Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гули отчет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93 Кб
Скачать
☆

2.1 Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері

Ақша қаражаттарының сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің касссасы болады. Касса орналасқан үй-жайы кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен-сақтау сигнализация құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес оқшаулануға әрі жабдықталуға тиіс. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Белгілі бір субъектіге тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады.

Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.

Кассаға ақша қабылдау бас бухгалтер қол қоятын касса кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды түлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) беріледі. Төлемдерге ақша билеттері мен теңге ақшаларды қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықгау тәртібі белгілерін» басшылықңа алуға міндетті.

Кассалық операцияларды дайындау кезінде төмендегі құжаттар пайдаланылады:

- кіріс кассалық ордерлер;

- шығыс кассалық ордерлер,

- кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы,

- кассалық кітап.

Кассаға қолма-қол ақша кіріс кассалық ордер бойынша қабылданады,ал шығыс болуы- шығыс кассалық ордерлер бойынша жасалады.Оларға ақша алу немесе беруге негіз болған құжаттар қоса тіркеледі.

Ақша өткізетін тұлғаға кіріс кассалық ордерінің бөлігі болатын жыртылмалы квитанция беріледі.Қолма-қол ақша беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе оған қоса тігілетін құжаттарда қаржы басқарушының қолтаңбасы болуы тиіс. Құжаттарға келсек,олар қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын күні,айы,жылы белгіленген "Алынды" немесе "Төленді" таңбасымен жойылады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулер жол берілмейді.

Егер ақша бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін жағдайда,сол шығыс ордерінде реквизиттері жазылатын төл құжат немесе оның орнына жүретін құжатын көрсету тиіс.

Кіріс және шығыс ордерлерге кезекті номер беріледі,тіркеу жулналында есепке алынады.

Кассаға түгендеу жасалған кезде, ақша қаражаттары және купюрлер бойынша бір бірлеп саналады. Бағалы қағаздар, қаржы құжаттары,арнайы есеп беру бланктері актіде түрлеріне байланысты көрсетіліп,олардың аты, нөмірі, сериясы, номиналдық құны жазылады және кассадағы басқа да бағалы заттар тексеріліп,есепке алынады. Қолма-қол ақшаны есептеген кезде, кассадағы нақты ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар есепке алынады (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер және басқа да заңға сәйкес шығарылған бағалы қағаздар).

Қолма-қол ақша сомасы актіге купюрлар бойынша енгізіліп, көрсетіледі.

Түгендеу актісіндегі қолма -қол ақшаның мөлшері, түгендеу жасалған күндегі кассирдің есебімен, кассадағы бар ақша қалдығымен салыстырылып, нәтижесі шығарылады. Егер түгендеу кезінде кем, болмаса артық шыққан қаржы табылса, оның сомасы актіде көрсетіледі.

Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгендеу, осы счеттағы соманы тексеру арқылы жүргізіледі:

1) қолма - қол ақша тапсырылса - банк мекемелерінің, пошта бөлімшелерінің түбіртектерін, банк инкассаторларының өткізген ақшалары бойынша жасалған ведомостарының көшірмелерін ж.т.б. мәліметтерді салыстырады;

2) меншік иесінің аударған сомасы немесе басқа да мекемелерден келіп түскен ескерту (авизо) сомасы, көрсетілген уақытында, төлем тапсырмасының нөміріне, соманы аударуға қабылданған банк мекемесі болмаса пошта бөлімшелері бойынша тексеріледі.

1040 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары" - бұл активті баланстық шот.

Оның қалдығы айдың басына есеп айырысу шотында кәсіпорын қаражаттарының мөлшерін бейнелейді,дебет бойынша айналым - өнімді өткізуден, дебиторлық қарыздардың жабылуы есебінен, банк несиелерінің келуінен, кассаға қолма-қол ақша салымынан және т.б келген қаражаттарды есепке алу бейнеленеді. Кредит бойынша әр түрлі төлемдер нәтижесінде, сондай-ақ оларды кассаға өткізу нәтижесінде қаражаттардың кемуі көрсетіледі.

Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алған тауарлық-материалдық қорлар үшін қойған шоттары төленеді, бюджетпен есеп айырысулар, еңбекақыға, зейнетақыға, жәрдемақыға, және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қол ақша беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару жөніндегі операцияларды шоттың жазбаша өнімі негізінде ақшамен немесе олардың (жабықтаушылардың, мердігерлердің төлем құжаттарын төлеу) келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттардың, салық және қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз тәртіппен өндірілетін төлемдерден басқасы, жүргізіледі. Ағымдық шоттағы қаражат жеткіліксіз немесе мерзімінде төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне қарай төленеді.

Бухгалтерлiк баланста шетелдік валютадағы шот бойынша қаржылардың қалдығы және шетелдiк валютамен көрсетiлген кредиторлық борыш есеп берiп отырған кезеңнiң соңғы күнiнде қолданылған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша шетелдiк валютамен қайта есептеу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасымен бейнеленедi. Сонымен бiрге аталған жазбалар есеп айырысулар мен төлемдер валютасымен жүзеге асырылады.

Шетелдік валютадағы шоттар бойынша операциялардың жасалу және ресiмдеу тәртiбi қолданылып жүрген заңдармен реттеледi. Шетелдік валютадағы шоттар қаражаттардың қозғалысы және шетелдiк валютамен операциялар бухгалтерлiк есепте ақша-есеп айырысу құжаттары жазылған күнi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша шетелдiк валютамен қайта есептеу арқылы алынған Қазақстан Республикасының валютасымен көрсетіледi. Осы операцияларды есепке алумен бiрге есеп айырысулар мен төлемдер валютамен жүргiзiледi. Бюджеттік қаражаттар есебiнен шетел валютасын сатып алу кезiнде «Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар» қосалқы шотына дебеттеледi және «Бюджет бойынша лимиттер», «Жергілікті бюджеттер бойынша лимиттер» шотына кредиттеледi. Шетел валютасы шетелдік валютадағы шотқа түскен кезде «Шетел валютасындағы шот» қосалқы шотына дебеттеледi және «Бекiтiлген сметаның шегiнде, басқа дебиторлармен және кредиторлармен жасалатын есептемелер» кредиттеледi, сонымен бiрге екiншi жазба жазылады. Шетел валютасымен алынған сомаға «Бюджет бойынша шығыстар» шотының дебетiне және «Шетел валютасындағы қаражат қоры» қосалқы шотының кредитiне және комиссиондық алым сомасына «Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар».

Есеп айырысудың айқын ұйымдастырылуы айналымдағы қаржылардың айналымдылығын тездетуге, төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайларда кәсіпорынға айыппұлдар мен өсім төлеуден құтылу мүмкіндігін береді.

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша операцияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айрысу) және бюджеттік шот ашуына құқылы.

Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді:

  • шот ашу жөнінде өтініш,

  • кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі) жарғы көшірмесінің бір данасы,

  • мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорынның қаржыларын басқарушылардың қол таңбалары қойылғын нотариуспен бекітілген екі карточка,

  • кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдарынан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы.

Салық төлеушілер тоқсан сайын салық органдарына өздерінің Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған барлық шоттары (валюталық , депозитті т.б) туралы мәліметтерді беріп тұруға міндетті.

Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептер жүргізіледі, еңбекақы төлеу, іс-сапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес босатылады.

Қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін ұйымның банкіде есеп шоты болуға тиіс. Шот ашу үшін арнаулы үлгідегі өтініш толтырылып, оған құрылтай құжаттарының көшірмесі, бірінші басшы мен қол үлгісінің карточкасына енгізілген қол қою құқығы бар басқа да тұлғалардың қызметке тағайындалғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері қоса тапсырылады. Карточка толтырылып, ұйым қаржысын басқаруға құқылы тұлғалардың қолдары карточкаға қойылып, мөр басылады. Банкілік қызмет банкілік қызмет көрсету туралы Келісім шарт бойынша іске асырылады, келісім шартта міндетті түрде қызмет көрсетудің бағасы қосымша бойынша көрсетіледі.

Банк шоты бойынша операциялар мына негіздер бойынша іске асырылады:

  • шот иесінің тапсырысы;

  • шот иесімен акцептіленген үшінші тұлғалардың талаптары;

  • заң бойынша шот иесімен акцептіленуді талап етпейтін үшінші тұлғалардың талаптары;

  • ҚР заңнамалары мен келісім шартқа сәйкес шот иесінің пайдасына қарама қайшы болмайтын шот жүргізуші банктің жарлықтары.

Төлем тапсырмасы – бұл банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма.

Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы меноның банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасынорындауға қабылдап алып оның соңғы данасына таңба қояды одан соң ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге қайтып береді. Басылған бірақ банкіге өткізілмеген төлем –тапсырмасы он күн ішінде жарамды болып саналады.

Қазіргі уақытта “Интернет-банкинг” жүйесін қолдануға болады, ол арқылы төлем тапсырыстары мен банк хабарламасын алу электрондық түрде іске асырылады. Электрондық құжаттарды кез келген уақытта қағаз түріне алмастырып, оның түпнұсқа екендігін банкіде растап алуға болады. Мұндай тәсіл өте қолайлы, әрі уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Чек. Банктегі есеп шоттан қолма-қол ақша алу үшін, шот иесі чектерді, яғни арнаулы тапсырыс-бланкісін пайдаланады. 25-50 чек бір чек кітапшасына біріктірілген. Чек бір дана етіліп сиямен толтырылады. Чектің бірінші бетінде сома жазбаша түрде жазылып, ақша алушының тегі, аты, жөні, чектің жазылған күні, ұйымның атауы, есеп шотының нөмірі мен СТН-і көрсетіледі. Чектің келесі бетінде ақшаның қандай мақсатқа алынатыны, чекте көрсетілген адамның жеке төлқұжатының деректері жазылады. Сонымен қатар, чек кітапшасында сақталып қалатын чектің түбірі толтырылады. Толтырылған күннен бастап 10 күн ішінде чек заңды болып саналады. Чекке түзетулер енгізуге болмайды. Егер қателікке жол берілсе, бүлінген чек сызып тасталып, “жойылды” деген жазбасымен сақтау мерзімі аяқталғанға дейін чек түбірлерімен бірге сақталады (есеп саясатында көрсетілгендей). (Толтырылған чектің мысалы қосымша ретінде ұсынылады).