Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Құмкөл-мұнай-кен-орны-І-кешенінің-нұсқаның...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
885 Кб
Скачать
☆

1.2.1 Стратиграфия

Құмкөл кен орнының қимасы мезозой, кайнозой шөгінділерімен көрсетілген.

Арысқұм ойпатында және кен орнында мезозой, кайнозой екі құрылымдық қабаттарға бөліктелінеді. Бөліктелінгендер аймақтық стратиграфияға келіспейді. Жоғарғы юралық және бор.

Юра жүйесі-J

Ортаңғы бөлік-J2

Ортаңғы Юра шөгіндісі дощан ұңғымасына (J2d) бөлінген, олар қабаттасқан түрде, сұр аргелиттен құралған. Свитаның ермегіндегі бөлігінде жиі кездесетін біркелкі қабаттасқан құмтастар және аргелит қалыңдығы 12-ден және 56 метрге дейін, ал заты мұнайлы болып табылатын (горизонт Ю-ІV) свитаның төменгі жағындағы құрылымдық қабатында 4-6 метр аралығындағы көмір қабаты бар. Төменгі свитаның бөлігі Ю- ІV горизонты тыныс фундаментіне татитын жердегі қосымша құрылымдық бөлігіне қосылады.

Оңтүстік-батыс бөлігіндегі шөгінділеріне дощан свитасына толық қосылады. Ол оның қабатының қалыңдығы 219 метрге жетеді.

Арысқұм ойпатының грабень синклиналды свита құрылысы сазды болып, оның қалыңдығы 502 метрге дейін жетеді.

Бор жүйесі-К

Құрылымдық бұрғылау кескінінің мәліметтері бойынща бор шөгіндісі кен орнында және ауданда бөлінеді, даул және Қарашатау свитасының төменгі бөлігі, балапанның жоғарғы бөлігі және турансенон болып бөлінеді.

Төменгі бөлік-К1

Неоком ярус үсті (К.Н.С) неоком ярусшасы даул свитасына бөлінген.

Аумақтық жылжуымен жатады және Қоскөл свитасының бұрыштық құрылуына келіспей төменгі және жоғарғы даул ярусшалары болып бөліктенеді. Төменгі даул ярусшасы негізінде Арысқұм горизонтының құрамын ұстап тұрады, яғни Құмкөл кен орнында көрсетілгендей құммен және қоңыр сазды қабатта карбонатты алевролит және саздан құралған.

Өнімді горизонты (М-І және М-ІІ) болып саналатын төменгі даул свитасының жоғарғы бөлігі саздан және карбонатты алевролиттен құралған саз қалыңдығы 113-163 метр. Бұл өнімді арысқұм горизонтының беткі сұйық тірегі болып саналады. Жоғарғы даул ярусшасы төменгі және ортаңғы қимасында біркелкі құм, қызыл түсті саз жынысты болып, ал жоғарысында сазды болып құралған.

Апт-альб ярусы (К1а-аlч)

Апт-альб шөгіндісі жуылып даул свитасында жатыр және қарашатау свитасына біріккен. Свита әлсіз цементтелген, сұр және әртүрлі түсті құмтастан тұрады. Свита қалыңдығы 250-350 метр.

Төменгі жоғарғы бөлік К1-2

Альб-сеноман ярусы (Каl3-6). Альб-сеноман шөгіндісі қарашатау свитасында жатыр және қызылқия свиталарына бөлінген, бұлар әртүрлі түсті саз алевролитінен құм, құмтас қабатшасынан және саздан құралған свита қалыңдығы 87-168 метр.

Туран ярусы (К2t). Туран шөгіндісі балапан свитасына бөлінген. Ол қызылқия свитасына трансгресситі жатыр және сұр құмтаспен, жұқа көлденең қабаттардан жинақталған.

Свита қалыңдығы 82-ден 150 метр шегінде ауытқуынан тұрады. Мұнда көмір қалыңдығы және гладконт дәні бар. Жоғарғы туран-төменгі сенон (К2 t2-Sn2). Бұл шөгіндінің қалыңдығы жуылып балапан свитасының жынысында жатыр. Литологиясы бойынша әртүрлі түсті ала құмнан және 123-236 метр саз қалыңдығы күйінде көрсетілген.

Жоғарғы сенон (К2- Sn2)

Жоғарғы сенон құрылымы шөгіндісінің шегі палеоген алдындағы туылу себебінен көптеген ұңғымаларда жинақталған қабатталған әктасты ақ құмнан және сұр сазбен құралған

Палеоген төменгі эоцен (Р1-Р2) палеоген төменгі эоцен шөгіндісі жуылып жоғарғы бордан әртүрлі горизонттарда жатыр. Олар күңгірт сұр саздың қатты қаныққан көмір өсімдік детритімен және кварцглауконитті құмнан жинақталып сол күйінде көрсетілген. Олардың ең үлкен қалыңдығы 66 метрге жетеді.

Палеоген төрттік шөгіндісі (N-Q)

Палеоген төрттік жас шөгіндісі сыртқы Арысқұм иілімінің бөлігінде жетілген. Құмкөл құрылымына шартты түрде алаңның бетін жауып тұратын құм, супейс енгізілген. Олардың қалыңдығы 10 метрге жетпейді.