Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құбырөткізгіштер. дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

!!! Назар аударыңыз

  1. Бактардың саңылаусыздығын бұзып алмау үшін, олардағы үлкен қызыл қақпақтарды ашуға болмайды. Жұмыстық сұйықтықты ақ штуцерлер (жалғастықтар) арқылы құю керек.

  2. Әр бір ақ штуцердің силиконды төсемесі болады, ол өте маңызды.

  3. Автоматты клапандарда қақпақшалар сіне дейін бұралған болуы керек.

  4. В және М (вакуумметрлер мен манометрлер) жүйесіндегі қысымның болуы стационарлы жағдайдағы (сорап жұмысын ескермеген кезде) сұйық деңгейін анықтайды.

  5. Экраннан немесе ПО - дан параметрлер мәндерін жойған жағдайда біраз уақыт күту қажет, себебі мәндер кідірістермен жаңартылады.

  6. Қысым айырмашылықтарын жою кезінде датчиктер деңгейінің айырмашылықтарын ескеру қажет.

  1. E - LAB (сораптар) бағдарламалық кешеніне нұсқау

  1. Бағдарламаны іске қосу Жұмыс үстеліндегі жарлық арқылы іске асырылады. Бағдарламаны іске қосу алдында стендтің ПК - ға жалғанғанына және қорек көзі тумблері «Включено» жағдайында тұрғандығына міндетті түрде көз жеткізіңіз.

  1. Бағдарламаның жоғарғы жағында, мәзір алаңында ПК жалғанған стенд атауын таңдау қажет.

  2. Сораптардың жұмыс параметрлерін есептеу.

Бұл үлгіде стенд датчиктерінің ағымдық көрсеткіштері суреттелген.

Жұмысты бастамас бұрын, «калибровка датчиков» тетігін басу арқылы, датчиктерді клибрлеуді жүргізу қажет.

Орта көлемдегі көрсетулерді есептен шығарып тастау үшін «Сброс» тетігін басу қажет.

«Тахомер» көрсетулерін жою үшін сорап стендіне жалғанған ажыратудың нөміріне сәйкес келетін «сорап түрін» таңдау қажет.

Берілген мәндерді бекіту үшін «Кесте» батырмасын басып, «Старт» батырмасын басыу арқылы стенд датчигі көрсеткіштерін жазуды іске қосу керек, осыдан кейін батырма атауы «Стоп» деп өзгертіліп, жазу басталады. Жазу басталған мезеттен «Таймер» есептеуі басталады. Мәндерді тіркеу әр екі секундта іске асырылып отырады. «Стоп» батырмасын басу арқылыЖазу тоқтатылады. Алынған мәндерді «Сохранить» батырмасын басып, атын еңгізу арқылы қатқыл дискіге сақтауға болады.

4. Құбырөткізгіштегі процесстерді жобалау

Бұл үлгімен жұмыс істеу «Сораптардың жұмыс параметрлерін зерттеу» үлгісіне ұқсас.

5. Стенд пен ПК жалғануын қолдан орнату үшін, бағдаламаның бастапқы терезесіндегі оң жақ төменгі бұрышындағы «Настройка» батырмасын басып, «Настройка» формасын ашу керек.

Төмендеп жатқан тізімнен талап етілетін СОМ - портты таңдап, «Установить» батырмасын басу керек. Қол жетімді бос СОМ - порттар жөнінде ақпатар қажет болса, «Обновить» батырмасын басу керек.

6. Қателіктер кеткен жағдайда бағдарламаны қайта жіберу керек, және жасаушылар көмегіне сүйену керек.

2. Базалық сынақтарды жүргізу басқармасы

Лабораториялық жұмыс № 1.

Құбырөткізгіштің параметрлерінің тағайындалуы мен қондырғыларын зерделеу.

Жұмыстың мақсаты: Құбырөткізгіштер параметрлерін анықтау тәсілдерімен танысу және құрылғыларын зерделеу.

Қысқаша теориялық мәлеметтер

Құбырөткізгіш - газ және сұйық күйлердегі заттардың, сонымен қатар, құбыржолымен (құбыр жүйесінде) тасымалдауға болатын қатты фракциялардың технологиялық тасымалын жүзеге асыратын, үздіксіз жұмыс істейтін көлік құралы. Зат тасымалы құбырлардың түрлі кимауларында қысым ауытқуы нәтижесінде жүзеге асады.

Құбырөткізгіштер арнайы тағайындалуына және территориялық орналасуларына байланысты магистральді және таратушы құбырлар болып бөлінеді.

Магистральдік құбырөткізгіштерге әдетте өнімдерді өндіріс орындарынан қайта өңдеу пункттері немесе тұтыну обьектілеріне тасымалдайтын газ, мұнай және су құбырлары жатады.

Таратушы құбырлар өндірістік процессті іске асыру мақсатында өнеркәсіптік ұйым аумағында құбыр арқылы тасымалдауға болатын заттарды тасымалдауға арналған. Таратушы құбырларға тұрғын уйлерді газ жіне сумен қамтамасыз ететін, және т.с.с. тұрмыстық-коммуналдық инженерлік коммуникациялар жатады.

Құбырөткізгіштер атқаратын қызметтеріне қарай келесі топшаларға бөлінеді:

  • Газды коммуникациялар;

  • Мұнай құбырлары;

  • Суайдау торлары (су құбыры және канализация);

  • Ауа құбырлары;

  • Өнімдік құбырлар.

Құбырөткізгіштер өз бойынан заттарды өткізу типіне қарай екі түрлі болады:

  • Арынды құбырөткізгіштер (тасымалдау қысым әсерінен жүреді);

  • Арынсыз (өздігінен айдалатын) құбырөткізгіштер (тасымал табиғи еңіс нәтижесінде жүреді).

Құбырөткізгіштер кимау типтеріне қарай да бөлінді. Дөңгелек киматы коммуникациялар едәуір кең тараған; алайда түрлі мақсаттарда тікбұрышты, шаршы және басқа профильді кимақан құбырөткізгіштер қолданылады.

Құбырөткізгіштердің аса маңызды сипаттамаларының бірі – оның қандай материялдан жасалғандығы. Жасалған материялына қарай торлар:

  • Маталл (шойын, мыс, болат);

  • Бетон;

  • Асбестті цемент;

  • Полимерлі;

  • Шыны пластикті және т.б. болып бөлінеді.

Техникалық және экономикалық тұрғыдан қарағанда, құбырөткізгіштерді пайдалану – тасымалдың едәуір оңтайлы әрі ұтымды түрі, эскплуатацияның орташа жағдайларында құбырөткізгішпен тасымалдау жүк шығынының болмауына кепілдік береді.

Пластиктен құбырлардан жасалған құбырөткізгіштерді газ, су жүргізу үшін қолдану – құбыр тасымалының дамуындағы ілгері қадам ретінде саналады. Полимерлі құбырөткізгіштер заманауи инженерлік коммуникациялар қоятын талаптарды едәуір оңтайлы түрде қанағаттандырады (дәстүрлі болғанымен, ескірген материалдармен салыстырғанда). Олар ұзақ уақытқа шыдайды, кепілдендірілген жұмыс мерзімі - 100 жыл шамасында. Жарты ғасыр бойы жұмыс істеп тұрған полиэтиленді су құбырын зерттеу нәтижелері ол құбырдың өте жақсы жұмыстық күйде екендігін көрсеткен, металл немесе бетоннан жасалған құбырлар мұнша уақыт ішінде тозып кететін еді. Пластик құбырлар коррозияға төзімді, оларды жөндеу ыңғайлы әрі бұндай құбырлар экологияға еш зиян келтірмейді.