2.Сымсыз байланыс
Байланыстың бұл түрі нақты бір жиілік аралығындағы радиотолқындар арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы негізгі түсінік – радиосəәуле шашу. Радиосəәуле _______шашу (радиотолқындар, радиожиіліктер) — толқындарының ұзындығы 5・10−5—1010 метр жəәне жиіліктері сəәйкесінше 6・1012 Гц-тен бірнеше гигагерцке дейін жететін электромагниттік сəәулелену.
Радиотолқындар радиожелілерінде мəәлімет жөнелту үшін пайдаланылады. Жоғарыда аталған өткізгіштердің немесе радиотолқындардың нақты бір түрін пайдалану арқылы Интернетке шығу технологияларының келесі түрлерін алынады:
Сымдық байланыс технологиялары:
• Dial-up
• ISDN
• xDSL
• FTTx
• Ethernet
• DOCSIS
• PLC
Сымсыз байланыс технологиялары:
• GPRS & EDGE
• UMTS / WCDMA (HSDPA; HSUPA; HSPA; HSPA+ )
• CDMA / (EV-DO)
• Wi-Fi
• DECT
• Жерсеріктік Интернет
• WiBro&WiMAX
• LTE
• iBurst
Қазақстанда жоғарыда аталғандардың барлығы кеңінен қолданылмайды, ал кейбіреулері енді ғана енгізілуде. Интернетке қосылудың осы күнгі ең танымал жəәне таныс əәдістерін қарастырайық.
Сымдық байланыс технологиялары. Dial-Up - телефондық модем арқылы қосылу
Қазіргі уақытта əәрбір үйде дерлік қарапайым телефон бар жəне бұл аппарат телефон желісіне қосылған. Интернетке қосылу үшін сіздің компьютеріңіз осы желіге қосылады. Қосылудың бұл түрінің қолайсыздығы сіз интернет желісінде отырған кезде телефоныңыз бос болмайды (сізбен телефон арқылы байланысу мүмкін болмайды.) Dial-Up (қолданушы компьютері провайдер серверіне телефон арқылы қосылатын жағдай) – аналогтық телефон желісі арқылы коммутацияланатын қатынау, мəәліметтер жөнелту жылдамдығы 56 Кбит/с-қа дейін; Технология ескірген болып табылады, бірақ қол астыңызда телефон желісі мен компьютер бар болса оны кез келген уақытта қолдануға болады. Біздің елде қызметтің бұл түрін Қазақтелеком ұсынады. ƏӘйтсе де секундына 56 килобайт жылдамдық көп ресурсты заманауи сайттарды жүктеуге жеткіліксіз. Әйтсе де қосылудың бұл түрінің басты кемшілігі, сіз Интернетте отырған кезде телефон желісінің бос болмауы болып қала береді, себебі Интернетте отыратын болсаңыз үй телефонынан қоңырау шала алмайсыз.
ISDN
ISDN (ағылш. Integrated Services Digital Network – қызметтердің интеграциясы бар сандық желі) – сандық телефон желісі арқылы жүзеге асырылатын қатынау. ISDN-ді қолданудың басты ерекшелігі - Dial-Up қатынаумен салыстырғандағы ақпарат жөнелтудің жоғары жылдамдығы. Ақпарат жөнелтудің жылдамдығы байланыстың бір каналын қолданған кезде 64 Кбит/с, екі каналын қолданған кезде 128 Кбит/с құрайды.
Интернет желісіне жоғары жылдамдықта қатынау
Қосылудың бұл түрінде де телефон желісі қолданылады бірақ бұл қосылуда дауыс жиіліктері емес, қолданылмайтын жоғарғы жиіліктер пайдаланылатын болады. Бұл əәдіс алдыңғы əәдістерге қарағанда қолайлы, себебі сіздің телефоныңыз бос болғандықтан, сізге қоңырау шалуға болады. DSL (Digital Subscriber Line) – кабельді модемді қолданып аналогтық телефон желісі арқылы Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін сандық абоненттік желілер тобы. Бұл технология (жалпы xDSL атауына біріктірілген ADSL, VDSL, HDSL, ISDL, SDSL, SHDSL, RADSL) 50 Мбит/с- қа дейінгі (нақты жылдамдығы 2 Мбит/с-қа дейін) жылдамдыққа дейінгі жоғарғы жылдамдықтағы қосылуды қамтамасыз етеді. xDSL технологиясының негізгі артықшылығы - абоненттік телефон желісіне өзгеріс енгізбестен, телефон желілерімен мəәліметтер тасымалдау жылдамдығын айтарлықтай арттыру мүмкіндігі болып табылады. Қолданушы телефонмен байланысын сақтай отырып Интернетке қатынау мүмкіндігін алады.
ADSL (ағылшынша Asymmetric Digital Subscriber Line —ассиметриялық сандық абонент желісі)
ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line – ассиметриялық сандық абоненттік желі) технологиясы қолда бар телефон желісін мəәліметтерді өте үлкен жылдамдықпен жіберуге, қолдануға мүмкіндік береді. Мəәліметті абонентке тасымалдау жылдамдығы секундына 8 Мбитке дейін жетеді, ал абоненттен тасымалдау жылдамдығы секундына 1,5 Мбитке дейін жетеді. Бұған қарамастан Интернетпен жұмыс жасау кезінде телефон бос болады. ADSL жүйесін енгізгеннен қарапайым телефон желісінің сапасы төмендемейді. Қатынасуды ұйымдастыру технологиясы келесідей: абоненттік желінің екі жағында, яғни қолданушыда да, АТС-да да сплиттерлер деп аталатын арнайы құрылғылар қойылады. Олар жиілігі бойынша мəәліметтер ағыны мен дауыстарды бір-бірінен ажыратады. Сплиттерде оған қарапайым телефон мен ADSL-модемді қосуға мүмкіндік беретін қосу ұяшығы бар. Модем сыртқы болып табылады, оны компьютерге қосу үшін желілік тақша болуы керек. Бұл құрылғыны орнатқан соң интернетке жоғары жылдамдықта қосылу қызметін қолдануға болады.
Суретте ADSL технологиясы бойынша қатынау ұйымдастырудың принциптік схемасы. Егер корпоративтік қажеттіліктер үшін байланыстың тұрақты жоғары жылдамдығы керек болса, оның ең жақсы шешімі жеке сандық канал (мысалы, оптоталшықтық желіні қолдану арқылы) немесе радиоқатынау болып табылады. Бұл Интернетті үйде қосудың Қазақстанда ең кең таралған технологиясы болып табылады. Оны провайдерлердің көпшілігі қолданады. Біздің елде ADSL технологиясы бойынша Интернет-қызметтерін жеткізуші ең ірісі – Megaline. Провайдердің бағалары мен тарифтік жоспарларын мына сілтемеден көруге болады:http://megaline.kz/ru/rates/megaline/
Бірақ 2012 жылдан бастап FTTx (Fiber Optic) технологиясы қарқынды енгізіле бастады.
FTTH
FTTH - оптоталшық технологиясына (fiber to the home) негізделген Интернетке қатынау əәдісі. «Fiber to the home» технологиясы техникалық мəәселелердің көпшілігін жеңіл жəәне тиімді шешуге мүмкіндік береді жəәне секундына 100 Мбитке дейін жететін мəәліметтер жөнелтудің ең жоғары жылдамдығымен қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл технология сапалы жəәне жоғары жылдамдықта Интернетке қатынау əәдісі болып табылады. Бұл технологияны елімізде Қазақтелекомның iDNet қызметінің негізінде қолданылады. Егер Megaline жəәне iDNet қызметтерінің арасында таңдау керек болса, онда соңғысы бағасының шамалы болғанына қарамастан жылдамдығының шамамен 12 есе жоғары болуына байланысты озық болып табылады.
Интернетке ерекшеленген желілер бойынша қосылу (аналогтық немесе сандық)
Ерекшеленген желі бойынша қатынау — бұл интернетке қосылудың келесідей түрі: қолданушы компьютері провайдер серверіне бұрамалы жұп түріндегі кабель арқылы қосылған жəәне бұл байланыс тұрақты болып табылады. Мəәліметті жөнелту жылдамдығы секундына 100 Мбитке дейін жетеді.
Кабельді Интернет (“coax at a home”)
Кабельді телеарна каналдарын қолдану арқылы Интернетке қосылу, мəәліметтер қабылдау жылдамдығы 2 мен 56 Мб/сек аралығында. Қазіргі кезде мəәліметтер тасымалдаудың екі архитектурасы белгілі, бұлар – симметриялық жəәне ассиметриялық архитектуралар. Бұдан басқа қосылудың екі жолы бар:
а) кабельді модем əәрбір қолданушының пəәтерінде бөлек орнатылады;
б) кабельді модем Интернет қызметінің бірнеше тұтынушылары тұратын үйде орнатылады. Қолданушыларды ортақ кабельдік модемге қосу үшін жергілікті желі қолданылады жəәне бəәріне ортақ Ethernet құрылғысы орнатылады.
Бұл технология бойынша Интернет-қызмет көрсетуді Кабельді телеарналар қызметтерін жеткізуші Алма-ТВ, ICON, Digital TV секілді компаниялар жүзеге асырады. Бірақ бұл технология бағасы жоғары жəәне мəәлімет тасымалдау жылдамдығы төмен болғандықтан Қазақстанда кең қолданыс тапқан жоқ.
Сымсыз байланыс технологиялары
Сымсыз байланыс технологияларының соңғы буыны өкілдеріне мыналар жатады:
• Мобильдік GPRS – Интернет (EDGE – 2.5G)
• WiFi
• WiMAX
• Мобильдік CDMA – үшінші буын Интернеті (3G)
• RadioEthernet
• MMDS
• LMDS
Қазақстанда сымсыз технологияның келесі түрлерін қолдану кеңінен таралған: WiFi , GPRS , 3G. Жақын арада желілердің қарымды төртінші буынын ендіру жоспарлануда.
GPRS (General Packet Radio Service)
Бүгінде əәр адамда дерлік ұялы телефон бар. Жаңа телефон алған кезде оның қорабында сіздің телефоныңызды data-кабель арқылы компьютермен байланыстыратын орнатушы диск бар, байланыс орнаған соң Интернетке шығу жүзеге асырылады. Бұл əәдістің қолайсыз жақтары — оның ең қымбат жəәне өте баяу болуы. Себебі байланыстың бұл түрінде Интернеттің парақтары сіздің компьютеріңізге өте ұзақ жүктеледі. Егер парақтың өлшемі өте үлкен болса, оның толық жүктеліп болуы тым ұзақ болып кетуі мүмкін. Барлығы байланыс операторына байланысты.
Мобильдік GPRS – Интернет. GPRS технологиясының негізінде "Мобильдік Интернет" қызметін қолдану үшін кіріктірілген GPRS – модемі бар телефон жəәне компьютер болуы керек. GPRS технологиясы секундына 114 килобайтқа дейінгі ақпаратты жөнелту жылдамдығын қамтамасыз етеді. Бұл технологияны қолданған кезде байланыс құны Интернетпен байланысу ұзақтығы емес жөнелтілген жəәне алынған ақпараттың қосынды көлемімен белгіленеді. Сізде 疾ソチルレワHTML-парақтарды қарау, файлдарды көшіру, электронды поштамен жұмыс жасау жəәне Интернеттің басқа кез келген ресурстарымен жұмыс жасау мүмкіндігі болады. GPRS технологиясы - GSM негізгі желісінің дамытылған түрі болып табылады. EDGE - өзінің негізін салушы GSM/GPRS желілерінің жалғасы болып табылады. EDGE технологиясы (дамытылған GPRS немесе EGPRS) GPRS технологиясына қарағанда мəәлімет жөнелтудің жоғарғы жылдамдығын қамтамасыз етеді (200 Кбит/сек-қа дейінгі жылдамдық). EDGE (2,5 G) –бұл 3G технологияға жасалған алғашқы қадам. Қазақстандағы «Мобильді Интернет» қызметін ұсынатын компаниялар ұсынатын қызметтер негізінде Интернетке GPRS арқылы қосылудың мысалдарын қарастырайық.
BEELINE-ның «Мобильдік Интернет қызметі»
Сіз өз телефоныңызды модем ретінде қолдана аласыз:
1. Ол үшін алдымен сіздің телефоныңыз GPRS технологиясын қолдайтынына көз жеткізіп алыңыз
2. Одан соң телефонда келесі комбинацияны *110*181# теріңіз де, қоңырау шалу батырмасын басыңыз.
3. Одан соң Интернеттің ұялы телефонға арналған баптауларын орнатыңыз: 800 номеріне «i» мəәтінімен хат СМС-хат жіберіңіз Баптауларды сақтаңыз Телефонды өшіріп, қайта қосыңыз да, PIN-код сұраған кезде 0000 енгізіңіз
4. Ары қарай телефонды компьютерге USB-кабель арқылы қосыңыз (Интернетте шолу жасау үшін сізге GPRS Explorer бағдарламасы керек болады, оны www.beeline.kz сайтынан ала аласыз). Бұл желіде жұмыс жасаған кезде Интернетпен жұмысыңызды тоқтатпай- ақ қоңыраулар қабылдай аласыз. Билайнның «Мобильдік GPRS-интернет» қызметі «Үш қызмет пакетінде» ұсынылады, бұл пакетке MMS, Мобильдік GPRS-Интернет жəәне GPRS-WAP
қызметтері кіреді. 1 мегабайттың құны бүгінде 24 теңге.
ACTIV-тің «Мобильді Интернет қызметі»
Активтің «Мобильді Интернет» қызметі мəәліметтерді пакеттерін сымсыз тасымалдау технологиялары GPRS немесе EDGE негізінде ұсынылады.
Телефонды баптау
«Мобильді Интернет» қызметін белсенді ету жəәне телефонға қажетті баптауларды алу келесі əәдістердің бірі арқылы жүзеге асырылады:
1. СМС-хат көмегімен номер 800 нөміріне internet мəәтіні бар SMS-хат жіберіңіз;
2. Infoпарк көмегімен
*123# комбинациясын теріңіз -> «Баптаулар» (Настройки) бөлімін таңдаңыз - > «Internet» -> «Қосу» (Подключить);
3. Жедел команда көмегімен *123*6*3*1# комбинациясын теріңіз.
Бірнеше минут ішінде сізге автоматтық баптаулар сіздің нөміріңізге жіберілгендігі SMS-хат келеді. Кейінірек телефоныңызда міндетті түрде сақтау керек баптаулар туралы ақпарат бар SMS-хат аласыз немесе ол ақпарат телефоныңыздың экранында пайда болады. Баптауларды сақтаған соң қызмет іске қосылады. Егер қандайда бір себептерге байланысты баптаулар алынбаса, телефондықолдан баптау керек болады.
Қазақстанның интернет-провайдерлері
Интернетке қатынау мүмкіндігін беретін провайдерлердің ең табыстыларының бірі ретінде - «Қазақтелеком» компаниясын жəәне жеке байланыс каналдары бар мынадай шағын компанияларды атауға болады: Alma-TV, Ducat, Beeline, Kcell, ICON, AOL, Nursat, ASTEL, DigitalTV, Sekatel, JET3G, Transtelecom, Space.kz (жерсеріктік интернет) жəәне т.б. Қазақстанда 30-дан астам интернет-провайдер бар, олардың ішіндегі ең ірі бесеуі интернет қызметтері нарығының 90 пайызын қамтиды. Қазақстандағы Интернет жəәне байланыс қызметтерін көрсету нарығы келесі негізгі сегменттерге нақты бөлінген:
• Коммутацияланатын үй интернеті
• Кең жолақты үй интернеті.
• Мобильді интернет.
• Корпоративті клиенттерге арналған интернет
Трансиверлер – бұл электр сигналдарын басқада сигналдар түрлеріне ауыстыра алады, мысалы: оптикалық немесе радиотолқындар түрлеріне ауыстырады. Бұл құрылғы контроллерден ақпаратты қабылдап желі бойына тарады.
Концентраторлар немесе хаб (Hub) – бұл құрылғы компьютерлер қосылған сымдар арасында физикалық байласты орнатып, желінің қызметін қамтамасыздандырады.
Қайталауыш (repeater) – келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге асырылады.
Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) – бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі сегменттердің әрбір станция жұптары үшін біруақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды.
Маршруттауыш (router) – бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы. Маршруттауыш берілу адресін талдап жане мәліметтерді тиімді таңдалған маршрутпен бағыттайды.
Көмей (gateway) (шлюз) — әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.
«Интернет технологиясы»
Ақпаратты жіберу және өңдеудің интернет технологиялары туралы түсінік. Интернет технологиялары дамуының тарихи мәліметі. Интернет адам кызметінде. Интернет қосымшаларының типтеріне шолу. Интернет-технологияларын қолдану, интернетке арналған қосымшаларды жетілдіру ерекшеліктерімен байланысты сұрақтар жиынтығы. Интернет технологиялары мамандарына қойылатын қазіргі кәсіби талаптар.
