Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49 Мб
Скачать
☆

1.2. Автокөлік құралдарының түрге бөлінуі

Автомобильдер өздерінің пайдаланылу мақсаттарына сәйкес транспорттық және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Транспорттық автомобильдер жүк және жолаушылар тасуға арналған. Қолданылуына қарай автомобильдің бұл тобына жүк таситын және жолаушылар таситындары жатады.

Жүк автомобильдері жүк көтергіштігі мен шанағының түріне қарай бір-бірінен өзгеше болады.

Жолаушылар автомобильдері конструкциясы мен шанағының сыйымдылығына байланысты автобус және жеңіл авто­мобиль болып екі топқа бөлінеді.

Автобустар жақын қашықтыққа жолаушылар таси­тын қалалық, жолаушыларды алыс қашықтыққа тасу үшін жабдықталған қала аралық және туристік деп аталатын үш үлгімен шығарылады.

Автобустар шанағының сыйымдылығына қарай сыйымдылығы кіші, орташа және үлкен деп үш түрге бөлінеді.

Арнаулы автомобильдер белгілі бір жұмысты орындай алатын тетіктермен және механизмдермен жабдықталады. Бұған санитарлық, өрт сөндіретін, суаратын, коқыс жинайтын автомобильдер, автомұнаралар мен автошеберханалар және т. б. жатады.

Осыған байланысты олардың әрқайсысы жекеленіп түр – түрге бөлінеді. Себебі жүк автомобилінің бір түрін жеңіл автомобильдердің сондай бір түрімен салыстыруға мүлде болмайды. Олай болса төменде сондай түрлендірудің мағынасы келтірілген.

Жеңіл автомобильдерді қозғалтқыштың жұмыс көлеміне (литражы деп атайды) байланысты бірнеше түрге (класқа) бөлінеді де соған байланысты оның индексін белгілеу маркасына кіргізеді. Ол мына төменгідей:

Түрленуі

Литражы

Индексі

Өте жеңіл класс

1,2 – ге дейін

11

Кіші класс

1,3 – 1,8

21

Орташа класс

1,9 – 3,5

31

Жоғарғы класс

көрсетілмейді

41

Сонымен жеңіл машиналарды түрлендіріп, олардың маркасын белгілегенде оның индексі көрсетілмейді. Мысалы маркасы ВАЗ – 2106 болса, алдында әріптермен шығаратын заводтың белгісі қойылады, сол белгіден кейін класы индекспен белгіленеді, яғни класы 21 – кіші класс, ал әрі қарай моделінің рет нөмірі келтіріледі (6 - модель). Осылайша жеңіл машиналарының маркалары арқылы біраз мағлұмат алуға болады.

Жүк машиналары толық салмағына қарай (яғни өзінің бос кезіндегі салмағы мен таситын жүктің салмағын қосып есептегенде) жеті түрлі класқа бөледі және олардың индексін 1 – ден 7 – ге дейін санмен белгілейді. Сондағы жүк машиналардың түрленуі мына төмендегідей болады:

Толық

Салмағы,т.

1,2 – ге

дейін

1,3-2,0

2,1-8,0

9,0-14,0

15,0 – 20,0

21,0 – 40,0

40,0 жоғары

Индексі:

Бортты

платформа

13

23

33

43

53

63

73

Үстіне

қондыратын

тартқыш

14

24

34

44

54

64

74

Өздігінен

түсіретін

15

25

35

45

55

65

75

Цистерналы

16

26

36

46

56

66

76

Фургон

17

27

37

47

57

67

77

Арнаулы

19

29

39

49

59

69

79

Осылайша, жүк машиналарының да белгілеу маркасынан ол туралы біраз мағлұмат білуге болады.Мұнда да алдыман шығаратын заводтың белгілі әріптермен, ал соңынан индексі қойылады.

Автобустар жалпы ұзындығына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оларға да осы ұзындығына байланысты индекс тағайындалады. Олар

Ұзындығы, м

5-ке дейін

6,0 – 7,5

8,0 – 9,5

10,5 – 16,0

6,5-тен жоғары

Индексі

22

32

42

52

62

Осыларға қосымша, автомобильдер басқа да бір ерекше қасиеттеріне қарай түрленуі мүмкін. Бірақ ондай түрлендіру автомобиль көрсеткіштеріне онша әсер ете қоймайды. Ондай автомобильдерді көбінесе жылжымалы арнаулы құрам деп атайды.Мысалы өрт сөндіретін, көше тазалайтын, автокрандар т.с.с. Мұндай арнаулы жылжымалы құрамдар жүк тасымалдау жұмысымен емес, арнаулы жұмыстадың бір түрін ғана атқаруға арналады.

2 – тарау. ІШТЕН ТҰТАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ