8 Вариант.
1.Жүректің көлдене жолақты бұлш.еті. Бұлшық ет тіндері жалпы қызметі-жиырылу қызметіне біріктірілген тіндердің түрі болып табылады. Дамуы. Жүректің бұлшық ет тінінің даму көзі миоэпикардиалды табақша-ұрықтың мойын бөліміндегі висцералды спланхнотомның бір бөлігі болып табылады. Оның жасушалары белсенді түрде митоз жолымен бөлінетін және дифференсалданатын миобласттарға айналады. Дамып жатқан кардиомиоциттер тізбек түрінде орналасып, бір-бірімен жасуша аралық байланыстарды-ендірме дисктерді құрайды. Дивергентті дифференсация нәтижесінде кардиомиоциттер үш түрлі жасушаларға айналады: 1).Жұмыскер немесе типті, жиырылғыш; 2).өткізгіш немесе атипті; 3).секреторлы (эндокринді). Құрылысы. Жүректің бұлшық ет тіні кардиомиоцит жасушаларынан түзелген. Кардиомиоциттер жүрек бұлшық ет тінінің жалғыз тіндік элементі болып табылады. Олар бір-бірімен ендірме дисктердің көмегімен бірігеді және морфологиялық ұғым бойынша симпласт болып табылмайтын, функционалды бұлшық ет талшықтарын немесе функционалды симпластты құрайды. Функционалды талшықтар тармақталып, бүйір беттерімен жалғасады, нәтижесінде тор тәрізді құрылым пайда болады.
2. Безді эпителий. Эпителий тіндерінің бұл түрінде бірінші орынды секреторлық қызметі – заттарды (өнімді) «экспортқа» шығару алады. Өнімдері дененің бетіне немесе қуыстарға бөліне алады (сыртқы секреция, экзокринді бездердің қызметі). Сонымен қатар, өнім қан мен лимфаға да бөлінеді (ішкі секреция, эндокринді бездердің қызметі). Секреторлық эпителийден бездер – жеке мүшелер немесе олардың бөліктері құралады. Секреторлық цикл 5 сатыдан тұрады:1.Заттарды қаннан сіңіру, олар өнімнің синтезіне қажет. Бұл саты жасушаның тасмалдаушы жүйесінің қатысуымен өтеді: пиноцитоздық көпіршіктер мен фагосомалар жүйесі, иондық каналдар. 2.Сіңірілген заттардан өнімнің синтезделуі түйіршікті, түйіршіксіз эндоплазмалық торларда, Гольджи комплексінде өтеді. Бұл процестердің алдында арнайы и-РНК пайда болады. 3.Өнімнің жасушада жинақталуы. Жасушаларда секреторлық түйіршіктердің мөлшері көбейеді. Жасушада өнім артық мөлшерде жинақталмас үшін, секреторлық түйіршіктердің жартысы лизосомалармен бірігіп, жойылады. Бұл процесс кринофагия деп аталады. Экзокриноциттерде өнім жасушаның апикальды полюсында жинақталса, эндокриноциттерде – жиі базальды бөлімдерінде. 4.Өнімді бөлу мерокринді (жасуша бұзылмайды), апокринді (жасушаның апикальды бөлігі зақымдалады), голокринді (жасуша толық бұзылады) жолдар арқылы өтеді. 5.Секреторлық жасушаның қалпына келуі.Бездердің жіктелуі. Бездердің жіктелуінің бірнеше түрлері бар 1.Бездерді құрайтын жасушалардың санына байланысты олар бір жасушалы (бокал тәрізді жасушалар) және көп жасушалыдеп өлінеді.2.Эпителиальдық қабатқа қатысты орналасуына байланысты олардың экзоэпителиальды (эпителиальдық қабаттан тыс орналасқан) және эндоэпителиальды (эпителиальдық қабаттың құрамында орналасқан: бокал тәрізді жасушалар) түрлерін ажыратады. 3.Құрылу деңгейіне байланысты. Бездер мүшенің бір бөлігі немесе жеке мүше ретінде болуы мүмкін. 4.өнімді бөлу орнына байланысты: экзокринді бездер өнімін дененің бетіне немесе қуыстарға бөлсе, эндокринді – қан, лимфа және тіндік сұйықтыққа бөледі. 5.Құрылысы бойынша (морфологиялық жіктелуін қара). 6.Өнімнің химиялық құрамына байланысты: белоктық, шырышты, аралас, май және т.б. 7.Секреция механизміне байланысты: мерокринді, апокринді және голокринді. 8.Соңғы үшеуі экзокринді бездерге қатысты қолданылады. Өнім бөлудің мерокринді, апокринді және голокринді түрлерін ажыратады. Мерокринді өнім бөлуде секреторлық жасуша зақымданбайды. Секреция екі ықпалдың әсер етуімен өтеді: жүйкелік (нейромедиатр арқылы) және гормональдық. Секреторлық жасушаға гормонның немесе нейромедиатрдың әсер етуі рецепторлардың қозуына байланысты. Онан кейін бұл әсер жасушаның ішіне өтеді.Мерокринді жолмен өнімді сілекей, ұйқы бездері және т.б. бөледі. Апокринді жолмен өнімді тер және сүт бездері бөледі. Олардың секреторлық түйіршіктері жоғарыда айтылған жолмен жасушаның бетіне жақындайды. Онан кейін секреторлық жасушаның апикальды бөлімі зақымданады. Жасушаның бұл зақымданған бөлімі өнімнің құрамына кіреді. Секреторлық жасушаның зақымданған көлеміне байланысты макро- және микроапокринді секреция түрлерін ажыратады. Голокринді жолмен өнімді май бездері бөледі. Әрбір май безі қап тәрізді, бөлінуге қабілетті жасушалардан тұрады. Өнім бөлу барысында секреторлық жасуша толық бұзылады. Олардың қалпына келуі бөлінуге қабілетті жасушалар есебінен өтеді(камбиальды).
3. Базофильды субстансия: А-нейрофибриллы, Б- аксонды қыр В-нейрофиламенты Г-аксон, Д-дендрит
9вариант.1.Эпителий тіндері.Жабынды. Бір қабатты эпителий.Бір қабатты эпителийге барлық эпителиоциттердің базальды мембранада орналасуы тән. Эпителиоциттердің биіктігі мен енінің арақатынасына байланысты олар жазық (жасушалардың енінен біктігі төмен), текшелі (жасушаның ені мен биіктігі тең), призмалық (жасушаның биіктігі енінен жоғары) деп бөлінеді. Призмалық эпителийдің өзі екіге бөлінеді: бір қатарлы (жасушалардың биіктігі бірдей және бір қатарда орналасқан) және көп қатарлы, жасушалардың биіктігі әртүрлі болғандықтан, олардың ядролары бірнеше қатар құрайды. Көп қабатты эпителий.Көп қабатты эпителийге базальды мембранада тек төменгі, базальды қабаты ғана орналасатын эпителийлер жатады. Қалған қабаттарындағы жасушалар бір – біріне қабаттасып орналасады. Эпителиалдық қабаттарының қалың болуна байланысты көп қабатты эпителий алдымен тосқауылдық-қорғаныштық және шекаралық қызмет атқарады. Сонымен қатар, ол эпителий тіндеріне тән басқада қызметтерді атқарады. Көп қабатты эпителийге көп қабатты жазық эпителийлер (мүйізденетін және мүйізденбейтін), көп қабатты текшелі, призмалық және өтпелі эпителий жатады. Олардың көбі эктодермадан дамиды. 1. Көп қабатты жазық мүйізденбейтін эпителий ауыз қуысында, өңеште, көздің мөлдір қабықшасында, қынапта орналасады. Эпителийдің барлық қабаттарындағы жасушалар өмір сүру қабілеттерін сақтайды және ядролары бар. Эпителийде базальды, тікенекті және жазық жасушалар қабаттарын ажыратады. Базальды эпителиоциттердің пішіні цилиндр тәрізді. Олар базальды мембранаға жартылай десмасомалар арқылы бекіген. Базальды эпителиоциттердің арасында дің жасушалары орналасады, олардың митоз жолымен бөлінуі арқылы эпителийдің жасушалық деңгейде қалпына келуі өтеді. Зақымдану кезінде митоздар тікенекті қабатта байқалады. Бұл екі қабат Мальпиги өсу қабатын құрайды. Тікенекті қабаттағы жасушалардың пішіні көп бұрышты, өсінділері бар («тікенек тәрізді»). Өсінділері арқылы көрші жасушалар десмосомалармен байланысады. Жасушаларда диффузды орналасқан кератин тонофиламенттері бар. Жоғарғы қабатта орналасқан жасушалардың пішіні жазық болып келген. Эпителий шекаралық, тосқауылдық-қорғаныштық, экскреторлық қызметтерді атқарады. 2. Көп қабатты жазық мүйізденетін эпителий (эпидермис). Терілік эктодермадан дамиды. Терінің эпидермисін құрайды. Эпителий тосқауылдық-қорғаныштық, экскреторлық және сіңіру қызметтерін атқарады. Эпителийдің төменде орналасқан борпылдақ талшықты дәнекер тінімен шекарасы тегіс емес. Ол борпылдақ талшықты дәнекер тініне эпидермалдық айдаршалар түрінде еніп орналасса, борпылдақ талшықты дәнекер тіні эпидермиске – бүртіктер түрінде. Бұл жағдай, екі тіннің арасындағы механикалық байланыс пен эпителийдің қоректенуін жақсарта, байланысты күшейте түседі. Эпителий бес қабаттан тұрады: 1. Базальды қабат цилиндр тәрізді жасушалардан тұрады, олардың құрамында тіректік қызмет атқаратын тонофиламенттері бар. Бұл қабатта митозға қабілетті дің жасушалары орналасады. Олар тереңірек, эпидермалдық айдаршалардың ұшында орналасуына байланысты зиянды әсерлерден сақтанған. Бұл жасушалар эпителийдің қалпына келуіне жауапты. Базальды эпителиоциттер базальды мембранаға жартылай десмосомамен бекісе, өз ара десмосома, тығыз және саңылаулы байланыстар арқылы байланысады.
2.Жүйке тіні, жүйке талшықтары мен аяқтамалары. Нейрон өсінділері – нерв талшықтары болып саналады. Олардың сыртын глиальді қабық қоршап тұрады. Бұл қабықты кұрайтын олигодендроциттер. Нерв жүйесінің құрамындағы нерв талшықтары құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді: миелинді және миелинсіз талшықтар болып. Миелинсіз талшықтар. Бұл талшықтар көбінесе вегетативтік жүйке жүйесінде болады. Миелинсіз талшықтардың сыртын олигодендроциттердің цитоплазмасы қоршайды, қабықтың белгілі бір жерінде олардың ядролары да көрінеді. Миелинсіз талшықтардың құрамында 10-20-ға дейін біліктік цилиндрлері болады. Талшықтардың мұндай түрлерін кабель типтес талшықтар дейді.Миелинді талшықтар. Нерв талшықтарының бұл түрі орталық және шеткі жүйесінің құрамында кездеседі. Миелинсізге қарағанда бұлар жуандау келеді. Көлденең кесіндісіндегі диаметрі – 1-2 мкм болады. Миелинді талшықтардың сыртқы нейролеммоциттермен қоршалады, бірақ бұл талшықтардың біліктік цилиндрі біреу. Біліктік цилиндрдің сыртқы екі қабаты қабықпен қоршалған: ішкі – қалың қабаты миелинді, ал сыртқы қабаты жұқа нейролеммоциттердің ядросы мен цитоплазмасы немесе нейролемма. Миелинді қабығының құрамында липидтер болады, сондықтан миелинді талшықты осмий қышқылымен өңдегенде бұл қабығы қара түспен боялады. Миелинді қабығының ерекшелігі миелинді қабығының кейбір жерінде осмиймен боялмайтын, кертік сызықтары болады (насечка миелина). Екінші ерекшелігі миелинді қабығының белгілі бір аралығында қабықтың үзіліп отыратын бөліктері де кездеседі. Секреторлық жүйкелік аяқтамаларының құрылысы қарапайым. Мұндай нерв ұштарында жуандаған бөліктері бар. Бұл бөліктеріндегі синаптикалық көпіршіктерінің құрамында ацетилхолин болады. Сезімтал немесе рецепторлық жүйкелік аяқтамалар. Бұлар организмдегі ішкі және сыртқы ортадан әртүрлі тітіркендіргіш әсерлерді қабылдайтын рецепторлар болып саналады және бірнеше топқа: экстерорецепторлар, интерорецепторлар, механо-, баро-, хеморецепторлар болып бөлінеді. Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты рецепторлар: бос жатқан нерв ұштары және инкапсулярлы нерв ұштары болып жіктеледі. Инкапсулярлыға: пластинкалы дене және терідегі сезімтал денешіктер жатады.
3. Қан елементтері: 1-эритроцит. 2-эозинофил 3-базофил 4-моноцит. 5- нейтрофил
