Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2008_IAS-40.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆
  1. Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:

(а) жылжымайтын мүлікке инвестициялармен байланысты болашақ экономикалық пайдалардың кәсіпорынға келіп түсу мүмкіндігі бар; және

(b) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнын сенімді түрде өлшеуге болады.

  1. Танудың осы принципіне сәйкес кәсіпорын жылжымайтын мүлікке инвестицияларға жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды. Мұндай шығындар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісін сатып алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік объектісіне қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.

  2. 16-параграфта баяндалған тану принциптеріне сәйкес кәсіпорын мұндай жылжымайтын мүлік объектісіне күнделікті қызметтер көрсету шығындарын жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құндық балансында танымайды. Бұл шығындар туындау мөлшеріне қарай пайданың немесе залалдың құрамында танылады. Күнделікті қызметтер көрсетуге арналған шығындар – бұл негізінен еңбек пен шығыс материалдарының құны; бұған қоса олар ұсақ бөлшектердің құнын қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты көбінесе жылжымайтын мүлікті «жөндеу және ағымдағы қызметтер көрсетуге арналған шығыстар» ретінде анықталады.

  3. Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың бір бөлігі алмастыру жолымен алынуы мүмкін. Мысалы, ішкі қабырғалар бұрыннан бар қабырғалардың орнына салынуы мүмкін. Тану принципіне сәйкес кәсіпорын бұрын бар объектінің алмастырылатын бөлігіне шығындарды, егер тану өлшемдері сақталатын болса, мұндай шығындар туындаған кезде жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісінің баланстық құнында таниды.

Тану кезіндегі өлшеу

  1. Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды бастапқыда нақты шығындары бойынша өлшеу керек. Бастапқы өлшеуге операциялар бойынша шығындарды енгізу керек.

  2. Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды сатып алуға шығатын нақты шығындардың құрамына сатып алу бағасы мен кез келген тікелей шығындар кіреді. Тікелей шығындар, мысалы, білікті заң қызметін көрсету құнын, меншік құқығын беруге салынатын салықтарды және операция бойынша өзге де шығындарды қамтиды.

  3. [Алынып тасталған]

  4. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар құнына мыналар кірмейді:

  1. бастапқы шығындар (жылжымайтын мүлікті кәсіпорын басшылығы жоспарлап отырғандай қызмет жасай алуы үшін қажетті болатын күйге оны келтіруге қажетті жағдайларды қоспағанда);

  2. жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісі толығудың жоспарланған деңгейіне жеткенге дейін туындайтын операциялық залалдар;

  3. жылжымайтын мүліктің құрылысын салған немесе қайта құрған кезде туындайтын шикізат, еңбек немесе өзге ресурстардың нормативтен тыс ысыраптары.

  1. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар үшін ақы төлеу мерзімі ұзартылған жағдайда, нақты шығындар төлем мерзімі ұзартылмай төленген бағасы ретінде анықталады. Бұл сома мен төлемнің жалпы сомасының арасындағы айырма ұзарту мерзімі ішінде пайыздар төлеуге жұмсалған шығындар ретінде танылады.

  2. Жалдау шарты бойынша кәсіпорынның иелігінде тұрған және жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде жіктелетін жылжымайтын мүліктегі үлестің бастапқы құны 17 IAS 20-параграфына сәйкес қаржылық жал секілді анықталады, яғни актив екі мөлшердің: жылжымайтын мүліктің әділ құнының және ең төменгі жалдау төлемінің келтірілген құны бойынша танылуға тиіс. Баламалы сома аталған параграфқа сәйкес міндеттеме ретінде танылуға тиіс.

  3. Жал үшін төленген сыйлықақылар осы мақсаттар үшін ең төменгі жалдау төлемдерінің бір бөлігі ретінде ескеріледі және сондықтан активтің құнына енгізіліп, міндеттеме сомасынан шығарып тасталынады. Егер жалдау шарты бойынша кәсіпорынның иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің үлесі жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде жіктелсе, онда әділ құны бойынша ескерілген объекті жылжымайтын мүліктің негізінде жатқан емес, осындай үлес болып табылады. Жылжымайтын мүлік үлесінің әділ құнын анықтау жөніндегі нұсқау әділ құн бойынша есеп моделі үшін 33-52-параграфтарда баяндалған. Бұл нұсқау осы құн бастапқы тану мақсаттары үшін нақты шығындар ретінде пайдаланылған кезде әділ құнды анықтау кезінде қолданылады.

  4. Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың бір немесе бірнеше объектілері монетарлық емес активке немесе активтерге немесе монетарлық және монетарлық емес активтердің үйлесіміне айырбастау жолымен алынуы мүмкін. Төменде келтірілген тұжырымдар бір монетарлық емес активтің басқасына айырбасына жатады, бірақ олар сондай-ақ алдыңғы сөйлемде сипатталған барлық айырбастарға қолданылады. Жылжымайтын мүлікке мұндай инвестициялардың құны әділ құн бойынша өлшенеді, бұған мына жағдайлар кірмейді: (а) айырбас операциясының коммерциялық мағынасы болмаса, немесе (b) алынған активтің де, берілген активтің де әділ құны сенімді өлшене алмайды. Сатып алынатын актив, егер тіпті кәсіпорын берілген активті тануды шұғыл тоқтата алмаса да, осындай тәсілмен бағаланады. Егер сатып алынатын актив әділ құн бойынша өлшене алмаса, онда оның құны берілген активтің баланстық құны бойынша өлшенеді.

  5. Кәсіпорын болашақ ақша тасқындарының қандай дәрежеде болатынын, операциялар нәтижесінде қалай өзгеретінін назарға ала отырып, айырбас операциясының коммерциялық мағынасын айқындайды. Айырбас операциясының, егер:

  1. алынған активтің ақша ағындарының құрылымы (тәуекел, уақыт бойынша бөлініс және сома) берілген активтің ақша ағындарының құрылымынан ерекшеленсе, немесе

  2. кәсіпорын үшін сипатты операциялардың нәтижесінде оның қызметінің бір бөлігі айырбас нәтижесінде өзгерсе, және

  3. (а) мен (b)-ғы айырма айырбасталған активтердің әділ құнымен салыстырғанда елеулі болса, коммерциялық мағынасы болады.

Айырбас операциясының кәсіпорын үшін сипатты коммерциялық мағынасының бар-жоқтығын анықтау мақсаттары үшін айырбас операциясы қатысты болатын оның қызметінің бір бөлігінің құны салықтарды шегергеннен кейінгі ақша ағындарын көрсетуге тиіс. Бұл талдаудың нәтижесі кәсіпорынның егжей-тегжейлі есептерді жүргізуінсіз айқын болуға тиіс.

  1. Егер (а) әділ құнның негізделген есептік бағалаулары осы актив үшін елеусіз ауытқулардың шектерінде араласса немесе (б) осы шектердің шеңберінше түрлі есептік бағалаулардың ықтималдығын негізді бағалауға және оны әділ құнды есептеу кезінде пайдалануға болса, салыстырмалы рыноктық операциялары жоқ активтің әділ құны сенімді өлшене алады. Егер кәсіпорын құнын өлшеу үшін алынған немесе берілген активтің әділ құнын сенімді анықтай алса, онда құнды өлшеу үшін, егер алынған активтің әділ құны неғұрлым айқынырақ болып табылмаса, берілген активтің әділ құны пайдаланылады.

Танудан кейінгі өлшеу

Есеп саясаты

  1. 32А және 34-параграфтарда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кәсіпорын есеп саясаты ретінде 33-55-параграфтарда айтылған әділ құн бойынша есеп үлгісін, немесе 56-параграфта айтылған нақты шығындар бойынша есеп үлгісін таңдап, осы саясатты жылжымайтын мүлікке инвестициялардың барлық объектілеріне қолдануы керек.

  2. 8 “Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер” (IAS) ХҚЕС есеп саясатын өз бетінше өзгерту, осы өзгеріс нәтижесінде кәсіпорынның қаржы есептіліктері операциялардың, басқа оқиғалар және шарттардың кәсіпорынның қаржылық жағдайына, қаржылық көрсеткіштеріне немесе ақша қозғалыстарына әсері туралы сенімді және анағұрлым орынды ақпаратты қамтамасыз ететін болса ғана, жасалуы тиіс екендігін баяндайды. Әділ құн бойынша есеп үлгісінен нақты шығындар бойынша есеп үлгісіне көшудің ақпараттың неғұрлым сапалы ұсынылуын қамтамасыз етуі екіталай.

  3. Осы Стандарт барлық кәсіпорындар оны өлшеу (егер кәсіпорын әділ құн бойынша есеп үлгісін пайдаланса) немесе ақпаратты ашып көрсету (егер ол нақты шығындар бойынша есеп үлгісін пайдаланса) мақсатында жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнын анықтауын талап етеді. Кәсіпорындар жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнын танымал әрі тиісті кәсіпкерлік біліктілікті меңгерген, сондай-ақ осындай санаттағы инвестициялық жылжымайтын мүлікке бағалау жасау тәжірибесі бар және тап сол аумақта орналасқан тәуелсіз бағалаушының жылжымайтын мүлікке инвестицияларға бағалауы негізінде анықтауы мақұлданады, бірақ талап етілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]