа отырды. Шыңғыс хан Жамұқаны жеңіп, жалайырларды бағындырды. Қазақ халқының құрамына енген жалайырлар Жетісуда орналасқан.басқару жүйесі –хандық билік.

15. Қазақстан өлкесін моңғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы.ХІІІ –басы монғол тайпалары Керей, Найман, Жалайыр хандықтарының шекарасына іргелес орналасқан. Негізін салушы - бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадүрдің баласы Теміжүн (1155/1162-1227жж.) 1206 жылы –Онон мен Керулен өзені бойындағы көшпелі ақсүйектер құрылтайында Шыңғысхан атанды.

Орта Азия мен Қазақстан

-жетісудың гүлденген қалалары мен құнарлы жайылымдары қызықтырды

-1217 жыл –Жебе ноян Күшлік ханның Жетісудағы иеліктерін басып алуға аттанды.

-1218жылы –монғолдар Жетісуға енді.

Монғол ұлыстары.

Қазақстан жері 3 монғол ұлысының құрамына енді.

Жошы ұлысы-Ертістің батысы – Еуропаға дейінгі жер. –Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік – шығысы. Орталығы –Ертіс өзені бойында немесе Сарысу-Кеңгір өзендерінің құйылысында орналасқан.

Шағатай ұлысы. Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан, Мәуреннахр (Орта Азия). Орталығы -Алмалық. Жазғы ордасы –Іле өзені бойындағы Құяш.

Үгедей ұлысы. Батыс Монғолия, Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағасы. Ордасы –Чугучук маңы. Ұлы хан болғасын – Қарақорым.

Төле ұлысы. Монғолия. 1227жыл – Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін, оның орнына Үгедей отырды.

1259 жыл – ұлы хан Мөңке қайтыс болғасын Шыңғыс тұқымдары арасындағы талас күшейе түсті.

. Моңғол шапқыншылығының салдарлары.

-жаулап алынған елдердің экономикалық және мәдени дамуына тежеу салды.

-халық жаппай қырылып, өндіргіш күштер әлсіреді.

-Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың гүлденген қалалары мен қала мәдениеті жойылды.

-шаруашылық құлдырады

-егіншілік мәдениеті жойылып, көшпелі мал шаруашылығы басым бола бастады.

-қазақ халқының қалыптасу үрдісін тежеді.

-Жетісудағы елді мекендер азайды

16. Алтын Орда құрамындағы Қазақстан: саяси және мемлекеттік құрылысы.Обь пен Ертістің жоғарғы бастауларынан Еділ мен Әмударияның төменгі ағысына дейінгі орасан зор аумақта Батый хан Алтын Орда мемлекетін құрды. Астанасы –Сарай –Бату, кейінірек-Батыйдың ағасы Берке ханның билігі тұсында түпкілікті соққы 1260 жылы берілді. Исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Өзбек ханның тұсында (1312-1342), сондай – ақ оның ұлы Жәнібек ханның кезінде (1342-1357) нығайып, күшті мемлекетке алды.

17. ХІV-ХV ғасырдың І-жартысындағы Ақ Орда.Оң қанат – Батый басқарған,кейін Алтын Орда аталған.

Сол қанат – Орда Ежен басқарған Дешті Қыпшақтың шығысы, кейін Ақ Орда атанған.

Ақ Орда –Қазақстан аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет, 240 жылға жуық салтанат құрған. Аумағы. Жайық өзені –Батыс –Сібір ойпаты, Сырдарияның орта, төменгі ағысы. Астанасы –Сығанақ. Ақ Орда Орда Ежен мен Шайбан хандардың жерін қамтыды. Ұрыс хан өлтірген Маңғыстау билеушісі Түй –Қожаның баласы Әмір Темірді пайдаланды. Ал болса Тоқтамысты әскермен Ақ Ордаға жіберді Ұрыс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғасын Тоқтамыс Ақ Орда билігін алды.

18. ХІV-ХVІ ғасырдың бас кезіндегі Ноғай ордасының саяси тарихы мен этникалық құрамы.Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында пайда болған ірі мемелекеттік бірлестіктің бірі –Ноғай Ордасы (Қазақстанның солтүстік –батысы).Нұраддин (1426-1440жж.) тұсында Алтын Ордадан Ноғай Ордасы бөлініп, дербес мемлекет атанды.

ХV-Ғ. ортасы –ноғайлар Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерді бағындырды. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. ХVІ –Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Екіге бөлінді. 1-ші Үлкен Ноғайлы-Еділдің шығысы 2-ші Кіші Ноғайлы –Еділдің батысы.

19. Моғолстан мемлекеті және Әмір Темірдің Қазақстан жеріне басқыншылық жорықтары.XIV ғ. ортасы –Шағатай ұлысы ыдырады. Негізін салушы – дулат тайпасының басшысы - Әмір Поладшы. Билеушісі –Тоғылық Темір хан(1348-1368). Аумағы –Оңтүстік –шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Астанасы – Алмалық ,орталық аймағы –Жетісу.

Тоғылық Темірдің сыртқы саясаттағы мақсаты-Шағатай ұлысының кезіндегі Орта Азиядағы билікті қалпына келтіру. Әмір Темір Моғолстан мен Ақ Ордаға шабуылдап, оған қарсы екі хандық одақ құрады.

-Қызыр –Қожа хан Темірді жеңе алмай, өзін оның вассалы деп мойындады.

-Мұхаммед хан (1408-1416) Темір ықпалынан құтылып, Шу-Талас бойын қайтарып алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]