- •Мазмұны
- •1 Шығарылатын бұйым сипаттамасы
- •2 Зауыттың жұмыс тәртібі
- •3Өндірістің технологиялық тізбегі
- •4 Шикізат материалдарына сипаттама
- •5Бетон құрамын есептеу
- •5 Кесте-Бетон құрамын есептеу
- •6Шикізат материалдарының шығынын анықтау
- •7Зауыттың өндірістік бағдарламасы
- •7 Кесте-Зауыттың өндірістік бағдарламасы
- •8Стенділі сызықтың өнімділігін есептеу
- •9Технологиялық жабдықты таңдау және есептеу
- •10Өндірістік жабдықтар тізімі
- •11Қосымша объектілерді таңдау және есептеу
- •11.1Цемент қоймасын есептеу
- •11.2Ірі толтырғыштар қоймасын жобалау және есептеу
- •11.3Ұсақ толтырғыштар қоймасын жобалау және есептеу
- •11.4Бетон араластырғыш цехты есептеу
- •11.5Қоймадағы дайын өнім есебі
- •11.6Металл қоймасы
3Өндірістің технологиялық тізбегі
-
шикізаттық
к
омпоненттер
қалыптарды дайындау (тазалау мен жабдықтау, жинау мен майлау) |
бетон төсегіш |
б екітпе бөлшектері мен арматураны төсеу |
арматураны кернеу |
қалыптау |
нығыздау |
ылғалды жылумен өңдеу (стендте) |
қалыптан босату және ақауларды түзеу |
дайын өнім қоймасы |
бетон араластырғыш |
Қуысты темірбетон плитасын стендті әдіспен шығаратын зауыттың қалыптау цехында ені 4 м, ұзындығы 80...100 м болатын 3 қалыптау жолағы орналасқан. Ол жерде орналасқан қалыптар өз кезегінде белгілі бір бұйым түрін шығаруға арналған.
Сымды арматура бұйымдарын шығарған кезде жылжымалы бухтаұстағыштың орналасуы одан оралған және стенд бойымен жылжытылатын сым қалыптардың бүйірлерінде орналасқандай етіп орнықтырады. Сонымен бірге бірнеше сымнан тұратын пакетті де жылжытады. Осы операциялардың орындалуы бойынша сымдардың аяқтары қысылған анкерлі қысқыштарды стендтің тіреуіштеріне бекітеді.
Арматура мен қойылма бөлшектерді орнату ыңғайлығын арттыру үшін арматураны стендтің соңында орналасқан гидродомкраттармен алдын-ала кернеулейді. Кернеулеу күші жобалық кернеулеудің 50 % құрайды. Содан кейін кернеуленбеген арматура мен қойылма бөлшектерді орнатып, қалыпты жинап, жиектерін бекітеді. Арматураны осыдан кейiн бiржолата кередi және форманы бетон қоспасымен бетон таратушы арқылы толтырады. Бетон араласпасын қалыптың бүйірінде орналасқан дірілдеткіштер арқылы сығымдайды. Бұл бүйірлерде булы жейделер екерілген: ол жейделерге бу беріліп, қатаю уақытын тездетеді. Бұйым қажетті беріктікті алған кезеңде(жобалық беріктіктің 70 %), дерені алып тастап, кернеуленген арматураны босатып, бұйым аралық арматураны кесіп, шешіп тіркесі бар арбаға орналастырып дайын бұйым қоймасына жібереді.
Өзекті арматурасы бар бұйымдарды шығарған кезде бөлек элементтерден дәнекерлеу машинасында арматура элементтерін өзекше қылып, стендтің ұзындығымен бірдей етіп дәнекерлейді. Басқа операциялар реті сымды арматура бұйымдарына ұқсас болып келеді.
Соңғы кезде иілімді стендті технологиялық өндіріс кең қолданыс табуда. Бұл технологиялық өндірісте қысқа жеке стендті қолданылады. Осы қалыптардағы қуысты темірбетон плитасын шығарудың технологиялық циклі басқа қалыптардың жұмысынан тәуелді болмайды. Алдын-ала кернеуленген темірбетон конструкцияларын стенд әдісімен қалыптау цехында күштік қалыпта жалпағынан дайындайды. Өлшемдері 125х24 м аралық бойында І, ІІ және ІІІ линиялы саяз саңылау камералары орналасқан. Бұл камералар көлденең қалқамен бөлек секцияларға бөлінген, әр секцияда тек бір бұйымды қалыптайды. Әрбір линия бойында рельс жолдары жүргізілген, оның бойымен бетонтөсегіштер жылжиды, ол цехтың соңында бетон таратқыш эстакаданың астында бетон араласпасы жүктелінеді. Көршілес линиялар арасында камераның жоғарғы деңгейінде ені 1 м болатын өтулер ескерілген. Кернеуленетін арматураны электротермиялық тәсілмен кереді. Қалыпқа ерітіндіні орнықтыру ыңғайлығы үшін бетонтөсегіштерді дірілдеткіш нуалы жылжымалы бункермен жабдықталған.
Камераны, бұйымның қалыптануынан кейiн, периметрі бойынша су немесе құмды бекітпелермен қақпақтарды жабады және онда қасаңдауды үдету үшiн буды жібереді.
Алдын-ала кернеуленген бұйымдарды стендтік тәсілмен күштік қалыптарда және кернеуленбеген бұйымдарды уәдімгі қалыптарда өндірген кезде, қалыптарды цехтың еденіне, қалыптауға ыңғайлы жерге орнатуға болады. Бұл жағдайда қалыптардағы бұйымның қатаюын үдету үшін қалыптарда булық жейделер көзделген.
Зауытта алдын-ала кернеуленген қуысты темірбетон плитасын дайындау үшін өзекшелі арматураны қолдану көрсетілген. Бұл арматура электротермиялық әдіспенен кернеуленеді. Бұйымдарды жылумен өңдеу, цехтың сыртына шығарылған саңылаулы бір қабатты жердегі саңылауда орналасқан камераларда өтеді.
