Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Evo_sozh_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33 Кб
Скачать
☆

Неандертальцтердің материалдық мәдениеті және рухани өмірінің бастамалары.

Неандертальдықтар — ежелгi адамдар (Ноmо erectus типiнiң архантроптары) мен Ноmо sapiens тұысының өкiлi-кроманъондықтардың аралық формасы болып табылады. Оның атауы Дюссельдорфқа жақын жатқан Неандерталъ үнгiрiне байланысты қойылған. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдықтардың сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. Оның бойы 155-165 см, ал ми көлемi-1300-600 см3 болды. Неандертальдың өзгеше белгілірі: қас сүйегі шығыңқы, тайқы маңдай, бас сүйегі жайпақ, тістері ірі, иегінің шығыңқылығы аз. Омыртқа жотасының тіктігі, тізе буынының жазылмайтын қисықтығы неандертальдардың жүрісінің ебедейсіз болғанын көрсетеді. Неандертальецтердің негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік болған. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған.Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.

Социогенездің ерте кездегі этаптары.

Социогенез -адамның биологиялық эволюциясының орнын басатын қоғамдық эволюция. Адам дамуының ерте кезеңдерінен бастап қазіргі күнге дейін жалғасын табуда. Социогенез - бұл филогенездің бөлігі,  Homo sapiens пайда болуынан басталады да бүгінгі күнмен аяқталады. Социогенездің этаптары: Біріншілік өнердің пайда болуы және қоршаған ортаны және оның материалдық көріністерін тану. (наскальные рисунки, әйел бейнелері— «Венеры палеолита», киелі жануарлардың бейнесі және т.б). Неолиттік революция: жабайы жануарларды қолға үйрету және өсімдіктерді мәдениеттендіру. Бұл этапта мәдениеттің дамуы арта түсті. Өнер дамыды. Ғылыми-техникалық революция, бұл кезеңде адам баласы бүкіл планетаға таралды, бірақ адам баласында көп нәрсеге қызығушылық арта түсті. Ғылыми-техникалық революция адамдарды прогреске жету жолында тек қана оң нәтиже беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар, адамдардың биологиялық сауатсыздық нәтижесінде катастрофалыық жағдайларға әкелді. Антропосоциогенез – материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; жануардың адамға айналуының және жануарлардың адамзат қоғамымен ажырамас бірлігі. Мәдениеттік эволюция - мәдениеттің қарапайым формадан күрделі формаға тоқтаусыз дамуы. Адам эволюциясын толық қарастыра отырып, мәдениетттік эволюцияны бір бағыттағы сызықты процесс деп айта аламыз. Ағылшын философы XVII ғ. Томас Гоббс алғашқы пайда болған адамды «өнерсіз, хат танымайтын, қоғамнан тыс» деп суреттеді, ал оның өмірін «жалғыз, кедей, қорқынышты, жабайы және қысқа» деп жазды. Ол өзінің «жабайылықтар» деп талатын концепциясын ұсынды: адамның төменгі сатыдан жоғарғы деңгейге дейін жетуі – цивилизацияға жол ашты. Неолит , жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Неолиттің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері, көкіністердің, жеміс-жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары туралы Н. И. Вавиловтың ілімі. Өсімдіктердің қолда өсіріле бастағанына 10 000 жылдай уақыт болды. Біздің эрамызға дейін 8000 жыл бұрын адам баласы ағаш соқамен жер жыртқан. Мәдени бұршақ Faba vulgaris Жерорта теңіз аймағындағы жабайы Faba Pliniana – дан шықты. Солтүстік Африка мен Испаниядан Ирак пен Гиндукшаға дейін бүкіл Жерорта теңіз өңірінде кең таралған жабайы жүзімнен, сондай – ақ Франция, Швейцария, Болгария және Румынияда өсетін жабайы жүзімнен мәдени жүзімдер шығарылған.

Генетикалық және молекулалық биология әдістері. Генетикалық әдіс- Эволюцияның дамуына бағытталған генетикалық әдістер әртүрлі. Салыстырылатын түрлердің генетикалық сәйкестігін және организмдердің цитогенетикалық ерекшеліктерінің анализін тікелей анықтайды.

Молекулалық биологиялық әдіс арқылы зерттеуге болады: Нуклеин қышқылдары мен белоктардың құрамын зерттейді; Белоктардағы аминқышқылдарының ерекшеліктерін, алмасуын, өзгерістерін зерттейді; Әртүрлі организмдер топтарындағы нуклеин қышқылдарының бірінші реттік құрылымының сәйкестігін зерттеуге болады.

Түрлер бір - бірінен өздеріне ғана тән белгілер жиынтығы арқылы ажыратылады, ондай белгілер жиынтығын түрдің критерийлері  дейді. Морфологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыс белгілерінің ұқсастығын көрсетеді. Қос түрлерге құстар, амфибиялар, рептилиялар, тіпті сүтқоректілер де жатады. Морфологиялық критерий — негізгі критерий емес. Себебі: Қосарлы (қос) түрлер бар. Мысалы, маляриялық масалар, қара егеуқұйрықтың қос түрлері кездеседі. Мимикрия құбылысы кездеседі. Мысалы, жабайы ара тәрізділер және жабайы аралар. Қоршаған ортаға байланысты түрлі түсті болу. Физиологиялық –биохимиялық критерий: негізгі және жалғыз критерий емес, себебі, тіршілік әрекеті ұқсас жақын түрлер бар, мысалы: алқа тұқымдылар және күрделі гүлді тұқымдар алколойдтарды жинақтайды. Географиялық критерий-негізгі және жалғыз критерий емес, бір ареалда әртүрлі түрлерге жататын дарабастар тіршілік етеді. Бір түрге жататын дарабастар әртүрлі ареалда тіршілік ете алады. Биареалда түрлер бар(мысалы: жыл құстары). Экологиялық критерий– негізгі және жалғыз критерий емес, әртүрлі түрге жататын дарабастар ұқсас жағдайларға бейімделе алады. Генетикалық критерий- хромосомалардың белгілі жиынтығы. Ерекше басты жағдай хромосомалардың саны емес, хромосомалардың құрылымы және формасы. Хромосомалар жиынтығының айырмашылығына байланысты әр т.рге жататын дарабастар арасында репродуктивті оқшаулану бар. Себебі, көбею мезгілі әртүрлі, жыныс мүшелерінің құрылымы әртүрлі, сперматозоидтар жұмыртқа клеткаға ене алмайды, егер гидридтің тіршілік қабілеті болса, ол өсімталды емес(қашыр, ханорик).

Онтогенез – тірі ағзаның жеке дамуы.Онтогенез терминін 1866 жылы неміс биологі, эволюционист Эрнст Геккель ашқан. Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) мен олардың тарихи дамуы (филогенез) өзара байланысты. А. Н. Северцов биогенетикалық заңның тұжырымдалуын дәлелдеді: « Ата - текті ересек формаларының белгілері емес, олардың ұрпақтарының белгілері». Ол өзінің «Модусы филэмбриогенеза» деген еңбегінде (1935) филэмбриогенездің 12 модустарын ажыратқан. Филэмбриогенездер - ересек (жыныстық жағынан жетілген) организмнің бейімделулерімен байланысты онтогенездің құрылу процесі. Анаболия - дамудың соңғы сатыларындағы онтогенездегі өзгерістер. Анаболия кезінде белгілі органның жеке дамуы ата – тегіндей жүреді, ал, дамудың аяқ кезінде осы органдарға өзгеріс енеді. Девиациялар -онтогенездің ортаңғы сатыларындағы өзгерістер. Девиацияда бір түрдің ұрпақтарының онтогенезінің орта фазасындағы қандай да бір органның эмбриондық дамуы ата - тегінен біршімі басқа болады. Архаллаксис - онтогенездің бастапқы сатыларындағы өзгерістер. Дамудың бастапқы фазасындағы өзгерістер әрқашан кенет жіне күшті ауытқуда болады. Осы жолмен бұрыннан бар құрылымдар көбйеді, олардың орны ауысады, ең негізгісі жаңа құрылымдар пайда болады. Мысалы, сүтқоректілерде түктің дамуы.

Органадар (мүшелер) мен функцияларың өзгеру әдістері. Басты функцияның күшеюі көбінесе жеке органдар эволюциясы барсында жүреді. Сонымен қатар ол 2 түрлі жолмен жұреді: не мүше құрылымының өзгерісі, не бір орган ішіндегі компоненттер санының жоғарылауы. Басты функцияның жұмысының төмендеуі – күшею сияқты қарапайым эволюциялық процесс. Киттәрізділердің суда тіршілік ету түріне өтуі, олардың арғы тектерінің кірпікшелі жабынының (қазіргі киттәрізділердің кірпікшелі жабын мүлдем жоқ) терморегуляциялық функциясының баяулаунан туды. Мүшелердің полимеризациялануы-кезінде бір түрдегі мүшелер мен құрылымдардың санының жоғарылауы байқалады. Мүшелердің олигомеризациясы және функциялардың концентрациясы–көптеген біріңғай мүшелердің, органоидтардың, құрылымдардың, санының қосылуы. Полимеризацияға кері процесс. Функциялар санының азаюы немесе төмендеуі эволюция процесінде қандайда бір мүше мен құрылымның мамандануымен сипатталады. Функция санының өсуі. Ыстық пен құрғақшылыққа төзімді суккуленттердің (кактус, агавалар, т.б.) сабағы немесе жапырақтарының ұлпасына су жинақтау мүмкіндігін мысал ретінде қарастыруға болады. Функция және мүшелердің бөлінуі – бұл өзіндік желбезек тобы бар, жеке функцияларға қабілетті: алдыңғы және артқы желбезектері негізгі бағыттаушы қызметін атқаратын ерте кездегі балықтардың арғы тегіне тән бірдей жұп емес желбезектің жоғалуымен суреттеледі (бірдей тері қабаты дененің шеткі бөлігінде орналасқан), алдыңғы және артқы желбезектері негізгі бағыттаушы қызметін атқарады. Функциялардың ауысуының мысалы ретінде онаяқты (көпаяқты) шаяндардың денесінің артқы бөлігінің диффиренцировкасы жатады. Алғашында барлық артқы бөліктің басты функциясы жүзу болса, ал қосымша функциясы – жүру және қармалаушы болған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]