- •1. Жалпы Банк құрылымы мен оның бөлімдерімен танысу
- •1.2 «Қазақстан Халық Банкі» ақ Астаналық облыстық филиал.
- •2 «Қазақстан Халық Банкі» ақ негізгі қаржылық көрсеткіштері.
- •2.1 Банктің 2006 жыл бойынша қызметін талдау
- •2006 Жыл бойынша қаржылық қызметі
- •2.2 Банктің 2007 жыл бойынша қызметін талдау
- •2.3 Банктің 2008 жыл бойынша қызметін талдау
- •Коммуналдық және басқа қызметтер үшін төлемдер
- •3. Банктің ұйымдық құрылымы
- •3.1 Кассалық есеп айырысу бөлімінде тәжірибе
- •2. Бюджеттік төлемдер
- •3. Зейнетақылық төлемдер
- •4. Бюджетке әлеуметтік төлемдерді аудару
- •3.2 Несие менеджерлер бөлімінде тәжірибе
- •3.3 Жеке қызмет көрсету орталығында тәжірибе
- •3.4 Орта және шағын бизнесті несиелеу бөлімінде тәжірибе
- •3.5 Заң бөлімінде тәжірибие
- •2006 Жылдың қорытынды негізгі қаржылық көрсеткіштер:
- •2007 Жыл бойынша қорытынды негізгі қаржылық көрсеткіштер:
- •2008 Жыл бойынша қорытнды қаржылық көрсеткіштер:
2. Бюджеттік төлемдер
Бюджеттік /Қазынашылық атына төлемдер клиенттің толтырған төлем құжаты немесе мынадай бланктер негізінде қабылданады:
ПД-4 жеке тұлғалар үшін
заңды тұлғалар үшін
жеке кәсіпкерлер үшін
Бюджеттік төлемдердің барлығы үшін қажетті деректемелер:
Бенефициар - тұратын ауданы бойынша Салық комитеті
Бенефициардың СТН-і - аудандық СК СТН-і
Бенефициардың банкі - Қалалық қазынашылық басқармасы (ҚҚБ)
Бенефициардың ЖСК - 80900 (есеп шоты)
БСК - 195301070
БЖК - төлем түріне қарай төлем мақсатының коды
Кесте №45 Төлем түріне қарай төлем мақсатының кодтары
-
ТӨЛЕМ МАҚСАТЫ
БЖК
Мүлік салығы, ж/т
104102
Жер салығы, ж/т
104302
Көлік құралына салық, ж/т
104402
Төлқұжат пен куәлік берудің мемл. баж салығы
108111
Консулдық алым
108101
Табылған заттар бюросына анықтама
201303
МАИ айыппұлы
204105
Заңды тұлғаны тіркеу
105403
Сотқа төленетін мемл. баж салығы
108102
Қаруды тіркеу
108110
Азаматтық актілерді тіркеудің баж салығы
108104
ҚР азаматтығын алудың мемл баж салығы
108107
Тұратын жерінде тіркеу үшін баж салығы
108108
Нотариалдық әрекеттер үшін баж салығы
108103
СК атауы
СТН
Әуезов
600300056464
Алмалы
600700040924
Медеу
600900000014
Түрксіб
60800022446
Бостандық
600400026653
Жетісу
600500000015
Облыстық СК
090100000440
Жұмыста Бағдарламалық анықтаманы пайдалануға болады, онда мынадай мәліметтер бойынша іздестіру жүргізуге болады:
- алушының атауы
- алушы шотының № (ЖСК)
- БЖК
Бюджеттік төлемдерді төлегенде клиент хабарлама-түбіртек бланкінде міндетті түрде көрсетілетін деректемелермен (аудандар бойынша алушы- бюджеттік ұйымның атауы, алушы ҚБ-ның банкі, төлеушінің және алушының СТН-і, төлеушінің ТАӘ және мекен-жайы) қатар БЖК (бюджеттік жіктеме коды) көрсетеді.
Бенефициар деректемелерінің және БЖК-ның дұрыс көрсетілуі үшін жауапкершілік жөнелтушіге жүктеледі.
Бағдарламада бюджеттік төлемдерді тізіммен жүргізу мүмкіндігі бар.
Салық комитетінің біреуіне бірнеше салық түрін төлегенде және басқа да міндетті бюджеттік төлемдерді жүргізгенде әрбір төлемнің атауын және осы төлем БЖК-н көрсете отырып, бір түбіртек толтыруға әрі оны «Colvir RS» бағдарламасында бір төлеммен жүргізуге болады. Комиссиялық сыйақы төлемнің жалпы сомасынан ұсталады.
Бюджеттік төлемдерді қабылдағанда кассирдің орындайтын міндеттері:
клиентке операция үшін ұсталатын комиссиялық сыйақы және оның мөлшері туралы хабарлайды;
Клиентке операция үшін ұсталатын комиссиялық сыйақы және оның мөлшері туралы хабарлайды;
Егер клиент комиссиялық сыйақы төлемі бойынша жеңілдігі бар клиенттер санатына жататын болса, бақылаушы кассир тиісті құжатты (зейнетақылық куәлік, ҰОС-қа қатысушының куәлігі) ұсынуды сұрайды және оның мәліметтерін төлем құжатының хабарламасында көрсетеді;
Құжаттарды алып, қарап шығады, төлем сомасы (+Банк комиссиясы) туралы Төлеушімен келіседі;
Төлеушіден қолма-қол ақшаны қабылдап, оны есептейді және ақшаның сапасын, төлем құндылығын тексеріп алады;
түбіртектегі мәліметтерді «Colvir RS» бағдарламасындағы «Бюджетке тізіммен аудару» төлем деректемелеріне енгізеді;
СТН тізімі бар болса, оны көрсету және анықтамалықтан төлеушінің қалған деректемелерін - ТАӘ, үйінің мекен-жайын автоматты түрде қосу арқылы пайдаланады;
БЖК анықтамалығы бар болса, оны төлеуші толтырған төлем құжатында көрсетілген кодты қою және деректемелер анықтамалығынан төлем мақсатын автоматты түрде қосу арқылы пайдаланады;
Бюджеттік ұйымдар анықтамалығы бар болса, оны төлеуші толтырған төлем құжатында көрсетілген алушының СТН-н қою және деректемелер анықтамалығынан алушының деректемелерін - Қазынашылық БСК және алушының шотын автоматты түрде қосу арқылы пайдаланады;
Клиент толтырған деректемелер мен анықтамалық арасында қандай да бір айырмашылық болған жағдайда клиентке оларды нақтылау қажеттігі ұсынылады. Егер клиент деректемелердің дұрыс толтырылғандығын баса айтатын болса, оларды толығымен қолмен жазып енгізу керек;
хабарлама-түбіртекті Банк мөртабаны бедерін басу үшін принтер арқылы өткізеді (басып шығару /ок);
құжатты екіге бөліп кеседі: түбіртекті хабарламадан бөліп алып, Клиентке береді, хабарлама - Банкте қалады;
түбіртек артық ақшамен бірге Клиентке қайтарылады.
Жұмыс күнінің аяғында құжаттардың барлығы төлем түрлері, е/шоттары, СК атауы және БЖК бойынша бандерольге салынады.
Бандерольдерде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
ЖСК
БЖК
Аудандық СК
Құжаттар саны
Құжаттар бойынша ақша сомасы
Күні
ЕКБ №
Құжаттардың барлығы есептемемен бірге Облыстық филиалдың бухгалтерлік есеп бөліміне жіберіледі.
