Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTMS_T14_kaz(1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Майданның (корпустың) емдеу мекемелері

Майданнын госпиталдық базалары. Госпиталдық базалар майданнын медициналық қызметінің күштері мен кұралдарының негізін құрайды.

Ұйымдастырушылық-штаттық аспектіде госпиталдық база деп госпиталдық база басқармасы басшылығындағы белгілі бір сәйкес емдеу мекемелерінің, бөлімдер мен жабдықтау бөлімшелерінің бірлестігін түсінеміз.

Емдеу мекемелерінің саны мен түріне байланысты алдыңғы госпиталдық базалар (АГБ), тылдық госпиталдық базалар (ТГБ) деп бөлінеді. Штаттық ерекшеліктеріне қарамастан АГБ және ТГБ ұқсас міндеттер аткарады.

Майданның госпиталдық базаларына келесі міндеттер жүктеледі:

1. Жаралылар мен науқастарды қабылдау, оларды медициналық іріктеу.

2. Жаралылар мен науқастарға білікті және арнайы медициналык көмек көрсету.

3. Келіп түскен жаралылар мен науқастарды емдеу.

4. Тылда емделуді қажет ететін жаралылар мен науқастарды госпитализациялау

және тасымалдауға дайындау.

5. Жаралылар мен науқастарды әскери-дәрігерлік сараптау.

6. Жаппай қырып-жою қаруынан корғау шараларын жургізу, госпиталдық базаның бөлімдері мен мекемелерін қоргау және кузету.

7. Госпиталдық базада санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізу.

8. Госпиталдарды материалдық-техникалық жабдықтау және жаралылар мен науқастарға тұрмыстық қызмет көрсету.

9. Жаралылар мен наукастар және госпиталдық базаның жеке құрамы арасында әлеуметтік-құкылық және тәрбие жұмыстарын жүргізу.

Госпиталдық базаны ұйымдастыру

Госпиталдық база құрамына: госпиталдық база басқармасы (ГББ), емдеу мекемелері, жабдықтау бөлімшелері, материалдық-техникалық жабдықтаудың жеке батальоны, фельдшерлік-пошталык байланыс бекеттері кіреді.

Госпиталдық база басқармасына келесі негізгі шараларды ұйымдастыру жүктеледі:

- госпиталдық база жұмысын жоспарлау

- барлық бөлімдер мен бөлімшелерді жоғарғы әскери дайындыкта ұстау

- майданның медициналық қызметі бастығы нұсқаған ауданда базаны орналастыру

- жаралылар мен науқастарды қабылдау, медициналық іріктеу, оларға білікті медициналық көмек көрсету, арнайы емдеу және реабилитациялау

- майданнан тыс емделуді қажет ететіндерді тасымалдауға дайындау

- әскери -дәрігерлік сараптау

- санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізу

- бөлімдер мен база мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау

- қанды және оның алмастырғыштарын дайындау, олармен госпиталды жабдықтау

- базаны қорғау, кузету, оның қорғанысын ұйымдастыру.

ГБ-НЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

- Госпиталдық база бастығы және басқармасы. Негізгі бөлімшелері:

- емдеу-тасымалдау бөлімі

- медициналық жабдықтау бөлімі

- әскери-дәрігерлік комиссия

- радиациялык және химиялық барлау бөлімі

- санитарлық-эпидемиологиялық зертхана

- арнайы медициналық көмек жасағы

- қан қую бекеті

Жабдықтау бөлімшелері

Әскери госпиталдарды мамандандыру тәртібі

Арнайы медициналық көмек жасақтарын ұйымдастыру

Госпиталдық базанын арнайы медициналық көмек жасақтары (АМКЖ) алдыңғы госпиталдық базаның әскери далалық терапиялық және хирургиялық госпиталдарын мамандандыру үшін ұйымдастырылған, берілген госпиталдар білікті хирургиялық және терапиялық көмек көрсетуге арналған. ӘДГ сәйкес маманданған хирургиялық және терапиялық топтармен күшейген кезде госпиталдар мамандандырылған медициналық көмек пен емдеуді көрсете алып, маманданған госпиталдарға айналады.

Тылдық госпиталдық базада госпиталдар құрылу барысында

мамандандырылады. АМКЖ топтары сәйкес мамандандырылған госпиталға беріліп. оның жаралылар мен науқастарды қабылдау және емдеу мүмкіндіктерін арттыралы.

АМКЖ құрамында келесі арнайы медициналық көмек топтары бар:

- нейрохирургиялық топ

- торакоабдоминалдық топ

- ортопедиялық топ

- күйіктік топ

- жалпы хирургиялық топ

- токсикологи ялық топ

- радиологиялық топ

Бұл топтарды жабдықтауда арнайы жинақтар бар, олар сәйкес дәрежедегі жаралылар мен науқастарға білікті медициналық көмек керсетуді қамтамасыз етеді.

Қан кұю бекеттері (ҚҚБ) қан және оның құрамдарын дайындау, оны қан дайындау жасақтарынан алу, майдан қан дайындау жасақтарынан алу, сақталған қан мен оның құрамдарын сақтау, тарату үшін ұйымдастырылады. Қан дайындау тыл бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамының есебінен жасалады (бірінші кезекте медициналық), ауыспалы құрамды қордағы бригада мен жергілікті жер тұрғындары арасынан өз еркімен келген донорлар есебінен жасалады. Бекет тәулігіне 20 л. консервіленген қан дайындай алады.

Әскери дала госпиталдарын ұйымдастыру принциптері

Барлық әскери дала госпиталдары бір типті ұйымдастыру схемасын басшылыққа алады, әр ӘГ өз құрамында:

  • ӘГ баскармасы

  • негізгі емдеу-диагностикалық бөлімдері (қабылдау-іріктеу, хирургиялық, терапиялық, психоневрологиялық, қарқынды терапия және т.б., (оның құрамы госпиталь тағайындалуы мен түріне байланысты)

  • емдеу-диагностикалық үрдісті жабдықтау бөлімшелері (дәріхана, зертхана, рентген және физиотерапевтік кабинеттер немесе бөлімдер, функционалдық диагностка және емдік дене тәрбиесі кабинеттері немесе бөлімдері)

  • материалдық-техникалық жабдықтау және кызмет көрсету бөлімшелері (асхана, материалдық-техникалық құралдар қоймасы, транспорттық бөлім, электр станциясы және т.б.)

Алдынғы госпиталдық базаның емдеу мекемелері келесі

госпиталдардан тұрады:

- әскери далалық іріктеу госпиталы (ӘДІГ) 500 к

- әскери далалық көпсалалы госпиталь (ӘДКГ) 300 к

- әскери далалық хирургиялық госпиталь (ӘДХГ) 300 к

- әскери далалық терапевтік госпиталь (ӘДТГ) 300 к

- әскери далалық неврологиялық госпиталь (ӘДНГ) 300 к

- әскери далалық жұқпалы аурулар госпиталы (ӘДЖАГ) 200 к

- әскери далалык аса қауіпті жұқпалы аурулар

- госпиталы (ӘДАҚЖАГ) 100 к

- әскери далалык жеңіл жарақаттылар госпиталы (ӘДЖГ) 1000 к

ӘСКЕРИ ДАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ ГОСПИТАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Басқарма

Негізгі бөлімшелер:

- іріктеу посты- 2;

- қабылдау-тасымалдау бөлімі (қозғалмалы);

- іріктеу-тасымалдау бөлімі - 2;

- хирургиялық бөлім;

- госпитализациялау бөлімі;

- анестезиология және қарқынды терапия бөлімі;

- стоматологиялық бөлім;

- рентгенологиялық бөлім;

- зертханалық бөлім.

Жабдықтау бөлімшелері.

ӘДІГ берілген госпиталдық базаға келіп түскен жаралылар мен науқастарды қабылдау және медидиналық іріктеу, оларды медициналық көрсеткіштеріне сәйкес базаның емдеу мекемелеріне жіберу, көрсеткіштеріне байланысты білікті медициналық көмек көрсету, көлікпен жүруге жарамайтын жаралылар мен науқастарды уақьггша госпитализациялау үшін ұйымдастырылады. ӘДІГ теміржол бекеттері, аэродром, порттар ауданына орналаскан жағдайда жаралылар мен науқастармен бірге келіп түскен транспорттық құралдарды түсіруді ұйымдастыру, майданнан тыс тасымалдануға жататындарды ұшақтарға, әскери санитарлық поездарға, кемелерге орналастыру да жүктеледі.

Госпиталдық штаттық көлемі 500 орын, қажет жағдайларда 1500 жаралылар мен науқастарды қабылдай алады. Жаралылар мен науқастардың қарқынды түрде келуі тоқтаған соң, госпиталдық базаның іріктеу госпиталы жалпы хирургиялық патологиясы бар жаралылар мен науқастарды емдей алады.

ӘСКЕРИ ДАЛАЛЫҚ ХИРУРГИЯЛЫҚ ГОСПИТАЛДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ (ӘДХГ) Басқарма

Негізгі бөлімшелері:

- кабылдау-іріктеу бөлімшесі;

- хирургиялық бөлімше - 3;

- анестезиология және қарқынды терапия бөлімі;

- стоматологиялық бөлім;

- физиотерапиялық бөлім;

- рентгенологиялық бөлім;

- зертханалық бөлім; Жабдықтау бөлімшелері.

ӘДХБ 300 орынға арналған, жаралылар мен науқастарға хирургиялық көмек көрсетеді. Ол жалпы хирургиялық, не арнайы медициналық көмек көрсету топтарымен күшейтілген кезде арнайы хирургиялық госпиталь ретінде пайдаланылады. ӘДХГ-ға денесі және аяқ-қолдарының жұмсак тіндерінін көптеген және ауқымды зақымданулары бар жаралылар мен күйікке ұшырағандар, қолының басы және өкшесі ауыр закымданғандар, аяқ-қолдары түменнін ЖмедО алғашқы көрсеткіштері бойынша ампутацияланған науқастар келіп түседі.

ӘДХГ базасында кеудесі, іші, жамбасы, аяқ-қол сүйектері және буындары жараланғандарға күйікке ұшырағандардың кейбір дәрежелеріне арнайы күшейту шаралары жүргізілгеннен кейін хирургиялық госпиталдар ұйымдастырылуы мүмкін.

ӘСКЕРИ ДАЛАЛЫҚ КӨП САЛАЛЫ ГОСПИТАЛДАРДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ

Басқарма

Негізгі бөлімшелері:

- қабылдау-іріктеу бөлімі;

- хирургиялық бөлім - 2;

- терапевтік бөлім;

- анестезиология және қарқынды терапия бөлімі;

- стоматологиялық бөлім;

- физиотерапевтік бөлім;

- рентгенологиялық бөлім;

- зертханалық бөлім.

Жабдыктау болімшелері.

ӘДКГ 300 орынға арналған, аралас зақымданған жаралыларға арнайы медициналық көмек көрсету және оны емдеу үшін ұйымдастырылған. Арнайы медициналық көмек жасағы топтарымен күшейтілген жағдайда басқа контингентті, мысалы, сүйектері және аяқ-қолдары зақымданған немесе күйікке ұшырағандарға арнайы мамандандырылған ӘДКГ базасында госпиталь (бөлімше) ұйымдастырылуы мүмкін.

Госпиталдық базаға ядролық қарумен зақымданғандар келіп түскенде ӘДКГ-ға кеудесі, жамбасы және аяқ-қолы жараланған жаралылар, орта және ауыр дәрежедегі сәуле ауруларымен араласқан, ауыр және орта дәрежедегі күйіктер баска кез-келген дөрежедегі зақымданулармен қосылғанда жіберіледі. Ал бас, мойын және жұлын ауыр жараларында, орта және ауыр дәрежедегі күйіктер барлық деңгейдегі сәуле ауруларымен косылғанда, орта дәрежедегі аралас, күйіктер, жаралар, сәуле аурулары бар зақымдануларда, уландырғыш заттармен зақымданғанда жіберілмейді.

Ядролық қару қолданылмаған соғыс барысында бұл госпиталға көлемді жарылыс, түрлі жарылғыш қоспалар салдарынан аралас закым алғандар, ішкі ағзалары және зақымдары висцералдық асқынған жаралылар келіп түседі.

ӘСКЕРИ ДАЛАЛЫҚ ТЕРАПЕВТІК ГОСПИТАЛДЫ ҮЙЫМДАСТЫРУ (ӘДТГ)

Басқарма

Негізгі бөлімшелер:

- қабылдау-іріктеу бөлімі;

- терапевтік бөлім - 2;

- психоневрологиялық бөлім;

- анестезиология және реанимация бөлімі;

- стоматологиялық бөлім;

- физиотерапевтік бөлім;

- функционалдық диагностика бөлімі;

- регнтгенологиялық бөлім;

- зертханалық бөлім.

ӘДТГ 300 орынға арналған, ұрыстык терапевтік жарақат алғандарға, соматикалық ауруларға арнай-медициналық және білікті көмек көрсету және оларды емдеу үшін ұйымдастырылған. Бұл госпиталға келесі контингенттегілер жіберіледі: бастапқы кезеннің айқын клиникалық көріністері бар ионданған сәулемен закымданғандар (П, III, ІҮ ауырлык дәрежесіндегі сәуле аурулары); ішкі патологиясы басым, бактериалдық токсиндермен зақымданған, нақты зақымданудың клиникалық белгілері бар уландырғыш заттармен зақымданғандар, білікті тексеру мен арнайы ем қажет ететін соматикалық науқастар.

ӘДТГ базасында АМКЖ токсикологиялық немесе радиологиялық топтарымен күшейтілген жағдайда уландырғыш заттармен немесе ионданған сәулемен зақымданғандарға арналып мамандандырылған госпиталь (немесе бөлім) ұйымдастырылады. АМКЖ радиологиялық тобы көмегімен госпиталь алаңында радиометриялық зертхана ұйымдастыруға болады, ол тек госпитальға ғана емес, берілген госпиталдык база емдеу мекемелерінің барлығына қызмет көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]