- •Иммунитет туралы түсінік
- •Микроорганизмдер генетикасы
- •Микроорганизмдердің физиологиясы
- •6) Инфекция туралы түсінік
- •7) Микроорганизмдердің көміртегі қосылыстарын өзгеріске ұшыратуы
- •8) Микроорганизмдердің азотты заттарды өзгеріске ұшыратуы
- •9) Сүт және сүт өнімдерінің микробиологиясы
- •11) Микробтар әлемі
- •12) Қи (көң) микробиологиясы.
- •13)Мал азығы микробиологиясы
- •15) Тері-былғары шикізат микробиологиясы
- •16 )Бактериялар спораларының орналасуы,оның қоздырғыштарда кездесуі
- •17)Микроб жасушаларының құрылысы.
- •18) Қоректік орта түрлері
- •19) Микроорганизмдердің ауада таралуы.
- •20) Саңырауқұлақтар мен ашытқылар
- •22) Вирустар және бактериофагтар курылысы
- •23) Серологиялық реакциялар
- •30) Жұқтыру әдістері
- •31) Микробтардың улары
- •32)Гемагглютинация реакциясы
- •34) Ет жұмыртқа микробиологиясы
- •37) Еттің микробтармен эндогенді ластануы.
15) Тері-былғары шикізат микробиологиясы
Тері-былғары шикізатының микробиологиясы. Мал терісі сыртқы қабаттан – эпидермистен және ішкі қабаттан – дерма мен тері асты клетчаткасынан (мездрадан) тұрады. Қылдарынан (жүндерінен) арылып, тиісті өңдеуден өткен теріні былғары деп атайды. Терінің ең пайдалы бөлігі – дерма. Тері құрамында протеиндердің (альбуминдердің, глобулиндердің, кератиннің), майлардың, минералдық заттардың болуы, ал су мөлшерінің 70% ға дейін жетуі микроорганизмдердің шикізатта көбеюіне жағдай туғызады. Тері бетінде жүннен (түктен, қылдан) басқа, май және тері бездерінің саңылаулары орналасады. Тер және май бездерінің жолдарында коккалардың Staph.aureus және Staph.albus түрлерін тұрақты түрде табуға болады, ал Str.pyogenes сирек болса да кездесіп тұрады. Мал организмінің резистенттілігі төмендеген кезде олар абсцесстерді, фурункулездерді және тағы басқа іріңді процесстерді тудырады. Мал терісінің 1 шаршы сантиметрінде микробтардың бірнеше жүз мыңнан 1-2 млрд. дейінгі жасушалары болады. Тері асты клетчаткасы әдетте стерильді болып келеді, оның бетіне микробтар теріні сыдыру және өңдеу кезінде түседі.
Тері микрофлорасы. Сыдырылған теріде ферментативтік процестердің (автолиздің) нәтижесінде микроорганизмдердің өсіп-өнуіне қолайлы орта қалыптасады. Теріге микробтар қи, топырақ, су, ауа және оны өңдеуде қолданылған заттар арқылы түседі. Теріде шар, таяқша тәріздес микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, протеолиттік және басқа қасиеттерді иеленген аэробтар мен анаэробтар кездеседі. Терінің бүлінуі оның бүгілістері мен бүкпелерінен, ластанған жерлерінен бастау алады. Без тармақтары және жүн қапшықтары арқылы микробтар ұлпаға енеді. Орта сәл сілтілі болған жағдайда микроорганизмдер қарқында түрде көбейе бастайды.
Тері шикізатын консервілеу. Сыдырылғанын теріні екі сағаттан соң консервілеу қажет. Теріні сақтаудың бірнеше әдістері белгілі. Олардың бәрі микроорганизмдердің шикізатта өсіп-өнуінің алдын алуға бағытталған (Н.Р.Асонов, 1989).
Жүн микрофлорасы. Жүн бетіндегі микроорганизмдердің арасында аммонификаторлардың үлесі басымдырақ болады. Олар кератинді ыдырата отыра, жүн талшығын жарамсыз етеді. Жүннің өзгеріске ұшырауы тек микроорганизмдердің түріне ғана емес, сонымен қатар шикізатты сақтау жағдайларына да байланысты болады. Мысалы, басылып қалған жүн термофильді микробтардың тіршілік әрекеттерінің салдарынан қыза келе қарайып, тіпті өртеніп те кетеді. Қызып кеткен жүннің талшықтары беріктігін жоғалтады. Жүнді зақымдайтын микробиологиялық процестердің алдын алу мақсатында шикізатты құрғақ, жақсы желдетілетін ылғалдылығы 60%, ал температурасы 16-17°С төмен болмайтын қора-қопсыларда теңдер түрінде сақтайды.
Тері-былғары шикізатына санитарлық-ветеринарлық бақылау жүргізіу. Ауру малдардан алынған тері-былғары шикізаты инфекция көзі болып табылуы мүмкін. Ауру қоздырғыштары шикізатқа малдың тірісінде немесе сойылған малдың терісін сыдыру кезінде түседі. Теріде спора түзетін қоздырғыштар ұзақ уақыт сақталады. Мұндай терімен жанасқан адам инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін. Зардапты микроорганизмдерді бір шикізаттан екіншісіне кемірушілер мен шыбындар тасымалдай алады.
