Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
avtomat_referat.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13 Мб
Скачать
☆

1.13. Аралас қоздырылатын козғалтқыш

Аралас қоздырылатын қозғалтқыштар үлкен іске қосу иінкүші қажет болғанда, іске қосу барысында жоғары үдеу қажет болғанда жэне айналу жиілігін айтарлықтай өзгерту қажет болған жағдайларда пайдаланылады. Сондай-ақ бүл қозғалткыштарды жүктеме иінкүші кең аралықта өзгеретін жағдайларда қолданады. Сондықтан аралас қоздырылатын козғалтқыштар компрессорлардың, жону станоктарының, көтергіш механизмдердің және тарту электр жетектерінде кеңінен қолднылады.

1.26-сурет. Аралас қоздырылатын 1.27-сурет. Аралас қоздырылатын козғалтқыштың сызбанұсқасы қозғалтқыштың механикалық

сипаттамалары

Аралас қоздырылатын қозғалтқыштың сызбанүхқасы 1.26-суретте керсетілген. Аралас қоздырылатын қозғалтқыштарда магнит ағыны екі қоздырғыш орамдар арқылы, яғни параллель ОВ1 және тізбектей жалғанған ОВ2. орамдары арқылы пайда болады. Бұл орамдар бір-бірімен келісімді немесе қарсы жалғануы мүмкін. Орамдар бір-біріне қарсы жалғанғанда, олардың магнит ағындары бір-бірінен азайтылады, ал келісімді жалғанғанда қосылады. Сондықтан аралас қоздырылатын қозғалт-қыштың механикалық сипаттамалары (1.27-сурет) параллель (1-қисық) және тізбектей (2-қисық) қоздырылатын қозғалтқыштардың сипаттама-ларының арасында орналасады. Параллель және тізбектей жалғанатын қоздыру орамдарының МҚК арақатынасына байланысты аралас коздырылатын қозғалтқыштардың сипаттамаларын 1 немесе 2-сипаттамаларға жақындатуға болады (3 және 4-сипаттамалар).

Аралас қоздырылатын қозғалтқыштардың артықшылығы - олардың механикалық сипаттамаларының жүмсақтығы, бос жүріс режимінде де жұ-мыс жасай алады, яғни по белгілі бір мәнге тең.

1.14. Тұрақты ток қозғалтқышының қолданылуы

Іске қосу үдерісін реттеу қажет болатын қуаты орта және үлкен қондырғыларда тұрақты ток қозғалтқыштарьшың қуатты бөлігінде релелер және контакторлар қолданылады. Ол үшін, негізінен үш: ЭҚК, ток және уақыт бойынша басқару принциптері қолданылады.

Қозғалтқышты іске қосуды ЭҚК принципі негізінде автоматты басқарудың сызбанүхқасы 1.28-суретте көрсетілген. Якорь тізбегіне бірнеше реле жалғанады, олардың негізгі қызметі - біліктің айналу жиілігі жоғарылаған сайын немесе ЭҚК жоғарылағанда якорь тізбегіндегі кедергілерді азайту үшін өздерінің түйіспелерімен реостаттың жекелеген секцияларын ажыратып отыру.

Қозғалткьішты іске қосуды ток принципі бойынша автоматты басқарудың сызбанұсқасы 1.29-суретте керсетілген.

Ток принципін қолданған кезде токты белгілі бір мәнге төмендету үщін өздерінің түйықталған түйіспелері арқылы тізбектей жалғанған К1, К2, К3 контакторларына әсер ететін тізбектей жалғанған ток релелері РТ

қолданылады.

Уақыт принципі кезінде уақыт релесі қолданылады, олар бағдар-ламаға сэйкес реостаттың секцияларын шунттау үшін контакторларға команда беріп отырады. Барлық жағдайларда да токтың белгілі бір І1 - І2 аралықта өзгеру диаграммасы (1.30-сурет) сақталып отырады.

1.28-сурет. ЭҚК принципі бойынша қозғалтқышты іске қосуды автоматты

басқару сызбанұсқасы:

П, С - батырма "пуска"және "стоп";Л—сызықтыконтактор; К— реостаттардың секцияларын шунттауга арнаман контакторлар

1.29-сурет. Қозғалтқышты іске косуды ток принципі бойынша автоматты басқарудьщ сызбанұсқасы

1.30-сурет. Іске қосу кезіндегі қозғалтқыш тогының диаграммасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]