Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
в1 Шолпан Мария.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328 Кб
Скачать
☆

3 Шикізат материалдарына сипаттама

Цемент-Портландцемент дегеніміз – әктас пен балшықтан құралған қоспаны 1450°С-та күйдіру арқылы алынатын, негізінде кальций силикаттарынан тұратын клинкерге біраз гипс қосып, ұнтақтап өндіретін гидравликалық байланыстырғыш зат.

Цементке қойылатын талаптар ГОСТ 30515—97 «Цементтер. Жалпы техникалық жағдай», ГОСТ 10178 — 85 «Портландцемент және шлакопортландцемент.Техникалық жағдай».

Портландцементтің шынайы тығыздығы 3,1 г/см3, орташа тығыздығы 1,1 г/см3 және 1,3 г/см3. Цемент ұнтағының майдалық мөлшері № 008 елеуіште қалған қалдықтың 15% -тен кем болу шартының сақталуымен сипатталады.

Портландцемент ПЦ 500- Д20 — құрамы бордан, саздан және пирит үгіндісінен тұратын, портландцемент клинкерін гипс пен гранулданған қожды ұнтақтап, ылғал әдісі мен күйдіру арқылы алынған байланыстырғыш материал.

Портландцемент ПЦ 500- Д20 ерекшелігі құрамында Cl болуы—бұл берілген мөлшерден 5—10 есе аз (0,1), темірбетон өнімдерінің эксплуатация мерзімін ұзартады, бетондағы арматура коррозиясын төмендетеді.

4-кесте-Цементке қойылатын талаптар

Цемент түрлері

Маркасы

Қоспа құрамы, %

түйіршіктелген домна және электротермо-

фосфорлы шлак

активті минералдар

шөгінді, глиеждан басқа

басқа активті минерал, глиежды қоса

жалпы құрылысқа арналған цемент.

- портландцемент

500

20-ға дейін

10-ға дейін

20-ға дейін

5-кесте-Цементке сипаттама М500 Д20

Құрамы

Өлшем бірліктері

Көрсеткіштері

илемнің жұмсақтылығы

%

25

ұнтақтың майдалылығы

(електе қалғаны 008)

%

8,5 аз емес

ұстау уақыты:

басы

соңы

сағ. мин.

10-45

мықтылығы:

сығу

иілу

МПа

49

5,9

көлемнің өзгеруі

маркасы

өзгермейді

500

Шағыл тас-Ауыр бетонға ірі толтырғыш ретінде шағыл тас пайдаланылады. Шағыл тас ГОСТ 8736-93 талаптарына сай болу керек.

Ауыр бетонға жұмасалатын шағыл тас сапасы: түйіршік құрамы, түйіршік пішіні, беріктігі, аязға төзімділігі, петрографикалық мінездемесі, шынайы және төгілмелі тығыздығы, т.б. көрсеткіштермен сипатталады.

Шағыл тас – ірі толтырғыштар, ірілік мөлшері 5 мм-ден 70 мм –ге (150 мм) аралығындағы түйіршіктер

Құм-Ауыр бетонға жұмсалатын құмның сапасы: түйіршік құрамы, үйінді /борпылдақ/ салмағы, кеуектілігі, ылғалдылығы, ірілік модулі, беріктігі, т.б көрсеткіштермен сипатталады.

Тығыз құм. Ауыр бетон үшін қолданылатын құмдар табиғи күйінде сақталатын, ұсақталған және ұсақталған фракциялар болып бөлінеді. Құмның түйіршіктік құрамы ірілік модулімен анықталады

. (3)

Ұсақ толтырғыштарға түйіршіктерінің диаметрі 0,14-5мм аралығындағы құм жатады. М350 және одан жоғары бетондар үшін орташа тығыздығы 1500кг/м3 кем емес құмды пайдаланған жөн.

Зертханалық жұмыста құмның төгілмелі тығыздығын – 1200 кг/м3; шынайы тығыздығын – 2230 кг/м3 таңдап алдық.

Ол үшін құм түйіршіктері арасындағы қуысты азайту қажет. Сондықтан құм құрамындағы әр мөлшерлі түйірлі болуы тиіс. Құм түйіршіктерінің мөлшері оның стандартты елеуіштер жиынтығынан өткізу арқылы анықталады.

6-кесте-Материалдың физико-механикалық көрсеткіштері

Материалдың атауы

Төгілмелі тығыздығы, кг/м3

Шынайы тығыздығы,

кг/м3

Түйіршік саны, % мас.

Беріктілік маркасыМПа

Желіну дәрежесі бойыша маркасы,%

Ірілік модулі

шағыл тас

1400

2600

10

1200

И-1

-

құм

1200

2230

-

-

-

2,65

Арматура – кернелген арматуралы темірбетон бұйымдарын жасау үшін көбінесе бір ұшы бекітілген болат арматураны біраз «созып» екінші ұшын бекітеді де, оның үстіне араласпасын салады. Бетон қатайғаннан кейін арматура бекітілуден босатылады. Босатылған арматура өзінің бұрынғы созылмаған қалпына келуге тырысып қысқарады, ал оны қоршаған бетон сығылады, нығыздалынады. Осының салдарынан темірбетонды созу күштері кернегенде бетон шытынамайды.

1-сурет. Арматура

Алдын ала кернелген арматуралы бетонда, бетон мен арматураның бірігіп жұмыс істеуі жақсарады. Конструкцияның ию күшіне кедергісі өсіп, бұйым жасауға қажетті арматура шығыны азаяды да, конструкцияның салмағы жеңілдейді.

Бетонды арматуралау – темірбетон өндіру технологиясының алғашқы операцияларының бірі. Өйткені темірбетон конструкцияларын жасау үшін алдымен бетон араласпасын қалыпта орнатылған арматура үстіне құя салады. Арматура – жеке, торлы және қаңқа түрінде қолданылады. Оны сымнан не стерженьнен жасайды, стерженьді арматурада пайдаланалатын болаттың кластары маркалары А-II-ден -VII-ге дейінгі аралықта.

Фундаментті блокта ең бастысы арматура диаметрі. Негізінде қарапайым тұрғын үй құрылысында арматура қимасы 10÷12 мм, массивті тұрғын құрылысында арматура қимасы 14 мм болу керек.

7-кесте-Материалдың физико-механикалық көрсеткіштері

Материал

дың атауы

Болат маркасы

Диа

метрі,мм

Аққыштық шегі, σт(σ0,2)

Н/мм2

Салыстырмалы

ұзаруы,

δ5, %

 Созылуға

есептік қарсылығы,

Rs,МПа

Сығылуға есептік қарсылығы,

Rsc, 

МПа

Нормативтік қарсылық,

Rsn, 

МПа

арматура

маркасы А400 (A-III)

35ГС

25Г2С

6-40

390

14

355

355

400

Су – бетон дайындауға, толтырғыштарды жууға және қатайған бетонды сеуіп тұруға пайдаланылатын су 23732 «Бетон және сылақтың суы. Техникалық жағдай» мемлекеттік стандарттың талаптарын қанағаттандыруы керек.

Суда цемент илемінің және бетонның уақыт ұстамдылығын бұзатын, бетонның беріктілігі мен аязға төзімділігін төмендететін заттар болмау керек. Бетон мен сылаққа ең тиімді ішілетін су (ГОСТ 2874-82). Ішілетін суды пайдаланғанда, оның сапасын тексеру қажет етілмейді. Ішілетін судан басқа сулардың бетонға жарайтындығын, бетон және темір бетон өндірісін құрғанда және суды алатын жер немесе құрамындағы қосылыстар өзгергенде тексеріледі.

Бетон және сылаққа қажет құрамында еритін заттары бар суды тексеру мынандай нормативті құжаттардың талаптарына сай жүргізіледі: еритін тұздарды – ГОСТ 18164-72; SO2-4 ионын – ГОСТ 4389-72; Cl- ионын – ГОСТ 4245-72. Судың pH шамасын потенциометриялық тәсілдің көмегімен әр түрлі маркадағы – 340; ЛП-5; ЛП-58; ЛПУ-01 және басқа pH-метрлердің көмегімен анықтайды.

8-кесте-Суға қойылатын талаптар МЕСТ 23732

Көрсеткіш атауы

Нормасы

БАЗ құрамында аз болмау керек, мг

10

құрамында қант және фенол аз болмауы керек, мг

10

құрамында жұкпалы қоспалар және майлар ,мг

болмайды

рН көрсеткіші аз болмауы керек

4

құрамында сульфат аспауы керек

2700 мг/л

құрамында тұз аспауы керек

5000 мг/л

Комплексті қоспа-Ауа еліктіргіш, пластификациялайтын – ауа еліктіргіш және газдандырғыш қоспалар – жоғары аязға төзімді және су жұқтырмайтын бетон дайындау үшін бетон құрамына енгізіледі. Ауа еліктіргіш қоспа – конструкционды – жылуизоляциялық жеңіл бетон өнімдерін дайындау үшін қолданылады.

Линамикс П-120 пластификаторы СП- 1 және ЛСТ техникалық лигносульфонатының суперпластификаторларының қоспасын ұсынады. ГОСТ 24211-2003 классификациясына сәйкес, комплексті қоспа «линамикс» екінші топтағы пластификаторларға жатады және жылжымалдылығы П4 (ОК = 16–20 см) маркалы бетон қоспасын алуға мүмкіндік береді. Мөлшерлеу кезінде қоспа цементтің массасынан 0,3-0,5 % (құрғақ күйінде есептеуде) «линамикс» бетон қоспасының жылжымалдылығын 2 сағатқа дейін сақталуын қамтамасыз етеді.

Қалыптарды майлау- Темірбетон және бетон бұйымдардың сапасына бетонның қалып бетімен ілінісуі әсер етеді. Ілінісуін азайту үшін, қалыпты тазартуды жеңілдету үшін, күнделікті және жоспарлық – сақтық жөндеуді ұтымды ұйымдастыру үшін әр түрлі майламдар қолданылады.

Дұрыс таңдап алынған және жақсы жағылған майлам бұйымның қалпын бұзуды жеңілдетіп, сапалы бет алуға көмектесіп, қалыптың тозуын азайтады.

Қалып бетіне майлам түрлі бүріккіш - пневмопистолеттердің, қармақтардың және т.б. көмегімен жағылады. Жақсы бүркіп, майлам материалының қалыптар қабырғаларына дұрыс жабысуына жету үшін қысымы 3...4 атм. болатын сығылған ауаны қолдану қажет. Автоматты түрде майлау кезінде форманың бүкіл ені бойынша орналасқан форсункалар мен жұмсақ қылды қылсүрткілер қолданады. Майламды әдетте қалып бетон қоспасымен толтырылғанға дейін 15...20 минутта жағылады.