- •Мазмұндама
- •1 Ғаламдық проблемалардың жалпы сипаттамасы
- •1.1. Адамзаттың xxі ғасырдағы экологиялық дағдарыспен және табиғатты тиім пайдаланумен байланысты ғаламдық проблемалары жайлы
- •1.2. Ғаламдық проблемалардың қалыптасуының негізгі себептері мен әлеуметтік-экономикалық және мәдени-өнегелік көріністері
- •1.3. Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық әсерлері
- •1.4 Табиғи ресурстардың таусылуы мен қалдықтар проблемасы
- •1.5 Энергегикалық проблема және ядролық энергетиканың дамуының әлемдік бағыттары
- •1.6"Таза ауыз су" проблемасы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
1 Ғаламдық проблемалардың жалпы сипаттамасы
1.1. Адамзаттың xxі ғасырдағы экологиялық дағдарыспен және табиғатты тиім пайдаланумен байланысты ғаламдық проблемалары жайлы
Биосфера тек қана табиғи құбылыстармен байланысты қиын дағдарысты кезеңдерді бірнеше рет басынан өткерді. Әсіресе, осыдан 70-100 млн. жыл бұрын болған кезеңнің жағдайы тарихта жақсы белгілі. Бұл кезеңде геологиялық қысқа мерзім аралығында ішіне 35-тен кем емес тұқымдастар мен көп мөлшердегі түрлер кіретін рептилийлердің бес отряды (динозаврлар, птерозаврлар, ихтиозаврлар және т.е.с.) құрып кеткен.
Табиғаттағы дағдарысты құбылыстар бірнеше ретте климаттың өзгеруінен және осы өзгерістерге қосарлана жұрген мұз құрсанудан немесе шөлденуден туындап отырды. Мәселен, 30-40 мың жыл бұрын болған мұз дәуірінде (ерте палеолит) зіл, мүйізтұмсық пен көптеген жыртқыштар тәрізді ірі жануарлар қырылып қалған.
Жер бетінде пайда болғаннан бастап адамның іс-әрекеттері көбіне табиғатқа қарама-қайшы болып отырды, бұл түрлі көлемдегі дағдарыстардың туындауына себеп болды (1-кесте).
Алайда халықтың саны аз, әрі өздерінің техникамен жабдықталуы нашар болған кезде, олардың табиғатқа әсері ешқашан да ғаламдық деңгейдегі мәнгі ие болмағанды. Адам өзінің мүмкіндігіндегі әдістерімен қандай да бір ресурсты ғана сарқа немесе шектелген аумақтың табиғатын ғана бүлдіре алатын. Міне, соған екі мысал.
Ежелгі Вавилонды (миллионға жуық халқы болған қаланы) халқы оның айналасындағы жерлер топырағының жөнсіз мелиорация нәтижесіңде қарқынды сортандануымен және оны одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігіне байланысты тастап кетіп қалды.
1-кесте
Биосфера мен өркениеіттің дамуындағы экологиялық дағдарыстар
(Н.Ф.Реймерс бойынша)
Дағдарыс атауы |
Уақыты |
Дағдарыс себептері |
Дағдарыстан шығу жолдары |
Атропоген алдындағы (қуаңдану) |
3 млн. жыл бұрын |
Қуаңшылық кезеңінің келуі |
Тік жүретін антропоидтардың пайда болуы |
Адам үшін терімшілік пен көсіпшілік ресурстарының жұтаңдануы |
30-50 мың жыл бұрын |
Алғашқы адамға колайлы ресурстар жетіспеушілігі |
Экожүйелерді жаңарту үшін өсімдіктерді күйдіру терізді қарапайым биотехникалық шаралар |
Ірі жануарлармен шектен тыс көсіпшілік (консументтер дағдарысы) |
10-5Омың "' жыл бұрын |
Қолайлы ірі жануарларды аңшы-адамның құртып-жоюы |
Қарадүрсін егіншілікке, мал шаруашылығына көшу (неосаяси төңкерісі) |
Қарадүрсін су- ғармалы егіншілік |
1,5-2 мың жыл бұрын |
Қарадүрсін суару, онымен қосарла-натын топырақтың құнарсыздануы мен сортаңдануы |
Суғарылмайтын (тәлімі) егіншілікке көшу |
Өсімдік ре-сурстары мен азық-түлік жетіспеушілігі |
150-250 мың жыл бұрын |
Жерді құнарсыз-дандыра пайдалану, артта қалған технологиялар |
Өнеркөсіп төңкерісі, ауыл шаруашылыгындағы жаңа технологиялар |
Ортаның ға-ламдық ластануы мен ресурстардың таусылу қаупі |
30-50 мың жыл бұрыннан қазіргі кезге дейін |
Табиғатты түгесе пайдалану, қалдығы көп технологиялар |
Энергияны үнемдеуші технологиялар, қалдықсыз өндіріс, шешімдер іздеу
|
Ғаламдық тер- модинамикалық (жылудан ластану) |
Басталды және болжануда |
Ортаға, әсіресе, ішкі көздерден көп мөлшердегі жылудың бөлінуі, көшетхана эффектісі |
Энергияны шектеулі мөлшерде пайдалану', көшетхана эффектісінің алдын алу, шешімдер іздеу |
Экологиялық жүйелер сенімділігінің ғаламдық сарқылуы |
Алғашқы белгілері мен болжау |
Ғаламшар ауқымында тепетеңдіктің бұзылуы |
Экологиялық құндылық-тардың басқалардың барлығының алдындағы приоритеті, шешімдер іздеу |
Қарадүрсін суғармалы егінішіліктің қалай болса солай дамуы нәтижесінде қоршаған орта табиғи жүйелері бұзылды, ал онымен бірге Нілдің, Месопотамияның, Ежелгі Грецияның және басқа да аймақтардың атырауларында өркениет (цивилизация) жойылды.
Барлық антропогенді дағдарыстарға тән ортақ нәрсе одан шығу жолы әдетте тұрғын халықтың санын азайтумен, көшіп-қонуымен және әлеуметтік сілкіністерімен байланысты болған келді. Бірқатар жағдайларда дағдарыстар қоғамдық құрылысты өзгертумен тәмамдалатын. Мәселен, алғашқы антропогенді дағдарыс аңшылардың жылыстауын немесе "халықтардың ұлы қоныс аударуын", ауыл шаруашылық өнімдерінің жетіспеушілігі дағдарысы (екінші антропогенді) — Еуропа халқының мұхиттың ар жағына көшуін тудырды. Егіншілік пен мал шаруашылығына көшу алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен және құл иеленушілік қоғамының пайда болуымен қатар жүрді, ал соңғысына жер ресурстарының таусылуы мен шөлдену және феодалдық құрылысқа көшу тән болды.
Қазіргі экологиялық дағдарыстың негізгі ерекшелігі және бұрынғылардан басты айырмашылығы — оның бүкіл ғаламдық сипаты. Ол біздің бүтін ғаламшарымызға таралуда немесе таралу қаупін төндіріп тұр. Сондықтан да жаңа аумақтарға қоныс аудару арқылы дағдарыстан шығудың дәстүрлі әдістері іс жүзінде жүзеге асыйды. Бұл дағдарыстан шығу жолдарын тек өндіріс тәсілдерін, табиғи ресурстарды пайдалану мөлшерін және тұтыну нормаларын өзгерту арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Адам қазіргі кезде шамамен жылына 140-150 млрд. т қатты тау жыныстарын өзіне белгілі барлық тәсілдерімен өндіріп (қазбаларды жер қойнауынан шығарып, еңдеу, топырақ эрозиясы, грунттың бұзылуы және т.с.с.)ң оларды қоршаған ортаға шығарып отыр. Химиялық элементтер мен эрозия өнімдерін құрлықтан мұхитқа шығару жалпы табиғидың 50%-не жетті және жылына 40 млрд, т. асып отыр. Мұның барлығы енді міне, XXІ ғасырда табиғи ресурстардың таусылуы тәрізді ғаламдық проблеманың туындағанын білдіреді.
Адам өзендерден су алудың ең жоғары шекті деңгейіне жетіп қалды (шамамен ағындыдан 10%). Атмосфераға көмірқышқыл газын, күкірттің қос тотығын, азот тотықтарын шығару көлемі табиғимен (жаңартау атқылауы, тау жыныстарының бұзылуы) салыстыруға келетіндей болды. Мұның барлығы су және қоршаған табиғи ортаның ластануы тәрізді ғаламдық проблемалардың тереңдей түсуіне әкеліп соғады.
Ғаламдық экологиялық жағдайдың өзгеруінде биосфераның тұрақтылығының бұзылуына әкеліп соғатын табиғи экожүйелердің бүлінуіне ерекше мән беріледі.
Жер бетінен және жер серіктер (спутниктер) арқылы бақылаулар ғаламдық өзгерістердің карталарын құрастыруға мүмкіндік берді, ол антропогендік әсердің нәтижелері мен олардың үлкен ауқымын көрнекті түрде көрсетіп отыр. Құрастырылған карталарға сәйкес, Жер құрлығында қоршаған ортаның тұрақсыздануының үш басты орталығы пайда болған, олардағы толық бүлінген табиғи экожүйелер ауданы 6-7 млн. км2 құрайды. Олардың барлығы Солтүстік жарты шарда орналасқан. Бұл Солтүстікамерикалық , Еуропалық және Азиялық орталықтар.
Солтүстікамерикалық орталыққа АҚШ, жартылай Канада мен Мексика кіреді. Еуропа орталығы бұрынғы КСРО республикалары (Балтық елдері) кіретін Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаны, соңдай-ақ Ресейдің Еуропалық аумағының (РЕА) көлемді бөлігін қамтиды. Азия орталығына Индостан елдері, Цейлон, Малайзия, Бирма, Индонезия (Суматра аралын қоспаганда), Қытай мен Тайвань (Тибет пен Такла-Макан және Гоби шөлдерін қоспағанда), Жапония, Корея түбегі, Филиппины кіреді.
Еуропада, Солтүстік Америкада және Жапонияда аумақтар көбірек деңгейде бұзылған. Халқының тығыздығы жоғары дамушы елдер де Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың тұрақсыздануына өз үлестерін қосуда.
Соған қарамастан Жер бетінде қоршаған ортаны тұрақтандыру орталықтары болып саналатан ірі аумақтар сақталып қалған.
Солтүстік жарты шарда Солтүстік Еуразиялық және Солтүстік Америкалық орталықтар ерекшеленеді. Олардың ішіндегі аса ірісі - Солтүстік Еуроазиялық, оның ауданы шамамен 13 млн. км2 құрайды. Бұл Скандинавия елдері, РЕА Солтүстігі, Батыс Сібірдің әдәуір бөлігі, бүтін дерлік Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс (оңтүстік аудандардан басқа). Шамамен 6,5 млн. км2 алып жатқан Солтүстікамерикалық орталық Канадада және Аляскада орын тепкен. Оңтүстік жарты шардан Оңтүстікамерикалық және Австралиялық орталықтарды атауға болады. Оңгүстікамерикалық орталық (шамамен 10 мжі. км2) — бұл Амазония мен оған жапсарлас аумақтар, сондай-ақ таулы биогеографиялық провинциялар. Австралиялық орталыққа Австралияның (4 млн. км2 астам) жақсы игерілген Шығыс және Оңтүстік бөліктерінен басқа аумағы кіреді.
Құрлықтың қалған бөлігіндегі түрлі биогеографиялық провинцияларда мөлшерлері 0,1-ден 1 млн. км2 дейін аздап бүлінген және сақталып қалған экожүйелері бар аумақтар "теңбілі" кездеседі.
Қоршаған ортаны тұрақтандырудың қуатты орталығы болып Дүние жүзілік мұхит болып табылады.
Осылайша, XX ғасыр - адам әрекеттілігінің барлық салаларындағы басты ерекшелігі қоршаған ортаға антропогенді жүктемелерді арттыру болған күрт өзгерістердің ғасыры болып шықты. Тұтынудың артуы, шаруашылық жүргізудің қарқынды әдісіне, өнімдер өндірудің үдемелі факторларын пайдалануға көшу дамыған елдерде қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің күрт өсуіне әкеп соқты, бұл табиғи экожүйелердің бұзылуымен қосарланды.
Адамзаттың ғаламдық экологиялық проблемалары "демографиялық күрт өсудің" ықпалымен және табиғатты пайдаланудағы ұтымсыздықтың ықпалымен қалыптасатын және адамзаттың тіршілік етуіне қауіп төндіретін себептердің кейінге қалдырылатындығымен сипатталатын қоршаған орта күйіндегі проблемалық жағдайлар жиынтығы.
