Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ыбырай Алтынсарин ертегілер гімелер.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Алтын шеттеуік

Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады. Шешесі айтты:

- Бұл шеттеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал,- деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады: - Мен қара шеттеуікті алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар- деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен

артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шеттеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шеттеуікгерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады. Сондаатасы айтты: - Бұл шеттеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шеттеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана

қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар,- деді.

Асыл шөп

Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесине бір- біржәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты- мыс. Злиха ахлап- ухлеп шаршадым дел, Бәтима күліп, әзілдесип келе жатады. Сонда Злиха айтты: - Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?

- Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима. - Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, менде ауырымды жеңілдетейін деді Злиха - Ол шөп сенің қолыңа түспейме деп қорқамын аты: сабыр деген деді.

Ақымақ дос

Бір мырза орманнан бір аю баласын ұстап алып, үйіне алып келіп, сонша жақсы күтіп асырапты. Бір күндерде мырза қатты ауырып, бір айдай төсектен тұрмай жатып, сол уақытта аюды да қараған кісі болмай, бұл да қатты жүдеп зарығыпты. Аурудан азғана тәуір болған соң, мырза бір күні далада, есік алдына отырып, күннің жылысымен маужырап қалғиды, бірақ маңдайына, бетіне шыбын қонып, шыдатпайды. Соның бәрінде манағы аю көріп отыр

екен, мырзаға тыныштық бермегені үшін шыбынға қатты кейіді. Сөйтіп, аю ыза бола тұра жұлқып кеткенде шынжыры үзіліп кетіп, жүгіріп барды да, мырзаның бетіне табанымен салып келіп кеткенде, мырза қалпақтай ұшып, сол жерде- ақ жан тапсырды дейді. Бұл іс Дауыт пайғамбардың заманында болған екен. Аюды халық пайғамбарға сүйретіп алып барды, бұған қалайынша жаза береміз деп.

Әзірет Дауыт аюдан сұрады: - He себептен қожаңды өлтірдің?

Аю жылап айтты дейді: - Қожам мені баласындай күтіп, асыраушы еді, ол ауырған уақытта мені күткен кісі болмай, қожамның жазылуын тілеп зарықтым. Бүгін сол аурудан

тәуірірек болып, қожамның далаға шыққанына қуанып қарап тұрғанымда, мырза есік алдына отырып, қалғыйын деп еді, шыбындар тыныштық бермеді; соған ашуым келіп ұрғанымда қожам, не себептен екенін білмедім, өліп қалды. Мен қожама қастық ойламадым, шыбынды қырайын деп едім,- деді.

Білгеннің пайдасы

Бір қарт ұста күні- түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста мырзаға айтты: - Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де керегі болар. Бала нем кетеді деп, күнде

мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы соғуға үйреніпті. Мұнан соң бірнеше жылдар өткен соң, жұртында қатты жаугершілік басталып, Броунның мал- жаны таланып бітіп, өзі қатын, баласымен қашып шығыпты. Сонымен, ішерге- жеуге, киюге де кем- тар соғып, бір қалада жүрген уақытта, қаланың әкімі бұйрық шашты: әскерге көп етік керек, жақын жердегі қалалардың сататын мығы таусылды, мық даярласын, деп. Сонда манағы мырзаның мазаққа үйренген өнері есіне түсіп, патшалық етікшілерге хабар салды:

- Егер көп мық- шеге керек болса, мен пөдіретін аламын,- деп. Етікшілер істеген мығын керіп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің міндетін алып, көп мал тауып, ақыр өміріне дейін кемдік көрмей өтіпті- міс.

Бір уыс мақта

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:

- Балам, дүниедегі жаратылған жәндік- жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады: - Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп.Шешесі: - Балам, сол да жерде қалмайды,- деді.

Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен:

- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? – деп сұрады.

Әжесі айтты: - Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол

кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.