Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты по казахскому языку.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

Билет № 23

Мәтінді оқып, аудар.

Жеті қазына мен жеті ырыс

Жеті қазына – қазақтың дәстүрілі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі.

Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: 1. жүйрік ат; 2. қыран бүркіт; 3. құмай тазы; 4. берен мылтық; 5. қанды ауыз қақпан; 6. майланғыш ау; 7. өткір кездік.

Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Қыран бүркіті – қуаты. Құмай тазысы – сенімді серігі. Мылтығы –оты. Қақпаны – серті. Ауы - әдіс-айласы. Кездігі – сұсы.

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің екіншісі – жеті ырыс.

«Жеті ырысқа» мыналарды жатқызады: 1. адамның ақылы, ой-санасы; 2. денсаулық; 3. ақ жаулық; 4. бала; 5. көңіл; 6. жер; 7. и

Билет № 24

Мәтінді оқып, аудар.

Қазақстан -2030 білім беру туралы

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деген Жолдауы жарияланды. Ол Жолдауда «Қазақстан -2030» даму стратегиясы баяндалады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің бәсекелестік қабілеттерін көтеру қажет»,-деп айтылған.

Осы бағдарламада президент ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет екенін атап көрсетті.

1. Ұлттық қауіпсіздік.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық топтасу.

3. Шетел инвестициялары ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.

5. Энергетика ресурстары.

6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.

7. Кәсіби мемлекет.

Билет № 25

Мәтінді оқып, аудар.

А қыл, ғылым, бақыт

Ақыл, ғылым, бақыт - үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып, таласып, сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті:

Бірінші - бақытқа: "Сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында, бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен байланыс, сонда көп жасайсың", - депті.

Екінші - ғылымға: "Дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайра-тасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бірақ та ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбады дегенді әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен байланыс, сонда абыроймен ұзақ жасайсың", - депті.

Үшінші - ақылға: "Дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ. Бірақ та ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да, кетесің. Ашу бүлдіріп-бүлдіріп кеткен соң, кіресің де, ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді.

Барыңдар, ақыл, сен адам бол, ғылым, сен ат бол, бақыт, сен қамшы бол. Үшеуің біріксең, ешбір мұқтаждарың болмайды", - депті.