Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia lekcia.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
276 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттер:

  1. Алтай Ж.А. Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. – А., 1999.

  2. Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы. – А., 1992.

  3. Бейсенов М.Т. Философия тарихы. – А., 1992.

  4. Литман А.Д. Современная индийская философия. – М., 1985.

  5. Степанянц М.Т. Восточная философия: Вводный курс. Избранные тесты. – М., 1997.

  6. Философиялық сөздік. – А., 1996.

  7. Антология мировой философии. Т.1. – М., 1969.

  8. Китайская философия: энциклопедический словарь. – М., 1994.

3-тақырып. Антикалық философия

Дәрістің мақсаты: Көне грек және римдік философияның айшықтары,басты мәселелерін, даму сатылары мен ғылымға қосқан үлесін қарастыру.

Дәріс жоспары: (3сағат)

  1. Ежелгі грек философиясының космоцентристік сипаты.

  2. Ежелгі грек атомизмі. Детерминизм мәселесі.

  3. Софистика. Сократ және сократтық мектептер.

  4. Платон мен Аристотель философиясындағы болмыс, таным және мемлекет туралы ілімдер.

Дәріс мазмұны:

Грек философиясы бірнеше белгілі уәкілдерін дүниеге әкелді. Оның бастамасы Милет қаласынан шықты. Фалес (VIІ ғ.-VІ ғ. бірінші жартысы) сауда адамы болған. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Бәрі содан туындаған. Тіпті Жердің өзі де су бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек. Фалестің айтуы бойынша дүние-жанды құбылыс. Оның дәлелін магниттің тарту күшінен көрген. Анаксимандр (б.з.б. 610-540). Оның пікірінше дүние негізі су, немесе басқа бір зат емес, белгісіз байыпталмайтын бастама – апейрон. Дүние пайда болып, жойылып жатады. Мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек апейрон. Анаксимандр әлемнің түрлері көп болатынын болжамдады. Оның апейрон туралы пікірі қазіргі материяны философиялық тұрғыдан пайымдауға жақын келеді. Анаксимен (585-525) дүниенің негізі ауа деп есептейді. Ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болады деп топшылады Анаксимен. Гераклит (520-640 жж. шамасы). Ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірі бойынша дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын ешнәрсе жоқ. Бәрі өзгеріп отырады. Ондай ұғым өкілдерінің бірі Парменид (VI-V ғ. шамасы). Дүние заттан тұрған шар. Онда бос кеңістік жоқ. Ондай болса ешнәрсе жоқтан пайда болмайды, әрі жойылмайды. Парменидтің шәкірті болған Зенон (490-430 жж.). Ол бірнеше ғажап ойлар айтты. Солардың бірі оның апориясы. Мәселен, тасбақаны Ахилл қуып жете алмайды. Садақтың оғы ешқашан нысанаға жетпейді дегені. Ол, әрине, өмірде олай емес екенін біледі. Бірақ теория жөнінде бұл қозғалысты дәлелдей алмаған. Анаксагор (б.з.б. V ғ.). күнді материалдық дене дейді. Сол үшін оны діндарлар күнәһар деп айыптаған. Ертедегі гректер арасынан софистер де шықты. Соладың бірі – Протагор (490-420 жж.), Горгий, т.б. Олар шындықты дәлелдеп, нақтылап білудің орнына мәселені құр, қызыл сөзбен алмастырмақ болды. Сократ (470-399) – гректер арасынан шыққан, объективтік идеализмнің негізін салушы. Сократтың басты мақсаты – жастарды өз философиясы арқылы тәртіпті өмір сүруге баулу. “Менің білетінім – ешнәрсе білмейтінім”, дейді Сократ. Сондықтан, ол “өзіңді өзің біліп ал” деген талап қойды. Сократтың идеализмі – әлемді билеуші құдай деп уағыздауы. Сократтың айтқандарын қағазға түсірген оның шәкірттері, оның ішінде Платон, болды. Демокрит (460-370) ертедегі гректерден шыққан тек материалист қана емес, сонымен бірге ол атомистік теорияның негізін салушы. Левкиппен бірге ол дүние “атом” және “бос қуыстан”, тұрады, дейді. Олар атом көзге көрінбейді, құлаққа естілмейді, бірақ нақты өмір сүреді, деп уағыздады. Атомдар бірінен бірі түрі, қатарластығы және орны жағынан ажыратылады, ерекшеленеді. Тіпті өмір мен өлім де осылардың қосылуы мен ыдырауына байланысты. Платон (427-347) – объективтік идеализмнің көрнекті өкілі, Сократтың шәкірті. Ол да Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: “Мемлекет”, “Театет”, “Федон”, т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек шын өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де сол. Аристотель (384-322) ол Платонның шәкірті, атақты Александр Македонскийдің ұстазы. Аристотельде объективтік идеалист, бірақ ол материализм мен идеализм арасында солқылдақтық, енжарлық жасады. Дегенмен Аристотель идеалист болып өтты. Негізгі еңбектері: “Жан туралы”, “Физика”, “Категориялар”, “Метафизика”, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]