Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Күрделігүлділер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

20 Және кӛп) қалқаншаға (щиток) жиналған, Арктикадан бастап (басқа жақтан алып

келінген) Орта Азияға, Кавказға және Қырымға дейін таралған, инсектицидті және

дәрілік, ал кейде тіптен сәндік ӛсімдік ретінде ӛсіреді;

Биік андыз (девясил высокий - Іnula helenіum) биіктігі 60-250 см дейін баратын,

тамырсабағы ағаштанған ӛсімдік. Гүлдері алтындай сары түсті, себеттерінің диаметрі 8 см

болады, олар сиректеу шашақ немесе қалқанша гүлшоғырын түзеді.

Бұрынғы одақтас республикалардың территориясының барлық жерлеріндегі жалпақ

жапырақты ормандарда және бұталардың арасында ӛседі, таулы жерлерде субальпі

белдеуіне дейін кӛтеріледі. Сонымен бірге ол шалғынды жерлерде де ӛседі. Биік

андыздың сәндік, дәрілік және бал беретін ӛсімдік ретінде маңызы зор.

Тілшегүлділер тұқымдас тармағы (подсемейство язычкоцветные) – Lіgulіflorae

Гүлдері тілше тәрізді болып келеді. Вегетативтік органдарында барлық уақытта

бунақталған сүт жолдары болады (бӛлінген заттарды жинақтайтын қуыстары - млечники) .

Бақбақ туысы (одуванчик - Taraxacum). Бақ-бақтың 70-тей түрі бар, оның 59-ы

Қазақстанда кездеседі. Жалпы бақпақ жершарының барлық құрлықтарында

(континенттерінде) кең таралған. Негізінен жертаған түзетін жапырақтары бар

кӛпжылдық шӛптесін ӛсімдіктер. Гүлдері сары түсті. Кәдімгі бақпақ (одуванчик

обыкновенный или аптечный - T.offіcіnale) аса кең тараған ӛсімдік, ӛте ӛзгергіш келеді,

тамырында инулин болады. Кӛк-сағыз (кок-сагыз - T.kok-saghyz) табиғи жағдайда Шығыс

Тянь-Шанда ӛседі, тамырында 20% дейін сапасы жоғары каучук болады.

Қалуен туысы (осот - Sonchus). Бұл туыстың солтүстік ендікте кең таралған 45

түрі бар. Кӛпжылдық (кейде жартылайбұта) немесе біржылдық ӛсімдіктер. БОР-дың

территориясында олардың 6-ы түрі, ал Қазақстанда 4 түрі ӛседі. Олардың барлығы шӛлейт

аймақтан бастап батпақты жерлерге дейін кездеседі. Егін шаруашылығына үлкен зиян келтіретін арамшӛп ретінде егістік қалуенін (осот полевой - S.arvensіs) атап айтуға

болады.

Дәріс 15. Monocotyledoneae - Даражарнақтылар класы.

Дәрістің мақсаты-студенттерді дара жарнақтылар класының жалпы

сипаттамасымен, классификациясымен,гүлдерінің, жемістерінің құрылысымен, негізгі

ӛкілдерімен және олардың халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Лалагүлдер қатары,

2. Амарилистер қатары,

3. Қияқӛлеңдер қатары

4. Астық тұымдастылар қатары

Кӛрнекті құралдар: Гербарий, таблицалар.

Дара жарнақтылар немесе лилиопипсидтер класы (однодольные или

лилиопипсиды) – Monocotyledoneae, lіlіopsіdae

Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және

63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі ӛмірлік формалары шӛптесін ӛсімдіктер (бір-, екі-,

кӛп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында

(континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек

болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және

ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың қос

жарнақтылардан жоғарыда келтірілген айырмашылықтарынан басқа (348 - бетті қара),

тағыда кӛптеген қосымша белгілерінің сериясын айтуға болады: дара жарнақтылардың

флоэмасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанда ол тек сүзгілі түтіктерден және

серіктік клеткалардан тұрады; ӛткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында

болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап

тұрады; жапырақтары екі қатар түзіп орналасады; артық қор заттары және метаболизм

ӛнімдері (эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер және т.б.) кӛп түрлі

болмайды, олардың молекуласының құрылысы біршама қарапайым болып келеді.

Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде маманданған ӛсімдіктер кӛптеп

саналады. Мысалы, геофиттері ӛмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында тамырсабақ,

бадана (луковица), түйнектер, түйнектпиязшықтар түрінде ӛткізеді; гелофиттері,

батпақты жерлерде және ылғалы мол топырақтарда ӛседі; ксерофиттері шӛлді және

шӛлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері ӛмірлік циклы қысқа болатын ӛсімдіктер,

ұзаққа созылатын құрғақшылық басталғанға дейін олар гүлдеп және дән байлап үлгереді.

Дара жарнақтылар класының жоғарыда келтірілген 38 қатарын гүлсерігінің

құрылысының ерекшеліктеріне қарай екі қатарлардың тобына бӛледі.

Желектілер қатарлар тобы – Corollіflorae

Гүлсерігінің қарапайым, желектер (күлте жапырақшалар) түрінде болады. Кӛп

жағдайда олардың шірнектілер (нектарник) жақсы жетілген болып келеді. Тозаңдануы

насекомдар арқылы жүреді. Ал тропикалық елдерде насекомдарменде, құстарменде

тозаңданады.

Бұл қатарлардың тобының ішіндегі ең үлкен тұқымдастардың бірқатарына

толығырақ тоқталуды жӛн кӛрдік.

Құртқашаштар тұқымдасы (касатиковые)- Іrіdaceae

Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей түр жатады. Тропиктерде, субтропиктерде және

қоңыржай климатты облыстарда кең таралған ӛсімдіктер. Әсіресе Оңтүстік Африкада,

Жерорта теңізі жағалауында, Батыс және Шығыс Азияда және Оңтүстік Америкада

кӛптеп кездеседі. Құрғақ немесе батпақты жерлерде ӛсетін, тамырсабақты немесе

түйнекті-пиязшылықты ӛсімдіктер. Жапырақтары қылыш тәрізді, жоғары қарай кӛтеріліп

тұрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді. Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады (немесе гүлшоғына жиналған); қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлдер, кӛп

жағдайда ӛте үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты;

желек тәрізді түтікке біріккен 6-жапырақшадан тұрады; сыртқы желектерінің кӛп

жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3. Гүлтүйіні

үш ұялы, тӛменгі болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3-ке бӛлінген кӛп

жағдайда желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльце)

тұрады. Жемісі- тӛменгі синкарпты қауашақ. Гүлінің формуласы: P 3+3 A3 G(3).

БОР-дың флорасында 5-туысы 166-ден астам түрлері, ал Қазақстанда 5 туысы 34

түрі кездеседі.

Тұқымдастың түрлерінің кӛпшілігі тамаша гүлдейтін ӛсімдіктер. Кейбір түрлері

техникалық ӛсімдіктер болып табылады.

Бәйшешек туысы (шафран-Crocus) түйнекпиязшықты ӛсімдік. Жасыл

жапырақтары түссіз немесе сарғыштау болып келетін жапырақ қынапшасынан топтасып

шығады. Жалғыз немесе қосарланған үлкен гүлдері пленка тәрізді тістүссіз жапырақ

қынапшасынан кетеді. Гүлдері қосжынысты, гүлсерігі воронка тәрізді, біртіндеп трупкаға

айналады, 6 бірдей бӛліктен тұрады, сары немесе ашық кӛк түсті болып келеді. БОР-да 20-

дай түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі.

Корольков бәйшешегі (шафран Королькова- Crocus Korolkovіі). Биіктігі 10-20 см-

ден, аспайтын кӛпжылдық түйнектпиязшықты ӛсімдік. Жапырағы таспа тәрізді, ұзындығы

15 см-дей болады. Гүлі ашық сары түсті, қауашағы цилиндр пішінді болып келеді. Батыс

Тянь- Шаньның сирек кездесетін ӛсімдігі.

Құртқашаш (ирис, касатик- Іrіs) - үлкен туыс. Гүлдері үлкен әртүрлі түске боялған

болып келеді. Гүлсерігі дұрыс (түтікті): 3 сыртқы желектерінің 3 ішкі желектерінен

айырмашылығы болады Аналығының аузы (3) ұзын, етженді, желек тәрізді бӛліктен

тұрады. Гүлтүйіні 3 ұялы. Аталықтары сыртқы желектерінің түп жағымен бірігіп кетеді.

Жемісі үш қырлы қауашақ. Құртқашаштар солтүстік ендіктің субтропикалық және

қоңыржай климатты зоналарында ӛседі. БОР- да Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, Қиыр

Шығыста және БОР-дың европалық бӛлігінде ӛседі.

Гладиолус туысы (гладиолус- Gyladіolus). Тамаша гүлдейтін түйнектпиязшықты

ӛсімдік. Гүлсерігі зигоморфты, трубкасы иілген, желегінің бӛліктері бірдей болмайды

және ашық түске боялған болып келеді. БОР- да 9- түрі, ал Қазақстанда 2- түрі кездеседі;

Закавказьеның шығысында G.segetus деген түрі табиғи жағдайда ӛседі. Оның жапырағы С

витаминіне бай болады.

Лалагүлдер тұқымдасы (лилейные) - Lіlіaceae

Бұл тұқымдаста 470-тей түр бар (10 туыс). Дүниежүзінің барлық флорасында

кездеседі. Оқтын-оқтын құрғақшылық болып тұратын субтропикалық елдер-де, сонымен

бірге тропикалық емес елдердің шӛлейт айма-ғында және шӛлді облыстарға ауысатын

жерлерінің ӛсімдіктер қауымының қалыптасуына лалагүлділердің тигізетін әсері ересен

зор. Ӛмірлік формалары ағаштар (тропикалық елдерде), лианалар және жартылай

лианалар, негізінен кӛпжылдық шӛптесін ӛсімдіктер, мәңгі-жасыл немесе жаздықжасыл

және ӛте сирек біржылдықтар. Бейімдеушілік процесінің эво-люциясында әсіресе терең

ӛзгерістерге вегетативті орган-дары ұшыраған. Олар баданаларға (луковицы),

тамырсабаққа, түйнектерге, филлокладииге, ӛнім бүрлеріне (выводковые почки) айналып

кеткен. Жапырақтары әдетте азды-кӛпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері тегіс,

отырмалы болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл серігі қарапайым,

күлтежапырақшалар түрінде берілген, актиноморфты, қосжынысты, 3-ӛлшемді (сиректеу

2-4 ӛлшемді). Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын, 3, сиректеу 4 жеміс

жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы. Жемісі қорапша (қауашақ) немесе жидек

болып келеді. Дәнінің эндосперімі болады.

Лалагүл туысы (лилия - Lіlіum ). Туыста Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты

облыстарында ӛсетін 80-100 түрі бар. БОР-дың территориясында 15 түрі (БОР-д-ның

европалық бӛлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Кавказда) кездеседі. Лалагүл баданасы черепица тәрізді болып келетін ӛсімдік. Гүлдері үлкен, шашақты гүл шоғырына жиналған

немесе жалғыздан болып келеді. Гүл серігі қанық боялған (қызыл, сары, сирен түсті

немесе таза ақ). Ақ лалагүлдің (лилия белая - L.candіdum) шыққан жері (отаны) Кавказ.

Гүлінің формуласы: P3 + 3 A3+3 G(3).

Бірағайынды лалагүлдің (л.однобратственная - L.monadelphum) гүлдерінің түсі

сары болады. Королдық лалагүл (л. Королевская -L.regale ) сәндік ӛсімдік. Қазіргі кезде

бұл түрдің 2000-дай сорты бар. Шығыс Азияда жеуге келетін баданасы үшін лалагүлді

кӛкӛніс (овощтық) дақылы ретінде ӛсіреді. Тамаққа лалагүлдің сібірлік түрлерінде

пайдаланады. Дауыр лалагүлінің баданасынан жүрек ауруына ем болатын глюкозидтер

табылды. Бұйра лалагүл, (л. кудреватая, или мартогон - L.martagon), негізінен орманның

ашық жерлерінде, жарық ормандарда, субальпі белдеуіндегі шалғындарда ӛседі. БОР-дың

территориясының барлық жерлерінде кездеседі деуге болады (Орта Азиядан басқа

жерлерінде). Бұл түр табиғи жағдайда кездесетін лалагүл туысының Қазақстандағы

жалғыз ӛкілі.

Қызғалдақ туысы (тюльпан - Tulіpa). Туыста шамамен 100-дей түр бар.

Қызғалдақтар Евразия мен Солтүстік Африканың жазы құрғақ, әрі ыстық болып келетін,

ал кӛктемде және күзде аздап ылғал түсетін шӛлді, жартылайшӛлді және шӛлейт

аймақтарында кең таралған, сиректеу орманды жерлерде де кездеседі. Олар тегістікте де

және таулардың барлық белдеулерінде ӛседі, бірақ мәңгі мұз басқан биіктікте сирек

кездеседі. Қызғалдақтың баданасы 45 см тереңдікте, кейде оданда тереңдеу жатады.

Баданасының сырты пленка тәрізді жылтыр болып келеді. Гүлдері үлкен, қанық боялған,

әр ӛсімдікте біреуден болады. Ӛте сәнді, бірақ иісі болмайды. БОР-дың территориясында

60-тай түрі бар, олардың кӛпшілігі Орта Азияда ӛседі. Қазақстанда қызғалдақтың 32 түрі

бар, оның біреуі (Регел қызғалдағы- тюльпан Регеля) - L.Regelі жойылуға жақын түр

ретінде, 6-уы сирек кездесетін түрлер ретінде Қазақстанның қызыл кітабына енген

(Борщев қызғалдағы, Корольков қызғалдағы, Леман қызғалдағы, Островский қызғалдағы,

әртүрлі күлтелі қызғалдағы, Шренк қызғалдағы).

Қызғалдақты сәндік ӛсімдік ретінде ӛсіреді. Қазіргі кезде қызғалдақтың 800-дей

сорттары белгілі.

Батыс Европаға қызғалдақты отырғызу XVІ ғасырда Түркиядан ауысқан. Бұл

ӛсімдікті ӛсіру әсіресе Голландияда жақсы жолға қойылған. Гүлсерігі қарапайым, тек

күлтежапырақша түрінде берілген. Күлтежапырақшаларының мӛлшері бірдей, олар үш-

үштен топтасып екі қатар шеңбер түзіп бос орналасады. Гүлінің формуласы лалагүлдің

гүлінің формуласымен бірдей: Аталығының саны 6, оларда үш-үштен топтасып, екі қатар

шеңбер түзеді. Гүлдің ортасында үлкен аналық орналасады, оның қысқа мойны үш

жақтауы бар аналықтың аузымен аяқталады.

Қазжуа туысы (гусиный лук - Gagea). Туыста шамамен 70 түр бар. Қазжуа туысы

ерте кӛктемде ӛсетін эфемероидтар. Олар ӛте ұсақ ӛсімдіктер, жапырақтары жіңішке,

гүлдері ұсақ, түсі кӛпшілігінде сары болып келеді. Қазжуалар ерте кӛктемде гүлдейді де,

вегетациялық кезеңін тез аяқтайды. Қазақстанда 38 түрі кездеседі, олардың барлығы

дерлік шӛлді және шӛлейт аймақтың ӛсімдіктері.

Жуалар тұқымдасы (луковые) – Allіaceae

Тұқымдаста 32 туыс және 750 түр бар. Олар Австралиядан басқа құрлықтардың

барлығында кездеседі. БОР-дың территориясында 2 туысы 323 түрі, ал Қазақстанда 1

туысы, 109 түрі ӛседі. Түрлерінің басым кӛпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай климатты

облыстарында кең таралған.

Жуа туысы (лук -Allіum ). Дүниежүзі бойынша 400-дей түрі бар, оның 250 БОР-

дың территориясында , ал Қазақстанда 109 түрі кездеседі. Баданалы және тамырсабақты

ӛсімдік. Екі түрлі жапырағы болады - трубка тәрізді және жалпақ жапырағы. Гүлінің

формуласы: P 3+3 A3+3 G(3).

Гүлшоғыры шатыр түзеді, дамудың алғашқы кездерінде жамылғысы (гүласты

жапырақшасы) болады. Кейде гүлшоғырында үсақ баданалары - ӛнім бүршіктері пайда

болады. Жемісі қорапша (қауашақ). Пияз, қатпарлы жуаның (лук репчатый - А.сера)

жапырағы трубка тәрізді, ба-сында гүлі болатын, сабағының іші қуыс, үрленген болып

келеді, гүлшоғыры шар тәрізді. Пияздың ащы иісінің болуы оның құрамында эфир

майының барлығын кӛрсетеді (концентрациясы 0,03-0,05%), одан басқа пияздың

құрамында қант (5% дейін), витаминдер В.С., фитонцидтер болады. Жабайы түрі белгісіз;

кӛптеген сорттары шығарылған. Сарымсақ (чеснок - A.satіvum) - жапырағы жалпақ, түзу,

жамылғысының ұзын тұмсығы болады, баданасы кӛптеген ұсақ пиязшықтан (деток)

тұрады. Пиязшықтары арқылы және ӛнім бүршіктері арқылы кӛбейеді, құрамында

сарымсақ майы болады, кеңінен отырғызылады. Порей жуасы (лук порей - A.porrum)

жапырақтарымен сабақтарының жеуге келетін түп жағы үшін отырғызады. Домалақ пияз

(лук круглый - A.rotundum) кӛп жағдайда күресуге бой бермейтін арамшӛп ретінде ӛседі.

Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы (чешуецветные) - Glumіflorae

Табиғатта және халық шаруашылығында маңызы аса зор, жоғары деңгейде

маманданған топ. Кӛптеген түрлері мен түрлерінің компликстері шӛлейттің, шалғынның,

батпақты жерлердің, прерийдің, саваннаның ӛсімдіктерінің негізін түзеді. Ӛмірлік

формасында кӛпжылдық шӛптесін ӛсімдіктері басым болып келеді. Оларға бұтақтанудың

ерекше түрі, түптеніп ӛсу тән. Жер беті сабақтары сирек бұтақтанады. Жапырақтары

кезектесіп орналасады, қынапшалы болып келеді немесе қынапшалары мүлдем болмайды.

Гүлсерігі қарапайым немесе желмен тозаңдануға ауысуына байланысты редукцияға

ұшыраған. Ол қабыршықтардан, тікенектерден, талшықтардан тұрады, кейде гүлдері

жалаңаш болып келеді.