Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚ курстық жұмыс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152 Кб
Скачать
☆

2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері

Мердігерлік шартының бұл түрі құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұмыстар жүргізілуін құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстар оларға сәйкес, алда құрылыс жүргізетін құжаттар өңделуін қарастырылады.

Алдағы жұмыс көлемі үлкен болып арнайы мақсатқа жоспарлануы мүмкін. Сондықтан жобалаудың алдағы шығынды бағалау, болашақ құрылыстың экономикалық тиымдылығын көтеру үшін маңызды болып табылады. Іздестіру жұмыстары салынған ғимаратты болашақта пайдаланудың жолдарын құрылыс салу орнын, құрылыс тәсілдерін және т.б. анықтауға мүмкіншілік береді.

Бірқатар жағдайларда, жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы болып құрылыс ұйымдары қатысады.

Олар құрылыс мердігерлік шарты бойынша мердігерлер құрылыс қызметінің белсенді жүзеге асыруды, жаңа шешімдер ұсынуды, өндірістік тұлғын үй ғимараттарының салуды болжаулары мүмкін.

Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және іздестіру жұмыстарын жүргізуге міндетттелінеді, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенеді./2.7.,251б./

Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарттарын реттейтін нормалардың мәнісі бойынша, орындайтын жобалау және іздестіру жұмыстарына материалды-техникалық қамтамасыз еті міндеті көбінесе мердігерде болады.

Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты көбінесе тапсырысшы үшін тәуеклді болып келеді. Егер заңнама актілерінде немесе шарта өзгеше көзделмесе, шартың кездейсоқ орындалмау қаупі оған жүктеледі.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырманы, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін қажетті өзге алғашқы мәліметтерді беруге міндетті.

Тапсырысшы шарт бойынша тапсырманы дайындауды тапсыруға өкілденуі мүмкін.

Жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау кезінде, тапсырысшы мердігерге шартта қарастырылған көлемде және жағдайларда қызметт көрсетіп тұруы керек. Мысалы, көлік бөлініп берілуі. Материалдар сатып алынуы.

Тапсырысшының міндеттері:

Мердігерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін белгіленген бағаны төлеуге немесе оны жұмыстың жекеленген кезеңдері аяқталғаннан кейін бөліп төлеуге:

Мердігерге шартта көзделген көлем мен жағдайда жобалау және іздестіру жұмыстарын орындауына қызмет көрсетуге;

Қосымша шығындарды өтеуге.

Мердігердің міндеттер:

Жұмысты шарт жасасу кезінде жобалауға берілген бастапқы деректерге сәйкес орындауға;

Дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырысшымен, ал қажет жағдайда тапсырысшымен бірге құзыретті мемлекеттік органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісуге;

Тапсырысшының келісімімен жобалау-сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға беруге міндетті.