- •Қаржылық менеджмент пәні, түсінігі.
- •Қаржылық менеджменттің функциялары және принциптері.
- •1. Қаржылық менджмент пәні, түсінігі
- •2. Қаржылық менджменттің функциялары және принциптері.
- •Тақырып 2. Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары және көрсеткіштері
- •Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары
- •Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері.
- •1. Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары
- •2. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері
- •Тақырып 3. Тәуекел және табыстылық.
- •2.Портфель теориясы.
- •3. Тәуекелдерді бағалау әдістері
- •4. Инвестициялық портфельдің табыстылығы және тәуекелі
- •Тақырып 4. Активтер портфелін басқару
- •Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі .
- •Альтернатиті (Баламалық) теориялар.
- •Қаржылық актвитердің табыстылығын бағалау үлгісі.
- •2. Альтернатиті (Баламалық) теориялар.
- •2.Операциялық рычаг тиімділігінің түсінігі
- •3.Операциялық анализ элементтері
- •Тақырып 6. Қаржылық(тетік) рычаг тиімділігі
- •2. Капиталдың орта өлшенген құны
- •Капиталдың негізгі көздерінің құны
- •Капиталдың шекті құны
- •5.Капитал құрылымының негізгі теориялары
- •Тақырып 8. Дивидендтік саясатты басқару
- •2.Дивидендтік саясаттың негізгі көрсеткіштері және оның кәсіпорынның нарықтық құнына әсері
- •1 Акцияның таза табысы
- •Дивидендтерді төлеу үшін шектеулер, формалары және қайнар көздері
- •Дивидендтік төлемнің негізгі әдістемесінің сипаттамасы.
- •Тақырып 9: Инвестициялық жобаны талдау әдістері.
- •Инвестиция түсінігі, түрлері
- •4.Капитал салым бюджетінің оптимизациясы және қалыптасуы
- •Кәсіпорынның айналым капиталы ұғымы. Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымы.
- •2. Кәсіпорынның қаржылық эксплуатациялық қажеттілік ұғымы (қэқ). Оларды төмендету тәсілдері.
- •3. Ағымдық активтер мен ағымдық пассивтерді басқару.
- •5. Дебиторлық қарызды басқару.
- •6. Ақшалай активтерді басқару.
- •Әдебиеттер:
2. Қаржылық менджменттің функциялары және принциптері.
Қаржылық менеджмент функциялары:
Ұдайы өндірістік - ол кәсіпорынның қысқа және ұзақ мерзімді активтеріне қаржылық салымдар.
Өндірістік - кәсіпорын қызметінің қаржылануы және ақша қорларының пайда болуына кәсіпорынның өндірістік коммерциялық қызметінің бақылануы болып келеді.
Бақылау - ол қаржылық ресурстардың қолдануындағы ақша қорларының бақылануы.
Қаржылық менеджменттің негізгі қағидалары:
Жоспарлық және жүйелік
Мақсатты бағытталу
Диверсификациялану
Стратегиялық өркенделу
Тақырып 2. Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары және көрсеткіштері
Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары
Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері.
1. Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары
Ақша ағымының концепциясы.
Қаржылық менеджменттің негізгі міндетінің бірі үздіксіз қозғалыста болатын ақша қаражаттарына мақсатты орын таңдау болып табылады, ақша - ақша ағымын қалыптастырады. Бұл кез келген қаржылық-шаруашылық жұмыстың негізі болып табылады.
Ақша ағымының концепциясы:
ақша ағымының түрін, ұзақтығын, сәйкестендіруін;
ақша ағымының мөлшерін анықтайтын элементтердің факторларын бағалау;
әртүрлі мезгілдегі ақша ағымдарының элементтерін салыстыруға болатын дисконттау коэффиценттерін таңдау;
ақша ағымымен байланысты тәуекелді бағалау және оны есебін жүргізу.
2. Ақша ресурстарының мерзімді құндылық концепциясы
Ақша айналымы және табыс алмау тәуекелімен, инфляциялық процестермен байланысты уақыт аралығында ақша құнының өзгеруі.
3. Тәуекел мен табыстылық арасындағы ымыраластық (компромисс) концепциясы
Кез келген табысты алу әрқашан тәуекелмен байланысты, табыс неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым тәуекел өседі. Қаржылық менеджментте тәуекел категориясы әр түрлі аспекте назарғаалынады: инвестициялық процестерді бағалау қосымшасында (приложение), инвестициялық портфельді қалыптастыру, капитал құрылымы бойынша шешім қабылдау, дивидендтік саясатты негіздеу (обоснованию), жұмсалған қаражаттардың құрылымын бағалау және т.б.
4. Капитал құнының концепциясы
Капиталдың элементтеріне қызмет көрсету кәсіпорынға әр түрлі шығын әкеледі, қаржыландырудың әрбір көзінің өз құны болады, ол оған қызмет көрсету шығындары арқылы анықталады.
Шығынға ұшырау тәуекелінен сақтауға және шығындардың орнын толтыруға қажетті табыстың минималды деңгейін капитал құны көрсетеді.
5. Капитал нарығының тиімділік концепциясы (нарықтың тиімділік болжамы).
Мұнда «тиімділік» термині экономикалық мағынада емес, ақпараттық мағынада қолдануда, яғни нарықтың тиімділік деңгейі оның ақпаратпен қамтамассыздығымен және оның қатысушыларына ақпараттың жеткіліктілігімен анықталады. Бағалы қағаздармен келісім-шарт көлемі, ішкі бағаға ағымдағы бағаның қаншалықты сәйкес келетіндігіне байланысты.
Тиімді нарық - бұл бағада нарықтағы жағдай жайлы толық ақпарат бейнеленген, нарықтың бір түрі. Нарықтың ақпараттық тиімдігін қамтамасыз ету үшін 4 шартты орындау керек:
Нарық субъектілеріне ақпаратқа қол жеткізілім бірдей болуы керек;
Келісім-шарт жасауға кедергі болатын трансакциялық шығындар, салықтық және т.б. кедергілер болмауы тиіс;
Нарықтың жеке қатысушыларымен жасалып жатқан келісім-шарттар, жалпы баға деңгейіне әсер етпеуі тиіс;
Күтілетін пайданы максималдау мақсатында, нарықтың барлық қатысушылары өз жұмыстарын рационалды жүргізулері қажет.
ЕМН болжамы тәжірибеде нарықтың 3 тиімділік формасын бөліп көрсетеді: әлсіз, қалыпты және мықты.
6. Ақпараттың асимметриялық концепциясы
Кейбір тұлғаларға қол жеткізілімсіз ақпаратпен әр түрлі категориядағы тұлғалар иемденуі мүмкін. Ақпараттардың асимметриялығы капитал нарығының болуына ықпал жасайды.
7. Агенттік қатынастар концепциясы
Кәсіпорынды иемденушілердің және басқарманың қызуғышылықтары әрдайым сәйкес келе бермейді. Қаржылық шешімдерді қабылдаған кезде, кәсіпорын иемденушілерінің арасында түсініспеушілікті болдырмау мақсатында агенттік ұсталымдарды жүргізу керек.
8. Альтернативті шығындар немесе мүмкіншілігін жіберіп алу шығындар концепциясы
Қаржылық мәселеге байланысты кез келген шешімді қабылдау белгілі бір альтернативті нұсқаудан бас тартумен байланысты.
9. Шаруашылық субъектісінің мерзімді жұмыс істеуінің шектелмеген концепциясы.
