- •Кернеу трансформаторларының құрылыстары
- •Реактордың индуктивті кедергісі
- •Өткізгізштер мен аппараттарды таңдаудағы есептік шарттар Есептік жұмыс тоқтары
- •Қысқа тұйықталудың есептік тоқтары
- •Трансформатордың құрылысы.
- •Тарату құрылғылар схемаларының классификациясы
- •7.1 Сурет. Тқ бірінші тобының сұлбасының мысалы айнымалы жүйе шинасы кезіндегі:
- •Электр қондырғылардың сұлбасына қойылатын талаптар.
- •Атом электрстанциясының сұлбасы.
- •Электрберу және тұрақты тоқ вставкаларының схемалары
- •Жылулық конденсациондық электростанцияның сұлбасы
- •Атом электростанцияларының сұлбасы
- •Зертханалық сабақтар жоспары
- •2.4 Оқытушы жетегімен студенттердің өзіндік жұмысы рамкасында сабақ жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмысы рамкасында сабақ жоспары (сөж)
- •2.6. Өзін тексеру үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптардың кодтары
- •2.7 Өткен курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Электр станциясының электр бөлігі
Атом электростанцияларының сұлбасы
АЭС сұлбасы КЭС сұлбаларынан аз ғана өзгешеленеді. Блоктардың дара қуаттылығын ескере отырып (1000-нан 133333-Вт-қа дейін) технологиялық жобалау нормасын АЭС екі еселенген блоктарды қолдануды құптамайды. Әр блок жиын шиналарға бөлек ажыратқыштар арқылы қосылуы керек. РУ беріктігін станцияның электроқамтамасыз ету жүйелерінің сенімділігін көтеру үшін арнайы шаралар қолданылу керек.
Мысал ертінде 47-сурет Ростовтағы 1000 МВт-ты төрт блогы бар АЭС электрлік схемасын келтіруге болады. Еселегіш трансформатор ретінде әр блокта 2 трансформатор үшфазалы 630 МВ-А трансформаторлары қолданылады. СН жүйесін электроқамтамасыз ету үшін арнайы төменгі жиілікті орамдары бар трансформаторлар қарастырылады. Олар блоктарға генератордың ажыратқыштары мен еселегіш трансформаторлар арасындағы тармақтарға қосылады. Бірінші және екінші блок екі трансформаторлардан тұрады, олар қуаты 63 және 25 МВ-А, үшінші және төртінші блоктар бір трансформатордан, оның
Негізгі әдебиет: 1 [344-365]
Қосымша әдебиет: 1 [437-487]
Бақылау сұрақтары:
Электрқондырғылары схемасына қойылатын талаптар.
Жылу станциясыныңблокты агрегаттарының электр схемалары.
Жоғарғы және орташа қондырғылы ТҚ схемалары.
Атом станцияларының схемалары.
Трансформаторлы станциялардың схемалары.
Зертханалық сабақтар жоспары
№1 Зертханалық сабақ
Тапсырма: Тоқ өлшеу трансформаторларын зерттеу.
Әдістемелік ұсыныс:
Қосудың электрлі схемасымен танысу.
Тоқ өлшеу трансформаторының құрылғысымен және әсер ету принциптерімен танысу.
Негізгі әдебиет: 1 [38-48].
Қосымша әдебиет: 1 [5-15].
Бақылау сұрақтар:
Тоқ трансформаторының номиналды трансформациялау коэффициенті.
Тоқ трансформаторының қателігінің жүктемеден тәуелділігі.
Үш фазалы тоқ трансформаторы.
Тоқ трансформаторының конструкциясы.
№2 Зертханалық сабақ
Тапсырма: Кернеу өлшеу трансформаторларын зерттеу – кернеу трасформаторларын есептеу және таңдау.
Әдістемелік ұсыныс:
Трансформатордың алмастыру схемасынан бір фазалы кернеу трансформаторының қателігін аналитикалық түрде анықтау.
Өлшеуге жататын кернеуді және трансформатордың қосу схемасын анықтау.
Негізгі әдебиет:1 [230-236].
Қосымша әдебиет:2 [180-190].
Бақылау сұрақтар:
Кернеу трансформаторының номиналды трансформациялау коэффициенті.
Кернеу трансформаторының қателігінің жүктемеден тәуелділігі.
Үш фазалы кернеу трансформаторы.
Кернеу трансформаторының конструкциясы.
№3 Зертханалық сабақ
Тапсырма: Күштік трансформаторларды зерттеу.
Әдістемелік ұсыныс:
1. Жалпы мәліметтермен танысу;
2. Қосудың электрлі схемасымен танысып зертханалық қабырғада жинау;
3. Аспаптар тізімімен танысу;
4. Қосудың электрлі схемасының суреттемесін сипаттау;
5. Экспериментті жүргізу бойынша нұсқаумен танысып, эксперимент жүргізу.
Негізгі әдебиет:1 [232-235].
Қосымша әдебиет: 2 [160-175].
Бақылау сұрақтар:
Күштік трансформаторлардың типтері мен негізгі номиналды параметрлері.
Күштік трансформаторлардың конструкциясы.
Күштік трансформаторлардың орамдары.
Күштік трансформаторлардың салқындату жүйесі.
№4 Зертханалық сабақ
Тапсырма: Күштік генераторларды зерттеу.
Әдістемелік ұсыныс:
1. Жалпы мәліметтермен танысу;
2. Қосудың электрлі схемасымен танысып зертханалық қабырғада жинау;
3. Аспаптар тізімімен танысу;
4. Қосудың электрлі схемасының суреттемесін сипаттау;
5. Экспериментті жүргізу бойынша нұсқаумен танысып, эксперимент жүргізу.
Негізгі әдебиет:1 [200-230].
Қосымша әдебиет: 2 [120-150].
Бақылау сұрақтар:
Күштік генераторлардың типтері мен негізгі номиналды параметрлері.
Күштік генераторлардың конструкциясы.
Күштік генераторлардың салқындату жүйесі.
№5 Зертханалық сабақ
Тапсырма: Кабельдер мен электр аппаратарының термиялық беріктілігі.
Әдістемелік ұсыныс:
Нөлден бөлек, бастапқы температураны есептей отырып өткізгіштің соңғы температурасын анықтау.
Көпсымды желілері және қағаз оқшауламасы бар 6 – 35 кВ кабельдердің термиялық беріктілігін анықтау (сымдар арасындағы саңылауды толтыратын сіңірлген массаның жылу сиымдылығын ескеру қажет.
Джоуль интегралын анықтау.
Негізгі әдебиет:1 [106-143].
Қосымша әдебиет: 2 [31-58]; 3 [69-77]
Бақылау сұрақтар:
ҚТ кезіндегі қызу процессін суреттейтін бастапқы дифференциалды теңдеуді түсіндіріңіз.
Берілген көлденең қимасы бар өткізгіштің соңғы температурасы дегеніміз не?
Қатынасты интегралдардың өзгеру сипатына байланысты генераторлар мен синхронды компенсаторлар қандай топтпрға бөлінеді.
№6 Зертханалық сабақ
Тапсырма: Аспаптар мен өткізгіштерді таңдау үшін есептеу шарттары – есептеу жұмыс тоқтары және қысқа тұйықталу тоқтары.
Әдістемелік ұсыныс:
Нормадағы режимнің жұмыс тоқтарын, сондай-ақ күрделі режимнің жұмыс тоқтарын анықтау.
Коммутациялық қабілеттілігі бойынша сөндіргіштерді таңдау үшін қажетті есептелген ҚТ тоғын анықтау, электродинамикалық және термиялық беріктілікке аппараттар мен өткізгіштерді тексеру.
Негізгі әдебиет:1 [250-270].
Қосымша әдебиет: 2 [180-200].
Бақылау сұрақтар:
Жұмыс тоғы дегеніміз не?
Нормадағы режим дегеніміз не?
Күрделі режим дегеніміз не ?
Қысқа тұйықталудың есептелген түрі.
№7 Зертханалық сабақ
Тапсырма: Ұзақ режимдегі оқшауланбаған өткізгіштерді жылулық есептеу және зерттеу.
Әдістемелік ұсыныс:
Оқшауланбаған өткізгіштерді таңдау, нормадағы режимдегі өткізгіштердің көлденең қимасын анықтау.
ЖЭО типіндегі станциялар мен қосалқы станциялардың жинақтық шиналарына қосылған 6 – 10 кВ торабтарындағы кабельдерді таңдау.
Негізгі әдебиет:1 [270-310].
Қосымша әдебиет:2 [200-220].
Бақылау сұрақтар:
Кабельдерді қандай шарттардан таңдайды?
Жұмыс тоғы 250-300 А болатын 6 – 10 кВ кабель желілерін қалай орындайды?
Ауа және кабель желілері үшін, сондай-ақ тарату қондырғысы үшін шиналар мен өткізгіштер үшін ұсынылатын тоқ тығыздығы.
