Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППрактика.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98 Кб
Скачать
☆

Өрттің сипаттамалары

1.Жарқ ету температурасы;

2. тұтану температурасы;

3. Өздігінен тұтану температурасы;

4. Жалынның таралуының концентрациялық шектері.

Пероксидтерді қолданудың қауіпсіздік ережелері

Ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізгенде пероксидтер көп мөлшерде қолданылады. Перооксидтердің реакциялық қабылеті өте жоғары. Олардың қолданылуы: поливинил хлорид синтезінде, лактар, поли эфирлік шайырларында, полиэтиленді синтездегенде органикалық пероксидтер өртке және жарылысқа қаупі жоғары заттар болып табылады. Құрамында оттегі көп болған жағдайда жарылысқа және ыдрауға пероксидтердің сезімталдығы жоғары. Мысалы, бензол пероксидінде димерлік ацетон пероксидінде кейбір жарылғыш заттардың соққыға сезімталдығымен салыстырғанда бірдей. Өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі бұзылғанда перокситтермен жұмыс барысында өрт, жарылыс болуы мүмкін. Көптеген сұйық органикалық пероксидтердің жарқ ету температуралары төмен.

Лабароторияда органикалық пероксидтердің сақтау ережесі бойынша бір тәулікте қолданатын көлемнен аспау керек. Металдан жасалған қораптарда қоршаған ортаның температурасы олардың ыдырау температурасынан төмен болу керек. Сұйық органикалық пероксидтерді сақтағанда полиэтиленнен немесе қарар шыныдан жасалғна сиымдылықтар пайдаланылады.

Химиялық шыныларды жуу әдіс-тәсілдері

Зерттеу жұмыстарын өткізгенде химиялық шыны тазалығына назар аудару керек. Химиялық жуу әдістері химиялық реактивтердің қолданылуына байланысты. Кей жағдайларда шыны шайырмен және маймен ластанғанда шыныны су немесе ыстық сумен жуады, басқа жағдайларда органикалық еріткіштер пайдаланылады. Диэтил эфирі, спирт, ацетон эфирлерді пайдаланғанда өрт қаупі туады. Химиялық лабароторияларда көптеген жағдайлар өртке қауіпсіз препараттармен ерітіледі. Мысалы шыныны жуғанда 10%-қ тринатрий фосфаты ертіндісін пайдаланады. Тағы да жуу қасиеті жақсы сабындарды қолдануға болады. Жуу сапасын жоғарлату үшін фильтрлі қағаздар қолданылады.

Бюретка, пиаеткаларды жуғанда хром қышқылы пайдаланылады. Оны қалай аламыз? Ертіндіге күкірт қышқылы қосылады. Ертіндінің құрамына хромқышқылды натрий қышқылы сумен араластырылады. Шыны жууға арналған тағы бір ертінді 1Л күкірт қышқылына бихромат натрий қосылады. Бұл ертінді шыны қатты ластанғанда пайдаланылады.

Тоңазытқыштарды қолданғандағы өрт қауіпсіздігі

Химиялық лабораторияларда зерттеу жұмыстарын өткізгенде кейбір химиялық реактивтерді бір қалыпты температурада сақтауға мәжбүрлік туады. Бұл мақсат үшін тек жай тоңазытқыштармен қатар электір тоңазытқыштар қолданылады. Электр тоңазытқыштар химиялық реактивтерді сақтауға арналған емес. Бұған мән бермей көптеген химиялық лабораторияларда тоңазытқыштарда тез тұтанатын және жанатын сұйықтар, өртке қауіпті реактивтер сақталады. Осы уақытқа дейін көптеген химиялық лабораториялардың тоңазытқыштары тоқ көзіне қосу реті стандартқа сәйкес қосылады. Бұл жағдайда олар тәулік бойы тоққа қосылып тұрады. Өртке және жарылысқа қауіпті химиялық реактивтерді бір қалыпты температурада сақтау үшін арнаулы техникалық тоңазытқыштар пайдаланылуы керек. Бұл тоңазытқыштардың ішінде жарық көздері болмауы керек.

Химиялық лабораториялырдың вентиляция жүйесіндегі өрт қауіпсіздік шаралары

Химиялық лабораторияларда вентиляция жүйелері және ауа алмастыру еңбек өткізу ретімен қамтамасыз етіледі. Бірақ кейбір жағдайларда вентилияция қондырғылары өрт қаупін туғызыады және оттың таралуынан ауа жүретін құбырлармен басқа аудиторияларға әсерін тигізеді. Вентиляция қондырғыларда (кабинеттегі ауа мен газдарды тартатын) жарылысқа қауіпті заттар пайда болуы мүмкін. Бұл аппараттардың филтірларында жарылғыш заттар жиналуы мүмкін. Бір уақытта жандырғыш көзі пайда болғанда жанғыш газдар мен заттар жануы мүмкін. Бұл өртке қауіп жүйесін көтереді. Кейбір вентиляция жүйелері винилпласт және жанғыш материялардан жасалуы мүмкін. Өрт кезінде жоғары температура әсерінен винилпласт балқып жанады және басқа аудиторияларға кедергісіз таралады.