- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
- •Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау информатика пәнібойынша
- •Internet желісінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру
- •Web парақтарын іздеудің қарапайым мысалдары
- •Internet жүйесінің іздеу жүйелері
- •Іздеу жүйелерінде сұраныстарды орындау ережелері
- •Уandex іздеу жүйесіндегі жай сұраныстардың мысалдары
Internet жүйесінің іздеу жүйелері
Internet –те кез келген ақпараттарды: құжаттарды, суреттерді, бағдарламаларды, Web-беттерді және т.б. іздеу үшін маңызды құралдар бар. Іздеу ізденіс жүйелері және де іздеу бағдарламалары, іздеу серверлері, іздеу машиналары деп аталатындармен жүзеге асырылады. Internet іздеу жүйелері көп. Ақпаратты іздеудің ең танымал жүйелері 2.1 кестеде келтірілген. Әртүрлі іздеу жүйелеріне сілтеме тізімі www.monk.newmail.ru Web-бетінде көрсетілген.
1 кесте- Ең танымал іздеу жүйелері
Іздеу жүйесінің атауы |
Адресі |
Яндекс (орыс тілінде) |
http://www.yandex.ru |
Рамблер (орыс тілді) |
http ://www .rambler . ru |
Апорт (орыс тілді) |
http ://w w w. aport.ru |
Yahoo! (ағылшын тіліді) |
http://www.yahoo.com |
AltaVista (ағылшын тілді) |
http://www.altavista.com |
Google (орыс тілді) |
http://www.google.ru |
Іздеу жүйесі әдеттегі адресті Web-беті түрінде жасалған, ол іздеу үшін арналған жолдан және Іздеу (Search) батырмасынан тұрады және де ресурстардың тематикалық каталогы, танымал беттерге сілтемелер мен т.б. болуы мүмкін.
Іздеу жүйелерін шақыру үшін Internet шолушының адрестік жолына оның адресін енгізу қажет. Іздеу жүйесі жүктелгеннен кейін, мәтін енгізу жолы бар (кез келген тілде), - берілген құжаттың кілт сөзін іздеу жолына сұраныс (query) енгізу қажет және Іздеу батырмасын басамыз. Едәуір тиімдірек іздеу үшін Web-бетте немесе берілген құжатта (оларды «табу» керек) болатын сұраныс сөзден немесе сөйлемшеден тұруы қажет. Біраз уақыттан кейін экранда белгілі құжатқа сілтемелерден тұратын Web-беттің адрестерінің тізімі пайда болады, олар ереже бойынша, түсініктемен жүзеге асырылады. Сілтемені басып, табылған құжаттардың кез- келгеніне өтуге болады.
Табылған құжаттардың тізімінің келесі бетіне ауысу үшін іздеу нәтижесінің басты терезесіндегі сәйкес нөмірді (1, 2, 3, ...) басу керек. Әдетте бірінші ондықтағы құжаттар сұранысқа сай келетіндері болып табылады.
Кез-келген іздеу жүйесі негізін арнайы бағдарлама – желілік робот немесе spider (өрмекші) құрайды, кейде worm (құрт), crawler (сырғымалы өсімдік) атауларын кездестіруге болады. Іздеу жүйесі Internet –ке ұсынған Web-беттердің мақсималды санын (мұмкіндігі бойынша) қарайтын «өрмекшілерді» таратады, сосын олардың адрестерін (URL) және мәліметтер базасындағыларды тіркейді. Пайдаланушымен сұранысты енгізгеннен және Іздеу батырмасын басқаннан кейін іздеу жүйесі мәліметтер базасын қарайды да, іздеу нәтижелерін экранға шығарады.
Және де, іс жүзінде барлық іздеу жүйелері Internet ке жарияланған пайдаланушы бетін тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл үшін ірі іздеу жүйесінің бетінде, мысалы, YAHOO! сияқты, тіркеу режимін шақырып, URL ді және беттің сипаттамасын жазу керек. Әрі қарай іздеу жүйесі сіздің тіркеу ақпаратыңызды барлық ірі іздеу түйіндеріне таратады, олар өз кезегінде, басқаларына және т.б.. Және ғалами тіркеу серверлері бар.
Іздеу каталогтары бар, мысалы, Rambler, Yahoo!, AltaVista және т.б іздеу серверлерінде. Каталог бойынша іздеу жүргізу үшін «тышқанмен» мәтінді шығарып берілген сілтемелер тізімі бірнеше бетке дейін азайғанша, не қажетті үлкен топқа, не қолмен қарауға келетіндейге дейін іздеуді қысқарта отырып, кәдімгі іздеу (мысалы, yandex іздеу жүйесінде: Оқу Жоғары Білім Назарбаев Университеті) жүзеге асыруға болатындай таңдау керек.
