- •1 Билет
- •Құқықтық реттеу әдісі
- •2 Қорғаншылық және қамқоршылық
- •2 Билет
- •Жеке еңбек дауларын қарау туралы
- •3 Билет
- •Қызметтері
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік
- •4 Билет
- •Жазаның турлері[өңдеу]
- •5 Билет 1.
- •6 Билет
- •1) Тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;
- •8 Билет
- •1. Кешенді;
- •2. Ресурстық;
- •3. Әлеуметтік — экологиялық.
- •Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері[өңдеу]
- •10 Билет
- •20 Билет
5 Билет 1.
Құқық — қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формальды анықталған зандық нормалар жүйесі.
«Құқықты кім жасайды және ол кімге қызмет етеді?» деген сұраққа жауап беруге талпынудан құқықтың мәні білінеді. Құқықтың мәнін түсіндірудің екі жолы қалыптасқан: таптық, жалпы әлеуметтік. Құқықтың таптық мәні — құқықты коғамдағы экономикалық жағынан басым, үстем болып отырған таптың еркі деп түсіну. Құқықтың жалпыәлеуметтік мәні — құқықты коғамды ұйымдастырып, татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардын барлық топтарының еркі деп түсіндіру.
Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып екі топқа бөлінеді.Құқықтың жалпы белгісіне ең алдымен оның әлеуметтік-тарихи табиғаты жатады, яғни құқық белгілі бір тарихи кезеңнің, пакты бір қоғамдық қатынастардың жемісі. Құқықтың ерекше белгілері: нормативтілігі, жүйелілігі, жалпы міндеттілік сипаты, формальды айқындылығы, рәсімділігі, бір тұлғаға ғана бағытталмағандығы, бір әрекетті еместігі, мемлекетпен байланыстылығы.
Құқықтың нормативтілігі дегеніміз рұқсат берудің, тыйым салудың және міндеттеудің шегін анықтайтын құқық нормасында мінез-құлықтың жалпы көлемін бекіту.
Құқық тек қана қарапайым нормалардың жиынтығы емес, керісінше бір-бірімен тұтас байланыстағы мінез-құлық ережелерінің жиынтық жүйесі. Аталған жүйенің негізін баптарына басқа зандар мен құқықтық нормалар баптары қарама-қайшы келмейтін Конституция немесе басты зандар құрайтын баййланысты құқықтың жүйелілігі деп айтамыз.
Құқықтың жалпы міндеттілік сипаты, оның нормаларының талаптарын қоғамның барлық мүшелері еріктерімен сақтап, орындауға тиістілігінен көрінеді.
2)Азаматтық іс жүргізу құқығы — азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сотмәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды. Материалдық құқық — құқықтық нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады.
Материалдық құқықтың нормалары меншік нысандарын мүліктер мен адамдардың заңдық жағдайларын бекітеді, мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен құрылын айқындайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік негіздері мен шектерін белгілейді. Сонымен, мүліктік еңбек, отбасы және өзге де қатынастар — материалдық құқықтың объектілері.
Іс жүргізу құқығының өзі— бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады — азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырайык.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді қарау және шешу барысында, сондай-ақ сот шешімдерін орындауға байланысты сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп аталады.
Императивтік (императив — «өкімет», «үзілді-кесілді талап» заң — таңдауға жол бермейтін) деген соттың мемлекеттікбилік органы екендігін және биліктік өкілеттіктер берілгенін білдіреді.
Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық жүргізу қатынастарын билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.
Диспозитивтік азаматтық құқық субъектілерінің осындай құқық объектілеріне билік етуге бағытталған әрекеттерді жасауға толықтай ие екендіктерін білдіреді.
Өйткені, әдетте, азаматтық құқық мүдделі адамдардың талап-арызбен (өтінішпен) жолдануларына байланысты пайда болады. Соттың азаматтық істерді өз бетінше қозғауына құқығы жоқ, азаматтық процестің дамуы құқық туралы даудың субъектілерінің ерік білдірулеріне тәуелді болады.
