Сәуледиодтық принтерлер
Сәуледиодтың принтерлер лазерлік принтерді толықтай қайталайды, тек айырмашылығы, бір лазер емес, бірнеше жарық диодтары бар сызғыш қолданылады. Бұндай технология, өз кезегінде, баспаның жылдамдығын жоғарылатып және принтердің өлшемін кішірейтуге мүмкіндік береді.
Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережісі
Есептеуіш техника кабінетінде жұмыс жасау кезінде техника қауыпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Аталған міндетті орындауға оқушы төмендегідей:
Жалпы ережелерді;
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
Жұмыс жасау кезіндегі;
Аппаттық жағдайда;
Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелеріне білуге тиіс.
Жалпы техника қауыпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға,
бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін талаптарын орындау ережесімен танысқандығын туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауыпсіздік ережесінің
талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғындығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;
жұмыс жасау кезінде сымдардын дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Оқушынын дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника
қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
ЭЕМ – мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60 – 70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кірушілермен орнына тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
Көзі шаршаған жағдайда орнына тұрмай – ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
Элетр тоғымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымн жұмыс істеуге және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет.
Көз жаттығуларын білу міндетті.
Аппаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын
талаптар:
Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек:
От сөндіруде көмек корсету қажет;
Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек;
Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал – жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әр түрлі материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі
ережесінің талаптары:
Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;
Жұмыс орнын ретке келтіру;
Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.
