- •Халықаралық туризмнің тарихы
- •Халықаралық туризмнің тарихы
- •Авторлар:
- •І. Туризм тарихының негізгі сипаттамасы
- •1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні
- •1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері
- •1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері
- •1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру
- •Іі. Туризмнің даму тарихының кезеңдері
- •2.1 Хvііі ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм
- •2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм
- •2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм
- •2.5 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм
- •Ііі. Бұрынғы ксро-да туризмнің дамуы. Ресейдегі туризмнің қалыптасуы (хvііі-хх ғғ.)
- •3.1 Ағартушылық кезең (хіх ғасырдың 90 жылдарына дейін)
- •3.2 Кәсіпкерлік кезең (1890-1927 жж.)
- •3.3 Ұйымдастырушылық-орталықтанған кезең (1927-1969 жж.)
- •3.4 Әкімшілік-нормативті кезең (1970-1990 жж.)
- •3.5 Өтпелі кезең (1990 ж. Бастап)
- •3.6 Ксро-дағы туризм мен экскурсиялар. 1917-1927 жж. Туристік-экскурсиялық жұмыс
- •Іv. Халықаралық туризмнің даму тарихы
- •4.1 Қазақ кср-да туризмнің даму тарихы
- •4.2 Қазақстан Республикасында туризмнің даму кезеңдері
- •Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын кезеңдестіру
- •4.3 Әлемдік туризм дамуының кезеңдері
- •4.4 Халықаралық туризмнің дамуы
- •2020 Жылға қарай шығу туризмі бойынша көшбасшы елдер
- •2020 Жылға қарай кіру туризмі бойынша көшбасшы елдер
- •4.5 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу
- •4.6 Туристік ұйымдардың түрлері
- •Дүниежүзілік туристік ұйым (дтұ)
- •Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы (әкха)
- •Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (аахұ)
- •Аймақтық ұйымдар Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы (эыдұ)
- •Азиаттық-Тынық мұхит туристік ассоциациясы (атмта)
- •Глоссарий
- •Жерорта теңізі халықатарының маңызды жорықтары мен саяхаттары б.Э.Д. Ііі ғ. Бастап б.Э. Іі ғ. Дейін
- •Қытайлықтардың маңызды саяхаттары мен елшіліктері б.Э.Д. Іі ғ. Бастап б.Э. Ііі ғ.
- •Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының маңызды саяхаттары мен елшіліктері б.Э.Д. Ііі ғ. – б.Э. VI ғ.
- •Қытайлықтардың маңызды саяхаттары мен елшіліктері V — VIII ғғ.
- •Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының маңызды саяхаттары мен елшіліктері VII — хп ғғ.
- •Араб халифаты елдерінің саяхатары VIII — XIII ғғ.
- •Еуропалықтардың Шығысқа саяхаттары XII — XV ғғ.
- •Нормандықтардың жорықтары IX ғ. Бастап XII ғ. Басына дейін
- •Маңызды орыс саяхаттары XIV — XV ғғ.
- •Қытайлықтардың маңызды саяхаттары XIII — XV ғғ.
- •Португалдықтардың маңызды теңіз экспедициялары
- •XV ғ. Бастап XVI ғ. Ортасына дейін
- •Вест-Үндістан мен Орталық Америка жағалауларына маңызды саяхаттар 1492 — 1520 жж.
- •Маңызды жер жүзін жүріп өту саяхаттары
- •XVI ғ. Басынан XIX ғ. 60-шы жж. Дейін
- •Алғашқы туристік ұйымдар
- •Революцияға дейінгі Ресейдегі және ксро-дағы туризм
- •Қазақстанда туризмнің даму кезеңдері
- •Халықаралық туризм
- •Тест жауаптары
- •Қолданылған әдебиеттер
І. Туризм тарихының негізгі сипаттамасы
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні
Туризм тарихы деп жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен әртүрлі жерлерге баруымен және олардың өмір сүру ырғағы мен қоршаған ортаның өзгеруімен байланысты болып келетін кеңістіктегі қозғалыс үрдістерінің жиынтығын айтуға болады.
Туризм тарихын қарастыру үшін оның оқып зерттеу нысаны мен пәніне, мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беру қажет.
Туризм тарихының нысаны уақытша және кеңістіктік дамудағы туризм элементтерінің жиынтығы немесе тарихи-мәдени және тарихи-әлеуметтік құбылыс (немесе феномен) ретінде туризмнің пайда болуы мен қызмет етуі болып табылады. Бір нысанды әртүрлі ғылыми пәндер зерттеуі мүмкін. Олар зерттеу нысанына әртүрлі жағынан келеді, яғни оқып зерттеу пәні әртүрлі болып келеді.
Курстың пәні болып баратын жерлері мен өмір ырғақтарын өз еріктерімен уақытша өзгертетін, барған жерінің қоршаған ортасымен жеке байланыс орнататын жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайда болатын әлеуметтік-мәдени институттар формаларының даму заңдылықтарының шеңбері қарастырылады. Бұндай институттардың құрамына тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қозғалыс құралдары мен жолдары, олардың жаңа жерлерге барған кездерінде қауіпсіздік қызығушылығын, тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету құралдары, туризмге қатысты заңнамалар кіреді.
Тарихи дамудағы туризмнің жекелеген элементтерін әртүрлі пәннің өкілдері өздерінің көзқарастары бойынша зерттеуі мүмкін. Әлемнің елдері туралы ғылыми түсініктер мен білімдердің дамуын география тарихы оқып зерттейді. Ал теңіздер мен мұхиттарды және оларда жүзуді зерттеудің дамуын – теңізде жүзу тарихы, көлік құралдарының дамуы мен кеңістікте қозғалу үшін жануарларды пайдалануды – көлік тарихы, қатынастың құрлықтық жолдарының дамуын – жол ісінің тарихы зерттейді. Туризмді реттейтін заңдылықтардың дамуын құқық тарихы зерттесе, ал туристердің көргісі келетін тарихи және мәдени ескерткіштердің дамуын, олардың шоғырлану орындарын, табиғат нысандарын мұражайлық істің тарихы оқып зерттейді. Зерттеу мақсатындағы саяхаттардың тарихы географиялық білім тарихын оқып зерттеудің, нақты бір жекелеген жердің тарихи өткені туралы, оның табиғаты, экономикасы, тұрғындарының тұрмысын зерттеу пәні болып табылады.
Жолда алған әсерлерін, саяхаттардың, жергілікті салт-дәстүрлердің сипаттамасын, оқырманға аз белгілі елдер, жергілікті жерлер, халықтар туралы жаңа мағлұматтарды қамтитын саяхатшылардың жазбалары мен күнделіктерін әдебиет тарихы зерттейді. Бұл жазбалар сонымен бірге, туризм тарихы бойынша қайнар көз болып табылады. Бірақ та, әдебиет тарихында бұл жанрға болған саяхаттар суреттемесіне қарай жазылған және қосымша идеялық-көркем міндеттерге (қызық оқиғалы, утопиялық, философиялық) бағындырылған ойдан жазылған кезбе-саяхаттардың да тарихы жатады. Осы айтылғандардан көретініміз бұл пәндердің әрқайсысының туризм тарихын оқып зерттеу пәнінен айрықшаландыратын өзінің оқып зерттеу пәнінің бар екенін көреміз.
